Байланысты: Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 2.1 Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Жалпы білім беретін мекпептердің аса маңызды міндеті екеу: алдыңғы ұрпақтың жинаған білімдерін қазіргі ұрпаққа жеткізу және әркімнің барлық потенциалдық қабілетін ұтымды дамыту.
Оқыту үрдісінде жинақтауға ғана емес, білімге ие болу икемділігін дамытуға бағдарланған. Осыған байланысты қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың барлық әрекеттерді, өз бетінше, шығармашылық, танымдық іс-әрекеттерге, проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуге бағытталған жұмысын құруы тиіс. Оқушылардың жұмысын осы бағытта ұйымдастыра берілген мұғалім-дарынды мұғалім.
Сонымен физиканы оқытуда мынадай мәселелерді атап көрсетуге болады:
бізді қоршаған материалдық әлем, яғни әлемнің қазіргі физикалық бейнесі туралы көзқарасты қалыптастыру керек;
табиғат құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіруге болжамдар ұсыну, теориялық модель құру, физикалық теориялардың салдарын тексеру үшін физикалық тәжірибелерді жоспарлау, оларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру, физика сабақтарында алған білімдерін күнделікті өмірде, практикада қолдана білу керек.
Қазіргі Әлемде ғылыми-техникалық революция жағдайында, өнеркәсіптің барлық салаларында жоғарғы квалификациялы жұмыскерлер керек. Олар қазіргі заманғы күрделі машиналарды, компьютерлерді, робот-автоматтарды, бағдарламалармен басқарылатын станоктарды, т.б. жеңіл меңгере алатындай болу керек. Сондықтан мектептің алдында оқушыларды тиянақты жалпы білімдік дайындықпен қамтамасыз ету және оқуға дағдыландыруды қалыптастыру, қысқа мерзімде жаңа мамандақ алуға немесе өндіріс өзгергенде басқа мамандыққа тез ауысуға үйрету міндеті тұр.
Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным таным әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызымет көрсетудің практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі мектептерде оқу әдістемелерін жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда.
Қазіргі сабақ-оның барлық элементтерінің өзара байланысты. Оқытудың бастапқа кезеңі – сабақта оқушылардың білімін тексеру, яғни жаңа материалды қабылдауға дайындық деңгейін тағайындау, оқушылардыі білімдерін маңыздандыру болып табылады. Екінші кезеңі- жаңа білімге мұқтаждығын қалыптастыру. Үшінші кезеңі- білімді игеру процесін басқара білу және икемділікті, дағдыландыруды қалыптастыру, сол сияқты оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттілігін дамыту. Сабақтың барлық осы элементтерді біртұтас және оқушылардың шығармашылық еңбекке дайындығын, алған білімдерін практикада қолдана білуін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақты жоспарлы ұйымдастыруға талап қою мұғалімге оқушылар дайындығының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы талаптар мұғалімді сабақтың тиісті құрылымына бағыттайды, оның тиімділігін мүмкіндік береді, өткізілген сабақ сапасының көрсеткіші болады. Талап ету жүйесі-мұғалімнің шығармашылығына кедергі келтірмейді, қайта оны дұрыс арнаға түсіреді.
Сонымен қатар физиканы оқытудың мақсаттары:
1.Оқушылардың терең, берік білімді қалыптастыру
2.Политехникалық, кәсіби бағдарлық білім беру.
3.Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру.
4.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді. Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физико-математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физико-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен (өлшемдер, симметриялар т.б.) таныстыру керек. Оларда зерттеулік эксперименттік дағдыларды, ептіліктерді қалыптастыру қажет.
Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді қалыптастыра беру керек. Тағы бір міндет бұл оқушыларда конструкторлық ептіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биологиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктері болуы керек.
Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен ептіліктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатындығы жөнінде түсініктерді қалыптастыру кіреді.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті – оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теориялар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолданудың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін.
Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы Блумның таксономиясына негізделген игеру деңгейлерінің жүйесі болып табылады. Оған сәйкес:
1-деңгей – білімдерді есте сақтау;
2-деңгей – білімдерді түсіну;
3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану;
4-деңгей – жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып бөліп көрсетіледі.
3-деңгей білімдері іс-әрекетті үлгі бойынша орындай білуді, 4-деңгей білімдері – шығармашылық іс-әрекетті орындай білуді көрсетеді.
Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңгеруліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді, бірақ оны оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған жағдай жасау керек.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсініктемелік жазбасында барлық курс материалдарының негізгісіне сақталу заңдары (энергияның, импульстің, электр зарядының) жатқызылады; ал негізгі мектептің физика курсына молекулярлық-кинетикалық және электрондық түсініктер, масса, тығыздылық, күш, энергия, Паскаль мен Ом заңдарының ұғымдары; механика үшін – қозғалыстың салыстырмалық идеялары, кинематиканың негізгі ұғымдары, Ньютон заңдары жатады; молекулярлық физикаға - молекулярлық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, молекулярлық-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі, термодинамиканың бірінші заңы; электродинамикаға – электромагниттік өріс туралы ілім, электрондық теория, Кулон мен Ампер заңдары, электромагниттік индукция құбылысы; кванттық физикаға – жарықтың кванттық қасиеттері, Бордың кванттық постулаттары, масса мен энергияның өзара байланыс заңы жатады. Негізгі материалға заңдар мен теориялардың маңызды салдарлары, оларды практикалық қолдануы енеді. Физика бойынша бағдарламада әр сынып бойынша оқушыларға білуге қажетті негізгі сұрақтар қатары анықталған. Оларға жататындар:
- оқушылардың техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, денелердің қасиеттерін, физикалық процестерді түсіндіру үшін қажетті физикалық идеялар, тәжірибелік фактілер, ұғымдар, заңдар;
-оқушылар қолдана білуге тиісті аспаптар мен қондырғылар; тәжірибе негізінде мәні анықталынатын физикалыұ шамалар;
- формулаларды қолданып шығаратын сандық және графиктік есептердің түрлері; сапалық есептердің объектісі болып табылатын физикалық процестер мен техникалық қондырғылар.
Оқушылардың білімдерді саналы және берік игерулеріне мұғалімнің оқытудағы нақты бір технологияны қолдануы да әсер етеді. Оған физика негіздерін қажетті оқыту құралдары, соның ішінде қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды қолдана отырып ғылыми мазмұндаудың арқасында ғана жетуге болады.