Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Политехниялық оқыту және кәсіби бағдарлау. Оқушыларды физиканы меңгерту процесінде политехниялық оқыту



бет8/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Политехниялық оқыту және кәсіби бағдарлау. Оқушыларды физиканы меңгерту процесінде политехниялық оқыту
Кез-келген мемлекеттің алға дамуы (прогресі) көбінесе болашақта ғылымның, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін өсіп келе жатқан ұрпақтың ғылыми және еңбек дайындығымен анықталады. Мектеп бітірген барлық мектеп оқушылары қажетті теориялық және қолданбалы білімдерге ие болуы керек, қазіргі заманғы өндіріс жөнінде түсінктері болуы тиіс. Бұл арада физика курсы маңызды роль атқарады.
Политехниялық білім идеясы алғаш рет өткен ғасырдың (XIXғ.) аяғында ұсынылған еді. Әрқашанда әлеуметтік тапсырысты орындаған мектеп Батыс Еуропа жағдайында қоғамның басталған урбандалуын (қалаға шоғырлануын), өнеркәсіптік өндірістің тез өсуін ескеруі қажет еді. Өсіп келе жатқан ұрпақты өндірістік қызметке араластыруға дайындау қажеттілігі туындайды. Политехниялық білім идеясынна ғылыми негіздеме К.Маркс еңбектерінде көрініс тапты. Біздің елде политехниялық мектептердің қалыптасуына Н.Крупская үлкен роль атқарды. Политехниялық білім мен политехниялық ұстаным мәнін бүгінгі таңдағы ұғыну (пайымдамасы) нақ сол Н.Крупскаяға тиесілі. Ол былай деді: «Политехнизм сабақ берудің ерекше бір пәні емес, ол барлық пәндерге өтіп кетуі керек, ол физикада да, химияда да, табиғаттануда да, қоғамтануда да материал таңдауда бейнеленуі қажет. Осы пәндердің өзара үйлесімділігі және олардың практикалық қызметпен, әсіресе олардың еңбекке оқытумен байланысы қажет». Н.Крупскаяның бұл пікірінде политехниялық оқытуды жүзеге асырудың жолдары айқындалған.
Физика – ғылыми-техникалық төңкерістің басталуы мен дамуын анықтап берген ғылымдардың бірі болып саналады. Өндірістің және өндіріс күштерінің өсуі көбіне физика ғылымының прогресіне байланысты.; физика қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналды. Физика саласындағы жетістіктер материалдық өндірістің барлық саласына ықпал етуде, олардың ішінде, машина жасау, энергетика, электроника, электротехника бар. Нақ осы салалар, ғылыми негіз ретіндегі физикаға сүйене отырып, бірінші кезекте ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етіп отыр. Осыған байланысты политехниялық білім беру оқушыларға ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды бағыттарының (механикаландыру, автоматтандыру, энергетика, электр аспап жасау, жаңа материалдар жасау) ғылыми негіздерімен, қазіргі заманғы өндірістің негізгі салаларымен таныстыруды талап етеді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық білім беру – бүгінде мектеп алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі. Техниканың қарқынды дамуы, табиғи байлықтардың жедел түрде игерілуі қоғам мен табиғаттың, адам мен қоршаған ортаның өзарақатынасы проблемасын алға қояды. Оқушылардың экологиялық сауаттылығы – бұл политехниялық білім берудің құрамдас бөлігі, өйткені ғылым жетістіктерін пайдалану табиғаттағы тепе-теңділікті бұзбау негізінде құрылуы керек. Шын мәнісінде, электрлендіру проблемасын талқылау жылу, су және әсіресе атом электр станцияларының құрылыстарына байланысты олардың экологиялық зардаптарын талдамай мүмкін емес. Политехниялық шеберлікті қалыптастыру – физика сабақтарында политехниялық оқытудың маңызды міндеті. Олардың арасында келесілерді атап көрсетуге болады:
1) өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау;
2) таблицаларды пайдалану;
3) графиктарды оқу және салу;
4) электр сұлбаларын сызу және солар бойынша электр тізбектерін жинау;
5) өлшеудегі қателіктерді бағалау.
Соңғы онжылдықта қолданбалы политехниялық материал сипатына көзқарас түбегейлі өзгерді. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бөлініп шығуы ҒТП өзектік идеялары айналасындағы оқу политехниялық материалдарды жүйелендіруге мүмкіндік береді. Физика сабақтарында оқушыларда политехниялық білімдер мен шеберліктердің қалыптасуы барлық оқу процесі бойында біртіндеп қалыптасады. Сондықтан физика курсының тараулары өзара байланысқан, техникалық прогресс бағыттары мен қолданбалы физика мен техниканың байланысы бар белгілі бір жүйенің болғандығы маңызды.
Мектеп жұмыстарының тәжірибесінде физиканы оқыту процесінде политехниялық оқытудың келесі формалары мен әдістері қалыптасқан: физикалық заңдар мен құбылыстардың практикалық қолдануларын мұғалімнің түсіндіруі; машиналар мен техникалық қондырғыларының қызметінің жұмыс істеу принциптерін көрсету; физико-техникалық мазмұны бар кино-, теле- және бейнефильмдерді көрсету; техникалық-өндірістік мәліметтері бар есептерді шығарту; техникалық объектілер және аспаптармен танысып, меңгеруді көздейтін зертханалық және фронтальды практикалық жұмыстарды орындату, өндіріс орындарына экскурсия жасау; өзбетімен бақылауларды жүргізу, (сыныпта және үйде), физико-техникалық үйірмелер жұмыстарына оқушыларды қатыстыру; танымдық ғылыми-техникалық әдебиеттерді сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру; қолданбалы физиканың факультативтік курстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет