Ойынның мақсаты– допты қарсы жаққа беріп, өз алаңына доп түсірмеу.
Ойын балалар үшін үш ойын, ересектер үшін бес ойын ойналады. Ойын подача беруден басталады. Ойыншылар допты өз командасында үштен артық бір-біріне береуге болмайды, үшінші допты тордың келесі жағына асыру міндет. Ойында 25 ұпай жинаған топ жеңеді. Егерде ұпай саны 24:24 болса, екі ұпай артық алғанша ойын жалғаса береді. Балалар үшін ойналатын үш ойында есеп 1:1 болса, үшінші ойын 15-ке дейін ойналады. Ересектерде 5 ойында 2 : 2 болса, бесінші ойын 15-ке дейін ойналады.