Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаты
|
1-тоқсан
|
Білім алушышылар:
|
7.1
Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
|
Химия пәні.
№1 практикалық жұмыс
«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»
|
7.1.1.1 -химия ғылымының нені оқытатынын білу;
7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
|
Элемент, қоспа және қосылыс.
№1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»
|
7.4.1.1 - элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 - таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 - элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 - қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
|
Қоспаларды бөлу әдістері.
№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»
|
7.4.1.5 - қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;
7.4.1.6 - қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
|
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
|
Физикалық және химиялық құбылыстар.
№3 зертханалық тәжірибе
«Химиялық реакциялардың белгілері»
|
7.1.1.3 - физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
|
Заттардың агрегаттық күйлері
|
7.1.1.4 - заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
|
Салқындау үдерісі
№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»
|
7.1.1.5 - салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
|
Қыздыру үдерісі
№5 зертханалық тәжірибе
«Судың қайнау үдерісін зерттеу»
|
7.1.1.6 - судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
2-тоқсан
|
7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
|
Атомдар мен молекулалар
|
7.1.2.1 - атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
|
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
|
7.1.2.2 - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 - элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;
7.1.2.4 - заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
|
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
|
7.1.2.5 - протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 - алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу
|
7.2 Ауа. Жану реакциясы
|
Ауа. Ауаның құрамы
№6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»
|
7.3.1.1 - ауа құрамын білу;
7.3.1.2 - заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 - атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
|
Жану үдерісі
№ 2 практикалық жұмыс/көрсетілім
«Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»
|
7.3.1.4 - затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу;
7.3.1.5 - тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 - заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 - металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
|
3-тоқсан
|
7.3
Химиялық реакциялар
|
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».
№8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»
|
7.3.4.1 - «қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 - химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу;
7.3.4.3 - рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу;
7.3.4.4 - «антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
|
Сұйылтылған қыш-қылдардың металдар-мен әрекеттесуі.
№9 зертханалық тәжірибе «Мырыш-тың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».
№10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»
|
7.2.2.1 - сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 - сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
Сұйылтылған қыш-қылдардың карбонат-тармен әрекеттесуі.
№ 3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»
|
7.2.2.4 - кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу жәнекөмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
|
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
|
7.2.1.1 - И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
|
Периодтық кестенің құрылымы
|
7.2.1.2 - периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
|
7.3 Салыс-тырмалы атомдық масса және қарапайым формула
|
Салыстырмалы атомдық масса
|
7.1.2.8 - Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 - табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 - салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
|
Валенттілік. Химиялық формулалар.
Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
|
7.1.2.15 - элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7.1.2.16 - химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу
|
4-тоқсан
|
7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Тағам құрамындағы қоректік заттар.
№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»
|
7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу
|
Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
Тыныс алу үдерісі.
№11 зертханалық тәжірибе
«Тыныс алу үдерісін зерттеу»
|
7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру
|
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
|
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
|
7.4.2.1 - Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 - кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
7.4.2.3 - металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
|
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
|
7.4.2.4 - Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
7.4.2.5 - табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
|