Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»


«Дүниежүзі тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#1105
1   2   3   4   5   6   7   8

«Дүниежүзі тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы 

 

 

1.Түсінік хат 

 

1.

 



Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес 

əзірленген. 

28 

 


 

2.

 



Пəнді  оқытудың  мақсаты:  оқушыларды  ежелгі  дəуірден  бүгінгі  күнге 

дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, 

жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.  

3.

 



Пəнді оқытудың міндеттері: 

1)

 



оқушыларға  дүниежүзi  тарихы  бойынша  маңызды  оқиғалар  мен 

үдерiстер  жəне  олардың  өзара  байланысы  мен  хронологиялық  сабақтастығы 

жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту; 

2)

 



тарихи  қалыптасқан  мəдени,  дiни  жəне  ұлттық  салт-дəстүрлермен 

танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру; 

3)

 

алған  тарихи  бiлiмiн  күнделiктi  өмiрде  қолдана  бiлу  дағдысын 



қалыптастыру; 

4)

 



оқушылардың  тарихи  даму  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  түсіне 

отырып,  қоғам  дамуындағы  өзінің  бағыт-бағдарын,  көзқарастары  мен 

ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту; 

5)

 



дүниежүзі  халықтарының  тарихын  тығыз  байланыста  қарастыра 

отырып  оқушыларды  халықтар  арасындағы  өзара  түсінушілікке,  бір-біріне 

құрметпен  қарауға,  толеранттылыққа,  адам  құқығы  мен  еркiндiгiн, 

демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тəрбиелеу;  

6)

 

тарихи  танымның  бастапқы  əдiс-тəсiлдерiн  меңгерту,  əртүрлi  дерек 



көздерiмен  өз бетімен жұмыс iстеуге үйрету; 

7)

 



оқушыларды  дүниежүзілік  мəдени  жетістіктерге  құрметпен  қарауға 

тəрбиелеу; 

8)

 

қазіргі  кезеңдегі    саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жəне  халықаралық 



проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру. 

4.

 



Оқу жүктемесінің көлемі:  

6 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 

7 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 

8 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 

9 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат. 

5.«Дүниежүзі  тарихын»  оқыту  барысында  төмендегідей  пəндермен 

пəнаралық байланыс жүзеге асырылады:  

1)

 



Қазақстан тарихы:  

Ежелгі  Қазақстан  тарихы.  Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы. 

Қазақстанның жаңа заман тарихы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. 

2)

 



География:   

Тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында 

да  қарастырады,  осы  тұрғыдан  алғанда  тарихи  пəндер  географиямен  тығыз 

байланысты  болады.  Дүниежүзінің  саяси  картасында  болған  өзгерістерді 

оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік туралы білімдері пайдаланылады  

3)

 



Əдебиет:  

Ғылым  мен  мəдениет  тарихының  негізгі  мəселелерін  түсіндіргенде 

оқушылардың шетел, орыс жəне қазақ əдебиетінен алған білімдерін пайдалану 

қажет.  Сонымен  қатар  оқытылып  отырған  кезеңнің  саяси  жəне  əлеуметтік 

бейнесін ашатын əдеби көркем шығармалар да пайдаланылады.   

29 


 

 

4)

 



Қазақ, орыс, шет тілдері:  

Тарихи түсініктермен жəне терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың 

ана тілі мен шеттілдерінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады.  

5)

 



Химия жəне физика:  

Мəдениет,  ғылым  жəне  техниканың  даму  тарихын  оқыту  барысында 

оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкілəлемдік тартылыс заңы туралы 

білімдері  жəне  əлемнің  физикалық  құрылымы  туралы  физика  мен  химия 

пəнінен алған түсініктері пайдаланылады.   

6)

 



Математика:  Оқушыларға  хронологиялық  жəне  синхрондық  кестелер 

жасату  барысында  олардың  математика  пəнінен  меңгерген  абстракциялау 

дағдыларын пайдалану қажет.  

 

 



1.Оқу пəнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

6.  Кіріспе –1 (сағат).  Ежелгі  дүние  тарихы  туралы  түсінік.  Ежелгі  дүние 

тарихының кезеңдері. Ежелгі дүние тарихының  əлем тарихындағы орны. 

7. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері – 3 (сағат): 

Шумер  жəне  Аккад  мемлекеттері.  Ежелгі  Қосөзен.  Шумерлік  қала-

мемлекеттері. Аккад пен Ур тұсындағы Қосөзен; 

Ежелгі  Вавилон.  Ежелгі  Вавилонның  өркендеуі.  Вавилон - əлемдік  сауда 

мен мəдени орталық. Хаммурапи заңдары. Ежелгі Вавилонның құлдырауы; 

Ежелгі Қосөзен халықтарының мəдениеті. Жазудың пайда болуы. Əдебиет 

пен  өнер.  Гильгамеш  туралы  дастан.  Сəулет  өнері.  Алғашқы  күнтізбе.  Діни 

наным-сенімі.  

8. Ежелгі Египет – (3 сағат): 

Египетте  мемлекеттің  қалыптасуы.  Ніл  алқабының  табиғат  жағдайы, 

халқы.  Египеттегі  алғашқы  мемлекеттер.  Патшалар  билігі  заманы. 

Перғауындар; 

Ежелгі  Египеттегі  əлеуметтік  құрылым.  Египеттегі  үстем  тan  өкілдерінің 

билігі. Құлдар жəне олардың шаруашылық өмірдегі ролі.  Эхнатон реформалары

Египеттегі ғылым мен мəдениет. Египеттегі жазу. Дін. Аңыздар. Əдебиет. 

Ғылыми  білімдердің  дамуы.  Бейнелеу  өнері.  Сəулет  өнері.  Египеттіктердің 

тұрмысы мен діни нанымы. 

9. Азияның Оңтүстік-Батысындағы ежелгі мемлекеттер – (4 сағат): 

Ежелгі  Ассирия.  Ассирия  мемлекетінің  құрылуы  мен  дамуы.  Урарту 

мемлекеті. Ежелгі Ассирия мəдениеті; 

Ежелгі  Хетт  патшалығы.  Кіші  Азияның  табиғаты.  Хетт  патшалығының 

құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мəдениеті; 

Ежелгі  Финикия  мен  Палестина.  Финикиядағы  қала-мемлекеттерінің 

дамуы.  Израил-иудейлік  мемлекет.  Шығыс  Жерорта  теңізі  халықтарының 

ежелгі мəдениеті; 

Ежелгі Парсы патшалығы. Парсы патшалығының құрылуы. I Дарийдің ел 

басқаруы жəне оның жорықтары. Заратуштра ілімі. 

30 

 


 

10. Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер – (6 сағат): 

Ежелгі  Бактрия.  Бактрияда  мемлекеттің  қалыптасуы. «Мың  қала  елі». 

Тəуелсіздік үшін күрес. Мəдениеті; 

Кушан патшалығы. Кушан патшалығының құрылуы жəне басқа елдермен 

сауда  қарым-қатынасы.  Патшалықтың  күшеюі.  Басқыншыларға  қарсы  күрес, 

мемлекеттің ыдырауы. Кушандық өнер мен мəдениет. Діни наным-сенім;  

Парфия  патшалығы.  Парфия  патшалығының  құрылуы,  басқару  жүйесі. 

Көшпелілер мен парфиялықтардың қарым-қатынасы. Рим - Парфия соғысы; 

Орта  Азия  халықтарының  грек-македон  басқыншыларына  қарсы  күресі.  

Александр  Македонскийдің  (Ескендір  Зұлқарнайынның)  Орта  Азияға  басып 

кіруі,  оған  қарсы  күрес.  Спитаман - даңқты  басшы.  Орта  Азия  халықтарының 

басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы; 

Қайталау – (1 сағат). 

11. Ежелгі Оңтүстік  жəне Шығыс Азия  – (5 сағат): 

Ежелгі  Үндістан.  Ежелгі  қалалар  мен  елді  мекендер.  Үнді  мемлекетінің 

құрылуы. Əлеуметтік қатынастар. Шаруашылығы; 

Ежелгі  Үнді  мəдениеті.  Ғылыми  білім  негіздері.  Əдебиет  пен  өнер. 

«Махабхарата» жəне «Рамаяна» дастандары. Ману зандары. Будда діні; 

Ежелгі Қытай . Ежелгі  Қытай мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық кұрылысы 

мен  шаруашылығы.  Ұлы  Жібек  жолының  қалыптасуы  жəне  маңызы; 

Басқыншылық  жорықтар  мен  халық  көтерілістері.  Ежелгі  Қытай  мемлекетінің 

ыдырауы; 

Ежелгі Қытай мəдениеті. Жазуы мен əдебиеті. Конфуций ілімі. Сыма-Цянь - 

Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары. 

12. Ежелгі Грекия –  (5сағат): 

Грекиядағы  алғашқы  өркениет  ошақтары.  Ежелгі  Грекияның  географиялық 

жағдайы. Крит-Ахей мемлекеттері. Грекияның қала-мемлекеттері;  

Афины  мемлекеті.  Аттикадағы  басқару.  Афиныдағы  саяси-əлеуметтік 

қатынастар. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы;  

Ежелгі  Спарта.  Спарта  мемлекетінің  құрылуының  себептері  мен 

ерекшеліктері.  Илоттар. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы; 

Ежелгі  Грекиядағы  білім  мен  ғылым.  Ежелгі  Грекиядағы  ғылыми  білім. 

Əдебиет,  математика,  медицина,  тарих,  философия.  Грек  тарихшылары  мен 

философтары. Грек мектептері; 

Ежелгі  Грекия  мəдениеті.  Грекиялық  мерекелер.  Олимпиялық  ойындар. 

Гректердің діни наным-сенімі. Грек аңыздары мен мифтері. Ежелгі грек театры. 

Сəулет өнері. Грек мүсіндері; 

Ежелгі  Македония.  Жері  мен  халқы. II Филипп  патша.  Александр 

Македонскийдің Шығысқа жорығы. 

13. Ежелгі Рим – (5 сағат): 

Патшалық    жəне  республикалық  билік  кезеңіндегі  Рим.  Апенин  түбегінің 

табиғи-географиялық  жағдайы. Қоғамдық басқару жүйесі. Римнің жаулаушылық 

соғыстары. Римдік жəне провинциялық ақсүйектер;  

31 

 


 

Рим  империясы.  Императорлар  билігі.  Бағынышты  аймақтардағы  басқару 

жүйесі. Шаруашылық пен тұрмыс салты.  Империядағы дағдарыс;  

Халықтардың  Ұлы  қоныс  аударуы  жəне  Батыс  Рим  империясының 

құлауы.  Империядағы  ішкі  қайшылықтардың  шиеленісуі.  Ғұндардың  Батысқа 

жорығы.  Готтар  мен  ғұндардың  империя  территориясына  басып  кіруі.  Батыс 

Рим империясының құлауы; 

Ежелгі Рим мəдениеті. Римдегі білім. Рим поэзиясы мен шешендік өнер. 

Құкықтық  жүйе.  Рим  қалалары  жəне  сəулет,  мүсін  өнерлері.  Христиан  дінінің 

шығуы. Рим мəдениетінің құндылықтары; 

Қорытынды қайталау – (1 сағат). 

 

 



3. Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

14. 7-сынып, «V ғасырдан XVII ғасырдың  ортасына  дейін».  Барлығы – 34 

сағат (аптасына 1 сағаттан). 

15.  Кіріспе – (1 сағат). «Орта  ғасырлар»  ұғымы  жəне  оның  мəні.  Орта 

ғасырлар тарихының  кезеңдері мен хронологиялық шеңбері. 

16. I бөлім. Ерте орта ғасыр (V – X ғғ.) – (6 сағат). 

17. V–X ғасырлардағы Батыс  Еуропа – (1 сағат): 

Герман  корольдіктерінің  құрылуы.  Остготтық  Италия.  Франктердің 

Галлияны  жаулап  алуы. «Сали  ақиқаты».  Франктердің  христиан  дінін 

қабылдауы.Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Империя мəдениетінің 

дамуы. 

18. V-Х ғасырлардағы Византия империясы жəне Таяу Шығыс – (4 сағат): 



Византия империясының құрылуы.  Императорлар билігі. Юстиниан жəне 

оның  зандары.  Славяндардың,  арабтардың  империя  территориясын  басып  алуы 

жəне олардың орнығуы; 

VI—X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары жəне олардың географиялық 

орналасуы.  Мұхаммед  пайғамбар.  Ислам  дінінің  пайда  болуы  жəне  таралуы. 

Араб  халифатының  құрылуы.  Халық  көтерілістері.  Халифаттың  ыдырауы. 

Ислам  дүниесіндегі  мəдениеттің  дамуы.  Білім  беру ici. Əдебиет.  Философия. 

Өнер; 


Ерте  орта  ғасырлардағы  Орталық  Азия  жеріндегі  феодалдық  қатынастар. 

Эфталит  мемлекеті.  Шаруашылық  пен  мəдениеттің  дамуы.  Эфталит 

мемлекетінің  ыдырауы.  Ерте  орта  ғасырлардағы  түркі  халықтары.  Түркі 

мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері; 

Ерте  орта  ғасырлардағы  славяндар.  Батыс,  оңтүстік  славяндар,  олардың 

қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі.  Ярослав Мудрый. 

Киев Русінің мəдениеті. Сəулет өнері. 

19.  Феодалдық  құрылыстың  негізгі  белгілері  жəне  ерекшеліктері–(1 

сағат). 

Феодалдық  құрылыстың  ерекшеліктері.  Феодалдық  құрылыстың  негізгі 

белгілері.  Натуралды  шаруашылық.  Феодалдық  бытыраңқылық.  Ерте  орта 

32 


 

 

ғасырлардағы  феодалдар.  Феодалдардың  замогы.  Орта  ғасырлардағы  шаруалар

олардың тұрмысы. Феодалдық қанауға қарсы күрес. 

20. ІІ Бөлім. орта ортағасыр ( ХІ-ХV ғғ.) – (17 сағат). 

XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – (7 сағат): 

Орталықтанған  монархиялардың  құрылуы.  Орталықтанған  монархиялық 

мемлекеттердің  құрылу  алғышарттары.  Мемлекеттік  басқару  аппаратының 

құрылуы. Король өкіметі, оның қызметі.  Дворяндық  сослови; 

Франция. Француз жерлерінің бірігуі.  Жүз жылдық соғыс. Жанна д` Арк. 

XI Людовик. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия; 

Англия. Ағылшын парламенті. Англиядағы Алқызыл жəне Ақ раушандар  

соғысы.  Шаруалар  көтерілісі.  Бір  орталыққа  бағынған  күшті  мемлекеттің 

орнығуы. Тюдорлар əулетінің билікке келуі;  

Германия. Герман жеріндегі саяси бытыраңқылық. Герман серілігі. Еркін 

қалалар. Германиядағы шіркеу орталықтары; 

Испания.  Италия.  Арабтармен  күрес.  Реконкиста.  Испанияның  бірігуі. 

Католиктік  шіркеу.  Инквизиция.  Италиядағы  қала-мемлекеттер.  Венеция  мен 

Флоренция. Медичидің банктік қызметі;  

XI—XIII  ғасырлардағы  Русь.  Феодалдық  қатынастардың  дамуы. «Русская 

правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы»; 

XI—XV ғасырлардағы шаруашылық жəне əлеуметтік өмірдегі өзгерістер. 

Шаруашылықтағы  даму. Қолөнер. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда 

болуы. Сауда ісі. Еуропадағы қала өмірі.  Əскери өнер; 

XI—XV ғасырлардағы Еуропадағы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы; 

Ғылыми білім. Ортағасырлық мектептер. Жылнамалар. Əдебиеттің дамуы. 

Поэзия. Орта ғасырлардағы бейнелеу, сəулет жəне мүсін өнері.  

21. XI–XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары – (1 сағат): 

Шіркеу  жəне  дін  қызметкерлері.  Крест  жорықтары.  Шіркеу – шығысқа 

жорықты  ұйымдастырушы.  Кедейлердің  жəне  рыцарьлардың  Шығысқа 

жорығы.  Кейінгі  крест  жорықтары.  Крест  жорықтарының  нəтижесі  мен 

салдары. 

22. Орта орта ғасырлардағы  Азия елдері – (4 сағат): 

Жапониядағы  феодалдық  құрылыс.  Жапонияда  феодалдық  қоғамның 

қалыптасуы жəне дамуы. Қалалардың дамуы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. 

Оқшаулану саясаты; 

Қытайда  феодалдық  құрылыстың  орнауы.  Қытайды  біріктіру.  Қытай 

империясының кұрылуы. Шаруашылық пен қолөнер. Дін. Ғылым мен білімнің 

дамуы. Медицина. Мəдениет пен өнер. Кітап басу ici;  

Үндістандағы  феодалдық  құрылыс.Үндістанда  феодалдық  құрылыстың 

орнауы.  Гупта  мемлекеті.  Феодалдық  бытыраңкылық.  Дели  сұлтандығы.  Ұлы 

Моғолдар империясы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни наным сенім. Ғылым 

мен  өнер.  Астрономия.  Медицина.  Мүсін  өнері.  Храмдар  мен  кесенелердің 

салынуы; 

33 


 

 

Орта  ғасырлардағы  Түркия.  Осман  империясының  құрылуы.  Сұлтандар 

билігі.  Халықтардың  осман  жаулап  алушыларына  қарсы  күресі.  Түрік 

мəдениеті. Əдебиет. Ғылыми білімдер. Қолөнер. Түрік саяхатшылары. 

23. XI-XV ғасырлардағы Орта жəне  Орталық Азия – (2 сағат): 

Хорезмшах  мемлекеті.  Хорезмшах  мемлекетінің  қоғамдық  құрылысы. 

Шаруашылығы.  Бұхара  мен  Самарқандағы  көтерілістер.  Хорезмшах 

мемлекетінің əлсіреуі. Орта Азия қалалары. Қалалардың мəдени жəне ғылыми 

орталыққа айналуы;  

Ғылыми  білімдердің  дамуы.  Көрнекті  ғұламалар.  Əдебиеттің  дамуы. 

Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Əбу-Райхан Бируни. əл-Хорезми. Əбу-Əли 

ибн-Сина. Əдебиет. Ə. Фердоуси. А. Рудаки. Ə. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-

Дин. «Жылнамалар  жинағы».  Əбу  Насыр  əл-Фараби,  А.  Иассауи,      М. 

Қашқари,  Ж.  Баласағұн,  М.  Дулати,  Қ.  Жалайыри. «Манас»  эпосы.  Сəулет, 

сурет өнері жəне көркемөнер.  

24. Монғол-татар шапқыншылығына қарсы халықтардың күресі–(2 сағат): 

Монғол-татар  шапқыншылығы  қарсаңындағы  феодалдық  бытыраңқылық. 

Русьтегі феодалдық бытыраңқылық. Жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия 

жеріндегі мемлекеттердің бірте-бірте əлсіреуі; 

Монғол-татар шапқыншылығы. Монғол мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық-

саяси  құрылысы. «Жасақ».  Шыңғыс  хан  əскерлерінің  Қазақстан,  Орта  Азия 

жəне  Закавказьеге  басып  кіруі.  Батый  əскерлерінің  Руське  шабуылы.  Алтын 

Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі; 

Қайталау – (1 сағат). 

25.  ІІІ  Бөлім.  Кейінгі  орта  ғасыр  (XV—XVII ғасырлардың  ортасы) – (10 

сағат). 


26. Еуропа мемлекеттері – (5 сағат): 

XVI—XVII ғасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Мануфактура. 

Ағылшын абсолютизмі.  Тюдорлар билігі. Ирландияны отарлау; 

XVI—XVII  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Франция.  Экономикалық 

дамуы. Өнеркəсіп жəне сауда. Азамат соғыстары; 

XVI—XVII  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Германия.  Экономикалық 

жағдайы.Реформация жəне шаруалар соғысы. Князьдар арасындағы қырқыстар. 

Ауссбург бітімі; 

Кейінгі  орта  ғасырлардағы  Испания,  Нидерланды,  Италия.  Мемлекеттік 

құрылымы 

мен 

экономикалық 



жағдайы. 

Нидерланд 

буржуазиялық 

революциясы. Савонарола;  

XV  ғасырдың  аяғы — XVI ғасырдың  басындағы  географиялық  ашулар.  

Географиялық  ашулардың  алғышарттары. XV ғасырдағы  Америка  халықтары. 

Майялар,  Ацтектер  жəне  Инктердің  мəдениеті.  Колумбтың  Американы  ашуы. 

Васко да Гама.Ұлы географиялық ашулардың нəтижелері. 

27.Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы жəне Алтын Орданың құлауы (XV-

XVI ғғ.) – (2 сағат): 

34 

 


 

Орыс  жерлерінің  Мəскеу  төңірегіне  бірігуі.  Орыс  жерінің  экономикалық 

жəне  саяси  дамуы.  Алтын  Орданың  əлсіреуі.  Куликово  шайқасы.  Ресейде 

орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Опричнина. IV Иван Грозный;  

XVII ғасырдағы Ресей. Ресейдің ішкі жəне халықаралық жағдайы. Борис 

Годуновтың  таққа  келуі.  К.  Минин  мен  Д.  Пожарский.  Романовтардың  таққа 

отыруы.  XVII ғасырдағы орыс халқының мəдениеті.  Əдебиет пен өнер. Мүсін 

жəне бейнелеу өнері.  

28.XV  ғасырдың  аяғы – XVII ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  Еуропа 

халықтарының мəдениеті – (2 сағат): 

Батыс  Еуропада  қайта  өрлеу  мəдениетінің  тууы.  Италия - қайта  өрлеу 

мəдениетінің  орталығы.  Леонардо  да  Винчи.  Микеланджело.  Рафаэль  Санти. 

Бейнелеу өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес; 

Еуропа  халықтарының  ағарту ici мен  əдебиеті.  Ақсүйектік  білім  беру. 

Гуманист  жазушылар:  Томас  Мор,  Франсуа  Рабле,  Вильям  Шекспир,  Мигель 

Сервантес.  Ғылыми  білімнің  дамуы.  Джордано  Бруно.  Николай  Коперник. 

Галилео Галилей; 

Қорытынды қайталау – (1 сағат). 

 

 

4.



 

Оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

29. 8-сынып (1640-1914жж). Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан) 



30. Кіріспе – (1 сағат): 

Жаңа  тарихтың  негізгі  мазмұны.  Жеке  елдерде  өндірістің  капиталистік 

жолмен  дамуының  ерекшеліктері.  Өнеркəсіп  төңкерісі:  мəні,  маңызы. 

Еуропалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығы.   

31. I – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа жəне Америка елдері – (8 сағат). 

ХVІІ-ХVIII ғғ. Англия – (1 сағат): 

Ағылшын  буржуазиялық  революциясының  басталуы.  Азаматтық  соғыс. 

Левеллерлер  жəне  республиканың  құрылуы.  О.Кромвельдің  протектораты. 

Екінші  республика  жəне  Стюарттарды  қалпына  келтіру.  ХVIII  ғасырдың 

бірінші  жартысындағы  Англияның  саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық 

дамуы.  Наполеондық  Франциямен  соғыс.  Конституциялық  парламенттік 

монархия. Өнеркəсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық басқыншылық. 

32. ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция – (1 сағат): 

Француз  абсолютизмінің  дағдарысы.  Ұлы  Француз  буржуазиялық 

революциясы (5 мамыр 1789 ж.–10  тамыз 1792 ж.).  Француз  революциясына 

дайындық  алдындағы  ағартушылық  жəне  оның  рөлі. «Азамат  жəне  адам 

құқығы  туралы  Декларация».  Республиканың  жариялануы.  ХVI  Людовикті 

жазалау. Якобиншілер блогының ыдырауы жəне якобиншілер диктатурасының 

құлауы. Директорияның ішкі жəне сыртқы саясаты; 

Наполеонның  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты.  Францияның  басқыншылық 

соғыстарының  басталуы.  Наполеонның  Ресейге  басып  кіру  жорығы. 

35 


 

 

Француздарға  қарсы  коалициялар.  Вена  конгресі  жəне  Бурбондарды  қалпына 

келтіру. Қасиетті одақ. 

33. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия – (1 сағат): 

Германдық 

мемлекеттердің 

экономикалық 

жағдайы. 

Шаруалар 

қозғалысы.  Бранденбург-Пруссия.  Халықаралық  қатынастардағы  германдық 

мемлекеттер.  Наполеон  соғыстары  жылдарындағы  германдық  мемлекеттер. 

Германдық  одақ.  Либералды  жəне  демократиялық  қозғалыстар.  Германиядағы 

революция.  Бисмарктың  конституциялық  шиеленісі.  Солтүстік  герман 

одағының құрылуы.   

34. ХVІІ-ХVIII ғғ. Италия – (1 сағат): 

Елдің  саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  ХVІІ  ғасырдағы 

Италия.  Италиядағы  революция.  Əлеуметтік-экономикалық  даму.  Ымырашыл 

либералдардың  қызметі.  Италияның  бірігуі  үшін  күрес.  Рисорджиментоның 

шешуші шайқасы. Итальян королдығының құрылуы.   

35. ХVІІ-ХVIII ғғ. Австрия – (1 сағат): 

Вестфаль  бейбіт  бітімінен  кейінгі  Австрия.  Габсбургтер  империясы 

құрамындағы  Венгрия.  Түркиямен  соғыс.  Австрия  мұрасы  үшін  күрес. 

Жетіжылдық  соғыс. «Ағартушылық  абсолютизм»  саясаты.  ІІ  Иосифтің 

«ағартушылық  абсолютизмнің»  аяқталуы.  Феодалдық-абсолюттық  реакция 

кезеңі.  Наполеон  соғыстары  жылдарындағы  Австрия  империясы.  Империяның 

əлеуметтік-экономикалық дамуы. «Ұлттық қайта гүлдеу» дəуірі.  

36. ХVІІ-ХVIII ғғ.Солтүстік Америка  – (1 сағат): 

Солтүстік  Америкадағы  Британ  отарлары.  Отарлардың  əлеуметтік-

экономикалық  дамуы.  Тəуелсіздік  үшін  күрес  жəне  Америка  Құрама 

Штаттарының 

құрылуы. «Тəуелсіздік 

Декларациясы». 

Американдық 

революцияның сипаты мен ерекшелігі. Екіпартиялық жүйенің құрылуы.  Азамат 

соғысының маңызы жəне Оңтүстікті қалпына келтіру.   

37. ХVІІ-ХVIII ғғ. Ресей – (1 сағат): 

І  Петр  дəуіріндегі  Ресей.  Алдыңғы  қатарлы  еуропалық  мемлекеттерден 

Ресейдің  артта  қалуының  себептері.  Ішкі  қайта  құрулардың  алғышарттары.          

І Петрдің реформалары. Солтүстікке соғыс жəне оның қорытындылары. XVIII 

ғасырдың 

ортасы 

мен 


соңындағы 

Ресей. 


Феодалдық-кіріптарлық 

шаруашылықтың  басталуы.  Шаруалар  көтерілісі.  Халықты  жаппай  қанаудың 

күшеюі; 

Қайталау – (1 сағат). 

38. II – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия жəне Африка елдері – (8 сағат). 

ХVІІ-ХVIII ғғ. Жапония – (1 сағат): 

Токугава  əулеті  сёгундарының  билігі.  Елдің  əлеуметтік-экономикалық 

дамуы:  жоғары  көтерілу  жəне  төмен  түсу  циклдары.  Сегунаттың  ішкі  жəне 

сыртқы  саясаты.  Жапон  қалалары  жəне  олардың  сауданың  дамуындағы  рөлі. 

Жапонияның 

сыртқы 

байланыстары. 



ХVIII 

ғасырда 


орыстар 

мен 


еуропалықтардың  Жапонияға  келуі.  Саяси  дағдарыс.  Азамат  соғысы.  Мэйдзи 

исиннің революциялық төңкерісі. Бірінші буржуазиялық реформалар. 

39. ХVІІ-ХVIII ғғ. Қытай  – (1 сағат): 

36 


 

 

Маньчжурлардың  Қытайды  басып  алуы.  Цин  династиясы  билігі  кезіндегі 

Қытайдың  мемлекеттік,  əлеуметтік-саяси  жəне  экономикалық  құрылымы.  Цин 

династиясының аграрлық саясаты. Цин династиясының басқыншылық соғыстары 

жəне  сыртқы  байланыстары.  Халықаралық  жағдай.  Ресей  жəне  басқа  көрші 

мемлекеттермен қарым қатынасы. Тайпиндердің шаруалар соғысы. Қазақ-қытай 

қарым-қатынасы.  

40. ХVІІ-ХVIII ғғ. Үндістан – (1 сағат): 

Моғолдар державасының пайда болуы. Моғолдар империясының құрамына 

кіретін халықтар мен княздықтардың əлеуметтік-саяси жағдайы. ХVII ғасырдағы 

Үндістанның  солтүстік-батысындағы  сикхтардың  діни  қозғалыстары.  Сикхтар 

мемлекетінің  құрылуы.  Маратхтар  мемлекетінің  құрылуы.  ХVIIІ    ғасырдың 

ортасындағы  сепаратизмнің  күшеюі  жəне  Моғолдар  империясының  құлауы. 

Үндістанда  қала,  қолөнер  жəне  сауданың  дамуы.  Ағылшындардың  отарлық 

басқыншылығы. Еуропалық державалардың Ост-Инд  компаниясы.  Үндістандағы 

Англияның отарлық саясаты. 

41. ХVІІ-ХVIII ғғ. Иран – (1 сағат): 

ХVII  ғасырдағы  Иранның  əлеуметтік-экономикалық  жағдайы.  Саяси 

құрылымның  ерекшелігі.  Сефевидтер  династиясының  билігі.  Ирандағы  діни 

топтардың  əсері.  ХVIII  ғасырдың  басындағы  Сефевидтер  династиясы  билігінің 

əлсіреуі. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран.  Иранда Каджар əулеті билігінің 

орнауы.  Бабид  көтерілісі.  Ирандағы  ықпал  аймағы  үшін  Англия  жəне  Ресей 

бақталастығының күшеюі. 

42. ХVІІ-ХVIII ғғ. Осман империясы – (1 сағат): 

Осман  империясының  құрамына  кірген  мемлекеттер  мен  халықтар. 

Империяның  саяси,  əлеуметтік-экономикалык  даму  ерекшеліктері.  Осман 

империясындағы  дағдарыс. «Шығыс  мəселесі»  жəне  провинциялардың 

жағдайы.  ІІІ  Селим  жəне  ІІ  Махмудтың  жүргізген  реформалары.  Танзимат 

реформасы:  мақсаты  жəне  нəтижесі.  Осман  империясының  құрамына  кірген 

халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы 

Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары. 

43. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия жəне Африка елдері – (1 сағат): 

Голландияның  отарлық  саясаты.  Индонезия  мен  Цейлоңды  голланд 

отаршылдарының  басып  алуы.  Ағылшындық  Ост-Индия  компаниясының 

отаршылдық  əрекеттері.  Капиталистік  державалардың  Азия  жəне  Африка 

елдерін  отарлау  мен  ықпал  аймақтарына  ие  болу  үшін  күресі.  Толық  жəне 

жартылай  отарлыққа  түскен  Шығыс  елдерінің  жағдайы.  Африканы  отарлық 

бөлшектеудің  аяқталуы.  Отар  жəне  тəуелді  елдерге  капитал  енгізу. 

Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.  

44. ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы  ғылым мен мəдениеттің дамуы  – (1 сағат): 

Капитализмнің  жаңа,  прогрессивтік  идеялары  жəне  олардың  мəдениеттің 

дамуына  ықпалы.  Қоғам  дамуындағы  жеке  қайраткерлердің  рөлі.  Ғылым  жəне 

ағарту ici. Фрэнсис  Бэкон,  Галилео  Галилей,  Иоганн  Кеплер,  Рене  (Картезий) 

Декарт, Исаак Ньютон жəне олардың ашқан жаңалықтары.  

37 

 


 

XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты жəне əдет-ғұрпы. 

Ғылым  жəне  мəдениет.  Əдебиет  пен  өнер.  Шығыс  мəдениеті  мен  ғылымының 

дамуы.  Шығыс  өркениеттері.  Шығыстық  философиялық  ақыл-ой  жəне  оның 

көрнекті өкілдері. Шығыс əдебиеті мен өнері; 

Қайталау – (1 сағат). 

45. III – Бөлім. XIX – XX ғ. басындағы Еуропа жəне Америка елдері – (8 

сағат). 


46.Ұлыбритания  – (1 сағат): 

Ұлыбританияның  конституциялық  құрылымы.  Ағылшын  иеліктерінің 

статусы.  Вильям  Гладстон  жəне  Бенджамин  Дизраэли.  Ирландиядағы  бүлік. 

Социализм  жəне  жұмысшылар  қозғалысы.  Лейбористтік  партияның  алғашқы 

қадамы. Дэвид Ллойд Джордждың ішкі саясаты. Екіпартиялық жүйе жəне оның 

қоғамның  саяси  дамуындағы  рөлі.  Парламенттік  реформа  үшін  күрес. 

Жұмысшылар қозғалысы. Соғыс қарсаңындағы дағдарыс.  

47.Франция – (1 сағат): 

Францияның  экономикалық  дамуы.  Өнеркəсіп  төңкерісінің  ерекшелігі. 

Бурбондардың  конституциялық  монархиясы.  Шілде  революциясы.  Екінші 

империя. Француз-прусс соғысы. 1870 жылғы 4 қыркүйектегі революция жəне 

Үшінші  Республиканың  орнауы.  Саяси  жағдайдың  шиеленісуі.  Париж 

Коммунасы.  Монополиялық  капитализмнің  ерекшелігі.  Францияның  сыртқы 

саясаты. ХХ ғасырдың басындағы Франция. 

48. Германия – (1 сағат): 

Германияның бірігуі. 1871 жылы империя жəне конституцияны жариялау. 

Саяси партиялар.  Культуркамп.  Социалистерге қарсы  заң.  ІІІ  Фридрих жəне ІІ 

Вильгельм.  Бисмарктың  отставкаға  кетуі.  Капривидің  «жаңа  бағыты»  жəне 

Гогенлоэнің  канцлерлігі. «Əлемдік  саясатқа»  көшу.  Ауыл  шаруашылығында 

капитализмнің  дамуы.  Германияның  милитаризациялануы.  Милитаризмді 

насихаттау. Таяу Шығысқа басқыншылық жасау.    

49. Италия – (1 сағат): 

Италияның  бірігуі.  Итальяндық  патшалықтың  мемлекеттік  құрылымы. 

«Оңшылдар»  билігі  жылдарындағы  Италияның  саяси  дамуы. «Солшылдар» 

билігі  тұсындағы  Италия.  Криспидің  авторитарлық  билігі.  Ғасыр  шебіндегі 

Италия.  Экономикалық  даму.  Джолиттидің  «либералды  дəуірі». 1911-1912 

жылдардағы  италия-түрік  соғысы. «Либералды  дəуірдің»  ақыры.  Джолитти. 

Католиктер қозғалысы.  

50. Австрия-Венгрия – (1 сағат): 

1867  жылғы  келісім  жəне  екібірлік  монархияның  құрылуы.  Əлеуметтік-

саяси  жəне  экономикалық  даму.  Қоғамдық-саяси  қозғалыстар  аясында  ұлттық 

мəселелерді  шешудің  жолдары.  Габсбургтер  монархиясы  жəне  чех  ұлттық 

қозғалыстары. Екібірлік дəуіріндегі Венгрия. Екібірліктің дағдарысы.   

51. Ресей – (1 сағат): 

Əлеуметтік-экономикалық  дамуы. 1861 жылғы  реформа  жəне  оның 

маңызы.  Өнеркəсіп төңкерісінің  ерекшелігі.  Индустриаланудың ерекшеліктері. 

Халық  еріктілерінің  қозғалысы.  Марксизмнің  таралуы.  Жұмысшы  қозғалысы. 

38 


 

 

1905-1907 

жылдардағы 

бірінші 


орыс 

буржуазиялық-демократиялық 

революциясы. 

52. АҚШ – (1 сағат): 

АҚШ  территориясының  кеңеюі.  Англиямен  соғыстан  кейінгі  АҚШ 

экономикасы. «Джексондық 

демократия» 

жəне 


екіпартиялық 

жүйе. 


Республикалық  партияның  құрылуы.  Республикандықтардың  билік  басына 

келуі  жəне  құл  иеленушілердің  бүлігі.  Өнеркəсіптің  өрлеуі  жəне  əлеуметтік-

экономикалық  даму. «Монро  доктринасы».  Теңіз  күшінің  дамуы.  Испания-

америка  соғысы. «Доллар    дипломатиясы».  Қиыр  Шығыстық  саясаты.  Елді 

индустрияландырудың ерекшеліктері. 

Қайталау – (1 сағат). 

53. IV – Бөлім. XIX – XX Ғ.  басындағы  Азия  жəне  Африка  елдері – (9 

сағат). 


54. Жапония – (1 сағат): 

ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Жапонияның  əлеуметтік-

экономикалық  жəне  саяси  дамуы.  Елдің  модернизациялануының  жалғасуы. 

Мейдзи  революциясы  жəне  оның  маңызы.  Жапониядағы  капиталистік 

қатынастардың  дамуы.  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  əскери-феодалдық 

қатынастың  дамуы. 1894-1895 жылдардағы  жапон-қытай  соғысы.  Алғашқы 

саяси партиялар. XIX-XX ғасырдың басындағы жапон империализмінің дамуы. 

Орыс-жапон  соғысы.  ХХ  ғасырдың  басындағы  Жапонияның  əлеуметтік-саяси 

жағдайы. 

55. Қытай – (1 сағат):  

Жапон-қытай  соғысы  жəне  ихэтуандар  қозғалысы.  Опиум  соғыстары: 

себебі  жəне  нəтижелері.  Француз-қытай  соғысы. «Ықпал  аймағы»  үшін 

Қытайды  бөлшектеу. «Реформаның  жүз  күні».  Жартылай  отар  Қытайдың 

əлеуметтік-экономикалық  эволюциясы.  Қытай  бұржуазиясы.  Ихэтуандардың 

дағдарысы жəне үкіметке қарсы күштің өсуі. «Жаңа саясат» жəне династияның 

əлсіреуі.  Шенді  оппозицияның  пайда  болуы. 1911-1913 жылдардағы  Синьхай 

революциясы.  Цин  династиясын  жою.  Монархияның  құлауы  жəне 

республиканың жариялануы. 

56. Үндістан – (1 сағат): 

ХІХ  ғасырдың  басындағы  Үндістандағы  тəуелсіз  мемлекеттер. 

Отаршылдарға  қарсы  Сикх,  Маратх,  Майсур  мемлекеттерінің  күресі.  Үнді 

ағартушылары – ұлт-азаттық  қозғалыстардың  дем  берушілері. 1857-1859 

жылдардағы  Ұлы  халық  көтерілісі, (сипайлар  көтерілісі).  Реформациялық 

қозғалыстар, Үндістан Ұлттық конгресінің құрылуы. «Сварадж» жəне «свадеш» 

қозғалыстары.1905-1908  жылдардағы  отаршылдарға  қарсы  ұлт-азаттық 

қозғалыстар. Балгангадхар Тилак жəне оның қызметі.   

57. Иран – (1 сағат): 

Иранның  əлеуметтік-саяси  жағдайы.  Еуропалықтардың  Иранға  ене 

бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. Иранның жартылай отар елге 

айналуы. Елдің саяси дамуы: реформалар жəне олардың салдары. Иранда ұлттық 

буржуазияның  қалыптаса  бастауы.  Ұлтшылдық  идеялардың  дамуы.  Діни 

39 


 

 

қозғалыстар,  олардың  сипаты. 1905-1911 жылдардағы  Иран  революциясы  жəне 

оның нəтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның əлеуметтік- экономикалық 

жəне саяси жағдайы. 

58. Осман империясы – (1 сағат): 

Əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  жағдайы.  Балқандағы  ұлт-азаттық 

қозғалыс. «Шығыс  мəселесінің»  жаңадан  шиеленісуі. 1853-1856 жылдардағы 

Қырым  соғысы,  оның  нəтижесі.  Түркияның  жартылай  отар  елге  айналуы.  ХІХ 

ғасырдың  соңында  Түркияда  ұлттық-патриоттық  сананың  оянуы. «Жас 

түріктер»  қозғалысы  жəне  олардың  мақсаты. 1908 жылғы  «Жас  түріктер» 

революциясы,  оның  маңызы.  ХХ  ғасырдың  басындағы  Түркияның  əлеуметтік- 

экономикалық  жəне саяси жағдайы. 

59. Араб елдері – (1 сағат): 

XIX  ғасырдағы  Мысырда  Мұхаммед  Əли  паша  билігінің  орнауы.  Оның 

жүргізген  реформалары,  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты. XIX ғасырдың 50-70 

жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX 

ғасырдағы даму сипаты; 

Арабия  түбегі  елдері,  олардың  саяси  дамуы.  Ирак,  Сирия,  Магриб  елдері. 

Араб ағартушылары, олардың көзқарастары.  

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. 

Ұлт-азаттық  қозғалыстар. XX ғасырдың  басындағы  Мысыр,  Судан,  Арабия 

түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері. 

60. Мəдениеттің дамуы – (1 сағат): 

Ғылым  мен  техника.  Əдебиет  жəне  өнер.  Мəдениеттің  өркендеуіне  үлес 

қосқан  көрнекті  түлғалар:  Дж.Байрон,  В.Гюго,  Г.Гейне,  О.  де  Бальзак, 

Ч.Диккенс,  Б.Шоу,  Г.Ибсен,  Э.Золя,  А.Пушкин,  М.Лермонтов,  Л.Толстой, 

Р.Тагор,  И.Франко,  Ян.Райнис,  Х.Хакимзаде,  С.Айни,  Т.Сатылганов, 

М.Ахундов. Мəдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер. 

61. Халықаралық қатынастар – (1 сағат): 

Еуропа  мен  АҚШ-та  жұмысшы  қозғалысының  дамуы.  Жұмысшы 

қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың əсері. Коммунистер одағының 

құрылуы. Бірінші Интернационал жəне жұмысшы қозғалысы. 

Ұлы  державалардың  дүние  жүзін  бөлісудің  аяқталуы  жəне  олардың 

арасындағы  қайшылықтардың  тереңдеуі.  Əскери-саяси  блоктардың  құрылуы. 

XIX ғасырдың соңындағы империалистік соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыс 

қарсаңындағы дипломатиялық саясат. 

Қорытынды қайталау – (1 сағат). 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет