Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша тапсырмалар



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі25,37 Kb.
#82275
  1   2   3

Негізгі орта мектеп курсы үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша тапсырмалар
Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасының басты қызметі - баланы тәрбиелеу. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондай-ақ, адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Ал, отбасындағы тәрбие - ең қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана - баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке танытады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Отбасы - адамның тірегі және сарқылмас қайнар бұлағы. Кез келген ұлттың рухын қалыптастыру отбасынан басталады. Әр адамның отбасы еліміздің тұрақты және кемел дамуына өз қолдауын тигізеді
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Жанұя - ____________________________________________________________ [1]
Әке-шеше -__________________________________________________________ [1]
Үлкен - _____________________________________________________________[1]
Сәби- _______________________________________________________________ [1]
Тұңғыш-_____________________________________________________________[1]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет