Негізгі сұрақтар



бет3/3
Дата19.09.2023
өлшемі26,13 Kb.
#108607
1   2   3
обьектiсi – қоғам болып есептеледi. Саясаттың субьектiсi қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар, (таптар, ұлттар, ұлыстар) мемлекет, партиялар, жеке адам. Сонымен, саясаттың қарастыратын басты мәселелерiнiң бiрi – саяси қатынас мәселесi. Саяси қатынас – мемлекеттiк билiк жөнiндегi қатынас. Саясат пен экономиканың бiр-бiрiне ықпалын айтсақ, мұнда анықтаушы рөлдi экономика атқарады, себебi ол саясаттың материалдық негiзi болып есептелiнедi. Саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi – нақтылы экономикалық, әлеуметтiк факторлар мен заңдылықтарға негiзделiнiп жасалынады. Демек, саясат экономика заңдарын қатаң сақтауы және оған бағынуы тиiс. Сондықтан В.И. Ленин саясатты экономиканың жинақталған көрiнiсi деп атаған.
Саясатқа ықпал ететiн факторлар қатарына: мәдени, тарихи, ұлттық салт-дәстүр, әлеуметтiк-психологиялық, географиялық, демографиялық ахуалдар жатады.

3.Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты.


Қазiргi заманғы әдебиеттерде саясат теориясының құқықтық тұжырымы керiсiнше берiледi. Олар құқықты саясат өнiмi, оны таратудың негiзгi құралы, тұрақты саяси тәртiп құру тәсiлi деп есептейдi. Құқық тiкелей мемлекетпен жасалынады және саяси ерiк пен мемлекеттiк мақсатқа негiзделiнедi. Саясат идеологиямен де тығыз байланысты. Идеология таптардың ең алдымен экономикалық, әлеуметтiк т.б. мүдделерiнiң теориялық көрiнiсi. Сондықтан да идеология экономикалық-әлеуметтiк т.б. саясаттардың iске асырылуындағы идеялық құрал болып есептелiнедi. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына алып келеді. Идеология саяси іс әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құрал болып есептелінеді. Өйткені оның қолында қоғамдық саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар.Саясатқа бұдан басқа да факторлар ықпал етеді, мәселен, географиялық, демографиялық, мәдени тарихи, ұлттық салт дәстүр, әлеуметтік психология т.б. Себебі олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңде саясатты айқындаушы факторлардың біріне айналуы мүмкін. Саясатты, сонымен бірге өнер деп қарастыру керек. Өйткені саясаттың объектісі де субъектісі де адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы, әрі қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде жеке адамның қабілетіне, мәдениеттілігіне, білімділігіне, тапқырлығына, іскерлігіне тәуелді. Демек, саясаттың дұрыс жүргізілуі саясаткердің қоғамдағы барлық табиғи әлеуметтік мүмк/індіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда шығармашылық батылдықты көрсете алуымен және оның қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендігіне байланысты. Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол заңдылықтар ғылым арқылы айқындалады. Сондықтан да саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми болуы тиіс. Саясат қоғамдық даму заңдылықтарына негізделінеді.
1. Саясат пен мораль- адамдардың тәртібін реттейтін өзіндік тәсіл.
2. Саясат пен моральдың арақатынасы тікелей алғанда саяси режимге тәуелді болады.
3. Саясат пен моральдың айырмашылығы: саясаттың шиеленістілігі; саясат күшке сүйенеді; мораль ар-ұжданға арқа сүйейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет