Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет3/21
Дата25.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#97289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Лекция- каз

1.7 ТП АБЖ жұмыс режимдері
Қазіргі таңда өндірістегі технологияның қиындығымен қатар агрегаттардың бірыңғай өнімділігінің бұлжытпай артуы байқалады. Технологиялық қондырғылардың қуатын арттырумен бірге бақылай және басқару жүйелерінің ақпараттық қуаты да артады. Сондықтан басқару пультіндегі оператор жүздеген технологиялық параметрлердің өзгерісін бірден бақылай алмайды. Мұндай жағдай ЭЕМ-ді қолдану негізіндегі АБЖ қолдануды талап етті.
ЭЕМ-нің ТП АБЖ-гі негізгі жұмыс режимдерін қарастырайық:
Ақпараттық режим.
ЭЕМ-ге басқару объектісінің жағдайы туралы ақпарат, соның ішінде бақыланылатын және басқарылатын шамалардың мәндері енгізіледі. ЭЕМ көмегімен алынған объекті жайындағы деректер дисплейге шығарылады; ТБО жұмыс сапасының көрсеткіштерін есептеуде қолданады; одан ары өңдеу үшін жоғары орналасқан АБЖ-не беріледі. Оператор машина шығаратын ақпаратты қолданып, басқару пультінен технологиялық процесті басқарып отырады.
Бұл режим технологиялық процесті ЭЕМ арқылы тікелей басқаруды жүзеге асыру конструктивті күрделі және экономикалық тиімсіз болған жағдайда, сонымен бірге технологиялық процесте қиын байқалатын өзгешеліктер болған жағдайда қолданылады.

1.4 сурет - Ақпараттық режимдегі ТП АБЖ-нің құрылымы


Супервизорлы басқару режимі.


Супервизор – ЭЕМ-нің негізгі бағдарламасының атауы. ТП АБЖ супревизорлы режим жұмысының негізгі артықшылығы – жергілікті реттегіштерді (жергілікті, жеке) ЭЕМ көмегімен автоматты басқару. Мұндай жүйелерде басқару контуры ЭЕМ арқылы тұйықталған және оператордың функциясы жалпы процесс жүрісін бақылау болып қалады. Адамның қатысу сирек, күтпеген (апаттық) жағдайлар пайда болғанда талап етіледі.
Оператордың өзгеру кезіндегі процесс басқарылуына түзетулер енгізуіне мүмкіндігі бар, мысалы, өндіріліп жатқан өнімнің құрамына немесе шикізатына.
Сызба бойынша тұйықталған жүйе жергілікті реттегіштер көмегімен, егер ЭЕМ жұмысын тоқтатса да жұмыс істейтіні көрініп тұр. Реттегіште жарғылардың мәндері айқындалады және ол ЭЕМ-де есептелген соңғы мәнге тең болады. Кейін оператор жарғыларды қолмен басқару арқылы өзгерте алады.
Берілген сызба үлкен залал немесе ірі экономикалық зиян келтіретін апаттарға әкеліп соғатын маңызды технологиялық агрегаттарды басқару кезінде қолданылады.
Жергілікті реттегіштер мен ЭЕМ-ді бір басқару жүйесінде қолдану, оның бағасын арттырады және күрделірек етеді.
Негізгі артықшылығы: жоғары сенімділік.



1.5 сурет - Супервизорлы басқару режиміндегі ТП АБЖ-нің құрылымы


Тікелей басқару режимі.
Мұндай ТП АБЖ –де АМ іске қосу үшін қолданылған сигналдар ЭЕМ-нен тікелей келеді және басқару жүйесінде жергілікті реттегіштер болмайды. ЭЕМ бұл режимде таңдалған бақылану заңын бағдарламалық жүзеге асырады, басқарушы әсерлерді есептейді және олардың БО АМ берілуін қамтамасыз етеді. Оператордың функциясы жүйенің жұмысын бақылап отыру болып табылады.
Артықшылығы: жоғары жылдам әрекет, басқарудың күрделі заңдарын жүзеге асыру. Кемшілігі: сенімділігі аз.



1.6 сурет - Тікелей басқару режиміндегі ТП АБЖ-нің құрылымы


АБЖ-де ЭЕМ күрделі технологиялық процестермен бір уақытта бірнеше режимде жұмыс істей алады. Бір параметрлерге тек ақпараттық функциялар, басқаларға – супервизорлы режим, ал үшіншілерде тікелей басқару орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет