құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды . Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс саңлауы болады . Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік .Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100 , тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін . Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады .
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар . Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді . Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді .Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап , постсинапстық мембрананы тітіркендіреді . Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады .Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |