Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет128/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
207 
азаматтар үшін жауап бермеймін. Адамның барлығы 
бірдей емес қой. 
 
Бірақ дана әйел солай әңгімелестім де, бәрін шешіп 
тастадым деп ойламау керек. Сіз сондай әңгімеден 
кейін отырып, ұзақ ойлануыңыз қажет. Қашан 
басталды? Дәл қазір ерім менің жанымда өзін қалай 
сезінеді? Мен нені өзгерте аламын? Қалай өзгерте 
аламын? Бұл сұрақтарға дейін ең бастысын түсініп 
алыңыз. Сізге отбасыны сақтап қалу керек пе? Ер 
адамның сізбен бірге қалғаны керек пе?
Әлде сіз «измена» болғанын көтере алмаймын, мен 
бірге тұра алмаймын деп үзілді-кесілді шешім 
қабылдадыңыз ба? Бұл сұрақтарды өзіңізге қою өте 
маңызды! Себебі осы шешімнен кейін алдағы өміріңізге 
жоспар қоясыз. Бірге болуды, отбасыны сақтап қалуды 
ойласаңыз, сізге дана әйелдің әрекетін істеу керек, және 
жоғарыдағы сұрақтарға жауап беріп, еріңізбен қарым-
қатынасты жақсартуға тырысу керек. 
Ал егер бірге болмауды шешсеңіз, немесе дәл қазір 
күйеуіңізді көруге мұршаңыз болмай, жарылуға шақ 
қалсаңыз, еріңізді жек көріп, жиіркеніп тұрсаңыз, сізге бір 
ғана кеңесім бар, ол қарым-қатынасқа пауза жасау. 
Еріңізге барлығын білетініңізді айтыңыз, онымен қазір 
бірге болғыңыз келмейтінін, оны кешіру қиын екенін жәй 
сөйлесіп жеткізіңіз. Киімдерді жинап, сырттағы жаны 
ашымайтын адамдарға ештеңені түсіндірмей еріңізден 
бөлек тұра тұрыңыз. Тіпті еріңіз өзі сізге ажырасамын, мен 
басқа әйелді ұнатамын десе де осы кеңесімді құлаққа іліп, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
208 
жасап көріңіз. Адамды күнде көргенде, адаммен бірге 
болғанда сіз сырттағы көзқараспен ситуацияға баға бере 
алмайсыз. Сізге системадан шығып, сырттан барлық 
жағдайды бақылау керек. Ажырасу оңай, кез-келген сәтте 
ажыраса аласыздар, бірақ отбасыны сақтап қалу үшін 
ештеңе жасамай ажыраса салсаңыз, өмір бойы осы үшін 
өкініп өтесіз. Бірінші бар амалын жасап, кемінде 3 ай араға 
пауза қойып, сол 3 ай бойы өзіңізбен жұмыс жасап, қыз бен 
жігіттің халіне түсіп, самооценканы көтеріп, кітаптар 
оқып, дінге жақындап, бұл сынақты түсініп, қабылдап, 
өзіңіздің 
дәрежеңізді 
еркектің 
алдына 
көтеруге 
тырысыңыз. Сосын барып, егер нәтиже болмаса, барлығын 
жасадым, бірақ амал нешік, ажырасу керек десеңіз, бұл 
сіздің саналы шешіміңіз болады. Және ертеңгі күні 
«өзгеруге тырысу керек едім» деп өкінбейсіз. Сол үшін, 
еріңізді дәл қазір көргіңіз келмей, ажырасуға шақ 
қалсаңыз, жәй ғана ұрыспай «мен демалу керекпін» деп 3 
ай пауза жасағаныңыз абзал. 
Ата-ана қабылдамайды, ұрсады, ақшам жоқ, квартира 
жалдауға қорқам деген сөздерді айтпаңыз, тіпті ойламаңыз 
да! Алладан ғана көмек сұрап, амал етіп, еріңізден кемінде 
3 ай демалуға тырысыңыз. Егер еріңізге «мен бәрін 
білемін» деп айтып қойып, бірақ сол күйі бірге өмір сүріп, 
әйелдік міндеттерді жасауды жалғастырсаңыз, еріңіз сізді 
бәрін қабылдап, көнді деп ойлайтын болады. Ешқайда кете 
алмайды, мені өлердей сүйеді, менсіз ешқайда кетпейді 
деп ойлайды. Солай ойлайтын еркек сізді басынып, 
білгенін жасауы мүмкін. Сөзімді дұрыс қабылдаңыз, сізге 
кетіп қал деп айтудан аулақпын, бірақ ажырасудан бұрын 
осы сөздерімді ескерсеңіз деймін. Ер адам өзі сізге бөлек 
бола тұрайық десе, қорқып, өзіңізді жалғыз сезінудің 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет