Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
217
4.
Ереже:
Еріңіздің ар-намысын, ұятын оятыңыз.
«Өткен нәрсе өтті, қазір сен өз ісіңе өзің жауаптысың,
бастысы мен саған сенемін» деп айтып тұрыңыз. «Сен
жауапкершілігі бар азаматсың, саған қарап баламыз
үлгі алады» деп айтыңыз. Сыртқа шығып бар
жатқанда миыңызда сан-түрлі ойлар болса, еріңізге
ауызша «абай болшы, қайда жүрсең де мен саған
толық сенемін» деп айтыңыз. Бұл сөздер ер адамның
ұятын оятады. Қайда жүрсе де, не істесе де миында
«маған сеніп жүр ғой, біткен адам емес шығармын,
сенімін ақтауым керек» деген ойы тұрады. Бұл ойлар
бірден пайда болмауы мүмкін, себебі сіздің сөздеріңіз
де жасанды екені білініп қала алады. Яғни сөзбен
«саған сенем» дейсіз де, бірақ ісіңізбен мүлдем өзгені
көрсетесіз. Ақтару, тексеру, допрос жасау. Бұдан
келесі ереже туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: