Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет136/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
221 
Неге ер адам көзге шөп салады? 
Көп кітаптан, лекциялардан ер адамның «изменасы» 
әйелге байланысты. Әйел бірдеңе бере алмады, «сама 
довела» дегенді естіген шығарсыз. Бірақ барлығын әйелге 
ғана ысыра салуға мен қарсымын. Еркек бірнеше себеппен 
«изменаға» бара алады. 
 
1.
Себеп:
«Изменаны» норма деп санайды. Яғни ер 
адамды кішкентайынан бастап бірнеше әйелді ұнату, 
бірнешеуімен бірге болу-жаман нәрсе емес деп 
тәрбиелеу мүмкін. Ондай ер адамның анасы «еркектің 
бәрі барады, шаршаған соң айналып саған келеді» 
дегендей әңгіме айта алады. Ал ер адам «измена» 
жасаған соң әйелін кіналай бастайды. «Сен ғой маған 
ананы бермедің, мынаны бермедің. Шаршаттың, тиісе 
бердің, түбіме жеттің, сол үшін осылай істедім. Сен 
мені осыған жеткіздің» дей алады. Немесе бұл ісін 
құнсыздандырып «не болыпты сонша, сені тастап 
кетпедім, сендердің жандарыңдамын, ол әйелден сен 
мың есе жақсысың» деуі де мүмкін. Бұндай ер адамды 
өзгерту өте қиын. Тіпті жазаға да көнбеуі мүмкін. 
 
2.
Себеп:
Ер адам өзінің көңілін тек әйелдермен қандыра 
алады. Яғни өзінің самооценкасын, сенімділігін, 
ерлігін тек әйел санымен растайды. Ондай ер адам 
жайлы көбісі «жастығы қанбаған» деп те айтады. 
Қыдырып 
үлгермеді, 
қызығы 
қанбады, 
жауапкершілігі әлі оянбады деп те айтады. Бұл сөздер 
де ер адамның көңілдестерге көп көз салатынының бір 
себебі. Бұны ауру деп те айтуға болатын шығар, себебі 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
222 
қызқұмар еркек қанша жерден өзінің әйеліне 
бауырмал, жақын болса да көшеде бара жатып әдемі 
қызға көзін қыспай өте алмауы мүмкін. Әдетте, 
бұндай типтегі ер адамдар өзінің жүрісін 40-45 жас 
шамасында қоя бастайды. Оған дейін бір әйелден 
екінші әйелге көңілін салып, өзінің еркектігін солар 
арқылы мойындатып жүре береді. Бұл типтегі ер 
адамдарды да өзгерту қиын. Саналы түрде Алладан 
қорыққандықтан еркек өзін тыймаса, әйелдің әсерімен 
қою қиын. 
3.
Себеп:
Әйелінен суып кетіп, өзінің қажеттілігін басқа 
әйелден алу үшін «изменаға» бара алады. Яғни, 
тұрмыстың алғашқы жылдары көзге шөп салу жайлы 
тіпті ойламай, бірақ біраз уақыт әйелімен төсегі суық, 
көңілі алыс, ұрыс-керіс көп болған соң өзінің 
еркектігін есіне алу үшін өзге әйел жабысса, кет әрі 
болмай әрі қарай жалғастырып кете алады. Жәй ғана 
сөйлесіп көрем дегеннен бастап, кейін әйелден жылу 
көріп, өзінің үйдегі әйелімен салыстырып, өзін 
көңілдесімен нағыз азамат сезіне бастаған соң 
«измена» жасап бастайды. Ал неге әйелінен кетіп 
қалмайды ? Себебі әйелін тастауға қимайды, аяйды, 
мүмкін ыңғайлы әйел болғандықтан тастамайтын 
шығар, мүмкін әке-шешесіне қарайтын адам болу 
керектігінен тастамайтын шығар, себептер көп. 
Бұндай ер адамды изменадан кейін жақын қылып
отбасыға қайтаруға әбден болады. Жаза қолдану да 
әсер етеді, бірақ бастысы сіз жазалап қана қоймай, 
араңызды жақсартуға да тырысу керексіз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет