Біздің миымыз 3 бөліктен тұрады.
Біріншісі—рептилия.
Екіншісі—эмоцияға жауап беретін бөлік.
Үшінші бөлік—неокортекс.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
225
Біріншісі, рептилия деген қандай бөлік?
Неге ол
солай аталады? Себебі, бұл бұрынғы ежелгі мидың бөлігі.
Яғни, бұрыннан бері қалыптасқан. Ол инстинкттерге
жауап береді. Қандай? Қорғаныш, сақтық жағынан.
Мысалы, сіздің көзіңізге қоқым сияқты нәрсе түсіп кетейін
деп жатқан кезде сізде қорқыныш болады. Көзіңізді тез
жұмып қаласыз. Осы жағынан рептилия жауап береді. Бұл
ми бөлігі тұқым жалғастыруға да жауап береді. Рептилия
бөлігі ең маңызды екі нәрсеге жұмыс істейді. Біріншісін-
сақтық деп айтып өттік. Екіншісі—ләззат алу.
Миымыздың екінші бөлігі
эмоцияға, қорқынышқа,
қуанышқа, қайғыға, көңілсіз болу, біреуді қатты жақсы
көру, біреуді қатты жек көру деген сияқты эмоцияға жауап
беретін бөлік. Бұл жүйе "лимбикалық жүйе" деп аталады.
Бұл бөлікке махаббат та кіреді. Себебі, біз жақсы көрген
кезде өте көп эмоция кешеміз және сезімдерді сезінеміз.
Үшінші бөлік—неокортекс.
Неокортекс—санамыз,
ақылымыз, логикамыз. Енді қараңыздар. Мұны білу өте
маңызды. Не үшін маңызды? Мысалы, кішкентай кезде бір
қызды шошытып қойды дейік. Мамасы "үлкен ағалармен
ойнама, жолама, олар жаман" деп жаман сөздерді айтып,
қорқытып қояды. Ол травмаларға әсер етеді және қыздың
рептилиясын шошытып жібереді. Қыз өседі. Тұрмысқа
шыққысы келеді. Бірақ тұрмысқа шыға алмайды. Неге
екенін де білмейді. Оның миында қорқыныш сақталып
қалады. Рептилия адамды тыс зияндардан
қорғап қалғысы келеді, сақтағысы келеді. Ол
осы қызды жаман ағалардан сақтап қалғысы
келеді екен. Яғни, рептилиясы шошып қалған.
Елестетіңіздерші,
сізге
біреу
ұрысып,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |