Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет152/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
246 
тілінде «раппорттың» жоқ болуы деп аталады. Бұл ілімді 
енемен қолдансаңыз болады. Ененің тілін тез табу үшін 
барынша оған ұқсас тұстарыңызды оған көрсете аласыз. 
5.
Қателік. Біреудің жеке міндетін өз мойнына алу. 
(Ата-ененің іш киімін бөлмеден алып, кір жуғыш 
машинаға салу, ата-ененің төсегін жинау

жеке 
гигиенасына жауап беру) бұл маңызды пункт. Себебі 
бастапқы уақытта әр адамның жеке мәселесін өз 
мойныңызға алып алсаңыз, кейін бұл сізге ұнамай 
қалғанда кеш бола алады. Яғни басында бұл нәрсе сізге 
ұнамаса, жасамауыңыз керек. 
 
5-ші ереже:
 
Істегіңіз келмейтін нәрсені қырсығып, мінещ көрсетіп, 
енеңізге қарсы шығып білдірмеңіз. Оның орнына 
даналықпен бас тартуға тырысыңыз. Мысалы, ата-
енеңіздің іш киімдерін жинау ұнамаса, енеңіз сізге ұрысса, 
ескерту айтса «мама, мен бұны жасауға қысыламын» деп 
айтып, қанша есіңізге салса да ұмытып кеткендей болып, 
алшақ жүрсеңіз болады. Ал ескертпей, ештеңе деп айтпаса, 
сіз де үндемей бірақ жасамай жүре беріңіз. Тілмен ұрысып 
айтқанша, үнсіздікпен осылай білдірген дұрысырақ.
 
 
6.
 
Қателік. Жеке шекараны бірден сызбау.
Сіздің жеке шекараңызды ешкім аттамау керек. Жаңа 
үйде сіздің шекараңыз тек қана сіздің жеке заттарыңыз 
және эмоционалды көңіліңіз. Егер сіздің шекараңызды жиі 
аттайтын болса, басқа адамдарға бұл қалыпты болып 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
247 
кетеді. Сондықтан шекараға келгенде өзіңіздікі дұрыс емес 
деп есептеуден алшақ болыңыз.
 
 
6-шы ереже: 
 
Енеңіз заттарыңызды рұқсатсыз алса, рұқсатсыз 
күйеуіңізбен бөлмеде жатқанда кіріп қалса, онда енемен 
ұрысып жатудың қажеті жоқ. Сізге шекараны ақылмен де 
қорғауға болады, яғни енеңізге оның қылығы дұрыс емес 
екенін кейбір амалмен білдіре аласыз. Адам қай кезде 
өзінікін дұрыс емес деп ойлай алады? Сол істі істеп 
жатқанда ыңғайсыз күйде болып қалғанда ғана. Егер 
рұқсатсыз бөлмеге кіріп қалса, сіз күйеуіңіздің үстінде 
жатсаңыз, енеңіз ыңғайсыз күйде болып қалады, және сол 
ісі үшін ұялып, келесі жолы тек рұқсат сұрап қана кіретін 
болады. Ал сіздің затыңызды рұқсатсыз алатын болса, сіз 
енеңізге «мама, мына затымды көрмедіңіз бе? Біреу ұрлап 
алған сияқты, себебі менен ешкім сұрамаған еді ол затты» 
дей аласыз, енеңіз «ол затты мен алдым» десе, сіз: «ойбу, 
мама, мен полицияға бара жаздадым ғой, мына затымды 
ұрлап кетті деп», немесе «кешеден бері сол затты іздеп
күйеуімнің миын жеп қойдым ғой, қатты уайымдадым, 
себебі ол зат маған қатты керек зат еді (тіпті шампунь 
болса да), мама, өтініш, келесі жолы мен уайымдамау үшін 
алатын кезде менен сұрап алыңызшы, аха, мен үшін 
маңызды бұл» деп айта аласыз. Басқа да шекараңызды 
аттаған кездерде енеңізге сол ситуацияны үлкен мәселеге 
айналдырып, енеңіздің есінде жақсылап сақталып 
қалатындай етуіңізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет