Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
227
Келіспегенде сыйлап үйрену керексіз. Барлықтарыңыз
"менікі ғана дұрыс" деп есептесеңіз, онда ол қате пікір. 9
саны сияқты, 9 санын біреу 9 деп көреді, біреу 6 деп көреді.
Әр адамның өзінің пікірі бар. Егер өміріңізде өте көп
конфликт пен өте көп ұрыстар болса, мүмкін
сіз әлемге
берген нәрсеніз үшін жауап алып жатқан шығарсыз.
Мүмкін сіз әлемге негативті, ұрысты бересіз. Ал ол сізге
айнадай қайтады. Менің өмірімде конфликт өте-өте аз.
Мен ұрысқақ, агрессивті адам емеспін. Университетте 4
жыл оқыдым. 4 жылда мен ешкіммен қырылысып, қатты
сөзге келіп көрмеппін. Ол кезде психологияны қатты
білмеген кезім. Мен ұрысқанды жек көрген соң, дауыс
ырғағым көтерілмейді.
Себебі сен дауысыңды көтерсең,
екінші адам ұрысқаныңнан қаттырақ сөйлегісі келеді. Ол
қаттырақ сөйлесем, жеңемін деп ойлайды. Доминант адам
мен боламын деп ойлайды. Егер ол қатты айқайлап ұрсып
жатса, ал сіз оған жайлап, асықпай жауап беріп жатсаңыз,
ол сырттан қалай көрінеді? Екі адам ұрсысып конфликтте
тұр. Біреуі айқайлап жатыр. Ал, екінші адам жай күліп
жауап беріп жатыр. Бұл қалай көрінеді? Сіз—саналы адам
болып көрінесіз. Ал, сізге айқайлап жатқан адам псих
болып көрінеді. Кім кінәлі деп ойлайсыз? Бұл жерде,әрине,
ұрысып, дауысын көтеріп жатқан адам кінәлі көрінеді.
Конфликт аяқталған соң, бірнеше сағат өткен соң,
айқайлаған адам қатты өкінеді екен. Неге қатты өкінеді?
Себебі, сіз оған ол сияқты жауап берген жоқсыз.
Керісінше, дауысыңызды төмендетіп, сабырмен, әдемі,
орынды, эмоцияға берілмей жауап бердіңіз. Ал,
егер екі
жақ бір-бірімен қырылысып, айтпаған сөзді айтса, бірнеше
сағат өткен соң екі жақ та өкінбейді екен. Екі жақ та сөзін
саралап, есіне түсірмей, кешірім сұрау керек деген ойға
келмейді екен.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: