Байланыс ақпараты: кафедраныңорналасқан жері (мекен жайы, оқу ғимараты),телефоны, электронды адресі.
Пән саясаты*. Кафедраның Силлабустың пән саясатында көрсетілген оқу үдерісі барысында білім алушыларға қойылатын жалпы талаптары ағымдағы кезеңдегі ішкі нормативтік құжаттарға (университеттің академиялық саясаты, білім алушының Ар-намыс кодексі, Академиялық адалдық саясаты, «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-да білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері) сәйкес болуы тиіс. Пән саясаты – пәнді, оның ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым толық игеруге бағытталуы керек.
1. Кіріспе(пәннің қысқаша мазмұны) 2. Пәннің мақсаты 3. Оқытудың соңғы нәтижелері
*Оқыту нәтижелері Дублин дескрипторлары негізінде анықталады, 5 басты оқыту нәтижелері-құзіреттіліктерін тұжырымдау ұсынылады.
Оқыту нәтижелерін тұжырымдау кезінде мына ұсыныстарды ескерген жөн:
Оқыту нәтижесін тұжырымдауға нақты нәтижені көрсететін бір ғана іс-әрекет етістігі негізінде құрылған сөйлемді қолданылады;
Мүмкіндігінше күрделі сөйлемдерді (оларды бірнеше жай сөйлемдермен ауыстырған жөн), сондай-ақ, түсініксіз, анықталмаған терминдерді («таныс болу», «хабардар болу», т.с.с.) қолданудан бас тартқан дұрыс. Оқыту нәтижелері білім алушыларға түсінікті болуы қажет;
Тұжырымдалған нәтижелер бағдарлама бойынша қарастырылған оқыту нәтижелеріне сәйкес болуы тиіс.
Оқыту нәтижелерін дұрыс өлшемдеу мен бағалауға мүмкін болатындай етіп тұжырымдаған жөн. Бағдарламада ұсынылған және белгіленген әрбір оқыту нәтижесіне оқытушының қалыптастырған өлшеу және бағалау жүйесі болуы керек.
Оқыту нәтижелерінің дұрыс тұжырымдалуы секілді оған қол жеткізу үрдісі де оларға кететін білімді меңгеру уақытына дәлме-дәл сай келуі қажет. Қандай да болмасын бір нәтижені ұсына отырып, оған аталмыш бағдарлама шеңберінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін уақыт мөлшерін естен шығармау қажет.
Әрбір пәнге білім алушы оқу үдерісін аяқтағаннан кейін меңгеруі тиіс құзіреттіліктерді толықтай сипаттай алатын нақты нәтижелер (Дублин дискрипторлары) таңдалуы тиіс.