Неліктен мен, дәл осы мамандықты таңдадым, меніңше мұғалім дегенде барлығының көзіне ең бірінші мектепке бірінші барған кезіміз, бастауыш сынып мұғаліміміз есімізге түсетін шығар



Дата16.10.2023
өлшемі13,67 Kb.
#115751
Байланысты:
эссе


неліктен мен, дәл осы мамандықты таңдадым, меніңше мұғалім дегенде барлығының көзіне ең бірінші мектепке бірінші барған кезіміз, бастауыш сынып мұғаліміміз есімізге түсетін шығар. Мамандық таңдау әрбір бітіруші түлектің ең маңызды кезеңі, айтадығой өмірде екі нәрседен шатаспау керек жар таңдаудан және мамандық таңдаудан деген сөз барғой,. Негізі мамандық жайлы айтпастан бұрын өз мектеп шағымды айта кеткім келіп отыр мен мектепте өте белсенді, жан-жақты болдым, барлық олимпиадалардан қалмауға тырысатынмын себебі өз болашағым жайлы қатты ойланатынмын қалай болады? Мен өскенде кім боламын деп ойланатынмын, Солай жүріп мектеп бітіретін уақытқада жеттім, негізі мен мұғалім болуға кішкентай кезімнен қызығатынмын, бірақ ешқашан басатуыш сынып мұғалімі боламын деп ойламаппын өйткені мен пән мұғалімі болғым келетін өзім математика пәніне өте қатты қызығатынмын, бірақ сол пәнге түсе алмағаныма өкінбеймін. Негізі мен 11 сыныпты 2022жылы бітіргенмін және мен сол жылы «Аспаз» м амандығына оқуға тапсырдым. Негізі бос уақытымда әртүрлі тәттілер пісіруге қызығатынмын және «Кондитер» мамандығын білген соң аспаздықты оқыдым. 10 ай оқу барысында мен ол мамандыққа қатты қызығып кеттім мұғалімдермен әртүрлі тағамдарды зерттеп оны жасап көріп неше түрлі тағам түрлерін үйрендім. Этика жайлы мейрамханаларда қалай болады не нәрсе қалай аталады барлығын үйретті оның бәрі қызық әрине бірақ аспаз болу үшін менің ойымша теорияға қарағанда практика өте қатты қажет болады. Практикағада бардым және сол кезде түсіндім аспаз менің мамандығым емес екендігін бірақ барлығын үйренуге тырыстым, оқыдым бірақ мен дәл сол мамандықпен зейнет жасына дейін жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Сол колледждеде белсенді болуға тырыстым. Негізі мен көшбасшы болғанды ұнататынмын және солай Оқуды қызыл дипломмен бітірдім сол менің өмірімдегі тағы бір жетістік болып есептелінді. Кейін ойландым бір дипломмен бір мамандықпен тоқтамай әрі қарай даму керек деп ойлаймын себебі қазіргі заманда кез- келген адам жан-жақты болу керек, даму керек деп ойлаймын. Ойланып осы бастауыш сынып мұғалімі боламын деп шештім. Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым еліміздің болашақ ұрпағын білімді, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне өз үлесімді қосу. Осы менің мамандық таңдауымдағы кішігірім оқиғам. Мен өз таңдауыммен қателеспедім деген ойдамын .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет