Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


—  Ұстаз, неше жасқа келдіңіз? — деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып —



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата29.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111684
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
1198 mit 1199 zgim Kelmeydi Nemat Kelimbetov

— 
Ұстаз, неше жасқа келдіңіз? — деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып
тұрып
— 
Білмедім. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, — деп жауап
беріпті Бүған түсінбеген шəкірті таңырқап!


— 
Қалайша? — дейді
Ғұлама шəкіртіне қыска ғана жауап берген екен:
— 
Мен өзін əр адамға пайдам тиіп, жақсылық жасаған сайын мерейім
артып, рахаттанып, бір жасап қалам. Сондықтан адамның жасын
жыл санымен емес, өзгелер үшін жасаған жақсы істерінің санымен
есептегенді жөн көрем. Өз құлқыны үшін құмырсқа да, көң қоңыз
да тырбаңдап əрекет жасайды. Ал, адамның олардан артықшылығы
— өзгелер үшін атқарған еңбегінде ғой, — депті.
Əрине, қысқа жіп күрмеуге келмейтіні хақ Əйтсе де, өзінің
қып-қысқа ғұмырында қыруар іс тындырып үлгірген, ғаламат
жаңалықтар ашқан, жарқын болашақ үшін өз кеудесін оққа тосып.
қыршын кеткендер аз ба?! Олар менің жасыма жетпей тұрып-ақ
мəңгілік, өшпес өмірге ие болады.
Демек, мені қинап жатқан нəрсе — өмірім қысқа боп қалады-ау
деген қауіп емес, өзім атқарған істердің аздығы екен ғой. Есептеп
қарасам орта мектепте он жыл, институтта бес жыл, аспирантурада
үш жыл оқыппын. Сонда мемлекет мені он сегіз жыл үзбей
оқытқан. Қамқорлық жасаған. Ал мен небəрі тоғыз жылдай ғана
жұмыс істеппін.
Қоғамнан алғаным көп, ал қайтарып бергенім өте-мөте аз.
Мардымсыз. Біреуден көп ақша қарыз алып, енді оны қайтаратын
мерзімі жеткенде бергісі келмей қашқақтап жүрген əккі адам сияқты
емеспін бе деген ой келді. Енді бəрін де түсіне бастағандай болдым.
Түні бойы берекемді алып, құтымды қашырып жатқан нəрсе — Ар
соты екен ғой.
Əдетте қатты науқас адам кешірімшіл келеді. Жайшылықта ала
жылан, аш бақа боп жүрген небір жексұрын адамдардың өздері де
ажалмен арпалысып жатқанында көзіңе ыстық көрінеді екен. Тіпті
сау-саламат кезімде астамдық жасап, соған артық сөз айтып қойған
екем ғой деп өзінен кешірім сұрағың келіп тұрады. Бірақ адам
қанша қиналса да Ар сотының алдында өз кінəсін өзі кешіре
алмайды екен. Адамды іштен жеп тауысатын нақ осы соттан қатал
сот жер бетінде жок шығар.
Рас, ешкімнің ала жібін аттағам жоқ. Тірі жанға зəредей
қиянатым жоқ. Арым таза. Бірақ Уақыт атты төрешінің алдында


айыпты сияқтымын. «Ары таза адам үшін бір күндік өмірін босқа
өткізуден ауыр қылмыс жоқ», — депті ғой бір данышпан. Бір күн
емес, бір ай емес, талай жылдардың жеміссіз өткеніне өкінем. Егер
алда өмір болса, мұның бəрін азды- көпті қолдан келгенше
түзетермін. Ал, олай болмаса ше? Онда бұл өмірге келгенім де,
кеткенім де беймəлім боп қалғаны ма? Бұдан ауыр жаза жоқ шығар.
Сүйек-сүйегімнің бəрі зырқырап, азапқа салып қойғаны аздық
қылғандай-ақ астыма салынған қалың тақтай жамбасымды тесіп
барады. Айтпақшы, сен білмейтін шығарсың, Гауһар. Мен сияқты
омыртқасы кесілген науқастарды əдеттегі жұмсақ кереуетке емес,
тақтай төселген тастай қатты төсекке жатқызады. Жұмсақ төсекте
кесілген сүйектер бұралып, майысып кетеді деп қорка ма, əлде басқа
бір себебі бар ма, кім білсін. Тақтайдың үстіне тастаған жалғыз
матрац не болады дейсің.
Үш сағат бойы қыбыр етпей, бір қалпымды өзгертпей жатуға
əрең шыдаймын. Күн ұзаққа өзім де тақтайдай қақиып, сіресіп
қалам. Тағы бір минут осылай жатсам, жамбасым тесіліп кететіндей
боп тұрады. Күні-түні демей əр үш сағат сайын екі медсестра келіп,
мені ақырын көтереді де, бір жамбасымнан екінші жағыма
ауыстырып жатқызып кетеді Солардың келуін минут санап, сабырым
сарқыла күтем.
Жайшылықта аунап-қунап, керегінше қимылдап, өзімізге ең
ыңғайлы қалыпқа түсіп жатамыз ғой. Сондықтан мұндай бейнетке
душар болмаймыз.
Мұндайда адам, əсіресе, ерік-жігерден көбірек тапшылық
көреді екен. Өзімді-өзім іштей қанша қайрап, тісімді тісіме қойып
жатсам да, шыдамым шытынайын деді.


Профессордың келуіне, менің тағдырымның мəлім болуына бірнеше
минут қана уақыт қалды.
Аш ішектей созылған соңғы бір тəулік Уақыттың өзі
маған отыз бес жылдық ғұмырымнан көбірек боп көрінді.
Шиқ етіп ашылған есік дыбысы Уақыт жөніндегі ой дүрмегін
үзіп жіберді.
Профессор кіріп келді. Оны көрген бетте-ақ жүрегім құрық
көрмеген құлындай тулап кетті. Алқынып өкпем аузыма
тығылғандай болды. Не дер екен? Жүрем бе, жоқ па?
Профессор операциядан кейін үзілді-кесілді айтатынын аурулар
жақсы біледі. Мен де естігем. Қазіргі оның бір ауыз сөзі менің бүкіл
болашақ өмірімді, тағдырымды анықтап бермек. Асығып, жүректің
алып үшқаны соншама, маған профессор есікті екі-үш сағатта əрең
жауып болғандай, бүгін қасақана жай қимылдайтындай боп көрінді.
Ол кібіртіктеп есіктің алдында ұзақ тұрып қалғандай еді. Мүмкін,
маған солай көрінген шығар.
Əйтеуір бір кезде маған қарай аяңдады-ау, ақыры. Кісендеулі
аттай аяғын типыңдап əрең қозғайтын сияқты Бүйтсе бар ғой, есік
пен төрдей жерге мықшыңдап білдей бір күн жүретін шығар деп
ойладым.
Күнде есіктен кірген бойда-ақ сампылдап сөйлей жөнелетін.
Бүгін неге тіс жармайды? Əлде айтуға ауыр хабары бар ма? Əлде
қасыма келіп өзіме ғана сыбырлап айтпақ па? Не де болса
ертерек естісем екен.
Енді сəл үндемей тұрса-ақ тағатым таусылып, көкірегім қарс
айрылып кетердей болды. Тұла бойымды белгісіз бір ашу-ыза кернеп
бара жатты. Елена Андреевна соны сезді білем, түсін жылытып, сəл
ғана езу тартқандай болды. Бірақ бұған бағанадан бері аласұрып,
бұлқан-талқан боп жатқан жүрегім орныға қойған жоқ. Қайта
əлденеден секем алып қалғандай жүрегім шошынып, зуылдап кетті.
Дəрігердің күлімсірегенін місе тұтпасам керек. Профессор мұнымды
да қалт жібермей сезіп қойды. Əдетте ол айтпақ ойын білтелеп
жатпай, төтелеп соғатын. Бұл жолы олай істемеді. Менің
бұрынғыдан бетер зəрем ұшты.


Елена Андреевна үн-түнсіз қасыма кеп, кереуеттің шетіне
отырды. Аяқ-қолымның ұштарын қайта-қайта инемен шұқылап
көріп, сезімталдығын тексере бастады. Екі қолым да иненің өткір
ұшын жақсы сезетін сияқты.
Бірақ өткір инені қанша шаншып жатса да, екі аяғым түк сезер
емес. Бұрын аяқтарым ине шаншығанды сезбесе де, біреудің
қолымен сипалағанын жақсы сезуші едім. Ал, қазір мүлдем жаны
жоқ. Семіп қалған, құдды маған байлап қойған ағаш аяқ сияқты.
Профессордың қасындағы бір топ дəрігерлер де менен көздерін
алмай, тесіле қарап тұр. Олардың мына өлі тыныштықты бұзуға
жүректері дауаламайтын сияқты. Осы бір топ ақ халатты адамдар тас
боп қатып, сілтідей тынып қалған еді.
Бір сəт профессор ішінде айықпас дерті бар адамдай: «Иə», —
деп бір ауыр күрсінді.
Жүрегім зырқ ете түсті. Елена Андреевнаның осы бір аянышты үні
маған бəрін жеткізгендей болды. Мен мүшкіл халімді толық
түсіндім. Əйтсе де, оның ойын ақырына дейін білу үшін үндемей
жата бердім.
Кенет ол мені мақтай бастады. Бұл жақсылықтың белгісі емес еді.
— 
Жарайсың! Жігіт-ақ екенсің өзің! Операция бес жарым
сағатқа созылды.
Жүрегің қыңқ еткен жоқ
Бірақ бұл сөздер құлағыма кірер емес. Есілдертім басқада.
Жүрем бе, жоқ па? Соны қашан айтпақ? «Жүрем бе, жоқ па?! — деп
бар даусыммен айғайлап жіберуге сəл қалдым. Енді сөйлемек боп
оқтала бергенімде, профессордың өзі тіл қатты:


— 
Қолдарым қимылдамай қалды деп қорықпа. Көп
ұзамай-ақ жанданып кетеді.
Бес-алты ай шыда, батырым. Ал, аяғыңа келетін болсақ... — деді де
Елена Андреевна кішкене мүдіріп қалды. Бірақ маған ол бірнеше
сағат бойы лəм-мим демей, үн-түнсіз мелшиіп тұрып қалғандай боп
көрінді. Ақыры бір кезде барып ол үзіліп қалған сөзін одан əрі
сабақтай түсті. — Меніңше, аяқтарың осылай қалатын шығар. .
əйтсе де сен тірі қалғаныңа қуан. Осындай күрделі операциядан
аман шықтың. Бұл — жарық дүниеге, мына өмірге қайта туып
келумен бірдей. Демек, сен ұмытпа, кешегі күн сенің қайта туған
күнің!
Профессордың одан əрі не айтып, не қойғанын естігем де жоқ,
ұққам да жоқ. Көзім бұлдырап, құлағым шуылдап, айнала төңіректің
бəрі ың-жың боп кетті. Ол енді маған аузы жыбырлап, бірдемелерді
ымдап түсіндіріп жатқан мылқау адамдай боп көрінді.
Өзімнен-өзім табан астында еш нəрседен қорықпайтын да, еш
нəрсеге қуанбайтын да тас мерез жан сияқты боп қалдым. Мына
өмірде енді мен қызығатын түк те қалмағандай- ақ көңшім бір түрлі
қараңғы тартып кетті. Отыз бес жыл бойы əлдекімдермен тынбай
күресіп, ақыры жұрт алдында масқарам шығып жығылып, енді
адамдарға көрінуге беті күйіп қалған бейшараның кейпіне түстім
Дəрігерлер шығып кетті
Палата іші алғашта сəл бұлдыр тартып, сағымданып тұрды да,
соңынан бөлме ішінде қараңғы түнек түнере түскендей болды.
Əлдекімдер аяқ-қолымды шырмап, жан пенде жоқ жапан түзге
жалғыз өзімді тастап кеткендей беймəлім бір жалғыздық үрейі
бойымды билеп бара жатты. Өзімді-өзім бейне бір жұртта қалған
жүрындай сезіндім.
Енді еш жерім ауырмайтын да, сыздамайтын да сияқты. Не
боп, не қойғанын ақырына дейін түсінуге жетем жетпейтін
тəрізді. Сонда менің ойлану қабілетінен де маһрұм болғаным
ба?
Дəл қазір мен өңі мен түсін жөнді ажырата алмай, төсекте
ұйқылы-ояу күйінде дел- сал боп жатқан адамдай едім.


Күні-түні бір тынбай, бірде сарқырап, бірде саябырлап көз
алдымда ағып жатқан өмір-өзен оқыстан кілт тоқтап қалғандай
болды «Енді ешқашан да өз аяғыммен жер басып, жүре
алмаймын» деген жалғыз суық ой ғана оқ жыландай басын
қақшаңдатып, төбемнен тажалдай төніп тұрды.
9
Гауһар! Бүгін көрер таңды көзіммен атқыздым. Мынау кең
дүние тарылып кеткендей. Өкпем аузыма тығылып, деміп барам.
Күллі əлемнің тауқыметі жалғыз менің басыма кеп төңкеріліп
қалғандай. Ақыреттей ауыр мүгедектік өмірді іштей мойындап, оған
жан-жүрегімді иландыру оңай дейсің бе?! Тап қазір де шим əлем-
жəлем боп күйіп тұр.
Көңіл көгіне үйіріліп қалған күдік бұлты да өздігінен айығар
емес. Мендегі үміт шұғыласы да баяулап батып бара жатқандай.
Бірте-бірте көңілім де қараңғы тарта түсті.
Қазір көңіліме жел беріп, рухтандырып жіберетін сен де
жоқсың қасымда, Гауһар Адам деген қызық қой. Соншама
күйіп-пісіп, өз тағдырыма нəлет айтып, өмірден
азар да безер боп жатсам да көңілдегі үміт отын сөндіргім
келмейтін сияқты. Ондай қиянатқа қолым бармайтын тəрізді.
Мүндайда өзіңді жұбатып, көңіліңе демеу берер адам іздейді
екенсің. Жанға жалау, ойға медеу болатындай ішкі сүйеніш тапқың
кеп тұрады. Көңілден көңіл су ішпесе, адам жаны да шөліркеп
қалады екен ғой.


Мен мүгедек кісіні көрсем-ақ есіме өзінен-өзі Қаратай көкем
түседі. Неге екенін қайдам, əйтеуір жан төзгісіз ауыр сəттерде сол
мүгедек ағам дəл қасыма кеп тұрғандай болады. Мен есейген
шағымда да екі аяқтан бірдей айрылған талай жарымжан кəріптерді
ұшыраттым. Бірақ бала кездегі сол бір қайғылы көрініс көкірегіме
беріп бездей бекіп, бір тас түйін боп қалса керек.
Гауһар! Сол мүгедек ағам туралы саған бұрын да талай
айтқам. Соғыстан алғаш келгенде ол мүгедектер арбасына да
отыра алмайтын. Бейне бір құндақтап тастаған нəрестеге ұқсап,
ертелі-кеш көздері жəудіреп жата беретінді.
Қазір де сол ағам көз алдымда тұр. Ол кезде бала едік қой. Сол
кісінің асаудай аласұрған ішкі жан-дүниесін, ішін өртеген күйікті
сыртқа шығармауға тырысып, бала- шағасына қандай қиындықпен
күлімсірегенін енді ғана толық ұққандай болдым. Өміріне өксімей,
тағдырына налымай, ажалмен арпалыста минут сайын ерлік жасап,
дүниеден мойымай өткен сол ағамды тап қазір көрсем құшақтап,
қажымас қайратына бас иер едім.
Əлі есімде, өзі сондай бала жанды адам еді. Біз барсақ
дардай кісі ойнағысы кеп тұрған жас баладай шынымен- ақ
жадырап қалатынды. Күллі ауылдың боқмұрын тентектері де
өзіне өлердей үйір болатын. Əңгіменің майын тамызатын ол.
Қамыстан бəрімізге ысқырық, сырнай, сыбызғы жасап беруден
жалыққан емес.
Біз оның үйіне, əсіресе, ерте көктемде жиі-жиі баратынбыз.
Əр жолы оған құшақ- құшақ етіп қызыл талдың солқылдақ жас
шыбықтарын апарамыз. Ол əсіресе, қыр қьізғалдағын теріп келген
балаларға мейірлене қарайтын.
«Ағаштан түйін түйген шебер» деген мақтау сөз алғаш рет осы
кісі хақында айтылған шығар. Өз басым əлі күнге солай ойлаймын.
Шыбықтан алуан түрлі, ғажайып себеттер тоқитын. Жеміс-
жидек тасуға лайықтап жасаған шелек сияқтысы. Да, қауынқақ яки
құрт жаюға ыңғайлы леген тəріздісі де, нан сап коюға қолайлы
жəшікке ұқсасы да бар. Əсіресе, жұрт зембіліне құмар еді.
Соның бəрін ол кереуетте шалқасынан жатып алып жасайтын.
Ол үшін кереуеттің екі бүйірінен адам бойындай екі бақан


қақтырып, оған өзінің қолы жететін тұстан жуандығы білектей-
білектей таяқтарды кесе-көлденең тас қып байлатып тастаған.
Себеттерді біз апарған шыбықтардан тоқитын.
Сондағы бір аңғарғаным — ол жұмыс істеген кезінде көздері
жайнап, өзі көңілденіп кетеді екен. Мұндайда тіпті ыңылдап, өзінше
ақырын ғана мұңлы əуенге салып əндетіп те қояды. Мүмкін, ол сол
сəтте еркін құлаш сермей алмай, төрт тағандап қалғанына
қынжылатын шығар. Əлде, сау-саламат шағын аңсағаны ма екен?
Ол өзі күні ұзаққа мықшыңдап жатып, қара терге түсіп əрең
жасаған əлгіндей бұйымдарын, сірə, сатып көрген емес. Жұртқа
тегін үлестіретін. «Бала-шағаңның несібесі ғой», — деп біреулер
ақша ұсынса-ақ, ағай күре тамырын адырайтып шыға келетін:
— 
Сендердің тиын-тебендеріңе күнім қарап қалған жоқ. Мен де осы
ауылдың азаматы емеспін бе? Жұлдыз санап жата берем бе?!
Əйтсе де, төсектен тұрмай жасаған бұйымдарды алғашында
ақысыз алуға ешкімнің дəті бармай жүрді. Бірақ кейінірек алдымен
жақын көршілері, бірте-бірте күллі ауыл қорада үйіліп жатқан,
күлтеленген жібектей шыбықтардан шебер тоқылған алуан түрлі
əдемі бұйымдарды таласып əкететін болды. Құр қол қалғандары тіпті
«заказ» беретін əдет шығарды. Бұған ағай қуанбаса, қабақ шытқан
емес, сірə
Ағайдың күн көрісі де төмен емес еді. Дегенмен, жеміс- жидек
піскенде жұрт оған үйін-төгіп əкеп тастайды. Күзде егін жинағанда
ауыл адамдары қап-қап етіп алтындай сап- сары жүгері түсіріп
беретін. Бұған ағай ə дегенде түп сыртына шығып, бұлқан-талқан
боп


жүрді де, ақыры жұртқа күші келмейтініне көзі жеткен соң қолын
бір-ақ сілтеді. Қанша долданса да азды-көпті еңбегінің ел кəдесіне
асқанына шексіз риза еді ол. Кейде бұл қуанышын жасыра
алмайтын.
Ғұмырлық мүгедек боп қалғанын ұқса да, ешкімге күрең қабақ
көрсетпей, өмірден үмітін ұзбей өткен ағайдың жүрегі қандай төзімді
болды екен десеңізші. Əлде үміті үзілсе де, өмір дариясы тоқтамай
аға бергені ме? Үміт отын сөндірмеген шығар. Əлде мүгедектікті ол
жоғарыдан келген зауалдай қабылдады ма екен?
Əрине, ағайдың көңіліне демеу болған нəрселер аз емес. Ең
бастысы — кеше ел басына күн туғанда ол тайсалмай өзінің
азаматтық борышын өтеді. Қан майдаңда халқы үшін мүгедек
болды. Не айтса да жарасады. Ұпайы түгел ғой.
Ал, мен ше? Не тындырып мүгедек атандым? Ел аман, жұрт
тынышта ұшыраған ғарштікке адам қаттырақ күйінеді екен. Күн
жаумай су болған жаман ғой
Рас, бізді де дəрігерлер бейне бір соғыс кезінің жарадар
жандарындай алақанына салып, мəпелеп емдеуде. Бірақ түк
тындырмай, жұртқа масыл болу жанға ауыр болатын сияқты
Ең қиыны — адамның өзі сатып алған бақытсыздық шығар.
Мешел қып тастаған мына операцияға өзім келісім бердім ғой.
Көңілге түскен түніннен өзегім өртеніп кете жаздайды.
Азды-көпті өмірді аяқ-қолдан қалмай өткізгенге не жетсін,
шіркін?! Өзің салған жараға ем қонуы да қиын. Одан да қайғы-
қасіретіңе басқа біреудің айыпты болғаны жақсы ма деп қалдым.
Өйткені бар кінəні басқа біреуге үйіп төгіп арта салсаң, тынысың
кəдімгідей кеңіп, аз да болса жеңілдеп қаласың
Дүниеде адам өзін-өзі айыптап іштен жеп тауысқан қиын.
Азаптың ең ауыр түрі де осы шығар. Мұндайда жанға батқан
жараны ашып, тірі жанға көрсете алмайсың. Айтсаң өзің кінəлі боп
шығасың. Не де болса ол өз ішінде қалады. Сосын ине жұтқан итке
ұқсап жан далбаса жасап, аһлеп-уһлеп дөңбекінумен болады
екенсің.
Ал, қайғыңа басқа біреу айыпты болса, тым қүрығанда ішкі
шеріңді тарқатып, əлдекімдерге нəлет оқып аласың ғой. Тегінде,


адамның табиғаты өзінен гөрі өзгелерді айыптауға бейімдеу ме деп
қалдым. Көбіне өзімізге əліміз жетпей, қайдағы бір тағдырды,
əлдекімді қарғап-сілеуге ұстамыз. Мұның өзі жан қарманып, барып-
келіп жатқан науқастың зіл батпан қасіретін аз да болса да
жеңілдетсе керек. Əйтеуір өзгені кінəлау жеңілдеу сияқты.
Бірақ табанда бұл пікірден де айнып қалдым. Өз
бақытсыздығыңды өзгеден көрудің несі мəртебе? Несі жеңіл?
Адам о бастан-ақ тəкаппар ғой. Өзі кінəлі екенін сезсе, ол онша-
мұншаға мойымай, қайта өз айыбын жуып-шайып жіберу үшін
қайсарлана, қасарыса түспей ме? Мұндайда ол жігерленіп, қайратқа
мініп кетпей ме?!
Өзінің азаматтық, адамдық борышын өтеу жолында
бақытсыздыққа душар болғандар онша өкінбесе керек. Мына
қасымда жатқан Қайсар солай. Əрине, оның науқасы жеңіл емес.
Бірақ сонша бүлдіршінді аузын арандай ашқан ажалдан арашалап
қалғанын іштей көңіліне демеу қылуына болмай ма?
Қайсар десе өзі де қайсар екен. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде
жатса да ұнжырғасын бір түсірмей, тас-түйін боп берік жатыр.
«Төзімділікті менен үйреніңдер» дегендей күлімсіреп қояды.
Қайысар да емес, ойысар да емес ол.
Ал, Ақылбек аға өзінің де, өзге жандардың да тауқыметін
бізден гөрі айқынырақ ұғынып, тереңірек сезінсе керек. Өйткені ол
бəрімізден көп білетін ғалым ғой. Мұндайда


аурудың жай-жапсарын терең түсінетін адамның тартатын жан
азабы да көбірек бола ма деп қалдым.
Баяғыда бір патша: «Білімге байыған адам, түбінде қайғы-
қасіретке де белшесінен кенеліп қалады», — деп өз халқын
оқытпай қойған екен.
Сонда қалай? Түк білмеген, түк сезбеген жақсы ма? Адам
қайтадан қараңғы түнекке түсіп, тек өзінің соқыр сезіміне ғана
бағынып, тіршіліктің бəрін көз жұмып істей беруі керек пе? Жоқ!
Азабы молдау десек те бəрін ақыл- парасатпен ұғынып, жан-
жүрекпен сезініп барып, əрекет жасағанға не жетсін!
Адамның артықтығы да осы саналығында емес пе?! Бүкіл азап-
бейнетін, қауіп- қатерін, қорқыныш-үрейін əбден түсініп тұрып
жасаған ерлік қана, меніңше, нағыз қаһармандық саналса керек.
Міне, Ақылбек ағаға басқалардан гөрі көбірек тəнті түратын
себебім де осы ғой.
Ал төбесіне төнген қатерді аңғармай, түсінбей, білмей жасаған
ерліктің өзі де түптеп келгенде ерлік емес, есер- соқтық боп шықпай
ма?
Қашанда жұрт тек ақыл-парасаты мен бойындағы ерлік-
жігері тең түсіп жататын осы Ақылбек пен Қайсардай жандарға
ғана тəнті тұрып, соларға ғана бас иеді емес пе?! Тағдырдың
қанша уын ішіп, запыранын жұтса да өмірден меселі қайтпаған
осы екі жан майданнан мүгедек боп оралған Қаратай ағама ұқсап
кетті.
Енді бір сəт бұлардың үшеуі де ажалды менсінбей, өлімді
күлімсіреп қабылдаған, тəкаппар Бөгелекпен жақсы таныс шығар
деген ой келді. Мүмкін, мына өмірге деген құштарлықтың,
төзімділік пен қайсарлықтың қайнар бұлағы біреу-ақ шығар. Əйтеуір
қияметтей қиындықта да өз тағдырының тізгніін қолынан шығармай
берік ұстай білген Бөгелек ажалға өліспей беріспейтін менің дос-
туыстарымның рухани қамқоршысы сияқты боп көрінді.
Менің қасымдағы Ақылбек пен Қайсар тағдырдың жазғаны
болар деп төсекте əрекетсіз жатқан жандар емес. Бұлардың əрбір
минуты өмір үшін күреске толы. Мұндайда аурухана үйінің біз
жатқан үшінші қабатынан өзін-өзі тастап, өліп кету түк те емес. Ең


қиыны — өзіңді күні- түні шыр көбелек айналдыратын өлімге тізгін
бермей, тағдырға мойынсұнбай қою шығар.
Өзіңді жатырқап, маңайына жолатпай безіп жүрген өмір-ананың
етегіне күн сайын арда емген баладай жармасып, жаныңды салып
жабыса беру үшін қаншама ерік- жігер керек десеңізші?! Адам
өмірге соншама ғашық болады екен-ау деген ой келеді кейде маған.
Əйтпесе жылдар бойы төсекке жіпсіз байланып, тырп етуге мұршаң
келмей, көкжамбас боп езіліп, төрт тағандап жатқан мешел
тіршіліктен гөрі тып-тыныш өлім мың есе артық емес пе? Иə,
мұндайда қысқа күнде қырық өлгенше, көзді тас жұмып жіберіп бір-
ақ рет өлу онша қиын да, қорқынышты да емес сияқты. Ең қиыны —
өлмей, тірі жүру. Демек, Ақылбек пен Қайсар өмірдің жеңіл жағын
емес, азабы мол ауыр жағын өздері қалап алған екен ғой.Мұндай
жандардың, сірə, тауы шағылып, тауаны қайтпаса керек.
Бірақ мен солардай бола алам ба? Бір күннің өзінде жілігі
шағылып қалған адамның ғұмыр бойына қажыр- қайраты жете ме?
Мүмкін, мен əлі бойымдағы күш-қуатты да жөнді сезбейтін
шығармын. Өйткені мұндай ауыр сынға əлі түсіп көргенім жоқ қой.
«Шу» дегеннен-ақ босаңдық жасап, осалдық көрсететін менің
соншама сүйегім жасық па еді?
Мынадай жандалбасаға түскенде адамның аяқ астынан бозокпе,
босаң бел боп кетуі де ғажап емес қой. Тұла бойымды қақсатып
алып бара жатқан тəн азабына да, жүрегімді құм қылып, ойыма
запыран зəрін құйған жан қасіретіне де төзу қолымнан келе ме? Жоқ
па?


Бұған күні бұрын бал ашып, сəуегейлік жасамай-ақ қояйық.
Өмірдің өзі көрсетер, Гауһар Рас, бүгін жүрекке шемен дерт
байланып, көңіліме тас түйіп түсті Бірақ өмірден əлі меселім
қайтып, қажырым мұқалған жоқ.Бір рет жауырыным жерге тиді екен
деп белдесуден қашатын су жүрегің мен емес.
Белім бүгіліп, қабырғам сөгіліп кетсе де, мен өмірден күдерімді
үзбеймін. Сол үшін ажалдың өзімен де арпалысып, алыса берем.
Күрес əлі біткен жоқ. Айқас əлі алда.
10
Гауһар! Ауруханадан аяқ-қолсыз, мешел боп оралдым ғой, саған.
Амал қанша... Сол жолы мені зембілмен əрі-бері тасып жүргенде
өзегіңе өрт түскендей боп, өмірден түңіліп те кеткен шығарсың. Екі
аяқ пен екі қолды құрбандыққа шалып, тірі қалудың не керегі бар
деп те ойлаған боларсың іштей. Ал, менің тірі қалғым келді. Өзіңді
күн сайын, сағат сайын, минут сайын көріп жату үшін өмірдің
етегіне жармасып, тіршілікке тырмысып тірі қалу қажет еді.
Екі бірдей баламды да қимадым-ау деймін. Əйтеуір тірі болсам,
төрт тағандап қалсам да, соларды көзіммен көріп жатам ғой. Маған
соның өзі зор ғанибет, шексіз бақыт емес пе?! Одан артық не керек,
тəйірі? Тек қана өзің күндердің күнінде ауырламасаң болды, мына
мешелді.
Ауруханадан əкелгенде мені өз үйіміздің үшінші қабатына
қалай көтеріп шығарғандарың есіңде ме? Қасақана сол сəтте лифті
де істемей қалды емес пе. Береке тапқыр біздің көршілер елгезек
жандар ғой. Айтқызбай-ақ бəрін өздері түсіне кетеді. Білдей-
білдей жігіттер тұрғанда қояр да қоймай зембілдің бір жағын өзің
көтердің емес пе? Сонда ішім бордай үгіліп, бір түрлі елжіреп
кеттім.
Адам қыбыр етпей, мелшиіп жатып алса, тіпті ауырлап кете ме
деп қалдым. Оның үстіне, кесілген омыртқа сүйектері де əлі
қатайып біте қойған жоқ, Сəл қисықтау қозғап алса-ақ сарт етіп
шығып кетейін деп ілініп-салынып тұр. Итшілеп жүріп өз төсегіме
жеткіздіңдер-ау.


Төбем көкке екі елі-ақ жетпей қалған шығар. Əйтпегенде ше!
Енді сен қасымдасың, Гауһар. Сен жанымда тұрсаң, жан азабы да,
тəн азабы да азайып бара жатқандай сезінем.
Қос қанаты бүп-бүтін құсты ұшпайды деп кім айтады?! Қасыма
екі балам бірдей
«папа» деп шауып келген сəтте мен екі аяғыммен енді қайтып жер
баса алмайтынымды да ұмытып кеткендей болдым.
Ауруханада мен ешкімі жоқ жандарды көрдім. Артынан іздеп
келетін тірі пенде жоқ.
Ондайларды мемлекет өз қамқорлығына алады екен. Мүгедектер
үйіне апарады. Жас сəбидей алақанға салып, бағып қағады.
Мен бақытты екенмін, Гауһар. Міне, енді төрт көзіміз түгел
болдық. Үшеуіңе қанша қарасам да, көзім тояр емес Мейірім қанар
емес. Жоқ. Тірі қалғаныма өкінбеймін. Көзді ашып-жүмғанша алты
ай уақыт да зымырап, көрген түстей өте шығады. «Əрі кеткенде
алты айдың ішінде екі қолың да жанданып, өзінің бұрынғы қалпына
келеді», — деген профессор. Оған сенем. Бірақ аяқтарым...
Аяқтарым осы күйінде қалады ғой.
Егер маған сау кезімде əзірейіл келіп, «Не екі балаңды бер, не екі
аяғыңды бер», — десе не істер едін? Əрине, ойланып-толғанып
жатпай екі аяғымды қияр едім. Демек, осындай операцияға келісім
беріп, қателеспеген екем ғой. Онда несіне өкінем? Жоқ. Мен өкініп
жатқам жоқ. Кетер аяғым — кетпен таяғым. Енді басқа түскенді
мойынмен көтеріп, осындай өмірге кекіл түйдім.


Көңіл жетер ағайын тегіс жиналды-ау деймін сол күні біздің
үйге. Соншама көп кісінің жалғыз мен үшін бəйек боп, апы кіріп,
күпі шығып жүргенін көргенімде бір түрлі ыңғайсызданып,
қысылып қалдым. Бірақ бұл маған зор медеу еді.
Ұзақ уақыт ауруханада жатып, өзім де əбден малма
тымақтанып, ынта-жігерімнен айрылып қалсам керек. Мына жұрт
менің қажырымды қайрап, жанымды жани түскендей- ақ аяқ
астынан жігерлендіріп жіберді. Қиын-қыстау сəтте иіліп төсек,
жайылып жастық болуға жарайтын дос- жарандарым аз емес екен
деп ойладым. Соған көзім жетті.
«Ер қараға бір қара боп, қатарға қосылып кетерсің», — деп бəрі
де көңілімді жұбатқан болады. Еш жерім ауырмай, сыздамай, көзім
тірі жатса, қатарға қосылғаным сол емес пе? Бірақ қазір бүкіл денем
зар қақсап жатыр ғой. Іштей тас-түйін боп тістеніп алғам.
Гауһар! Осы күнге дейін қалай байқамай келдік? Көңіл сүйер
дос-жаран көп екен ғой. Бəрі де шетінен бауырмал, кең қолтық,
кең есік жандар емес пе?
Жалғыздықта жабыққан көңілді бір көншітіп, жақсылап демдеп
алғандай болдым.
Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Сол заматта-ақ лып етіп,
көңілдің күю өшіп калғандай болды. Өзінен-өзі-ақ өшейін деп
өлімсіреп, əрең жанып тұрған үміт шамын үрлеп сөндіре салу да
онша қиын емес еді.
Сол күні көңілімді су сепкендей басып тастаған кім дейсің ғой
Бəкір деген туысым.
Əйелі екеуі сол кеште жұртпен бірге қайтпай, біздің үйде қалып
қойған еді.
Дос-жарандар қоштасып, үйден шығып кетісімен-ақ ол
кердеңдей басып мен жатқан бөлмеге кірді. Ылғи ашық тұратын
есікті де жаба келді Бағанадан безек қағып ойнап жүрген екі баланың
у-шуы да су сепкендей басыла қалды. Қасақана қылғандай сен де
зым- зия боп кеттің. Шамасы, сен сол сəтте Бəкірдің əйелімен ас үйде
əңгімелесіп отырдың-ау деймін.
Бүгін Бəкірді тану қиын еді. Қашан да бүкшиіп, суыққа тоңған
адам сияқты басын мойнына тығып алып, кісінің бетіне тік


қараудан жасқанып, қипақтап тұратынды.
Мұндайлар өзіне қарсы келе алмайтын, өзінен əлсіздерді көргенде
жанданып, аруақтанып кете ме деп қалдым.
Бүгін Бəкірдің бойы да оқтау жұтқандай тіп-тік. Ызалы
көздері менің өңменімнен өтіп кете жаздайды. Тəкаппар. Кесіп-
кесіп, бұйыра сөйлейді.
Сау-саламат кезімде Бəкірмен дүрдараз, кез бастау боп
жүретінбіз. Бет-аузы бір жапырақ, дене құрылысы жеті-сегіз жасар
баладай-ақ осы туысымды көрген сайын ішімнен «Анасынан шала
туған шығар» деп ойлайтынмын.
Мінезі де қызық Лажы болса адамға жолағысы келмейді. Көшеде
де ұры мысық сияқты аяғының ұшымен ғана басып жүреді. Қаттырақ
басса жер ойылып түсіп кететіндей қорқады. Басқаны қайдам, маған
əйтеуір сол дүкенге де, тіпті күнделікті жұмысына да ұрланып барып,
ұрланып қайтатын сияқты боп көрінуші еді
Бір есікке кірерде ол сəл бөгеліп, артымнан біреу аңдып келе
жатқан жоқ па дегендей жан-жағына жалтақтап қарап алады. Үйден
далаға шығарда да өзгелер сияқты бірден сытылып шығып кетпейді.
Алдымен қылтитып есіктен басын тысқа шығарады. Сосын
жұдырықтай басы кекшеңдеп, өлген қойдың көзіндей жансыз
жанары жалтақтап, айнала төңірегін барлап алады. Жақын маңайда
тірі пенденің жоқтығына əбден көзі жеткен соң ғана көз шеспейтін
жылдамдықпен есіктен ыткып шығып кетеді. Мұндайда ол бөлменің
бір бұрышынан екіншісіне зып беріп қашып өткен тышқанды есіме
салатын.
Бірақ оның мұндай қылығына бұрын онша мəн бермеуші едім. Əдеті
шығар деп күлетінбіз де қоятынбыз.


Əйтсе де, бұл əдет емес екен, Гауһар Ауру екен. Ауруханада
осындай науқастарды көрдім. Кəдімгідей ем жасайды оларға.
Мұндай кеселді жұрт өзара əңгіме кезінде
«қуғынға ұшыраған патша» деп те атайды екен
Сөйлегенде тура кекіреге тойған текедей бақылдайды. Ең
жаманы — əңгімелескенде бейне бір шыныдан жасап қойғандай-ақ
бір нүктеден қозғалмайтын жансыз жанарын көзіңнен айырмайды.
Көздері үңірейіп кеткен. Мылтықтың ұңғысындай сұсты боп
көрінеді.
Бəкірдің арамдығына найза бойламайды. Соның несін айтып
отырмын саған, Гауһар Өзің де жақсы білесің ғой. Есіңде ме, бір
жолы əйелінің бізге кеп, мұңын шаққаны.
Ерлізайыпты екеуі құдды ит пен мысықтай. Қосылғалы бері
аңдысып, арбасып, жауласып, бірін-бірін атарға оғы болмай келеді.
Бұлар тіпті қонақта отырғанның өзінде де бірін-бірі іліп, қағып, өшін
алып қалу жағын қарастырады. Маған сол екеуі бір-біріне мына
дүниенің жақсылығын қимайтын сияқты боп көрінеді. Ажырасып та
кетпейді олар. Ғұмыр бойы бірін-бірі азаптап өткісі келетін тəрізді
Бəкірдің əйелі күйеуінің аяр қылықтарын саған жыр ғып айтып
беріпті ғой. Сонда сенің «Қолтоқпақтай ғана осы адамның бойына
соншама көп жамандық қалай сыйып кетеді екен», — деп жағаңды
ұстағаның əлі есімде. Шіркіннің, тілі удай ащы ғой. Аузын ашса-ақ
зəр шашады. Нағыз кер азудың өзі. Тілінің ілмешегі бар. Біреуді
қағытпай, мұқатпай сөйлей алмайды
Міне, сол шипиген əлжуаз Бəкір ілмиіп кеп қасыма отырды.
Жаңа ол оңаша сəтті аңдып, есіктен басын сұққанда-ақ шітей
тіксініп қалған едім. Ауруханадан талай сұмдықты көріп, етім
үйреніп кетсе де, мынаның жансыз жанарына тік қарауға əлденеден
сескенетін сияқтымын
Қашан да айналасына ызғар шашып тұратын ызалы көздері
енді күлімсірей қапты Қутың-қутың етеді. Бетіме ашық
арсыздықпен кекете қарап отыр.
Қазір ол көктен іздегенін жерден тауып тұр. Қас қағымдай бір
сəтке ойнақши қалған көздері-ақ көп нəрсені аңғартқандай еді «Ə,
мүсəпірлік қалай екен?! Қашанғы күнің көкте жүзе берсін.


Тағдырдың уын сен де бір ішіп көрсейші» дегендей еді ол. Бет-
пішінінен оның табасы қанып тұрғанын аңғару қиын емес болатын.
Бұл неге айызы қанған адамша менің қайғыма рақаттанады?
Бұған не жамандық істеп едім? Жоқ Өмірімде Бəкірге істеген
қиянатым жоқ. Əйтпесе неге қазір тура жүндемек болған адамдай
тісін тісіне қойып отыр? Əлде «Жақсы аттан жығылса, жаман адам
табалар» дегеннің кері келіп тұр ма?
Тап қазір екі көзі адырайып, танауы делдиіп, төбемнен
əзірейілдей төніп тұр Əлденеге миығынан күлетін сияқты. Лəм-мим
деп ауыз ашпайды. Дəл осы күйінде ол торғайды арбап тұрған
жыланға ұқсар еді. Мен қазір бұл күйімде сол торғай құрлы да
жоқпын. Менің қазір тырп ете алмасымды ол жақсы біледі. Сол үшін
де ол күшейіп тұр. Сау кезімде өзім түгілі көлеңкемнен жасқанатын
жасықтың есіруін қарашы «Құлан құдыққа құласа, құлағында
құрбақа ойнайды» деген осы екен-ау деп ойладым. Бойымдағы бар
ашу-ызаны көзбен аңғартпақ болдым. Біздер бір сəт көзбен арбасып,
екеуіміз де қалшиып қалдық. Егер қолдарым сау болса, қазір мына
шіріктің жағасынан ала түсер едім. Жайшылықта жаңқа құрлы
көрмеуші едім- ау, мынадай сілінтіктерді. Енді міне, ең əлжуаз, ең
қауқарсыз неменің өзі мені басынып отыр. Тырп етіп қарсылық
көрсетуге шамам жоқ. Тіпті қаттырақ сөйлеуге де дəрменсіз
сияқтымын. Өзімнің соншалықты бейшара күйге түскеніме
ызаланып, қағанағым қарс айрылып кететіндей боп


жаттым.Əйтсе де, бұған не жамандық жасадым екен? Соны
ойлай-ойлай басым қатты. Неге маған ол қанды кегі бар адамдай
көздері қанталап қарайды?
Бұл адам емес, өлексемен қоректенетін құзғын еді. Мен оның
көзіне өлексе боп көріндім. Өмір-бақи бұқпантайлап, көрінгеннен
зəресі ұшып, өзінен мықтының бетіне келмей, жан сауғалап жүрген
мұндай қорқаулар запыран зəрін жылдар бойы ішіне жинай береді
ғой.
Міне, ұзындағы өшін, қысқадағы кегін ала алмай ішінен тынып
жүргенде тырнағына мен іліндім. Бүгін ол жұртпен бірге көңіл
сұрауға емес, сол бойындағы зəрін маған шашып, бір құмар
тарқатуға келген тəрізді.
Көшедегі бес жасар баладан бастап, қойнындағы əйеліне дейінгі
жұрттың бəрін дұшпан санайды. Өзінің жастайынан қортық боп,
бойының өспей қалғанын да, алапес тəрізді елге қосылмай, саяқ
жүретінін де, тіпті əйелімен жаман тұратынын да өзінен емес,
өзгелерден көреді. Ол өзін жұрттан қорлық көріп, жапа шегіп жүрген
адам санайды. Іштегі ашу-ызасы қазандай қаинайды. Соны сыртқа
шығаратын қолайлы сəтті іздейді.
Шынында да, Бəкірдің өмір бойы жолы қырсығып, иті қырын
жүгірумен болды.
Мектепте де өзі жарытып оқымады. Бірақ үздік оқитындарды
күндегенде тауаны тарылып кететін. Сонысынан да аз таяқ жеген
жоқ. Оныншы сыныпта жүргенімізде тілі ащы қыздар оны
келемеждеп: «Балақай, биыл бірінші сыныпқа барасың ба?» — деп
итін шығаратын. Соны əйтеуір армияға да алмады. Жарамайды
депті. Сол кезде- ақ ол ішкілікке салынып кетті.
Қанша жыл барса да институтқа түсе алмады. Білімі
жетпеді. Мен институтты бітірген жылы да ол «Оқуға түсуге
келдім» деп емтихан тапсырып жүретін.
Мектепті бірге бітірген ауылдас жігіттердің қай-қайсысын
көрсе де үнемі: «Менің жолым ауыр ғой. Əйтеуір өзге жұрттың
асығы алшасынан тұра қалады. Менен де жамандар институтты
бітіріп алды», — деп мұңын шағатын.


Ең жаман əдеті — сұмдық күншіл еді. Қаршадайынан- ақ
күбірлеген күңкіл сөзге үйір. Мектепте біреу бес алса да, қабырға
газетіне тəуір өлең жазса да, қыздарға сөйлесе де, тіпті жаңа
шалбар киіп келсе де күндеп, талағы тарс айрылып кете
жаздайтын.
Бұрын осының бəріне мəн бермей келген екем ғой. Мына Бəкір
мені өмір бойы күндеп жүріпті-ау. Мен инженер дипломын
алғанымда, ол əзіл айтқан боп: «Қазір мұндай мұқаба көрінген
күшіктің қалтасынан табылады», — деп күлген еді.
Гауһар! Екеуіміздің неке тойымызда да ол əкесінен қатты таяқ
жеген баладай бас терісі салбырап, сүмірейіп отырған. Ертеңіне бір
досыма жолығып: «Келіншек байғұсқа жаным ашыды. Əп-
əжептəуір қыз екен. Мына біздің тік қаққан əккіге абайсызда
алданып қалған ғой», — депті.
Біздің балаларымыз да бір мектепте оқыды ғой. Үлкен ұлымыз
бірінші сыныпты үздік бағамен, мақтау қағаз алып бітірді. Бəкірдің
қызы да сол сыныпта оқыды. Ата- аналар жиналысында
Бəкірдіңталай бұлан-таланы шығып: «Сендер мақтау қағазды да
тамыр-таныстарыңа бересіңдер», — деп көптің көзінше
мұғалімдерге дүрсе қоя беріпті. Оны өзің айтып келіп едің ғой,
Гауһар
Соның бəрін кезінде елемей, ескермей жүре берген екем. Осы
бір ішмерез туысымды қазір ғана танығандай болдым. Бұрын өзі
көзге түсе бермейтін. Сөйтсем, ол байғыз секілді бейуақ
қараңғылыққа, жамандыққа үйір екен ғой. «Адамның іші де мұнша
тар, көңілі соншама қара бола береді екен-ау» деп ойладым.
Міне, енді сол Бəкір өзінің ғұмыр бойы аңсаған арманына
қолы жеткен адамдай мəре-сəре боп отыр. Айызын қандыра
түскісі келгендей-ақ менің жансыз жатқан


аяқтарыма қарайды. «Мына аяқ-қолдардың шаруасы біткені рас па?
Бір күні болмаса бір күні жазылып кетіп, жазамды беріп жүрмей
ме?» деп іштей күдіктенетін де тəрізді. Соның анық-қанығына көз
жеткізіп алғысы келгендей əл- жуаз қолдарын ербең-ербең еткізіп
денемнің əр жерін бір ұстайды.
Ақыры ол өз ойын жасырмай, қоламтасын қоздатты:
— 
Түсінем. Тас түскен жеріне ауыр. Бəрінен де саған қиын болды ғой.
Бірақ қашанғы əйеліңе масыл боп төсекте жата бересің?! Ұят қой.
Гауһар күнде жылайды екен. Қашанғы отырсын омалып. Жас емес
пе? Сен оның жолына байлау болма. Жібер, еркіне Кетсін ұшып.
Сен бұл үйде жатқанда ездігінен кете алмайды ол. Сенен
қысылады. Аяйды Ол үшін алдымен сен кетуің керек. Мүгедектер
үйіне.. Біздің өкімет ешкімді далаға тастамайды. Ал, балалардан
қам жеме, мен оларды бір жақсы интернатқа өзім орналастырам, —
деп менің көзіме не айтар екен дегендей барлай қарады. Мен тіс
жарған жоқпын. Ол сөзін ұштай түсті. — Кесімді күн — кесілген
ет емес пе? Адам кейде өзінің талқаны таусылғанын да сезбей ме
деп қалдым. Мұндайда батылдық керек. Жақында мына сен тəрізді
кəріп боп қалған бір жігіт өз тағдырын қолына алып, мəселені бір-
ақ шешіпті. Асылып өліпті. Байғұс қырық жылғы қиямет-
қайымнан бір-ақ құтылыпты. Бірақ ол үшін таудай жүрек керек.
Сенің қолыңнан о да келмейді ғой. Бейшара-ай... Тірі өлік боп жата
беруден не пайда?!
Ə дегенде, мен оны ит терісін басына қаптап, балағат- тамақ
болдым. Бірақ ол ойымнан тез айнып қалдым. Сегіз кессе сіркедей
қан шықпайтын, бет бақтырмас без бүйрекке сөзімді шығын қылып
қайтем? Бүған керегі де сол менің тас-талқан боп ашуға мінгенім
емес пе? Мұндайлар біреу əлем-жəлем боп, егіл-тегіл жылап жатса,
содан лəззат алады ғой.
Рас, операциядан кейін қатты азап шектім. Бірақ мына бүгінгі
жан азабы одан жүз есе ауыр соғып тұр. Егер мені сəл-пəл адамға
ұқсас, айтысуға, тартысуға арзитын адам қинаса, жаным мұнша
жапа шекпес еді. Дүниеде ит пен құсқа таланған ауыр екен ғой.
Бір сəт өзінді дауыстап шақырып мына сүмелекті үйден
қуғызып жіберсем бе екен деп ойладым, Гауһар. Онда өзім күресе


алмай, əйелімді ортаға салып, мына шірікке əлсіздік көрсеткен
болам ғой. Бұған керегі де сол емес пе?
Əрине, бір қолым қимылдаса да қазір ашу үстінде алқымын
езіп тастар едім. Бірақ қазір тілім мен көзімнен басқа қаруым
болмай, діңкем құрып тұр ғой. Іш қазандай қайнайды, тырп етуге
мұрша жоқ.
«Сенің сыртың бүтін болса да, ішің түтін. Сен тірілер қатарында
жоқсың. Сен өлгелі қашан! Ал, мен қозғала алмай, төсекке байланып
жатсам да, баяғыдай жан сарайым сайрап тұр. Жүрегім тірі. Көкірек
көзім ашық. Осы үйде, осы күйде жатып-ақ мен сенен өмірді көп
көрем, көп сезем, көбірек лəззат алам», — демек болдым
«Соншама өшігетіндей-ақ сенің қай шырағыңа көлеңке болып
едім» деп сұрауға да оқталдым.
Бірақ бұл сөздерім өзіме жасықтау, əлсіздеу боп көрінді. Оның
үстіне, қазір сөйлесем даусым қаттырақ шығып кетіп, мынаған сыр
беріп қоюым да ықтимал. Қазір мен үшін ең басты нəрсе — мына
сүмелекке күйреуік боп көрінбеу. Төрт құбыласы түгел адамдай-ақ
сəл күлімсіреп, еш нəрсеге мəн бермей, жайбарақат жата беру керек.
Əйтсе де, əккі дұшпан керегені кертіп жатқанда карап
қалуға болмас. Мұндай жымысқы жандарға айтар менің де
ойым бар емес пе? Бір сəт шабыты келген нағыз ақындарша
өзінен-өзі арқам қозып, аруақтанып кеттім:
Өз ойым бар өзімнің өз дегенім,


Қайтем жұрттың кай жерді
көздегенін, Өшпей тұрса
ботады ой жарығым,
Сезсем бопты өзіенің сезбегенін Іші өлмеген еркектің сырты
өлмейді. Жан жаураса кайта адам жөндетмейді —
деп жазыпты ғой əлгі ақын
Меніңше, адам тек өз жанынан шығарған өлеңін ғана дəл
осындай шексіз сеніммен, шынайы сезіммен, жан- тəншен беріле
оқитын шығар. Бір сəтке өзге түгілі, тіпті өзіме де осы өлең өзімдікі
сияқты боп кетті. Өйткені ол менің тап қазіргі жан-дүниеме тым
жақын тұр еді. Өлеңнің соңғы екі жолын үш реттен қайталадым.
Неге екенін қайдам, əйтеуір мен өлең жолдарын оқып бола
бергенімде, Бəкір аяқ астынан өңі қуарып, жуған шүберектей боп-боз
боп, есікке қарай шегіншектеп бара жатты Мүмкін, ол өзінің«іші
өліп», «жаны жаурап» айықпайтын дертке шалдыққанын нақ сол
сəтте ғана ұққан шығар.
Сен жөніндегі сөздерді ол менің жанды жеріме əдейі тигізіп
айтып отыр ғой, Гауһар Бəкір мені бұлан-таланы шығып ашу-ызаға
тұншығып қалады деп ойласа керек. Бірақ мен қызылтанау болғам
жоқ. Қынқ етпедім. Қайта əлгі сөзге қуанғандай сыңай танытып,
шабыты қозған ақындай сампылдап өлең оқи жөнелдім. Соған қарап
ол мені жынданып кетті деп қорықты ма екен?
Кəлимаға тілін келтіріп жатқан молдаға ұқсап, еріндерін
жыбырлатып күбір-күбір еткен күйінде бөлмеден шығып кетті.
Гауһар' Сол аярдың дəлізге шығып саған не айтып, не қойғанын
естігем жоқ. Бірақ екі балам бірдей ебіл-себіл жылап, жаныма жетіп
келгенде əлгінің тағы бір сұмдық шығарғанын ішім дереу сезе
қойды. Маған əлі жетпеген соң сендерге тиіскенін түсіну қиын емес
еді. Бұл — жылан жүрісті зымияндардың ежелгі əдісі ғой.
Жарадан ірің ағызып кеткен екен ол. Екі ұлымның да сора-
сорасы шығып, еңіреп, бебеу қаққанда көкірегім қарс айрылып
кете жаздады.
Сау кезімде балаларымның қайсысы жылап келсе де дереу
аймалап сүйіп, мойныма мінгізіп, далаға көтеріп кетуші едім. Жеті
жасар Мұхит та, екі жасар Қайрат та соған үйренген. Қазір олар


өксігін баса алмай «Папам қашан аймалайды» деп күтіп тұр. Тым
құрыса қазір екеуінің де бастарынан бір-бір сипап қоюға зар боп,
қалшиып қалған қолдарымды қимылдата алмай, өзегіме өрт түсіп
жатқанын мына екі құлыным қайдан білсін?!
Бағана мені зембілге сап əкелген бойда-ақ Қайратым алдымнан
жүгіріп шығып
«Папа' Ертең жазыласың ба? Сосын мені мойныңа мінгізесің бе?» —
деген Нəрестеніңалып ұшқан көңілін жыққым келмей «Иə, жазылам,
мойныма мінгізем», — дей салғам Қазір кіп-кішкене Қайрат өзі ебіл-
дебіл жылап тұрып, менен «Ертең жазылам дедің ғой, ə», — деп
қайта-қайта сұрайды.
Дəлізде не боп, не қойып жатқанын Мұхиттың сөзіне қарап
тұспалдадым Інісіне қарағанда ағасының сөзі айқындау еді
— 
Анау бір кісі сені енді қайтып тұрмайды деп жатыр. Жүрмейді деп
жатыр Мамамды ұрысты. Мамам жылап қалды. Анау кісі сені бір
жаққа апарып тастамақшы Бəрібір өледі дейді Ал, сен өлмейсің
ғой, папа, ə? Өлмейсің ғой. Зығырданым қайнап кетті. Табанда-ақ
аза бойым қаза болды. Мен операциядан кейін профессордан енді
қайтып жер басып жүре алмайтынымды естіген сəтте де
мұншалықты жан азабына түскен жоқ едім. Мына ешбір кінəсіз
сəбилердің жүрегіне мəңги-бақи өшпес дақ түсіріп, жігерін құм
қылудан тайынбаған қаныпезерді тап қазір шайнамай жұтып
жіберуге бар едім


Мен қазір өзімнің қайғылы тағдырыма емес, дүниеде осы күнге
дейін Бəкір секілді аярлардың жер басып жүргеніне қынжылып
жатырмын. Мұндай мысық тілеулес, қара жүректер бұрын да
болған. Оқта-текте десек те қазір да ұшырасып қалады. Ал, егер ақ
жүректі, адал жандар оларға қарсы күреске шықпаса, онда
болашақта да болары хақ
Демек, қайғыға қамалып жата бермей, білек сыбанып күреске
шығуым керек. Мына Мұхит пен Қайрат ер жеткенде араларында
Бəкірлер жүрмесе екен. Сол үшін мен де қолымнан келгенін істеуім
керек қой. Ал, қолымнан не келеді? Талпынсам əлі де көп нəрсе
келетін сияқты. Мен кірпіш қалап, үй тұрғызып келген жанмын ғой.
Сөздерді де дəл солай бір-біріне қиюластырып, жұрттың кəдесіне
жарайтын дүние жасай алам ба екен деген ой келді маған. Рас, бұл
қиынырақ. Инемен құдық қазу дегеніміз нақ осы шығар.
Бірақ оңай олжаның қадірі бола ма? Кірпіштен əп-əдемі, жұртқа
жағатын үй тұрғызу жеңіл деп кім айтады? Əйтсе де, оны үйрендім
ғой. Демек, жанымды салсам мұны да меңгерем. Бұл қаруды да
игерем. Сол жолда қандай ақырет-азапқа душар болсам да
өкінбеймін. Мына етбауыры елжіреп, төсегіннің екі жағында еіңреп,
менен көмек күтіп тұрған екі ұлым үшін, жер бетіндегі барша
қорғансыз балалар үшін жазам. Жазу керек. Бұл менің өмірдегі ең
соңғы қаруым шығар.
Əділдік, жақсылық, адалдық үшін күреспей өткен өмірден не
пайда! Адамдарға
«осындай зымияндардан сақтаныңдар, бір біріңе бауырмал
болыңдар!» — деймін. Тым құрыса мұндай айыр тілді аярлардың
бір-екеуін жұртқа паш етіп көрсетермін.
Жер бетіндегі жамандық атаулыга қарсы аянбай күресіп жатқан
ақ ниетті жазушылар армиясына солдат болуға жараймын ба? Ол
үшін отқа да, суға да түсу керек шығар. Мен сондай сынға төзем бе?
Өмірдің ауыр бір сынынан сүрінбей өттім ғой Мүмкін, ендігісінен
де өтермін...
Ал, менің тап қазіргі арманым мүлдем басқа. Тағдыр маған тек
бір минуттық қана күш-қуат берсе ғой, шіркін. Бір минут аяғыммен
жер басып тұра алсам . Соның өзі- ақ өмірдегі бар арманымды


орындауға жетіп артар еді. Сол жалғыз минут ішінде мен дəлізге
шығып, Бəкірдің өтін алып аузына қүйып та, Қайратты мойныма бір
рет мінгізіп те, Мұхиттың басынан сипап аймалап та, Гауһар сенің
мөлт-мөлт еткен көз жасыңды сүртіп те үлгерер едім.
Егер мен қазір осы айтқандарымды істей алсам бар ғой,
өмірден басқа еш нəрсе қаламай-ақ мына өлі төсекте тағы жүз жыл
жат десе де қыңқ етпей үн-түнсіз жата беруге риза едім.
Бірақ ондай минут қайда? Ол тек арман ғой. Бір минуттық
саулықтың соншама қымбат дүние екенін бас аман, бауыр бүтін
кезде кім білді дейсің.
Жаңа Бəкір ашықтан-ашық табалап «Енді сен тірі өліксің ғой»,
— дегенде тырс еткен жоқ едім. Қазір Қайратым жаныма кеп:
«Папа, ертең мені мойныңа мінгізесің ғой»,
— дегенде көзімнен ыстық жас қалай ыршып кеткенін өзім де
сезбей қалдым. Енді екі балама қосылып, үшеуіміз де бордай
егіліп епл-тепл болдық. Тек мен ұлдарым сияқты дауыс
шығармай, іштей егіліп, елжіреп, үн-түнсіз, аузымнан шыққан
демім от боп жыладым.
Бір сəтке барлық туған-туысқаным, жора-жолдасым көзіме
кұдды осы Бəкір сияқты боп елестеп кетті.
Тіршілік шыр айналған
құйын екен, Құйында
өмір сүру қиын екен,
Қауымым, қимастарым деп жүргенім Əншеиін сауық
құрған жиын екен — деп ақын қалай тауып айтқан


Мен осындай ауыр ойға шырмалып жатқанда бөлмеге сен кіріп
келдің ғой, Гауһар Сонда сен біз қосылғалы бері тұңғыш рет менің
көзімнен жас көрдің. Төбеңнен біреу мұздай су құйып жібергендей
болды-ау деймін. Селк ете түстің. Сенің бүйтіп қатты
шошынғаныңды бұрын-соңды мен де көрген жоқ едім. Əйтсе де, сен
тез есінді жиып алдың. Осы шаңырақтың бар ауыртпалығы енді өз
мойныңа ауысқалы тұрғанын сен дəл осы минутта, қас қағымдай
сəтте ұғып үлгерсең керек, Гауһар. Мына екі бірдей темір қанат
балапанның да, ғұмырлыққа мешеулік қамытын киген менің де
тағдырым енді сенің ғана қолыңда еді, Гауһар. Мүгедек əкесін кезек-
кезек аймалап жатқан екі баланы тірідей жетім етіп, зар жылатып
қоймаймыз ба? Ертең осы екеуін бір көруге зар боп қалмаймын ба
мен? Менің мешелдігім екі бірдей ұлымның жүректеріне жазылмас
жара боп жабыспай ма? Қысқа күнде қырық өліп, күндіз-түні
ажалмен арпаласып жатқан науқасты бағып- қағу қияметтен қиын
емес пе?
Міне, осы қиын сауалдардың бəріне сен табанда жауап беруің
керек еді. Өйткені бұл үйдегі барша жанның тағдыры енді жалғыз
саған ғана, сенің жауабыңа ғана байланысты болатынды. Еріксіз
ыршып кеткен менің бір тамшы көз жасымды көргенде, соның бəрін
сен бірден-ақ ұқтың. Балаларды əкесінен айырмау үшін таудай
тауқыметті жалғыз өзің көтеру керектігін де сездің. Күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан безуге мəжбүр болатыныңды да жан- жүрегіңмен
түсіндің. Жиырма жетіге жетпей-ақ саған жастық шақтың көңілді
күндерімен біржола қоштасу керек еді Оны да аңғардың сен.
Тап қазір сенің үзілді-кесілді бірдеңе айтуың керектігін мен
түгілі, мына қаршадай балалардың алаңсыз жүректері де сезіп
тұрған сияқты. Екеуі де мамам не дер екен дегендей жəутеңдеп
саған қарай береді. Бəріміздің де тағдырымыз нақ осы секундта,
сен мені де, екі баланы да үн-түнсіз, кезек-кезек сүйіп жатқан сəтте
шешілгенін жүрегім бірден сезді.
Сен ауыз ашқан жоқсың. Бірақ көңіліңдегінің бəрін көзіңнен
таныдым. Сен бір секундқа да қобалжыған жоқсың. Менің басыма
түскен ауыртпалықтың қандайын болса да бөлісуге іштей тас-түйін
боп бекініп алған едің.


Біз екеуіміз бұдан кейін де талай мəрте өмір сынына түстік қой.
Бірақ ең ауыры осы алғашқысы, менің ғүмырлық мешелдігім өзіңе
мəлім болған күні еді. Адамның ойына келмейтін небір сұмдықтарды
саған Бəкірдің айтқанын мен кейінірек есітіп білдім. Мені неге
мүгедектер үйіне жіберуге асыққанын да түсіндік. Мен кеткен соң,
екі баламды интернатқа орналастырып, біздің үш бөлмелі пəтерді
өзінің бір бөлмелі ескі үйіне «заңды түрде» ауыстырып алмақшы
екен.
Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен кіріседі ғой. Бəкір араға
кірісті. Құлындағы сақауын, құнандағы тістеуін айтып, бар
жамандықты маған үйіп-төгіпті. Əйтсе де, соның бірде-біріне
иланбай, қаңқу сөзге құлак аспай, аяр немені иттей ғып, жанын
жағасына келтіріп, үйден қуып шыққаныңа мың да бір риза
болдым.
Рас, біз Бəкірден де, əйелінен де көпке дейін құтыла алмадық.
Сен көшеге шықсаң-ақ ізіңе түсіп, майлы күйедей жабысты. Саған
«қамқоршы» болды. Бетіңнің қызылы қашпай тұрғанда теңіңді тауып
ал деп «кеңес» те берді. Тіпті саған лайықты бір жақсы адамды
қарастырып қойғанын да айтумен болды. Бұл іске олар барын салып,
білек сыбанып кірісті.
Менің онсыз да жаралы жүрегімді сыздатқың келмеген шығар.
Жігерімді жасытам деп жасқанған боларсың. Əйтеуір əлгі туыс
сымақтардың бауырыңа кіріп, іштей жайламақ болған əрекетінің
бəрін маған тек арада көп уақыт өткен соң ғана айттың ғой.


Гауһар! Ауруханадан келген күні маған не дегенің есіңде ме?
Сол күні маған бір-ақ ауыз сөз айттың. Бір- ақ рет айттың. Бірақ сол
сөзді біреу құлағыма минут сайын сыбырлап, қайталап жатқандай
боп тұрады. «Жыламашы! Мына екі баланың көзіне көрініп, тірі
жатсаң болғаны. Қалған тірліктің бəрін мен өз мойныма алам», —
дедің ғой.
Шынында да, біздің үйдің бар ауыртпалығы сол күннен
бастап, сенің мойныңа түскен еді.
11
Ауруханадан үйге келген алғашқы күннің оқиғалары əлі күнге
көз алдымда тұр. Адамға қатты əсер еткен ұсақ- түйектің өзі
көңілге берік ұялап қалады екен ғой. Соның бəрі жаңа ғана болып
өткендей.
Профессор операциядан кейін маған əзіл-шынын араластырып:
«Өмірге сен екінші рет келдің, анаңнан екінші рет туылдың.
Медицина ғылымы саған екінші рет өмір сыйлады», — деген еді.
Мүмкін, солай да шығар.
Бірақ маған бірінші ғұмыр сыйлаған анам болса, екіншісін
сен сыйладың ғой, Гауһар. Егер сен сол алғашқы күннен бастап-ақ
көңілімнің суаты бола алмағаныңда екі бірдей ұлым жүрегіме
күндіз-түні тынымсыз мейірім нұрын құйып жатпағанда,
əлдеқашан-ақ жұлдызым сөнері хақ еді.
Сен көңілдегі мұңды таратып, көздегі жасты тыйып қана қойған
жоқсың. Көңілімнің күнін өшіріп алмау үшін ұдайы жанымда болып,
қасымнан қарс аттам шықпадың.
Аурудың азабынан мұз боп қатқан жүрегімді май қып еріттің. Сөніп
бара жатқан өмір шамына күш-жігер нəрін күндіз-түні тамызып
отырдың.
Аурудың жан төзгісіз бейнеті күн өткен сайын көбеймесе
азайған жоқ. Операциядан бар тапқаным — тірі қалдым. Соншама
азап тартып, қайғы арқалап тірі қалудың қажеті бар ма еді деген ой
келеді кейде маған. Сағат сайын, минут сайын жан далбасаға түсіп,
сорға қамалып, бүйтіп жанды көлеңке боп жатқанша неге бірден еліп
кетпедім екен? Бəкір айтқандай «көзді жұмып жіберіп, бар азаптан


бір-ақ қүтылу керек» пе еді? Ол маған онша қиын емес сияқты. Ауру
маған азу тісін əдеттегісінен де қаттырақ батырып жіберген сəттерде
ажалдың өзі қол жетпес армандай, жанға сая мекен жайдай боп
көрінеді.
Мұндай сəттерде өмір сүруден гөрі маған өліп кету мың есе жеңіл
еді.
Бірақ менің көңілімдегі кірді тауып, ой санамды жамандыққа
жолатпай, аумалы- төкпелі тіршіліктің күн шуақты жағын көбірек
көре білуге үйреткен сен ғой, Гауһар. Мені ажал аузынан алып
қалған сен болдың. Сенің көңіл мейірімің болды. Балаларымның
жəутеңдеген көздері болды
Ауруханадан оралған бірінші күннің оқиғалары есіме түссе-ақ
бойымды осындай ой- сезімдер билеп алады. Сонымен Бəкір келіп
кеткен соң біз үй ішіміз түп-түгел ит көрген мысықтай үрпиісіп
отырып қалдық «Отырдым» деген сөзді мен тек шартты түрде ғана
айтам ғой. Өйткені операциядан кейін екі-үш жылға дейін маған
боксе басып отыруға болмайтын еді. Қырық құрау қайта жамалған
омыртқа сүйектерім бітіп кеткенге дейін тастай қатты тақтайдың
үстінде қыбыр етпей жатуым керек болды.
Сөйтіп дел-сал боп, есеңгіреп отырғанымызда есіктің қоңырауы
шытдырап, безек кағып қоя берді. Адамның тұла бойын ашу-ыза
кернеп, қанын торсыққа құйып отырған кезде сəл ғана дыбыстың өзі
құлақты жарып жіберетіндей қатты естітеді екен. Күтпеген
қоңыраудан тік- сінің қалдық «Түнделетіп жүрген кім екен?» —
дегендей- ақ екеуіміз бір- бірімізге қарадық .Əлгі Бөкір боп жүрмесе
игі еді
Есікті сен барып аштың ғой, Гауһар. Əлдекім сенен «Ержан
осында тұра ма?» — деп сұрап жатқанын төргі бөлмеде жатып-ақ
есіттім.


Ұзын бойлы, маңдайы кере қарыс, бұйра шашты, қара торы
келген жігіт пен ауызға үріп салғандай ақ құба келіншек маған
күлімсіреп қарап тұр. Ал, қасындағы жігіт ə дегенде-ақ кезіме оттай
басылды. Бірақ қапелімде сасқалақтап, жыға тани алмай кібіртіктеп
қалдым.
Анау-мынауға қарайтын емес мына жігіт. Арсалаңдап кеп
жатқан жерімнен тарпа бас салып, мені сүйіп жатыр. Қасындағы
келіншек те маған бір түрлі мейірлене қарайды. Мен бір елгезек
күйге түстім
Ақыры есіме түсті-ау. Гүрілдеген зор даусынан таныдым. Арада
көп жылдар өтті ғой Бұл жігіт менің туғаным да, туысқаным да
емес. Тіпті ауылдас та емес. Көрші
ауылдан Орта мектепте бірге оқыдық. Қалаға оқу іздеп бірге келдік.
Ол педагогика институтын бітірді. Бір медсестра қызға үйленіпті деп
естігем. Əйтсе де, өзімен анау айтқандаи əмпей-жəмпей емес едік.
Бұдан он шақты жыл бұрын біз жаңадан үйленген кезде бір келгені
бар. Содан кейін көріп отырғаным осы. Мен Нұрлыбекті сол жолы
маған өкпелеп кеткен шығар деп жүруші едім.
Ол кезде біз қала шетіндегі бір үйді жалдап тұрдық. Пəтеріміз екі
бөлмелі еді.
Əйтеуір өзімізге жетіп артатын. Нұрлыбек оның бір бөлмесінде
уақытша тұруға сұранды. Бұған үй иесі де келісе кетті. Бірақ мен
көнбей қойдым. Өйткені өзімнің жақын ағайыным Бəкір де біздің
бір бөлмені сұрап жүрген еді. Туысым ғой деп əлгі бөлмені соған
бермек болдым.
Нұрлыбек келіп кеткен күннің ертеңіне-ақ Бəкір отбасымен бізге
көшіп алды. Бұл кезде олардың тұңғышы əлі бір жасқа да толған жоқ
еді. Есіңде ме, Гауһар? Ол кезде сен Мұхитқа екіқабат боп, үйде
отырушы едің ғой. Ал, Бəкірдің əйелі қызын балалар бақшасына
орналастыра алмай, өзі жұмысынан қол үзіп қалған екен. Сонда сен'
«Ақыр үйдемін ғой», — деп Бəкірдің қызын бір жылдай бақшаға
алғанша бағып бердің. Бейне бір өз балаңдай аймалап, қолыңнан
тастамаушы едің. Сол Бəкір үшін мен мына Нұрлыбектің алдында
өлердей ұяттымын.


Бірақ Нұрлыбектің көңілінде инедей де кірбің жоқ екен.
Қасындағы сағағынан үзіліп тұрған əсем келіншек Нұрлыбектің
əйелі Алма екен. Ол да күйеуі сияқты кісінің іші- бауырына кіріп
кетеді. Екі бірдей елгезек жанның бірін- бірі тауып қосылғанын
қарашы деп ойладым іштей.
Бұлар қазір қала шетіндегі бір колхозда тұратын боп шықты.
Нұрлыбек сондағы мектепте мұғалім, ал Алма колхоз
ауруханасында фельдшер екен. «Жалғыз ұлымыз бар, алдағы оқу
жылы бірінші класқа барады», — деп екеуі де мəре-сəре боп отыр.
Алыстағы ауылда тұратын Нұрлыбектің əке-шешесі жақында
қыдырып келген екен.
Менің халімді солардан естіп, бүгін ауруханаға барыпты.
Профессордың өзімен сөйлесіпті. Демек, бар жағдайды бұл екеуі
жақсы білсе керек деп түйдім іштей. Шынында да, солай болып
шықты.
Ə дегенде, ол түк білмейтін адамдай-ақ қалжыңға басты:
— 
Əй, батырым' Күннің қызылы батпай тұрып, төсекке жатып
алғаның не?! Тұр! Тез киін. Мына екі келіншекті қолтықтап
алайық та, тура ресторанға тартайық.
Мен де əзілге əзілмен жауап бердім:
— 
Сол ресторанның кесірі ғой. Көбірек ішіп қойып, басымды көтере
алмай əңкі- тəңкім шығып жатыр. Өзім де Нұрлыбек келмесе
орнымнан тұрмаймын деп қырсығып жатыр едім.


Біздер жаңа ғана əлденеден сескеніп, бұйығып қалғандай-ақ
сопайып-сопайып отыр едік. Нұрлыбек пен Алма кіріп келген
бойда-ақ бөлме ішінде күн шұғыласы түскендей нұрланып, жүректі
жібітетіндей бір жылу пайда болды.
Осы екі адамның бізге əйтеуір бір жақсылық əкелгенін біздер
түгілі, Мұхит пен Қайраттың сəби жүректері де сезген төрізді.
Бағана менің көзімнен бір тамшы жас көргелі бері үрпшсіп,
қасымыздан шықпай қойған екі бала да «Енді қатерлі минуттар өтті,
барлық тіршілік өз орнына келді» дегендей-ақ өздерінің үйреншікті
ойындарына кірісіп кетті.
Нұрлыбек пен Алманың келуі маған көп ой салды. Мен дос
тандай алдым ба? Жалпы менің айнымас досым бар ма? Болса
кімдер?
Қайығым желге өрлеп тұрғанда алдыма лыпыл қағып жүрген
дос-жарандар көп еді ғой. Жайшылықта адамды майлы ішіктей
айналдыратын сол жылмақайлар қайда? Мен ауруханаға түскелі үш
айдан асты. Солардың көбі зым-зия боп жоғалып кетті емес пе? Ал,
туған-туысқандар ше? Шыбын жаным сенің жолыңда құрбан деп
өліп- өшіп жүретін туыссымақтар қайда?
«Туған-туысқанды біз өзіміз таңдап алмаймыз, өйткені оны
бізге құдайдың өзі сыйлайды. Ал достарды өзіміз таңдап аламыз
ғой», — депті американ жазушысы Этель Мамфорд. Сонда қалай?
Мен дос таңдай алмағаным ба? Онда өз кінəм өзімде екен ғой
Менде дос та, туыс та жоқ па?
Бар! Болғанда қандай! Рас, онша көп емес. Бірақ бірі мыңға
татитын достар ғой. Екі- үш грамм алтын өндіру үшін жүздеген
тонна құмды елеп шығады емес пе? Мен осы қарапайым қағиданы
кештеу түсінгешніме қатты өкінем. Тасым өрге домалап тұрғанда
Нұрлыбектей нүрлы жандарды танымай, бауырыма тартпай, Бəкір
тəрізді зымиян, əккілерге алданып қалғаныма қынжылам.
Əйтсе де, жақсыда кек болмайды екен. Кезінде еленбей,
көлеңкеде қалып қойған достарымның бəрі басыма ауыртпалық
түскенде қасыма келді
Ал, сөзінде тұрлау, ісінде береке жоқ жалған достардың бəрі
менің енді қайтып аяқ баспайтынымды естіген сəтте-ақ


мойындарын сыртқа салып кетті
Қайта енді бұрын өзім танымайтын, білмейтін адамдармен
жақындасып, достасып, бауырласып кеттік
«Қойның қуанышқа толы, шат-шадыман шақта сенің кім
екеніңді достарың танып білетін болады. Ал өз басыңа бұлт
айналғанда кімдердің дос екенін сен өзің танып білесің» Қалай дəл
тауып айтылған сөз десеңізші. Мүмкін, мұны айтқан Джон
Коллинздің басынан да осындай оқиғалар өткен шығар
Біздің қандай жандар екенімізді Нұрлыбек айдың аманында-ақ
танып білген. Ал, біз оны тек өз басымызға іс түскенде ғана танып
отырмыз. Амал қанша солай болып шықты
Нұрлыбек пен Алма біздің əжептəуір қамығып қалған
көңілімізге жел беріп, рухтандырып кетті Солар келердің алдында
ғана өзім көштен қалған күшіктей елепзе бастап едім. Досымды
көргенде жан жүйем босап, əлдекімдерді іздеп аласұрған жүрегім
орнына түскендей болды
Гауһар' Екеуімізді тек жақсы адамдар ғана қоршап жүр екен ғой.
Есінде ме, ертеңіне мен жұмыс бітейтін мекемеден қаншама жігіттер
халімізді сұрап келді. Олар əлі күнге дейін бізден қол үзген жоқ.
Бірде-бір өтінішім жерде қалған емес. Айтқанымды екі етпейді,
азаматтар Қияметтей қиын азаптарға төзіп, салымыз суға кетпей
жұргені солардың арқасы емес пе?
Бірақ Нұрлыбек пен Алманың біздің бұдан кейінгі өмірімізде
алған орны айрықша болды Тегінде, осындай достары бар жандар
өздерін бақытты санаса болатын


шығар.Бұлардың бізге деген ыстық ықыласын, шексіз көмегін
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Рас, біз əлі таршылыққа ұшырай қойған жоқ едік. Бірінші
топтағы мүгедек ретінде маған жап-жаксы зейнетақы тағайындапты.
Оның үстіне, менің бұрынғы жұмыс орным да азды-көпті көмек
беріп тұрған.
Əйтсе де, Нұрлыбек пен Алма біздің жер болған көңілімізді
көкке көтеріп жібергендей еді.
Мен өз қолыммен қасық ұстап, тамақ іше алмайтын едім ғой,
Гауһар. Ол кезде ас түгілі, ішетін суды да өзің аузыма қасықпен
құйып тұрдың емес пе. Сен бірер аптадан кейін жұмысқа шығуың
керек еді. Сондағы бар үмітіміз əлі жеті жасқа да тола қоймаған
Мұхит болатын. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған баланың еңсесін
езіп жібермейміз бе деп те қиналдық? Бірақ басқа амалымыз да жоқ
еді. Біздер осындай тұйыққа тіреліп, дел-сал боп отырғанымызда
Нұрлыбек пен Алма келді ғой. Жай келген жоқ. Біздің
жағдайымыздың бəрін біліп, түсініп, қол жалғауға кепті.
Нұрлыбек досым дегенге қоң етін ойып беруден тайынбайтын
жігіт екенін бұрын да білетінмін. Бірақ сол күнгі сөзі мені сең соққан
балықтай есеңгіретіп тастады. Ол ойындағысын білтелеп жатпай-ақ
турасын айтып салды — Ер басына күн туғанда қараспасақ, онда
біздің адамдығымыз қайда? Ертең менің де осындай күйге ұшырап
қалмасыма кім кепіл! Мен өстіп жатсам, сен қарап қалмайтын
шығарсың, Ержа? Демек, анау-мынау сөзді қой. Бүгіннен бастап, екі
отбасы мойын серік болып, тіршілік жасайық Сен өзіңе-өзің
келгенше Гауһар жаныңда болсын. Жұмысқа əзірше шықпай-ақ
қойсын. Біз Алма екеуіміз бірдей айлық аламыз ғой. Өзімізге бір
адамның жалақысы да жетіп артылады. Біреуіміздің ақшамызды
айлық алған сайын өздеріңе əкеп беріп тұрамыз. Ең бастысы —
қорықпа. Біз бармыз ғой. Керек-жарақтың бəрін бізге айта беріңдер.
Өле жегенше, бөле жейік. Нұрлыбек пен Алма осылай деп кетті.
Сөздерінде тұрды. Көмегін аяған жоқ.
Бірақ біздер үшін ең бастысы — осы екі асыл жанның рухани
көмегі еді. Араға апта салмай келіп тұрды. Солар келгелі менің де
Гауһар сенің де жүрегіңде болашаққа деген сенім пайда болды ғой.


Мұндайда адам іштей біреуге арқа сүйесе батылдау сөйлеп,
еркіндеу қимылдайды екен. Бізге керегі рухани тірек еді. Біз оны
таптық. Дəлірек айтсақ, олар бізді тапты.
Кейінірек, мен өзімнің мүгедектік өміріме бойым үйрене
бастаған шақта талай-талай достарым табылып, лебіз білдіріп, лепес
қылып жатты. Бірақ солардың бірде-бірі біздің отбасы үшін
Нұрлыбек пен Алмадай бола алған жоқ. Олардай болуы мүмкін де
емес еді.
Əйтсе де, күндіз-түні өзіме жан серік боп, басымда отырған
өзіңсің ғой, Гауһар.
Ауруханадан үйге келген соң да талай рет төбемнен ажал төнді. Тіпті
дəрігерлердің өзі де менен күдер үзе бастаған еді. Ең жақын туыстар
да, дос- жарандар да менің енді тірі қалатыныма күдіктенді. Өйткені
жағдайым, шынында да, ауыр болатын. Мені енді жатқан орнымнан
қозғалтып, ауруханаға апарудың өзі қауіпті боп қалды. Маған
келгендердің көбі енді менімен іштей қоштасып шығып кетіп
жатты.Сол кезде екі-үш сауысқан шықылықтап, біздің үйдің
айналасынан шықпай қойды.
Мені операциядан кейін бір ай бойы рентген сəулесімен
емдеген еді. Бұл өмірге аса қатерлі ем екен. Профессордың
айтуынша маған ол ауадай қажет бопты.
Өмірде адамнан төзімді тіршілік иесі жоқ шығар. Кейде
оны ит жанды деп те мақтаймыз ғой. Ал, шындығында, ит
дегеніңіз анау айтқандай мықты емес сияқты.


Біздің профессордың айтпайтын əңгімесі жоқ. Екі жүз елу
өлшем рентген сəулесін алған овчарка ит табанда сеспей қатады
екен. Ал мен алты мың бес жүз өлшем рентген сəулесін
қабылдадым. Бірақ тірі қалдым. Əйтсе де, мені тірі деу де қиын еді.
Өлі мен тірінің арасында — біресе есімнен танып, біресе өзіме
келіп не əрі емес, не бері емес боп жатам. Қайта-қайта қан құйды.
Өз қанымды рентген сəулесі күйдіріп жіберсе керек.
Көзімді ашсам-ақ сені көрем, Гауһар. Мені рентген сəулесімен
екі ай емдегенде күндіз-түні өзің қасымда болдың ғой. Профессор
рұхсат етті. Өйткені мен өзімше тамақ та іше алмайтын, тіпті төсекте
жатқан күйімде дəрет те сындыра алмайтын ауыр халде едім.
Аузыма қасықпен тамызған суды жұтудың өзі де маған жан төзгісіз
азаптай боп көрінетінді.
Аурухананың өзінде екі ай бойы қасымнан қарс кетпей,
тапжылмай жанымда отырдың. Басқалар күдер үзгенде де, сен мені
жамандыққа қимадың. Маған қалтқысыз сендің. Шүбə келтірмедің.
Мүмкін, мені ажалдан алып қалған сенің сол сенімің шығар. Сенің
маған деген шексіз мейір-ықыласың — мүмкін менің оқ қағарым
шығар. Əлде ауруханада екі ай бойы тапжылмай менің жанымда
отырғанда, бір минут та босаңдық көрсетпеген темірдей берік
төзімің бе, мені аман алып қалған?
Əдетте біз махаббат жөнінде басымыз ауырмай, балтырымыз
сыздамай, ойнап-күліп жүргенде көбірек айтуды ұнатамыз ғой.
Мүмкін, шынайы сүйіспеншілік жырын өмір мен өлім арпалысқа
түскен сəтте ғана айту керек шығар. Сонда ғана махаббат өзінің
құдіретті күшін көрсетіп, өмірдің өлімді жеңіп шығуына себепші
болар.
Əйтсе де, мен сенің басыңа түскен азаптың бар ауыртпалығын
үйге келген соң ғана сездім. Екі баланы мезгілінде тамақтандыру
да, киіндіру де, олардың бірін мектепке, екіншісін балалар
бақшасына апару да, əкелу де, үй ішін, киім-кешекті, ыдыс-аяқты
тазалау да, азық-түлік дүкендерін аралау да, басқа да толып жатқан
жұмыстардың бəрі сенің мойныңда. Мұның бəрі саған үйреншікті,
əдеттегі іс сияқты көрінеді.


Бірақ менің өзім сені қысқа күнде қырық мəрте əуре- сарсаңға
салам ғой. Рас, екі қол, екі аяқтан бірдей айрылып, отыз бес
жасында көген көзденіп жату кімге де болса жеңіл соқпайды.
Бірақ кейде мен ішімнен менен гөрі саған қиындау ма деп те
ойланам. Оны тек өз басына осындай тауқымет түскен адамдар
ғана жан-жүрегімен сезіне білсе керек.
Өзім арғымақтай аяқтан гөрі, саушылықта алдыма сыймайтын
екі қолымның тақсіретін көбірек тарттым-ау деймін. Бір қасық
тамақты өз қолымен аузына апарып, ас ішудің қандай рахат екенін
төрт мүшесі түгел жандар түсіне қоя ма екен?! Əй, қайдам. Ол үшін
күн сайын қақалып- шашалып, төсегіне төгіп-шашып кісі қолынан
екі-үш рет тамақтанып көру керек шығар
Аңқасы кеуіп, шөлдеп жатқанда қол созым жерден бір стақан
суды алып іше алмай, суға қарап көзін сатып, телміріп көрмегендер
қолдың қадірін қайдан білсін. Жан қысылғанда маңдайдан сел боп
аққан мұздай тер қос жанарыма құйылып, көзімді тұздай ашытқан
сəтте ғана мен өз қолымның қадір-қасиетін толық түсінгендей
болдым. Қас қағымдай бір сəтте маңдайдағы ағыл-тегіл терді сипай
салатын киелі қолға құл боп кеткің кеп тұрады ғой.
Сен дəрі іздеп дəріханаға, азық-түлік əкелуге дүкенге кеткен
минуттарыңда мені осындай ойлар мазалаушы еді.
Гауһар! Сенің маған жасаған бір күнгі қамқорлығыңның өзі-ақ
кейбір əйелдердің күйеуіне ғұмыр бойы жасайтын қызметінен жүз
есе артық шығар. Ең өкіншітісі — сен жас жауқазын шағыңда
мүгедек жанға байланып қалдың ғой «Гауһар! Жолыңа бөгет


болмаймын, маған алаңдама, саған өле-өлгенше ризамын» деп айтуға
талай мəрте оқталдым. Бірақ аузым бармады. Көңіліңе қаяу түсіргім
келмеді. Бəрібір мені тастап кетпесіңді жүрегім сезді. Алайда, сені
соншама тəшпішке салып қоюдың өзі маған кешірілмес қылмыстай
боп көрінетін. Сенің құрбы- құрдастарың ешбір алаңсыз ойнап-
күліп жүр ғой. Ал, сен күндіз-түні қапасқа қамалып, əл үстінде
жатқан ауруды адам қылам деп жасыңа жетпей бетіңе əжім, шашыңа
ақ түсе бастады. Жазығың не сенің?
Рас, ауруды ешкім тағдырдан сұрап алмайды. Алайда, кеселге
шалдыққан күйеулерін айыптап, ауруханада көптің көзінше
құтпан айғырдай азынаған талай сұлу əйелді көрдік кой.
Бұлардың өкпесін аузына тістеп айтысып жатқанын көрсең-ақ
құйқа тамырың шымырлап кетеді.
Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған
кейбір келіншектерді күйеуі мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой,
танымай қаласың. Əлгі əйелдер сағымдай құбылып, сабындай
бұзылып шыға келеді екен. Əжептəуір əйелдердің табанда кемтар
боп қалған күйеулерін даттап, онымен пəлен жыл бірге тұрғанына
пүшайман жеп жатқанын көрсең, өмірден безіп кеткің келеді.
Соларды бүгін көз алдыма келтірсем-ақ сенің қадір- қасиетің
бұрынғыдан да биіктеп, асқақтай түседі, Гауһар. Бірақ сенің
осынша еңбегіңді ешқашан да ақтай алмайтыным, жер басып
жүре алмайтыным есіме түссе-ақ сай- сүйегім сырқырап сала
береді.
Əйтсе де, сенің шексіз сеніміңді, өшпес үмітіңді қолымнан
келгенше ақтау үшін сағымды сындырмай, сабыр таяғына
таяндым. Азаптан қашып, ажалға өздігімнен бас имедім.
Қалайда тірі қалуға, өмір сүруге, тіршілік тынысын сезінуге бел
байладым.
Гауһар! Енді өлмей, тірі жату — сенің алдындағы азаматтық
парызым сияқты боп қалды. Жоқ! Əйтеуір тірі жату мақсат емес.
Ондай өлі сыбаға кімге керек? Мен өмір үшін өліммен ерегісіп,
ажалмен арпаласып, кесел-дертпен тістесіп жатам. Адамның өз
билігі өзінде, өз тағдыры өз қолында екенің барша жұртқа паш етем.


Ол үшін бір минуттық ғұмырымды да босқа сарп етпей, қолымнан
келгенше еңбек етем. Елімнің ұлы дүрмегіне мен де қосылам.
Бойымда күш-қуатым сарқылса, онда ой-сезімім бар емес пе?
Əлі менің ой-жарығым сөнген жоқ қой. О да Қару емес пе?! Күндіз-
түні бір тынбай тулап жатқан өмір- дариясында мен де өз əліміме
кұлаш сермеп, алға қарай ұмтылам.
«Басыңа ер сыналар күн туды, Ержан Сен де енді күн ұзаққа
шаңыраққа қарап, босқа сарылып жата берме. Ер қараға бір қара боп,
қолыңнан келгенше іске кіріс, Ержан!»
Мен енді өзімді-өзім осылайша
қайрап түстім
12
Гауһар! Айықпас дертке шалдығып ұзақ жылдар бойы санамен
сарғайып, өлі мен тірінің арасында сары төсек боп жатқан дімкəс
жандардың талайымен ауруханада таныс, тағдырлас болдым ғой.
Қазір ойлап қарасам, мен өмірге о бастан ғашық сол өршіл
жандардың тірлік-тынысына да, арман-мақсаттарына да, қайтпас-
қайсар мінездеріне де қанық сияқтымын. Солардың кейбіреуімен
ауруханада басталған достығымыз əлі күнге дейін үзілмей келеді.
Жан төгісіз ауыр кеселдің қаншама көп запыран-зəрін ішіп
жатса да, күні-түні демей аурудың ақырет-азабын тартып жатса да,
аза бойы қаза болмай, тағдырына тағзым қылмай, ажалмен
арпаласып, əр минуттық ғұмыр үшін тісін тісіне қойып, ақырына
дейін күресе білген сол қайсар жандардың ерлікке толы өмірі кейінгі
толқын жастарға тағлым болмай ма деген ой келді маған.


Болмашы қиындыққа төзе алмай, басын тауға да, тасқа да
соғып, əп-сəтте ұнжырғасы түсіп қалатын борбас жандар да оқта-
текте кездесіп жүр ғой. Мүмкін, соларға дəріс болар.
Сонда тіпті ұдайы қайығы желге өрлеп, өмір-өзенінде үйректей
жүзіп, қаздай қалқып, сау-саламат жүрген жандар да өздерінің
бақытты екенін бұрынғыдан да тереңірек сезінбей ме? Өмірдің
қадір-қасиетін бұрынғыдан да жақсырақ түсінетін болмай ма? Сонда
айдарынан жел ескен албырт шақтың əрбір минутын босқа сарп
қылмай, ел игілігіне жұмсау керектігін жастар бұрынғыдан да
айқынырақ ұқпай ма?
Демек, ажалмен арпаласып жатса да, сірə, мойымай, өмірден
күдер үзбей, тағдырын өз қолына ала білген қайсар жандар хақында
қалайда жазуым керек.
Жазу керек!
Осы бір ой-сезім жүректің терең түпкірінен қылт етіп бас
көтерісімен-ақ жанымды қоярға жер таптырмай, тұла бойымды
алып ұшып бара жатты. Тіпті сау-саламат жүргенімде өн бойымды
мұншалықты албырт сезім кернемеген еді.
Биік жартасты тынымсыз соққылап жатқан асау толқындардай
бір күшті сезім менің де жан-жүрегімді қайта- қайта ұрғылап, ой-
сезімімді тербеп, шайқай берді. Осы бір сиқырлы сезім бойыма
сарқылмас күш-жігер нəрін құйып жатқандай еді. Талайдан бері
бұйығып қалған, ұйлығып қалған ой-сезімдерім əлгі соққыдан соң
қайта ояна бастағандай болды.
Мен айнала төңірегімдегінің бəрін енді ғана ой көзімен анық-
қанық көре бастадым.
Бейне бір бұған дейін су қараңғы соқыр боп келгендей-ақ
адамдардың мінезіндегі, іс əрекетіндегі, сөйлеу мəнеріндегі бұрын
көзіме түсе қоймаған құбылыстарды енді бүге- шігесіне дейін
көретін боп қалдым. Əлемді ой көзімен көре білу дегеніміз мүмкін
осы шығар.
Өзгелердің көрмегенін көріп, сезбегенін сезіп, білмегенін біліп
жүрудің өзі зор бақыт емес пе? Меніңше, қаламгер жанның өзге
жұрттан бар артықшылығы да сол болса керек. Əлемнің көз
тоймайтын көркіне адамдар сенің көзіңмен қарап, тамашалайтын


болады. Тұла бойыңды шымырлата балқытып, ет-жүрегіңді
елжіреткен отты сезімдер енді сенің шығармаңды оқығанда
өзгелердің де жан жүйесін босатып, оларды да лəззат бесіпне бөлеп
тербете жөнеледі
Ана өз сəбиін бесікке салып, тербегенде тек «əлди, əлди
бөбегім» деп қана қоймайды Жүрегінің терең түпкірінде жатқан,
бұрын-соңды ешкімге айтпаған, ең қымбат ой- сезімдерін бесік
жырына қосып əуендетеді.
Ал, менде сол ананың ақ сүтіндей таза ой-сезімдер бар ма? Егер
бар болса ол қандай ой? Тек өз балама, өз əйеліме, өз отбасыма ғана
айтатын ой ма, əлде бүкіл қауымға, əлеуметке білдіретін пікір ме?
Міне, ең алдымен соны анықтап алу керек шығар
Жазушы деген кім? Меніңше, жазушы дегеніміз жеке адамға
ғана емес, бүкіл қоғамға айтар келелі ой-пікірі бар адам болса керек.
Ондай ой-пікірлер өзінен-өзі тумасы хақ.
Егер мен осындай ауыр дертке шалдығып қалмағанымда, кеп
жылдар бойы тəн азабы мен жан азабынан жапа шекпегенімде,
тағдырдың тауқыметіне мойымай, ажалмен күні-түні арпалысып
жатқан өмірге өлердей құштар жандарды көрмегенімде, онда жұртқа
айтар ой-пікір тумас та еді ғой. Демек, қолыма қалам алуым керек.
Тағдырым соны талап етіп тұрған жоқ па? Ал, мұндай талаптан
туған нəрсе ешқашанда жасанды болған емес.
Сондықтан бүгін көңілімді тербеп, ойымды түрткілеп, тағатымды
тауысып «Ержан! Сен қолыңа қалам алуға міндеттісің», — деп
жатқан сезімдірге бағынуым керек.Ойымдағының


бəрін бүкпесіз, қаз-қалпында қағаз бетіне түсіруім қажет. Ішкі
сезім соны талап етіп, өзімді қыл мойынға тақап барады. Демек,
жұртқа айтар сөзімнің бар болғаны ғой. Бірақ сол бар нəрсені
оқырман қауымға жеткізудің өзі ақыреттен қиын емес пе? Ол
қолымнан келе ме?
Оған қабілет, шеберлік, тəжірибе керек емес пе? Міне, жазу
өнерінің «бисміллəсы» нақ осы сауалдан бастала ма деп қалдым.
Бойымда сондай бір қабілет барын төрт мүшем түгел кезінде-ақ
сезе бастаған едім.
Бірақ оған кезінде мəн бергем жоқ. Егер қазір бар күйігім ішіме
түсіп, іш-құса боп жатпағанымда ғүмыр бойы оны елең де қылмас
едім. Бір кезде жастар газетінің тапсыруы бойынша қүрылысшылар
өмірінен бірнеше очерк жазғаным бар. Газет редакторының сөзі əлі
күнге құлағымда сампылдап тұр «Сіз құрылыс маманысыз.
Қайнаған өмірдің ортасында жүрсіз. Бұл саланы, сондағы
жастардың тыныс-тіршілігін бізден гөрі жақсы білесіз. Жазыңыз»,
— деген еді
Алғашқы жазғандарым өзге түгілі, өзіме де ұнамаған. Ал,
кейінгі біреуін редакция алқасының мөжілісінде мақтапты Ал, ең
соңғы көлемді очеркім жастар газетінің арнайы бəйгесін жеңіп алды.
Жұмысшы жастар өмірінен жазылған очерктерге газет бəйге
жариялаған болатын. Маған екінші орын тиіпті. Сонда əлгі редактор
жігіт мені құттықтап тұрып «Міне, көрдіңіз бе, сізде жазу қабілеті
бар, тіліңіз жатық екен», — деген.
Мұның бəрі кезінде маған еріккеннің ермегіндей, елеусіз ғана
бір нəрсе боп көрінген еді. Ал, қазір ол менің өмірімдегі ең басты
нəрсе сияқты. Ендігі өмірімнің мəн- мазмұны осы жазу өнерін
игеруіме байланысты ма деп қалдым.
Əрине, өмірінде бес-алты очерк жазғанның бəрі бірдей көркем
туынды жасай бермейді. Бұл екі ұғымның арасында жер мен көктей
алшақтық жатқанын жүрегім сезеді. Тек ойға мырза, тілге бай,
шынайы сөз зергерлері ғана көркем бұйымдар жасай алса керек.
Ал, менде айтар ой да бар, азды-көпті жазу қабілеті де жоқ емес.
Жалғыз ғана жетіспейтіні шеберлік қой. Бірақ мұны жалғыз ғана деп
азырқануға да болмайтын шығар. Өйткені сол «шеберлік» деген


жалғыз ауыз сөзге сыйып тұрған шексіз кең де, түпсіз терең ұғым
жазушы атаулының ең басты қасиеті емес пе? Егер біздің тілдік
қорымызда
«жазушы» деген сөз жоқ болса, онда біз осындай киелі өнер иелерін
«сөз ұстасы» яки «тіл зергері» деп атамас па едік?
Бірақ қай жазушы анадан осындай зергер боп туылған?
Шеберлік дегеніміз өзгелерден оқып үйренудің, сан мың мəрте
қайталанып жататын тəжірибенің нəтижесі емес пе? Адамның ішкі
жан-дүниесін жарып шығып, өзгелердің жүрегіне жол табатын
шұғалы сөздерді бір-бірімен қиюластыру оңай іс деп ешкім де
ойламаса керек. Ол түгілі, тіпті жерде жатқан дап-дайын кірпішті
ала сап, үйдің қабырғасын қалаудың өзі де жеңіл шаруа емес қой.
Адамдар бұл кəсіпті де айлап, жылдап үйреніп жатады емес пе?
Демек, сөзді де осылайша бір-біріне қиюластырып, өрнек жасауға
болады ғой. Рас, ол үшін сарқылмас ерік-жігер, темірдей төзім керек
шығар.
Мен тебінгіден тер, қабырғадан қар жаудырған азапты сыннан
сүрінбей өттім емес пе? Операциядан кейін жан төзгісіз аурудың
тепкісін жеп, теперішін көрдім ғой. Сол бейнетке төзген жан енді
жазу өнерін игеруге жетпей ме? Тек қана ой жарығым сөнбесе
екен. Өмірден үмітімді үзіп алмасам болғаны. Басқасының бəріне
төзем.
Ал, «Мені жаз, мені бейнелеп көрсет» деп жан-жағымнан
жармасып, дегбірімді алып бара жатқан ой-сезімдердің ұшы-қиыры
жоқ сияқты. Екі аяғынан бірдей айрылса да қабағы қоңыр тартпай,
ұнжырғасы түспей, бұрқыратып ғылыми еңбектерін жазып жатқан
Ақылбек аға да, өзгелердің өмірі үшін өз басын ажалға тігіп, сал боп
қалған бала


жігіт.Қайсар да, мəңгілік мүгедек екенін біле тұрып, Қайсарға
өмірлік серік болуға бел буған бүлдіршіндей сол бір қыз да, екі
қолымен жер тіреп жүріп-ақ жеңгемізге гүл теретін Қаратай көкем де
қазір көз алдымда, ой-экранынан ап-айқын көрініп түр. Бұл
бейнелердің өзіме анық көрінетіні сондай, тіпті қолмен ұстауға
болатын сияқты.
Қаламгер өзі жазатын объектісін егжей-тегжейлі білуі керек деп
жатады ғой.
Жылдар бойы ең ауыр науқастардың арасында жаттым. Жай
тамашалап жатқам жоқ. Кеселдің азап-бейнетін солармен бірге
тарттым, тағдырдың уын солармен бірге іштім. Таудай тауқыметті
сол науқас жандармен бірге көтердім. Өзім де ажал аузында болып
қайттым.
Сонда өздерінің бойындағы сарқылмас ерік-жігерін, шыдам-
төзімін өткір қанжардай сілтеп, ажалды жеңіп жатқандардың көңіл-
күйін, ой-сезімін, арман-мақсатын менен артық кім біледі?
Міне, менің өзге қаламгерлерден артықшылығым да, күштілігім
де нақ осында жатқан жоқ па?! Бірақ олардан əлсіз жақтарым да аз
емес қой. Ең бастысы — мен əлі сөз өнерімен жеткілікті таныс
емеспін.
Əйтсе де, мен дəл осы күнге дейін діттеген нысанама жетпей
тынған емеспін. Бұл мақсатқа жетеріме де көңілім сенеді. Шүбəм
жоқ. Тек қана өмір жетсе екен.
Сол өмірді жеткізу үшін асығу қажет сияқты. Сөз бұйдаға
салына бермей дереу іске кіріскенім жөн шығар. Басқалар сияқты
арқаны кеңге салып, оза көшіп, кең жайлап жататын көл-көсір уақыт
жоқ менде. Əсіресе, соңғы күндері науқасым бұрынғыдан да қатты
меңдеп кетті. Мен үшін қазір əрбір минут алтыннан қымбат. Демек,
тап қазір кіріспесем, онда кешігем. Кешігу — мен үшін өліммен тең.
Бірақ қалай жазам? Қазірше қолым жансыз ғой. «Тағы бес-алты
ай солай болады, сосын бірте-бірте жандана бастайды», — деген
профессор. Сонда мен бес-алты ай бойы түк тындырмай, нан соғар
боп жата беруім керек пе? Жоқ! Қазір менің бес-алты ай түгілі, бес-
алты минутты да босқа сарп қылуға хақым жоқ.


Табанда көмекке сені шақырдым ғой, Гауһар! Басқа лажым жоқ
еді. Сен қалам, қағаз алып, жаныма отырдың. Менің көңілімді
жықпау үшін басыңнан асып жатқан үй ішінің ұсақ-түйек
шаруаларын да жинастырып қойдың.
Сен қасыма кеп отырғанда тілімнің тиегі ағытылып кететін
шығар деп ойлап едім. Бірақ олай болмай шықты. Асау аттай
аласұрған ағыл-тегіл ой-сезімдер алқымыма кеп, тілімнің ұшында
тұрғандай. Əйтсе де, соны шашпай- төкпей, қаз-қалпында, бояуын
өзгертпей айтуға, қағазға түсіртуге тілім қысқалық қылатын
сияқты.
Көңілімде сайрап тұрған əп-əдемі ой-пікірлерді сыртқа
шығарайын десем тілім құдды күрмеліп қалғандай-ақ аузыма бір
түзу сөз түспейді. Шамданшақ аттай өзімнен- өзім кібіртіктей
берем. Өз ойымды өзгелерге жеткізе алатындай жанды сөздер табам
деп өңкі-тəңкім шықты. Ой- экраннан көзіме ап-айқын көрініп
тұрған бейнелер қағазға түсіргенде түкке тұрғысыз, күңгірт бірдеме,
мүсəпір пікір, түсініксіз шатпақ боп сөлбіреп қалады. Алғашқы
күннің өзінде қанша қағаз жырттық десеңші.
Бірақ жазам деген ойдан күдерімді үзгем жоқ. Алғашқы
сəтсіздіктен жілігім шағылып қалса, онда ешқашан еш нəрсе
тындыра алмасымды білем. Ертеңіне түн түндігі түріле тағы
кірістік. Бұл күні де тілі құрғыр шешілмей, ойға ерік бере алмай,
байлаулы бұзаудай бір орынға таңылып, қаңтарылып қалдық.
Бұрын-соңды тілім сөзден, тізем жардан сүрінген жоқ сияқты
еді. Мына ақ қағазды көргенде тілім кірпідей жиырылып, жаңа ғана
көкейде сайрап түрған сөздердің бəрі қарасын көрсетпей, əлдеқайда
қашып кететін тəрізді. Сөздің шұрайлысын тапқым келеді.


Бірақ қайдағы бір дəмі жоқ, тұлдыр сөздер ғана ойға
оралады. Өзімнің мұндай дəрменсіздігіме қыжыным қайнап,
бір рауаятта ызадан жарылып кете жаздадым.
Ертеңіне жазуға тағы отырдық. Осылайша он бес күн бойы
өзіммен-өзім аяусыз арпалыса бердім. Бірақ мен қанша қасарыссам
да бəрібір бұдан ештеңе өнбесіне көзім жете бастады. Не істеуім
керек? Бұл қамалды алудың қандай амалы бар? Əлде ол анадан
қалам ұстап туған жандардың ғана сыбағасы ма?
Қанша илесең де басы бірікпейтін сусыма құмнан қалайша
кірпіш құюға болады?
Əлде мен сол құмның басын біріктіретін цементті таппай жүрмін бе?
Мүмкін, бұл істің тіс қаққан ұсталарына жолығып, жай-
жапсарың сұрап алу керек шығар. Біреуден көрмей, білмей,
сұрамай тұрып, сəулетті үй түгілі, жаман мал қора тұрғызу да
мүмкін емес қой. Мұны неге бұрынырақ ойламағам? Əр істің өз
ұсталары болады ғой. Демек, мен алдымен сөз зергерлерінен дəріс
алуым керек. Сонда ғана тіл ұстартып сөз өнерін игеруге болатын
шығар.
Төсекте тырп ете алмай жатып, əлдекімнен көмек сұрағандай-ақ
жан-жағыма жалтақтай карадым. Бір сəт көктен іздегенім жерден
табылып, жүрегім тулап кетті. Əр нəрсені алдымен асықпай ақылға
салып, ойланып алмаса қиын екен-ау. Қаражаяу мен түгілі, аты
мəшһүр жазушылардың өзіне дəріс беретін ұлы ұстаздар төсегімнің
қасына кеп, тізіліп тұр ғой. Солармен бір ауыз сөз ақылдасып алмай
жатып, бірдеме жазам деудің өзі зор қиянат шығар.
Лев Толстой мен Мұхтар Əуезов, Пушкин мен Абай, Чехов пен
Майлин, тағы басқа толып жатқан сөз зергерлері кітап сөрелерінен
маған күлімсіреп қарап тұрғандай болды.
Енді менің шəкірттік өмірім басталды. Бірақ ұзақ уақыт
шəкірт боп жүруге менің хақым жоқ еді. Басқалардың
университетте бес жыл оқитынын мен осы бес-алты айда үйреніп
шығуға міндетті екенімді ішім сезді.
Сол күннен бастап, сен маған күні-түні кітап оқып беруге
кірістің ғой, Гауһар. Бірақ басқа тірліктерің де саған тізе бүктірмей,
діңкелетіп жүрген еді. Күніне үш мезгіл казан асатын да, азық-түлік


дүкендерін аралайтын да, мектеп пен бала бақшаға баратын да,
менің аузыма қасықпен ас-су құйып, малмандай боп терлеген сайын
көйлегім мен көрпемді ауыстырып отыратын да жалғыз сен ғой,
Гауһар.
Сенің қасқалдақтың қанындай тапшы уақытыңа одан əрі қиянат
жасағым келмеді.
«Кітапты қалай да өзім оқуым керек» деп түйдім іштей. Ақыры
мұның да амалын таптым- ау. Өзіңе айтып отырып, жұқа тақтайдан
кітапты тіреп қоюға бейімдеп тəп-тəуір тығырық жасатқаным есіңде
шығар, Гауһар.
Мен күндіз-түні қозғалмай, шалқамнан түсіп жатам ғой.
Тығырық-тіреуішті төсіме салып, оған оқитын кітабымды сүйетіп
қойғызам. Емін-еркін оқи беруге болады екен.
Бірақ əр екі-үш минут сайын сені көмекке шақырумен болдым
ғой, Гауһар. Өйткені кітаптың келесі бетін ашып беріп
отыратын жəрдемге зəру едім.
Ертеңіне маған мұндай көмекшінің де керегі болмай қалды.
Басымды жастықтан сəл ғана көтеріп, кітап парақтарын тілімнің
ұшымен өзім ашып үйрендім.
Бұл өзі маған онша қиын да емес екен. Бірақ көпке дейін
əдейі қара бояу жағып қойғандай-ақ тілім көмірдей боп, жүрегім
лоблып, бейжай бола бердім. Əйтсе де, бұл менің операциядан
кейінгі алғашқы жеңісім еді. Жазу өнерін үйренсем де, ғұмыр
бойы үйрене алмай кетсем де, əйтеуір енді бұрынғыдай зерігіп,
текке көкжамбас боп жатпайтыным хақ.
Енді əр тəуліктегі жиырма төрт сағат уақыт та маған аз боп
көріне бастады. Өзім де көптен бері еш нөрсе оқымай, əбден
шөліркеп қалсам керек. Кітаптан көз алғым келмей


қалды. Кейде тіпті түн баласына кірпік қақпай, таңды таңға ұрып
жүрдім. Оқыған сайын өрісім ұзайып, тұсауым кеңіп бара
жатқанын іштей сезіндім.
Менің алғашқы үш айда оқығанымның өзі-ақ институтта төрт
жылда парақтап шыққан кітаптар санынан көбірек еді. Мəселе тек
оқылған кітаптың санында ғана емес. Институтта жүргенде мен
кітапты баға алу, емтиханнан сүрінбей өту үшін, оқытушыдан
ұялмау үшін оқитын сияқты едім. Ал, қазір өзім үшін, құстай
қалықтап көкке көтеріліп, сонау биіктен əлемді тамашалау үшін,
аяғыма түскен тұсаудан тезірек құтылу үшін оқып жатқан
тəріздімін.
Кітаптағы əсем жасалған бейнелер, айшықты теңеулер, қанатты
сөздер, ұтымды тіркестер, түрлі-түсті суреттер сол күйінде ойымда
жатталып қалып жатыр. Қиыннан қиыстырылған қара сөздің өзі де
құдды өлең сияқты іштей ұйқасып тұрады екен-ау деп ойладым
сонда мен. Тіліммен кітаптың əр бетін ашқан сайын бұрын өзіме
беймəлім боп келген ғажайып бір рухани өмір есігі ашылып
жатқандай еді. Осыншама ғажайып дүниелерді осы күнге дейін
қалайша көрмей жүргем деп енді өзімді-өзім айыптай бастадым.
Осындай ғажайып шығармалардың бетін ашпай-ақ мына өмірден
өтіп кететін адамдар да бар шығар деп ойладым бір сəт. Енді
соларға, өзіме бейтаныс кісілерге жаным ашып, қабырғам қайысты.
Осы кітаптарды кеш те болса көргеніме шүкірлік қылдым. Егер
бүйтіп, науқастанып жатпағанымда осылардың бірде-бірін оқымас
па едім? Мүмкін.
Əдетте біз «уақыт жоқ» деген сылтауға көбірек сүйенеміз ғой. Ал,
мұндай кітаптарды оқуға уақыт таппаудың өзі барып тұрған қиянат
емес пе?
Мен кітап оқи бастағалы бері үш ай уақыт өтіпті. Бірақ маған
үш ай емес, үш жүз жыл зымырап өте шыққандай болды. Өйткені
менің мына кітаптардан оқып білгенім, түйгенім, сезгенім тым
көп сияқты еді.
Енді жаза бастасам да болатын шығар деп ойладым. Əйтеуір оң
мен солымды танып, көркем туындының ірге тасын қалай қалап,
қабырғасын қалай тұрғызатынын, тіпті төбесін қалай жабатынын да


там-тұмдап жобалай бастаған сияқтымын ғой. Сөздік қорым сағат
санап арта түскендей. Енді үй салуға қажетті құрылыс материалдары
да бұрынғыдан гөрі көбейіп қалды деп түйдім. Қолымда бір сынық
кірпіш жоқ кезде үй тұрғызбақ боп жан терге түскенімді есіме алып,
күлкім келді.
Сөз құдіретін енді ғана абайлай
бастаған едім. Қуаты күшті нұрлы
сөз Қуатын білген абайлар, —
деген өлең жолдары енді менің өмірлік ұраныма айнала
бастағандай еді. Мұны Абай өзгелерге емес, тек маған ғана арнап
айтып тұрғандай боп естілетінді.
Əйтсе де, менің білгенімнен əлі білмейтінім, сезгенімнен
сезбегенім көп екен. Оған көп ұзамай-ақ көзім жетті. Бұл кездейсоқ
оқиға бұлай болған еді.
Нұрлыбек пен Алма əдетте бізге өздері ғана келетін. Бір жолы
демалыс күні қастарына бір жігітті ерте кепті. Оны біз көптің бірі
ретінде ғана қарсы алдық. Айрықша сый-құрмет жасап жатпадық.
Өйткені ол əлі біз үшін тек жақын досымыздың танысы ғана
болатын.
Аты Дастан екен.
Əйтсе де, осы бір мығым денелі, кең жауырынды, ойлы көздері
адамға мейірім ұшқынын шашып тұрғандай ыстық көрінетін сары
жігіт көптің бірі емес еді. Əдебиет дүниесінің ну орманында
жалғыз өзім адасып, у жеген бурыл бөрідей аласұрып жатқанымда,
тар жерде осы жігіт маған қол ұшын берді. Жоқ! Қол ұшын берді
деу əбес шығар. Дастан менің бүкіл өмірімнің ағысын мүлдем
басқаша арнаға салып жіберді. Сол


сəттен бастап, əдебиет өмірінің күнделікті тіршілік-тынысына етене
араласып кеттім. Жалпы менің қаламымды ұштап берген сол Дастан
шығар деп ойладым.
Нұрлыбек оған менің хал-жайымды айтса керек. Өйткені бəрін
айтқызбай-ақ біліп тұр. Шайдан кейін Дастан қасыма жақынырақ кеп
отырды да, жастығымның астындағы қалың дəптерді сұрап алды.
Бұл дəптерде менін аурухана өмірінен жазылған шағын əңгімем бар
еді. Соны көз жүгіртіп оқып шықты да, таңырқаған кісідей қасын сəл
жоғары көтеріп, маған қарады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет