Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


ІІ. Iшкі саясат саласындағы стратегия



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

ІІ. Iшкі саясат саласындағы стратегия

Ішкі саясаттың жалпы проблемалары

Ішкі саясаттың орын алып отырған проблемалары 

Қазақстанның жаңа әрі жаңарған тарихында өзін жан-

жақты дамытуы үшін тұңғыш рет нақты жағдайға ие 

болған  даусыз шындығымен тығыз байланысты; бұл 

даму қазақ этносының және республика халқының әра-

луан өрнегін құрайтын басқа да ұлттардың өзіндік ерек-

шелігін жаңғырту мақсатында жүргізілуде. Сондықтан 

ішкі саясаттың іргелі ережесі ұлтаралық пәтуа қағидасы 

болып отыр. Демократиялық құқықтық мемлекет құру-

дың қазақстандық жолының ерекшеліктері мен біздің 

әлемдік қоғамдастыққа кіруіміздің ерекшеліктерін де 

осы айқындайды. 

Қазақстан  егемендігінің  күрделі  этносаяси  және 

құқықтық табиғаты бар. Ол қазақтарды өздерінің ұлт-

тық бастаулары мен дәстүрлеріне қайта оралтатын ұлт-

тық егемендігінің және біртұтас этносаяси қоғамдастық 

ретіндегі жалпы Қазақстан халқы егемендігінің өзіндік 



74

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жиынтығын білдіреді. Сондықтан да көпұлтты халықтың 

әлеуметтік  тұрақтылығы  мен  мүдделерінің  серпінді 

тепе-теңдігі әрқашан да біздің мемлекеттің қалыптасу 

үдерісінің  барысын  айқындайтын  болады.  Осыны 

айқын сезіне отырып, Қазақстанның өркендеуі үшін 

республиканың  барлық  халықтарының  ынтымақта-

суына, әр адамның бақыты мен бостандығына, барлық 

азаматтардың материалдық және рухани мәдениетін 

көтеруге ұдайы қамқорлық жасап отыру керек. Қазақ 

халқының ежелден-ақ кез келген ұлттардың және ұлыс- 

тардың  өкілдерімен  ынтымақтастық  пен  татулықта 

тұра білетін дәстүрлі кемелдігіне, туабітті кеңпейіл-

дігі  мен  көрші  ақысына  адалдығына  сүйене  отырып 

осыған  жете  аламыз.  Қазақ  ұлтының  қайта  өрлеуге 

деген  табиғи  ұмтылысына  Қазақстанда  өмір  сүретін 

басқа да халықтар тарапынан болатын кеңпейілділік, 

құрмет пен түсіністік біздің мемлекетіміздегі татулық 

пен достықтың іргетасына айналмақ.

Орталықтың  қайта  құруға  дейінгі  өктем  саясаты 

қазақ  ұлтын  апат  пен  азғындаудың  шегіне  апарып 

тіреді, мәңгүрттендіру мен ұлтсыздандырудың мақсат-

керлікпен жүргізілген үдерісі ондаған жылдар бойы 

жалғасты.

Сондықтан кімнің қай ұлтқа жататынына қарамай, 

баршаға  арналған  мүмкіндіктер  теңдігі  мен  барша-

ның  заң  алдындағы  теңдігі  қағидатын  іске  асыратын 

біздің  мемлекетімізде  түпкілікті  ұлттың  –  қазақтар-

дың  мүддесі,  бірқатар  мемлекеттерде  істелетіндей 

ерекше  ескерілетін  болса,  ол  әбден  орынды.  Бұл 

ұлттық мәдениет пен тілді жандандыруға, қазақ диа-

спорасымен рухани-мәдени және басқа да байланыс- 

тарды қалпына келтіруге, Қазақстанды тастап кетуге 



75

мәжбүр болған жандардың өз отандарына оралуына  

жағдай жасауға қатысты.

Осылайша,  жалпыдемократиялық  үдерістермен, 

адам  құқықтарын  іске  асырумен  үйлесе  келгенде, 

қазақтардың  ұлттық  түлеуі  басқа  ұлттардың  тең 

құқықты дамуының қажетті шарты болып табылады. 

Өзінің дамуына бөгеттер кездестірмеген қазақ ұлты, сөз 

жоқ, басқа халықтардың мүдделері мен мұқтаждарына 

түсіністікпен және құрметпен қарайтын болады.

Ұлт мемлекеттіліксіз өмір сүре алмайды. Мәселенің 

қатаң диалектикасы осындай. Сонымен бірге, этностың 

мемлекет  құруға  қабілеті,  ең  алдымен,  оның  қалған 

ұлттардың өкілдерімен ынтымақты өмір сүру, респу-

бликада тұратындардың бәрі Қазақстанды өз Отаны деп 

есептейтіндей ахуал туғызу ниеті мен білігінен көрінеді. 

Басқадай ұстаным тұйыққа тірейді. Бұл – өте маңызды, 

мен айтар едім, өзекті нәрсе. Әңгіме қазақ ұлтының 

топтастырушы миссиясы туралы болып отыр.

Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекеттігінің  дамуы  прези-

денттік басқаруды іс жүзінде қамтамасыз етумен қатар 

жүретін  болады.  Республика  Президенті,  мемлекет 

басшысы ретінде, пәрменді басшылық жүргізу үшін 

барлық қажетті тұтқаларға ие болуы керек.

Жаңа Конституцияның қабылдануымен парламент-

тік  қызметті  ұйымдастырудың  неғұрлым  дамыған 

түрлеріне  көшу  дәйектілікпен  жүзеге  асырылады. 

Қазақстанның  жоғары  өкілетті  органы  шағын  және 

құзырлы депутаттық корпусы бар, заң жобасы жұмы-

сын  жоғары  сапамен  қамтамасыз  етуге  қабілетті 

шынайы кәсіпқой органға айналады.

Өкілеттікті айқын ажырату қағидаттары негізінде 

билікті  бөлісуді  жетілдіру  мен  олардың  өзара  іс- 


76

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қимылын неғұрлым тиімді ұйымдастыру бағыты одан 

әрі жалғастырылады.

Республикада  сот  билігі  біртіндеп  соттардың  өз 

міндеттерін өмір бойы атқару жүйесіне, оны қалып-

тастыру жөніндегі өкілеттіктерді мемлекет басшысы 

мен өкілетті билік арасында неғұрлым ұтымды бөлуге 

көше бастайды. Сайып келгенде, біз республиканың 

біртұтас жоғары сот органы мен жергілікті мамандан-

дырылған  сот  органдарының  тарамдалған  жүйесіне 

жететін боламыз. 

Жергілікті  өкілетті  және  атқарушы  органдардың 

жүйесін жетілдіру алғашқыларының шынайы өкілдік 

бастауларын дамыту және жергілікті атқарушылықтың 

функцияларын  жүзеге  асыруының  билік  сипатын 

нығайту бағытында жалғасатын болады.

Республикада  саяси  және  экономикалық  билікті 

айыру, мемлекеттің меншікті, экономика мен тұтас-

тай  қоғамның  дамуына  тұрақтылық  беретін  меншік 

иелерінің қалың қатарлы орта жігін қалыптастыруды 

даусыз  дара  иеленуін  еңсерудің  тоталитарлықтан 

кейінгі кезеңге тән үдерісі жүретін болады. Нақ осы 

жік қоғамдағы масылдық пиғыл, экономикалық қиын-

шылықтар туған жағдайда көмекке арқа сүйеу, өкіметке 

алақан жаю сияқты теріс құбылыстарды жоюға мүм-

кіндік туғызады. 

Бірақ  әл-ауқат  деңгейінің  айтарлықтай  жіктелуі 

жүретін  және  халықтың  көпшілігі  үшін  нарықтық 

жүйенің орнауы негізінен әл-ауқатты жақсартудан гөрі 

ауыртпалықпен байланысты болатын өтпелі кезеңде 

адамдардың  жүргізілетін  реформаларға  деген  теріс 

көзқарасын  түсіністікпен  қабылдау  керек.  Нарықты 

тосырқаудың  нарық  шындығымен  таныс  емес,  жаңа 



77

жағдайда нақты жұмыс істеуге жеткілікті тәжірибесі 

жоқ адамдардың әбден түсінікті дәрменсіздігінен туып 

отыр.  Осыған  байланысты,  нарықтық  игіліктердің 

жарамдылығы мен әділдігіне адамдардың көзін жет-

кізе алатын нарықтық идеологияны орнықтыру үшін, 

жаппай негіз құрумен айналысу қажет.

Бұл – экономикалық реформаны ойдағыдай жүзеге 

асырудың басты әлеуметтік шарты.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларация-

сын басшылыққа ала отырып, біз азаматтардың мүлік-

тік құқығын нақты мазмұнмен толықтыруға ұмтылатын 

боламыз.

Қайта жаңғыруды ойдағыдай жүргізудің басқа бір 

шарты  –  азаматтардың  құқықтық  санасын  арттыру, 

мемлекеттік  және  коммерциялық  құрылымдардың, 

шаруашылықты жүргізуші барлық субъектілер мен аза-

маттардың заңға құлықтылығы. Сондықтан кез келген 

билік кез келген заңнан жоғары тұрған біздегі дәстүрлі 

жағдайды түзеу үшін, өкіметтің, құқық қорғау және 

сот органдарының барлық тұтқалары пайдаланылады.

Таяудағы  болашақта  мемлекет  әлеуметтік-эконо-

микалық  үдерістерді  негізінен  жанама  түрде  реттеу 

функциясын сақтайтын болады, экономикалық бостан-

дық пен мемлекеттің мақсаткерлі түрде ықпал жасауы 

арасындағы қисынды тепе-теңдігі қолдау табады. Өтпелі 

кезеңде атқарушы билікті күшейту үрдісі сақталады, 

онсыз  іс  жүзінде  экономиканы  реформалау  мүмкін 

емес.  Азаматтардың  құқықтық  санасында  мемлекет 

құқық пен заңдылықтың қабілетті кепілдігі деп қабыл-

данатын болуы тиіс.

Азаматтың меншік иесі болу сияқты табиғи құқығын  

іске асыруды және, бізде талай рет болғандай, қоғам-


78

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дық қажеттілік деген желеумен мүлкінен еріксіз түрде 

жаппай әрі заңсыз айыруға жол бермеуді қамтамасыз 

ету ерекше маңызды.

Қазақстанның ішкі саясатында демократиялық аза-

маттық  қоғамның  ажырағысыз  құрамдасы  ретіндегі 

әртүрлі саяси партиялар мен ұйымдар барған сайын 

елеулі рөл атқаратын болады.

Көппартиялылық объективті түрде халықтың мүлік-

тік, кәсіби және басқа да жіктелуіне байланысты бола-

тын қоғамның әлеуметтік топтары мүдделерінің нақты 

айырмашылығын білдіреді.

Көппартиялылық тіпті де жасанды түрде емес, оған 

нақты негіз пайда болуына қарай, нарыққа барар жолда 

қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  біртектілігінің 

табиғи бұзылуы мен халықтың әртүрлі топтарының 

мүдделері  түзілуінің  есебінен  құрылады.  Сонымен 

бір мезгілде, саяси бостандық пен қоғамдық тәртіптің 

жалпыадамзаттық нормаларын өрескелдікпен аяққа 

басуды саяси бостандық ретінде ұсынудың арасындағы 

межелер  айқын  ажыратылатын  болады.  Сондықтан 

біз егемен еліміздің конституциялық құрылысы мен 

аумақтық тұтастығына қатер төндіретін ұлттық, таптық 

және діни төзбестікті уағыздаушы саяси партиялар мен 

ұйымдарға батыл түрде тойтарыс береміз.



Экономикалық даму стратегиясы

Қоғамдық  өмірдің  шешуші  саласы  –  экономика 

саласындағы стратегия мен тактика құрылымдық және 

технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя 

отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғасты-

руды білдіреді.



79

Тіпті  тұрақты  экономиканың  өзіне  ауыр  болатын 

бұл проблемалар біз үшін Қазақстанның бүгін таңда 

әміршіл экономиканың тұйыққа тірелуінен туған күр-

делі экономикалық дағдарысқа тап келуімен одан әрі 

тереңдей түсіп отыр.

Дағдарысты еңсеруді қалай бастап, қайткенде құлды-

рауды тоқтатуға және біртіндеп еңсе көтеруге болады?

Мұнда шет елдердің инвестициялары жақсы демеу 

бола  алатыны  сөзсіз.  Бірақ,  сөйте  тұра,  әуелі  өзіңе 

сенуің керек және өз күшіңе арқа сүйеп, дағдарыстан 

шығуды бастау қажет. Негізінен өзіміздің өндірушіміз 

бен инвесторға сенім артуымыз керек, ал көмек жұмыс 

істейтіндер мен өнім өндіретіндерге, қаржы сақтайтын-

дар мен қаржы салатындарға көрсетіледі.

Әрине, егер ТМД-дағы біздер саяси кеудемсоқтық 

пен  нәтижесіз  ойындарды  серпіп  тастап,  бәріміз 

күш-жігерімізді біріктіре алсақ, дағдарыстан бірлесіп 

шығу анағұрлым жеңіл болар еді. Өйткені біздің эко-

номикаларымыз бір-бірімен тығыз астасқан, бұрынғы 

Одақтың әр мүшесі егемен мемлекет болған екен дейтін 

желеумен  сол  байланыстарды  үзу  ақылға  сыймаған 

болар  еді.  Дүние  жүзінің  көптеген  елдері  байыпты 

ақыл-ойды басшылыққа ала отырып және кейде өз еге-

мендіктеріне ішінара нұқсан келтіріп те, интеграцияға 

ұмтылады.

Қазақстан дағдарыстан шығудың бірлескен нұсқа-

сына қашан да дайын болды, оны экономикалық та, 

сондай-ақ  саяси  да  тәсілдермен  іске  асыруға  табан-

дылықпен  ұмтылып  келді.  Алайда,  өкінішке  қарай, 

біздің бастамашылығымыз ТМД-дағы серіктестеріміздің 

көпшілігі тарапынан қолдау таппады. Сондықтан біз, 

күш-жігерді бірлестірудің шын жақтастары бола оты-


80

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


рып, қалыптасқан жағдайдан өз бетімізше шығудың 

жолын іздеуге, атап айтқанда, ТМД елдерімен «кірігу» 

саясатынан «үйлестіру» саясатына өтуді жүзеге асы-

руға мәжбүрміз. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және 

қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі әлеуетті мүмкіндіктерге 

сүйене отырып жүргізілетін болады.

Біріншіден, бұл – іс жүзінде кез келген өндіріс түріне 

сенімді  шикізат  негізі  болатын  пайдалы  қазба  бай-

лықтардың көптігі.

Екіншіден, қатынастарын реформалағаннан  кейін 

Қазақстанның тіпті әлемдік аренада елеулі азық-түлік 

экспорттаушы болуына мүмкіндік беретін ұлан-байтақ 

ауылшаруашылық жерлері мен егістіктер.

Үшіншіден, жергілікті мөлшердегі дамыған өндірістік 

әлеует пен барлық салаларда сауатты жұмысшылар 

контингентінің болуы.

Төртіншіден, бұрынғы жүйе шындап талап етпеген 

ғылыми идеялардың, жаңалықтар мен өнертабыстар-

дың мол арсеналы.

Сонымен, стратегиялық салдары бар алғашқы түбе-

гейлі  тұжырым:  дағдарыстың  өршуін  өз  күшімізбен 

еңсеріп,  экономиканы  өз  мүмкіндігімізбен  қалпына 

келтіруіміз керек. Біздің тарихымызда бұдан әлдеқайда 

нашар  жағдайда  да  тығырықтан  шыққан  кездеріміз 

болған.

Маңызы дәл осындай екінші бір қорытынды: эко-



номиканың  ілгерішіл  құрылымдық  қайта  құрылуы, 

оның  технологиялық  артта  қалуын  еңсеру  дұрыс 

басымдықтарды таңдау арқылы және оларды жекеле- 

ген салаларды дамытудың экономикалық көтермелеу 

тетігін  құру  негізінде  жүзеге  асырумен  қамтамасыз 

етіледі.


81

Қазақстан үшін материалдық өндіріс саласындағы 

басым бағыттар мыналар:

–  рынокты  азық-түлікпен  және  халық  тұтынатын 

тауарлармен молықтыру;

– құрылыс пен құрылыс индустриясы базаларын, 

бірінші кезекте тұрғын үй құрылысы үшін ұлғайту;

– түсті және қара металлургияда түпкі қайта қоры-

туды жасау, экономиканың шикізаттық бағытын жою, 

қорғаныс кәсіпорындарын әртараптандыру, экологи-

ялық таза технологияларды енгізу

– осы заманғы инфрақұрылымды (көлік, байланыс, 

энергетика, туризм, қонақүй жүйесі) қалыптастыру.

Басым  бағыттарды  жүзеге  асырудың  нақты  жолы 

индикативтік жоспарларға және оларға қатысу негізінде 

жасалатын жаңа ұйымдық құрылымдарға арқауланған 

арнайы мемлекеттік бағдарламалар болады.

Бүгінгі таңдағы басты міндет – адамның еңбек етіп, 

табыс табуға ниеті ауып, нарықтың жасампаздық рөліне 

сенуі  үшін,  еңбекке  ынталылықты  ояту  керек.  Оның 

бірден-бір жолы – тауар молшылығын жасау. Бастапқы 

кезде адамдарға ең болмағанда өздерінің талғамды көп 

қажет етпейтін, бірінші кезектегі сұраныстарын, әсіресе, 

азық-түлікке деген сұранысын еркін қанағаттандыруға 

мүмкіндік беру.

Сондықтан барлық стратегиялық басымдықтардың 

көш  басында  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту,  оны 

дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыно-

гын  өнеркәсіп  тауарларымен  молықтыру  шаралары 

жүретін болады.

Нарықтық  экономикасы  дамыған  мемлекеттер 

тәжірибесін  басшылыққа  ала  отырып,  бізге  белгілі 

бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына 


82

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Үкімет тарапынан тұрақты талдау мен бақылау жасау 

мақсатында  индикативті  сипаттағы  қысқа-орта-ұзақ 

мерзімді жоспар-болжамдар практикасын енгізу қажет.

Стратегияның  маңызды  элементі  Қазақстанның 

қайта түлеуі мен дамуының қарқыны болмақ.

Біз бұл жолға өзіміз үшін, біздің балаларымыз бен 

немерелеріміз  үшін  түсуге  тиіспіз.  Олай  болса,  бұл 

өзіміздің еңбек ырғағымызды арттыра түсуге тиіспіз 

дегенді  білдіреді,  өйткені  даму  мен  прогресс  жолы 

қарапайым әрі жалғыз – қол жеткеннен үнемі асып түсу. 

Қалтқысыз  жанқиярлық  еңбекке  үндеу  бізге  кезекті 

насихаттық ұран ретінде емес, егер біз шындап аяғымыз- 

дан тік тұрып, қалыпты өмір сүргіміз келсе, төтенше 

және қатаң қажеттілік ретінде керек. Объективті барлық 

негіздеріміз бола тұрып, тағдырдың өзі беріп отырған 

мүмкіндікті уыстан шығарып алуымыз жарамайды.

Жедел даму стратегиясы бүкіл қоғамның, Қазақстанды 

өзінің Отаны деп есептейтін және өтпелі кезеңнің ауырт-

палығы мен болашақ жақсы өмірдің қуанышын онымен 

бірге бөлісуге әзір әркімнің экономикалық идеология-

сына айналуы керек.

Нарықтық экономика арнасымен өзіндік кезеңдері 

мен  соған  сай  келетін  нақты  міндеттері  бар  айқын 

«кестесіз» жүруге болмайды. Маған ол мынадай болып 

көрінеді.

Бірінші  кезең  1995  жылға  дейін  созылады  және 

ол  макро-экономикалық  тұрақтылықтың  негізгі  екі 

үдерісімен: меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде 

алумен, оны жекешелендірумен және тұтыну рыногын 

тауарлармен молықтырумен сипатталуға тиіс.

Бұл  уақыт  ішінде  меншікті  реформалау  белгілі 

бір  түрде  стратегиялық  маңызы  бар  және  ұлттық 



83

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  объектілерден  басқа 

мемлекеттік  меншіктің  барлық  нысандарында  жүр-

гізілуі тиіс.

Бұл шаралар монополияға қарсы белсенді саясат-

пен  ұштаса  келіп,  жекеменшік  секторы  мен  меншік 

иесі – кәсіпкерлерді нығайтуға жәрдемдесетін болады. 

Сондай-ақ озық технологиялық жобалар үшін шетел 

инвесторларына жерді ықшамдап концессияға, ұзақ 

мерзімді жалға беру мен сатуды тәжірибеге енгізу қажет. 

Сонымен  бір  мезгілде,  ғылыми  зерттеулердің 

қысқа мерзімін, жоғары қайтарымын, коммерциялық 

өнімді тез алуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі 

талдамаларды  анықтау  және  тәуекелшіл  (венчурлік) 

кәсіпкерлікті  дамыту  мақсатымен  республиканың 

ғылыми-техникалық әлеуетіне егжей-тегжейлі тексеру 

жүргізу қажет.

Іс жүзінде болашақ технологиялық дүмпуге қажетті 

алаң  мақсаттылықпен  даярлануға  тиіс.  Алматы  мен 

Павлодардың  іргесінде  озық  даму  аймағын,  Семей 

полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағының негізінде 

халықаралық сипаттағы технопарктер немесе техно-

полистер, Қарағандыда, Өскеменде, Атырауда, Ақмо-

лада инновациялық орталықтар құру үшін объективті 

алғышарттар бар.

Екінші кезеңде (1996–2005) экономиканың шикізат-

тық бағытын біртіндеп жою жалғасады және сонымен 

бір мезгілде оның басты мазмұны көлік жүйесі мен теле-

коммуникацияларды жедел дамыту, сондай-ақ дамыған 

тауар және валюта нарығын, басқа да нарықтарды – 

капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар, зияткерлік 

меншік нарығын құру болмақ.

Тынық мұхиттан Босфор бұғазына дейін тартыла-

тын Трансазиялық теміржол магистралі мен Алматы 



84

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


маңында  осы  заманғы  халықаралық  жүк-жолаушы 

әуежайының құрылысы жобаларын жүзеге асырудың, 

бір мезгілде Шығыс пен Батысқа тартылатын мұнай 

құбырлары құрылысының басым маңызы болады. Бұл 

Қазақстанның әлемдік экономикаға енуін жеделдетеді, 

оның Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия-Тынық мұхит 

аймағы елдері арасындағы өзіндік бір «көпір» болуына 

және сондай-ақ өзінің геосаяси міндеттерін жүзеге асы-

руына мүмкіндік береді.

Екінші кезең ішінде экономиканы қарқынды дамы-

тудың  мынадай  қозғаушы  күштері  мен  стимулдары 

пісіп-жетілуі тиіс:

– толыққанды нарықтық тетіктер;

– барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;

– табиғатты ұтымды пайдалану;

–  жоғары  технологияларды  игерудің  және  әлем 

экономикасында шептерді жеңіп алудың қарқын алған 

үдерісі; 

– отандық және халықаралық бизнес саласындағы 

білікті кадрлар корпусы.

Ұзақтығы 5–7 жылға дейін созылатын үшінші кезең 

ашық  үлгідегі  экономиканың  шапшаң  қарқынмен 

дамуы, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық 

мақсаттарына жету, Қазақстанның әлемдік саудадағы 

ұстанымдарының нығаюы және дүние жүзіндегі жаңа 

индустриялық елдер қатарына кіруі арқылы сипатта-

латын болады.

Нарықтық қатынастардың құрылуына қарай бюджет 

тапшылығы мен валютаның өтімділігі проблемалары 

шешіледі. Мемлекетте тек, нарықтық құрылымдарды 

қоса алғанда, өзі басқа құрылымдардан гөрі жақсырақ 

атқаратын функциялар ғана қалады.



85

Бұрынғы экономикалық ақпарат жүйесі экономика-

дағы болып жатқан үдерістерді біліктілікпен бағалауға 

жарамсыз  болып  қалды,  өйткені  ол  жаңа  өндірістік 

қатынастарға сай бола алмай отыр. Кәсіпорын туралы 

заң  кәсіпорыннан  тиісті  ақпарат  алу  мүмкіндігін 

бұзды.  Сондықтан  халықаралық  талаптарға,  соның 

ішінде  қаржы  активтерінің  жай-күйі  де  бар,  төлем 

қабілеттілігіне, бағаларға, өзіндік құнға және басқа да 

көрсеткіштерге бейімделген біртұтас ақпарат жүйесін 

құру  үшін,  кәсіпорындардың  статистика  және  банк 

органдарына объективті ақпарат беріп тұру міндеті заң 

жүзінде бекітілуі қажет.

Өтпелі кезең стратегиясының мазмұны мен мақса-

тының толық орындалуына байланысты Қазақстанның 

әлемдік қоғамдастықтағы жаңа сапасы мен жаңа рөлін 

ескере келіп, басқа стратегиясын талдап жасау қажеттігі 

туады.


Әлеуметтік даму стратегиясы

Экономика саласындағы міндеттерді іске асыру әлеу- 

меттік даму мәселелерімен тығыз байланысты. Тұтыну 

рыногын  молықтыру  мен  азық-түлік  молшылығын 

жасау сонымен бір мезгілде экономиканы тұрақтан-

дыру мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, әлеуметтік 

шиеленісті  төмендету  міндетін  де  шешетінін  айтсақ 

жеткілікті.

Ең алдымен, инфляцияны жандандыруға және сөйтіп 

халықтың нақты табысын азайтуға байланысты себеп-

терді  бәсеңдететін  шаралар  қолданылатын  болады. 

Мұның өзі бір-бірімен байланысты екі жолмен жүзеге 

асырылады: біріншісі – тауарларды өндіру мен қызмет-


86

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


терді ұсынуды кеңейту; екіншісі – табысты ағымдағы 

тұтынудан (құнды қағаздар, тұрғын үй құрылысы, ұзақ 

мерзімге пайдаланатын заттар және т. б.) алып шығу 

үшін оның өсуін тоқтату және дәйектеу.

Қазақстан  халқын  әлеуметтік  қорғау  мемлекеттің 

өтпелі кезеңдегі стратегиясының бел ортасында болады:

– ең әуелі еңбекке жарамсыз және тұрмысы төмен 

жіктерді:  зейнеткерлерді,  мүгедектерді,  көп  балалы 

отбасыларын,  оқушы  жастарды  мемлекеттік  қолдау 

және әлеуметтік жебеу жүйесін құру;

– ғылымға, мәдениетке, білім беруге және денсаулық 

сақтауға мемлекеттік қолдау;

–  жұмыссыздық  жөніндегі  әлеуметтік  кепілдікті 

қамтамасыз ету. 

Қымбатшылықтан және тұтыну сұранымының кемуі 

салдарынан  кәсіпорындар  жаппай  банкрот  болған 

жағдайда  жұмыссыздық  шапшаң  қарқынмен  арта 

түспек. Сондықтан әр облыс пен қала қосымша жұмыс 

орнын құру жөнінде бағдарлама жасаумен шұғылда-

нуға тиіс. Бәсекелестік, банкроттық пен жұмыссыздық 

– нарықтық жүйенің міндетті төлсипаттары. 

Жұмыссыздықтың теріс салдарын мейлінше азайту 

үшін, жұмыспен қамту қызметіне елеулі көңіл бөлінетін 

болады. Осы мақсатпен мамандар мен жұмысшыларды 

қайта даярлау жүйесі нығайтылып, тұрғын үй рыногы 

құрылады  және  адамдардың  Қазақстанның  ішіндегі 

және одан тысқары жерлердегі көшіп-қонуы өркениетті 

шеңберге енгізіледі.

Инфляция серпіні ескеріле келіп, зейнетақы мен еңбек- 

ақының ең аз мөлшері оларды көбейту жағына қарай 

үнемі қайта қаралып отыратын болады.


87

Экономиканың дағдарысқа ұшырауы жағдайында 

ең  алдымен  халықтың  зияткерлік  әлеуеті  неғұрлым 

көп шоғырланған өндірістік емес сала зардап шегеді. 

Мемлекеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалана оты-

рып, мұндағы орташа еңбекақыны өндірістік саладағы 

орташа еңбекақыға жақындату үшін шаралар қолда-

нылады.


Бүкіл өтпелі кезеңге халықтың әлеуметтік әлжуаз 

контингентіне негізгі медициналық қызметтердің, сон-

дай-ақ білім алудың тегін болуы сақталады. Жоғары 

мектеп  пен  техникумдар  жүйесінде  ақылы  оқытуды 

енгізу қатаң мөлшерленуі тиіс, онсыз білім алуға тек 

ауқатты адамдардың ғана қолы жетуі мүмкін.

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әрі ісі оңғарылған 

кәсіпкерлер өтпелі кезеңде халықтың кедей, еңбекке 

жарамсыз жіктеріне көмекке келуге тиіс. Сонымен бір 

мезгілде үкіметтің алдында қысқа мерзім ішінде шағын 

бизнеске орта және ұзақ мерзімге несие берудің айқын, 

талғамалы жүйесін жасау міндеті тұр. Қазақстан үшін 

мұның зор маңызы бар, өйткені өндірістің тым жоғары 

шоғырлануына байланысты шағын кәсіпорындардың 

үлесі өте мардымсыз болып отыр. 

Біздің дәстүрлерімізді және тіпті халықтың ауқатты 

бөлігінің  бастапқы  дәулетінің  деңгейін  еске  алғанда, 

жеке меншік шешуші рөлге ие болуы үшін көп уақыт 

қажет. Сондықтан ұжымның игіліктері мен пәрмен-

ділігінен және кәсіпкер-еңбеккердің тиімділігінен бас 

тартудың  қажеті  жоқ.  Кәсіпкерлікті  қорғау  –  өтпелі 

кезеңнің қажетті әрі маңызды элементі.

Азаматтарды  қосымша  қорғау  шарасы  ретінде  

ерікті зейнеткерлік қамсыздандыруды енгізу көзделіп 

отыр.


88

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Тұтастай алғанда, өтпелі кезеңдегі әлеуметтік стра-

тегияның құрамдас бөлігінің бірі – нарықтық эконо-

миканы әлеуметтік бағдарлау негізінде, Қазақстанның 

ауылдық аймақтарына белгілі бір назар аудару арқылы, 

халықтың табысы аз және кедей топтары мен жіктеріне 

тұрмыс дәрежесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Бүкіл әлемде қабылданғанындай, мемлекеттік қыз-

метшілердің мәртебесі мен әлеуметтік беделі елеулі 

түрде  арттырылатын  болады,  олардың  еңбекақысы 

жоғары, еңбек сіңірген жылдары үшін алатын сыйақысы 

және мемлекетпен ұзақ жылға жасалған еңбек шарты 

болуы керек. Мемлекеттік аппараттың біліктілігін арт-

тыру жөніндегі шаралар іске асырылуы тиіс.

Түбегейлі  өзгерістердің  нәтижесі  халықтың  жаңа 

әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік институттарды 

нарықтық  жүйеге  сәйкес  қалыптастыру,  сондай-ақ 

ұлтаралық қатынастардың тұрақтылық деңгейін арт-

тыру болмақшы.

Әлеуметтік стратегияның мазмұны қысқаша түрде 

мынаған саяды:

– дамыған елдердің тұтыну стандарттарына жақын 

адамдар тұрмысының жаңа сапасына жету;

–  экономикалық  және  әлеуметтік  өзгерістердің, 

нарықтық реформаларға ынтагерліктің, экономиканы 

тұрақтандыру  мен  өрге  бастырудың  өзекті  факторы 

ретінде Қазақстан кәсіпкерлерінің әлеуметтік жігін (ең-

бекке жарамды халықтың жалпы санының 10–15 %-ы) 

қалыптастыру;

– жас ұрпақта нарықшыл сана-сезімді қалыптастыру 

арқылы қоғамдағы бағдар құндылықтарын өзгерту;

– әлеуметтік жағынан қорғаудың қосымша арналары 

ретінде қамсыздандырудың әртүрлі жүйелерін дамыту;



89

– арнаулы қорлардан қаржы бөлу және шаруашылық 

жүргізудің жеңілдік тәртібі есебінен Қазақстанның өз 

ішіндегі  артта  қалған  аймақтардың  әлеуметтік  даму 

деңгейін көтеру.

Тұтастай алғанда әлеуметтік өзгерістер үш сатыда 

өтеді:

1) қоғамның әлеуметтік жікке бөлінуі;



2)  жаңа  әлеуметтік  құрылымдардың  нарық  жағ- 

дайына бейімделуі;

3) олардың өзара кірігуі мен өзара оңтайлы іс-әрекеті.

Қазақстан  үкіметі,  қоғамның  табыс  деңгейі  бо- 

йынша жікке бөліну үдерісіне қарамастан, бұл айыр-

машылықты ақылға қонымды аз мөлшерге жеткізуге 

тырысады. Бұл үшін қажетті экономикалық тұтқаларды 

әлі жасауға тура келеді.

Әлеуметтік даму стратегиясын жүзеге асыруға ықпал 

ететін оң сипаттағы да, теріс сипаттағы да факторлар 

туралы бірер сөз айта кету керек. Олардың біріншісіне 

жататындар:

– түбегейлі өзгерістерге кіріскен көптеген елдермен 

салыстырғанда,  индустрияландырудың  неғұрлым 

жоғары деңгейі;

– республика халқының біршама жоғары білім дең-

гейі;

– міндетті негізгі орта білім, тегін медицина, арқау- 



лық  мәдени  қызметтердің  қолжетімділігі  және  т. б. 

түріндегі мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың дамыған 

жүйесі;

– болашақ орта жіктің ықтимал негізін құрайтын 



зиялы қауым мен басқарушылардың бұқаралық әлеу-

меттік топтарының болуы;



90

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


–  қандай  да  болсын  өңірлік  блоктарға  қатыспау- 

шылықтан  туған  геосаяси  таңдаудың  салыстырмалы 

еркіндігі.

Масылдық  психологиясының  сақталуы,  тұрғын 

халық  пен  әлеуметтік  даму  ресурстары  таралуының 

өңірлер  бойынша  күрт  әркелкілігі,  өндірістік  аппа-

раттың кенжелеушілігі тежегіштер ретінде әрекет етуі 

мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет