Нәруыздардың жалпы қасиеттері


Элементтік құрамының біркелкілігі



бет3/6
Дата13.09.2022
өлшемі205,07 Kb.
#38956
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 каз презентация наруыз кас

Элементтік құрамының біркелкілігі

Нәруыздың құрамына кіретін негізгі элементтердің мөлшерінің бірдей болуы: С-53%, 0-22%, N-16%, Н-7%, S-2%.

Нәруыздық коэффициент

(НК) – 1 г азотқа сәйкес келетін нәруыз мөлшері:

НК = = 6,25

Нәруыздағы азот мөлшерін анықтап, оны 6,25-ке көбейту арқылы объектідегі нәруыз мөлшерін табуға болады: m = N х 6,25, мұндағы m – нәруыз мөлшері.


Нәруыз молекуласының пішіні
Кеңістіктегі конфигурациясына және пішіндеріне қарай нәруыз глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді.
Молекуланың ұзындығының және көлденесінің арақатынасын (асимметриялық коэффициент) анықтап, нәруызды топқа жатқызуға болады. Коэффициенті 1-2,8 тең болса нәруыз глобулярлыға жатады (globula - шар) және оның пішіні шар немесе эллипсоид болып табылады. Мұндай нәруыздар суда және тұздардың әлсіз ертінділерінде ериді, динамикалық қызметтер (каталитикалық, реттеуші, қорғаныштық, тасымалдау және т. б.) атқарады.
Егер асимметриялық коэффициенті 10 – нан жоғары болса, ақуыздар фибриллярлыға жатады (fibrilla - талшық). Олар ұзындығымен және созыңқы түрде болуымен ерекшеленеді. Фибриллярлы нәруыздар құрылымдық (коллаген, эластин, кератин) және жиырылу (миозин, актин) қызметтерін атқарады.
Ыдырау өнімдерінің ұқсастығы
Ағзада жүретін ферментативтік гидролиз кезінде барлық жай нәруыздардың аралық өнімдер арқылы амин қышқылдарына (АҚ) дейін ыдырайды:
Нәруыздар  полипептидтер пептидтер амин қышқылдары
Аралық өнімдер түрінде әртүрлі массасы бар, нәруыздардың кейбір қасиеттері сақталған полипептидтер (молекулалық массасы 6000 Да-ға дейін, құрамындағы амин қышқылдарының саны 10-нан 50-ге дейін), пептидтер (молекулалық массасы 100 Да-ға дейін, АҚ саны 10-ға дейін).

Амин қышқылдары – нәруыздардың құрылымдық бірлігі

Нәруыз молекуласының мономері

Полипептидтік тізбекті түзетін α-амин қышқылдары (АҚ) нәруыз молекуласының мономері болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет