тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап
тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын
өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі
тармақталмаған. Сонымен
жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер
мен бір ғана аксон болады.
Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып
жүйке талшықтарын
түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді.
Жүйке жүйесінің маңызы:
1.Жүйке жүйесі денедегі
мүшелердің жұмысын реттейді.
Мысалы, жүрек пен
булшықеттердің жиырылуы;
сүйектердің қозғалысқа келуі;
тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің
бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің
барлығы да тікелей жүйке
жүйесінің қатысумен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінін
бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс
істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ
бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат
алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен
жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан,
аскорыту _мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3. Жүйке жүйесі aғза мен сыртқы ортаның
байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы
_ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану
әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен
болады.
Мысалы, жақын келген көлікті (машина,
трамвай, троллейбус жене т. б.) өтіп кеткенше
тоқтап күтіп туру; аса ыстық немесе суықтан
_корғану; денені зақымдайтын заттарга
жоламау жане т. б. Адамның ойлауы, саналы
мінез-кулқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына
тауелді (бағынышты).
Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке
жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу
дейді.
Рефлекст к
доға
Рефлекстік доға-тітіркендіруге жауап береді.
Рефлекстік доға рецептордан басталады.Рецепторлар (жүйке
ұштары) әр түрлі
тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл,дыбыс және т. б.)
қабылдайды.Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық
жүйке жуйесіне өтеді.Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып,
одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге
беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана
рефлекс
болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс
жойылады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |