12
қозғыштығын, өткізгіштігін және жиырылу күшін төмендетеді.
Медиатор
норадреналин
мен
адреналин,
тироксин
гормондары, кальций иондары, симпатикалық жүйке жүйесі
тәрізді, жүрек қызметін күшейтеді.
Қан тамырлар
Қан тамырларының тұйық жүйесінде жүректің
жиырылуы нәтижесінде қан үздіксіз айналып тұрады.
Қан айналу шеңберлері:
Үлкен қан айналу шеңбері жүректің сол қарыншасынан
– қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі
капиллярларға жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге,
ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан
вена қанына айналады.
Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан
әрі веналарға, жоғарғы және төменгі қуыс веналарға жетеді де,
жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Осымен үлкен қан айналу
шеңбері аяқталады.
Кіші қан айналу шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе
сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан көмір қышқыл
газға бай веналық қан. Ол өкпеге қарай артериялар арқылы
ағып өкпе капиллярларына жетеді де, қандағы көмір қышқыл
газы өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де вена қаны
артериялық қанға айналады. Артериялық қан екі өкпеден төрт
өкпе веналары арқылы ағып шығып, сол жүрекшеге құйылады.
Сөйтіп, кіші қан айналу шеңбері аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: