1 VISUAL STUDIO.NET ВИЗУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ
1.1 Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе
Оқу құралының алдыңғы бөлімінде деректер, әдістер, сонымен қатар
C# тілінде жазылған бағдарламаның өзі де кластарда орналасуы керектігі
жөнінде ескертілген.
Кластардың пайда болуы бағдарламалау технологиясын өзгертті. Егер
бұрын құрылымдалған бағдарламалаудың негізгі бірлігі функциялар мен
процедуралар болса, кластардың пайда болуы деректерді және сонымен қатар
әдістерді біріктіретін бағдарламаның функцияналды аяқталған модульдерін
құруға мүмкіндік берді. Осындай бағдарламалардың негізгі бірлігі - кластар
(объекттер), кластар арқылы бағдарламалау технологиясы объекті-
бағытталған технология деп аталады.
Кітаптың
осы
бөлімінде
Windows
қосымшаларды
(күрделі
бағдарламалық жүйелер) жобалау кезінде объекті-бағытталған технологияны
қолдануға байланысты сұрақтар қарастырылады. Объекті-бағытталған
бағдарламалау (ОББ) технологияларында кластардың қолданылуы олардың
екі қызметті орындай алатынын көрсетеді: бағдарлама модулі немесе
деректер типі ретінде қолданылуы.
Құрылымның модульдігі – Windows қосымшаларының негізгі қасиеті.
Үлкен бағдарламалық жүйені модульдерге бөлмей дайындау кезінде
бағдарламалаудың модульдік технологиясы арқылы дайындаған жүйеге
қарағанда уақыт едәуір көп жұмсалады. ОББ-да Windows қосымшалар
модульдік принципте әзірленеді, олар модульдің негізі болатын кластардан
тұрады. Құрылымның модульдігі – күрделі бағдарламалық жүйелерді әзірлеу
процессін жылдамдату бойынша негізгі құрал.
Екінші жағынан класс деректер типі болып келеді. Windows
қосымшаларды объекті-бағытталған жолмен әзірлеу деректерге сүйеніп
жобалау деп аталатын стильге негізделген. «Жүйелерді жобалау нақты бір
есепке сәйкес келетін деректердің абстракцияларын табуға негізделеді.
Осындай әрбір абстракциялар класс түрінде құрылады, класс -бағдарламалық
жүйе құрылымының архитектуралық бірлігі болатын модуль» [5].
Windows қосымшалардың көпшілігінде кластар екі қызметті де
орындайды, сондықтан бағдарламалық жүйенің әрбір модулінің өзінің нақты
міндеті бар. C# тілінде деректер типі болатын және модуль қызметіндегі
кластар қолданылады. Модуль кластарына, мысалы, Console, Math кластары
жатады. Модуль ретіндегі кластар объекттерді құрай алмайды, ал нақтырақ
айтқанда осындай кластың бір ғана объектісі болады. Осы модульдің өрістері
мен әдістері басқа кластардың әдістеріне қолжетімді болады.
Үлкен бағдарламалық жүйелерді дайындағанда әзірлеу ортасы
маңызды рөл атқарады. Бағдарламалау орталары ұсынатын бағдарламалау
технологиялары күрделі бағдарламалық жүйелерді дайындау уақытын едәуір
қысқартады.
Сондықтан ОББ бағдарламалау технологиясымен Visual Studio.NET
бағдарламалау
ортасында
Windows
(Windows
Forms
Application)
қосымшаларын құра отырып танысатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |