Неврология модуль


Шартты рефлекстердің жіктелуі



бет77/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

Шартты рефлекстердің жіктелуі.

Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы болып табылады.Шартты рефлекс түрлері


І. Рецептордың орналасуына сәйкес, яғни қабылдау белгісіне қарай үшке бөлінеді:
1. Экстероцептивті-сыртық қабылдағыштық;Яғни біз оларға көру,есту,дәм сезі, түйсіну және температуралық деп бөлеміз.
2. Интероцептивті-ішкі қаблодағыштық. Бұл ағзаларды тітіркендіргенде – олардың қысымының көбейіп, қанның құрамының көбеюі секілді құбылыстарды жатқызамыз. Бұл рефлекс түрі басқаларымен салыстарғанда баяу қалыптасады.
ІІ. Ал екінші шартты тітіркендіргіштің табиғатына сәйкес оларды екіге бөлеміз:
1. Табиғи – бұл шартсыз тітіркендіргіштің шын белгілеріне орай қалыптасады. Оған ьағамның иісін сезгендегі сілекейдің бөлінуін мысал ретінде қарастыруымызға болады.
2. Жасанды-бұл рефлекс табиғидан өзіндік ерекшеліктермен бөлінеді, және ол әлі толықтай зерттелу үстінде.
III. Ал биологиялық маңызына байланысты біз оларды 4 топқа бөліп жіктейміз:
1. Ас қорыту
2. Қорғаныш
3. Жыныстық
4. Бағдарлау
IV. Жауап беру реакциясына байланысты
1. Тамыр қозғалтқыш
2. Сөл бөліну
3. Қимыл-әрекеттік
4. Экскреторлы және т.б.
V. Рефлекстің ерекше түрі - уақытқа байланысты рефлекс
VI. Үрдістің өту ағымына байланысты
1. Қозғыш
2. Тежегіш
VIІ. Қалыптастыру тәсіліне байланысты:
1. Нақты – бұл рефлекс түрі шарсыз және де шартты тітіркендіргіштерді дәлме-дәл ұштастырған жағдайда қалыптасады.
а) Сәйкес келетін
б) Қысқа мерзімді
в) Ұзақ мерзімді
г) Кешіктірілетін
2. Бір ізді
3. Бірінші, екінші немесе одан да жоғары реттік
4. Жинақы
5. Ажыратылған және жайылмалы (жалпылама)
6. Комплексті (бір мезгілді, кеңістікті);
7. Динамикалық стереотип.
8. Ұқсас немесе сәйкестік болып жіктелінеді.


27 Шартты рефлекс қалыптастыру ережелері.
Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты, өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың – нерв тканінің жауап әсері болып саналады. Балаларда намесе ересектерде шартты рефлекс қалыптастыру үшін сөзбен бекітілетін секторлық, жыпылықтау немесе қимыл методикасын, жануарларда тамақпен бекітілетін секреторлық және қимыл методикасын пайдаланады. Мысалы, итте сілекей бөліну методикасы бойынша рефлекс қалыптастыру, яғни шартсыз тітіркендіргіш тамақпен бекітілетін жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлу керек. Алдымен шам жанады, ит оған басын, құлағын бұрып, бағдарлау әсерін білдіріп, жауап береді. И.П.Павлов мұндай әсерді «бұл не?» рефлексі деп атады. Осыдан кейін тамақ беріледі – шартсыз тітіркендіргіш (бекіту). Осылайша бірнеше рет қайталайды. Бұл жағдайда бағдарлау әсері барған сайын сиреп, соңынан мүлде жойылады. Екі қозу ошағынан (бірі – көру аймағында, екіншісі – тағам орталығында) ми қыртысында келетін импульстерге жауап ретінде бұл ошақтар арасындағы уақытша байланыс нығая түседі. Осының нәтижесінде итте бекітілмесе де, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлінеді. Бұл ми қыртысында әлсіз импульстің күшті импульс жағына қарай орын ауыстыруынан болады. Ми қыртысы төменгі орталықтардан өзгеше, бұрынғы тітіркенулерді барынша жинақтап, олардың ізін жандандыра алады. Екі ошақ та біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара бастайды. Жаңадан қалыптасқан рефлекс (оның доғасы) өткен қозуды жаңғырта алады, яғни оның шартты рефлексті жүзеге асыру қабілеті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет