«неврология» ПƏні бойынша өзіндік дайындықҚа арналған аралық бақылау 1 тест сұРАҚтары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата24.05.2023
өлшемі1,06 Mb.
#96739
  1   2   3   4
Байланысты:
«ÍÅÂÐÎËÎÃÈß» 1-2 ÒÅÑÒ Ñ?ÐÀ?ÒÀÐÛ (êîïèÿ) (êîïèÿ)



«НЕВРОЛОГИЯ» ПƏНІ БОЙЫНША ӨЗІНДІК ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ 1 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Беткей сезімталдықтың екінші нейроны орналасқан:
A. жұлын түйінінде
B. жұлынның артқы мүйізінде ++++
C. жұлынның алдыңғы мүйізінде
D. Голль шоғырының ядросында
E. артқы орталық ирелеңде
2. Беткей жəне терең сезімталдықтың үшінші нейроны қайда орналасқан:
A. жұлын түйінінде
B. Голль шоғырының ядросында
C. көру төмпешігінің ядросында +++
D. артқы орталық ирелеңде
E. жұлынның артқы мүйізінде
3. Сырқатта «күртеше» сипаттағы сезімталдықтың симметриялы екі жақты
диссоциирленген бұзылысы. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
A. жұлынның артқы бағанында
B. алдыңғы сұр спайкада++++
C. ішкі капсуланың артқы тізесінде
D. көру төмпешігінде
E. артқы түбіршікте
4. Сырқаттың оң аяғында терең сезімталдық өткізгіштік түрі бойынша бұзылған.
Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
A. артқы түбіршік
B. жұлынның артқы мүйізі
C. Голль шоғыры +++
D. Флексиг шоғыры
E. жұлын-таламустық жол
5. Сырқат көзі жұмылған күйде жүре алмайды. Объективті: беткей сезімталдық
сақталған, буын–бұлшық ет сезімі төмендеген, Ромберг сынағында көзі жұмылған
қалыпта құлайды. Синдромды атаңыз:
A. жұлындық артқы бағандық синдром ++++
B. жұлындық алдыңғы бағандық синдром
C. вестибулярлы атаксия
D. мандайлық атаксия
E. мишықтық атаксия
6. Артқы түбіршіктің зақымдану симптомына тəн:
A. оқ атқандай, белдемелі ауру сезімі, сезімталдықтың барлық түрінің болмауы ++++
B. сезімталдықтың диссоцирленген бұзылысы
C. сезімталдықтың өткізгіштік типі бойынша бұзылысы
D. сезімталдықтың мононевриттік түрі бойынша бұзылуы


E. сезімталдықтың полиневриттік тип бойынша бұзылуы
7. Жұлынның қай құрылымының зақымдануы сезімталдықтың сегментарлы
бұзылысына алып келеді
A. бүйір мүйіз
B. Голль шоғыры
C. Бурдах шоғыры
D. жұлынның артқы мүйізі мен алдыңғы сұр спайкасы +++
E. алдыңғы мүйіз
8. Алмастырушылық гемигипестезия қай бөліктің зақымдануында дамиды?
A. жұлынның артқы мүйізі ---
B. ми бағаны ++++
C. артқы орталық ирелең
D. алдыңғы орталық ирелең ---
E. көру төмпешігі
9. Сезімталдықтың «полиневриттік» тип бойынша бұзылысына тəн белгілер?
A. фантомды ауру сезімі
B. ол мен аяқтың дистальды бөліктерінде анестезия ++
C. сезімталдықтың сегментарлық типте бұзылуы
D. қол мен аяқтың проксимальды бөліктерінің анестезиясы
E. сезімталдықтың «диссоциирленген» типтегі бұзылыстары
10. Жұлын-таламустық жолдың зақымдануына тəн сезімталдықтың бұзылу түрі:
A. қыртыстық
B. өткізгіштік +++
C. шеткі
D. мононевриттік
E. сегментарлық-диссоциирленген
11. Жұлынның алдыңғы сұр спайкасының зақымдануы алып келеді:
A. сезімталдықтың біржақты диссоциирленген бұзылысы
B. терең сезімталдықтың екі жақтан да бұзылуы
C. терең жəне жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы
D. сенситивті атаксия
E. екі жақты диссоциирленген бұзылыстар, «күртеше» симптомы +++
12. Жұлынның толық көлденең зақымдануы алып келеді:
A. сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы
B. өткізгіш тип бойынша сезімталдықтың барлық түрінің болмауы+++
C. зақымдану деңгейінен төмен ауру жəне температура сезімінің бұзылуы
D. зақымдану деңгейінен төмен терең жəне жанасу сезімінің бұзылуы
E. сенситивті атаксия
13. Ішкі капсулада сезімтал жолдардың зақымдануы шақырады:
A. диссоциирленген бұзылысы
B. қарама-қарсы дене бөлігінде гемианестезия мен гемиатаксия +++++
C. ошақ жақта гемианестезия мен гемиатаксия
D. ошақ жақта сенситивті атаксия
E. сезімталдықтың полиневриттік түрі бойынша бұзылуы


14. Берілген симптомдардың қайсысы созу симптомына жатады?
A. Ласег +++
B. Лессаж
C. Белл
D. Керниг
E. Оппенгейм
15. Сырқаттың оң жағында – орталық салдану, өткізгіштік түрі бойынша буын –
бұлшық ет сезімі бұзылған, қарама – қарсы жақта - ауру жəне температура сезімі
өткізгіштік түрі бойынша бұзылған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
A. жұлынның жартылай көлденең зақымдануы +++
B. жұлын түйіні
C. жұлынның толық көлденең зақымдануы
D. сопақша ми
E. задний рог спинного мозгажұлынның артқы мүйізі
16. Жұлынның артқы мүйізінің зақымдануына тəн белгі:
A. сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы +++
B. жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы
C. күрделі сезімталдықтың төмендеуі не болмауы
D. терең жəне жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы
E. сезімталдықтың барлық түрінің болмауы
17. Шеткі салдану ненің зақымдануы нəтижесінде болады:
A. иық өрімі +++
B. орталық қозғалтқыш нейронның кез келген бөлімінде
C. алдыңғы орталық ирелең
D. жұлынның артқы мүйізі
E. жұлын таламустық жол
18. Кортико-спиналды жолдың перифериялық нейроны не:
A. жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары +++
B. жұлынның артқы мүйізінің клеткалары
C. жұлынның бүйір мүйізінің клеткалары
D. паравертебралды тізбек
E. превертебралды ганглий
19.
Кортико-нуклеарлы жолдың перифериялық нейроны не:
A. ми бағанының қозғалқыш ядролары ++++
B. таламустың клеткалары
C. гипоталамустың клеткалары
D. қызыл ядро мен қара субстанция
E. жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары
20. Қандай құрылым зақымданғанда қозғалтқыш сегментарлы бұзылыстар дамиды:
A. ішкі капсула зақымданғанда
B. алдыңғы мүйіз бен алдыңғы түбіршік ++++
C. ми бағаны деңгейінде зақымданғанда
D. шеткі нерв зақымданғанда
E. көптеген шеткі нервтер зақымданғанда


21. Орталық салданудың негізгі белгілері:
A.
бұлшық ет атрофиясы
B.
нервтердің дегенерация реакциясы
C.
фасцикуляциялар
D.
гипертонус, гиперрефлексия жəне патологиялық рефлекстер +++
E. бұлшық ет гипотониясы, гипорефлексия
22. Шеткі салдану белгісі:
A. бұлшық ет тонусының төмендеуі ++++
B. бұлшық ет тонусының жоғарылауы
C. рефлекстердің жоғарылауы
D. табанның патологиялық белгілері
E. табан клонусы
23. Қандай құрылымның зақымдануы шеткі салдануға алып келеді?
A. ми бағаны, ретикулярлы формация
B. жұлынның алдыңғы мүйізі +++
C. алдыңғы орталық ирелең
D. артқы орталық ирелең
E. жұлынның артқы мүйізі ---
24. Мойын буылтығы деңгейінде (Cv-ThI) жұлынның көлденең зақымдануына тəн
симптом:
A. қол-аяқтың орталық салдануы
B. спастикалық тетрапарез
C. перифериялық тетрапарез
D. қолдардың перифериялық салдануы, аяқтардың орталық салдануы ++++
E. қолдардың спастикалық салдануы, аяқтардың шеткі салдануы
25. Перифериялық нейрон қай деңгейде зақымданғанда фибриллярлы дірілдер пайда
болады:
A. жұлынның алдыңғы мүйізі, ми бағанының қозғалқыш ядролары ++++
B. алдыңғы түбіршік
C. перифериялық нерв ---
D. жұлынның артқы мүйізі
E. артқы түбіршік
26. Орталық қозғалтқыш нейрон орналасқан:
A. артқы орталық ирелеңде
B. алдыңгы орталық ирелеңде++++
C. жұлынның алдыңғы мүйізінде
D. сопақша мидың ядроларында
E. жұлынның артқы мүйізінде
27. Сегментарлы аппарат зақымданғанда келесі аймақтардың қызметі бұзылады:
A. зақымданған сегменттен жоғары жəне төмен аймақтарда
B. тек зақымданған сегменттер аймағында++++
C. зақымданған сегменттен төменгі аймақта
D. зақымданған сегменттен жоғарғы аймақта
E. зақымданған сегментке қарама-қарсы аймақта


28. Экстензорлық патологиялық рефлекстерге жатады:
A. Бабинский +++++
B. Россолимо
C. Бехтерев
D. Жуковский ---
E. Ласег
29. Алдыңғы орталық ирелеңнің тітіркенуіне тəн симптом:
A. ошаққа қарама қарсы жақтағы дененің орталық гемипарезі
B. ошақ жақта дененің құрыспалы ұстамасы
C. ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің сезімталдығының болмауы
D. ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің құрыспалы ұстамасы+++
E. ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің парестезия ұстамалары
30. Жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейде зақымдануына тəн белгі:
A. қолда шеткі салдану, аяқта орталық салдану
B. спастикалық тетрапарез ++++
C. бұлшық ет атрофиясы, гипотония
D. бұлшық ет атрофиясы жоқ, гипертонус
E. гипорефлексия, қорғаныс рефлекстері жоқ
31. Төменгі сiреспелi параплегияға тəн симптом:
A. аяқ бұлшық еттерінің күші төмен, терең рефлекстер шақырылмайды +++
B. аяқтың бұлшық еттерінің күші төмен, ахилл мен тізе рефлекстері төмен
C. бұлшық ет тонусы жоғары, тізе мен ахилл рефлексі жоғары
D. аяқта гипотрофия
E. аяқ бұлшық еттерінде фасцикулярлы дірілдер
32. Көптеген перифериялық нервтердің зақымдануында дамиды
A. қол басы мен табанның перифериялық салдануы +++
B. қол мен аяқтың проксималды бөліктерінің гипестезиясы
C. қол басы мен табанның орталық салдануы
D. Бабинский патологиялық рефлексы
E. сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы
33. Сырқаттың аяғында қимыл жоқ. Объективті: атония, арефлексия, аяқ бұлшық
еттерінің атрофиясы, шап аймағынан барлық сезімталдық бұзылған. Зақымдану
ошағы қайда орналасқан?
A. жұлынның кеуде бөлімі
B. бел буылтығы ????????????????
C. жұлынның мойын буылтығынан жоғарғы деңгей
D. мойын буылтығы
E. ат құйрығы талшығы---------------------
34. Экстрапирамидті жүйенің морфологиялық құрылымдарына жатады:
A. құйрықты ядро мен жасымық тəрізді ядро, қара зат ++
B. мишық, мишық аяқшалары, мишық ядролары
C. ми қыртысы
D. жұлынның алдыңғы жəне артқы мүйізі
E. ми аяқшалары, варолий көпірі


35. Паллидарлық жүйенің зақымдану белгілері:
A. гипертоно-гипокинетикалық синдром, брадимимия, брадилалия +++
B. гиперкинездер, атетоз, хореоатетоз, гемибализм
C. адиадохокинез, дисметрия
D. атония, арефлексия, атрофия
E. гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер
36. Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді?
A. «степпаж»
B. қуыршақ ++++
C. хореялық
D. атаксиялық
E. үйрек жүріс
37. Сырқаттың беті «маска» тəрізді, гипомимия, брадикинезия, брадипсихия,
брадилалия анықталды. Қандай жүйе зақымданған:
A. мишық
B. паллидарлы +++
C. стриарлық
D. ми қыртысы- нуклеарлық
E. ми қыртысы - жұлындық
38. Паллидо-нигральды жүйенiң зақымдануына тəн сөйлеудiң бұзылыстары?
A. брадилалия, тыныш, монотонды, өшіп бара жатқан дыбыс+++
B. эмоцинальды, қатты дауыспен
C. дизартрия, назолалия, гипофония
D. гиперкинетикалық дизартрия
E. буын- буынға бөліп сөйлеу
39. Паллидарлық жүйенің зақымдануына тəн феномен:
A. «тісті дөңгелек» +++
B. көз- тіл»
C. Стюарт - Холмс
D. «бүктелген бəкі»
E. Бабинский асинергиясы
40. Сырқатты тексеру нəтижесiнде физиологиялық синкенезияның болмауы, бұлшық
еттiң сiресуi, брадикинезия, бір орында тұрып қалу анықталды. Қандай жүйе
зақымданған:
A. паллидо-нигралдық +++
B. стриарлық
C. ми қыртысы-нуклеарлық
D. ми қыртысы-жұлындық
E. мишық
41. Сырқатты тексеру нəтижесiнде физиологиялық синкенезияның болмауы, бұлшық
еттiң сiресуi, брадикинезия, бір орында тұрып қалу анықталды. Қандай жүйе
зақымданған:
A. палидо - нигральдық +++
B. стриарлық


C. ми қыртысы- нуклеарлық
D. ми қыртысы - жұлындық
E. мишық
42. Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді?
A. хореялық
B. атаксиялық
C. «степпаж»
D. үйрек жүріс
E. баяу, қадамдары тар, қуыршақ +++
43. Барлық экстрапирамидті гиперкинездерге тəн ортақ ерекшелік
A. физикалық жүктемелерде азаяды
B. гиперкинездер тұрақты
C. ұйықтағанда жойылады, ерікті қимылдарда жəне қобалжығанда, эмоционалды
жүктемеде күшееді ++++
D. түнгі уақытта күшейеді
E. таңға жуық күшейеді, эмоционалды жүктемелерде азаяды
44. Стриарлы экстрапирамидті жүйенің зақымдануына тəн синдром:
A. альтернирлеуші синдром
B. таламустық синдром
C. Броун-Секар синдром
D. гипотоно-гиперкинетикалық синдром +++++
E. акинетико-ригидті синдром
45. Хореялық гиперкинездерге тəн ерекшеліктер
A. координирленбеген, түрлі бұлшық ет топтарында еріксіз қимылдар+++
B. тыныштық жағдайында қолбасының дірілі
C. қолдың дисталды бөлігінде баяу, құрт тəрізді қимылдар
D. ядроны лақтырғандай қимыл E. дененің айналмалы қимылдары
46. Мишықтың қызметі:
A. гомеостаз бен тіндердің трофикасын реттеп тұру
B. бас миы мен жұлыннан импульстік ақпараттарды сегментарлы-рефлекторлық
жолмен жеткізу
C. синергия координациясы мен бұлшық ет тонусының жоғарылауын қамтамасыз
ететін рефлекторлық сегмент үстілік орталық ++++
D. миды қанмен қамтамасыз ету
E. кіші жамбас мүшелерінің қызметін реттеу
47. Бабинский асинергиясы мен Стюарт-Холмс симптомы ненің зақымдануына тəн:
A. экстрапирамидті жүйе
B. пирамидтік жүйе
C. жұлынның артқы бағаны ---
D. шеткі нерв жүйесі
E. мишық +++
48. Дисметрия, динамикалық атаксия, адиадохокинез, буын-буындап сөйлеу,
интенционды тремор, макрография қай құрылымның зақымдануына тəн:
A. үлкен ми жарты шары


B. жұлынның артқы бағаны
C. ми бағаны
D. мишықтың гемисферас
E. мишықтың табаны +++
49. Сырқатты тексеру нəтижесiнде гипотония, статикалық атаксия анықталды. Отыра
алмайды, артқа, алдына шалқалап құлайды, аяғының арасын ашып, шайқалып
жүреді. Топикалық диагноз қойыныз
A. вестибулярлық аппарат
B. артқы баған
C. қыртыс асты түйіндер
D. ми жарты шары
E. мишықтың табаны ++++
50. Мишықтың зақымдану белгілеріне жатады:
A. ригидтілік
B. тыныштық треморы
C. интенционды тремор +++
D. акинезия
E. латеропульсия
51. Мишықтың жарты шары зақымданғанда қандай атаксия түрi кездеседi
A. статикалық атаксия
B. сенситивтi атаксия
C. маңдай атаксиясы
D. вестибулярлы атаксия
E. динамикалық атаксия ++++
52. Мишықтың табаны зақымданғанда координация бұзылуының қандай түрi кездеседi?
A. атаксия
B. сенситивтiк атаксия
C. статикалық атаксия ++++
D. атаксиясы
E. вестибулярлық атаксия
53. Мишықтың зақымдану белгілері:
A. интенционды тремор ++++
B. ригидтілік
C. тыныштық треморы
D. акинезия
E. латеропульсия
54. Мишық зақымдану белгiлерiн атаныз
A. бiр орында таптап тұру
B. дiрiл гиперкинезi
C. буын-буынға бөлiп сөйлеу +++
D. пластикалық гипертонус
E. дизартрия


55. Сырқатты тексеру нəтижесiнде интенционды діріл, нистагм, адиадохокинез,
бұлшық ет гипотониясы, асинергия жəне дисметрия, зақымданған жағына ауытқып
жүруi анықталды. Топикалық диагноз қойыныз
A. ортаңғы ми
B. варолии көпірі
C. мишық жарты шары ++++
D. мишық табаны
E. iшкi капсула
56. Сырқатты тексеру нəтижесiнде гипотония, статикалық атаксия анықталды. Отыра
алмайды, артқа, алдына шалқалап құлайды, аяғының арасын ашып, шайқалып
жүреді. Топикалық диагноз қойыныз
A. мишықтың табаны ++++
B. вестибулярлық аппарат
C. артқы баған
D. қыртыс асты түйіндер
E. ми жарты шары
57. Сырқатта горизонталды нистагм анықталды. Диффузды гипотония, еркімен жүре
алмайды, Ромберг кейпінде артқа құлайды. Ошақ қайда орналасқан?
A. сол жақ мишық жарты шары
B. маңдай бөлігі сол жақта
C. оң жақ мишық жарты шары
D. мишық табаны +++
E. маңдай бөлігі оң жақта
58. Дисметрия, динамикалық атаксия, адиадохокинез, интенционды діріл, макрография
қандай құрылым зақымдануында байқалады:
A. мишық табаны ++++++
B. оң жақ ми жарты шары
C. мишық жарты шары
D. сол ми жарты шары
E. ми бағаны
59. Төменгі квадрантты гомонимді гемианопсия қандай құрылым зақымданғанда
дамиды
A. хиазманың медиальды бөлігі
B. хиазманың латеральды бөлігі
C. шүйде бөлігінің тілшік тəрізді ирелеңі
D. шүйде бөлігінің сына тəрізді ирелеңі ++++
E. ішкі капсула
60. Қандай құрылым зақымданғанда битемпоральды гемианопсия дамиды
A. көру нерві
B. көру трактісі
C. хиазманың сыртқы бөлігі
D. хиазманың орталық бөлігі ++++
E. көру сəулесі
61. Қандай құрылым зақымданса гомонимді гемианопсия дамиды
A. көздің торлы қабығы


B. төбе бөлігі
C. көру нерві ---
D. көру тракті +++
E. хиазма
62. Аргайл-Робертсон тура синдромына тəн
A. экзофтальм
B. қарашықтың конвергенция мен аккомодацияға реакциясы жоқ болғанымен,
жарыққа реакциясы сақталған
C. қарашықтың жарыққа тура реакциясы жоқ, бірақ қарашықтың аккомодация мен
конвергенцияға реакциясы сақталған +++
D. амавроз
E. амблиопия
63. Сырқатта сол көздің птоз, көздің сыртқа қарай қылилануы, оң жағында сіреспелі
гемипарез анықталды. Ошақ қайда орналасқан?
A. оң жақ ми көпірі
B. мишықтың жарты шары
C. сол жақ ми аяқшасы ++++
D. оң жақ ми аяқшасы
E. ішкі капсула
64. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалалуы мүмкін?
A. амблиопия
B. аносмия
C. гемианопсия ++++
D. амавроз
E. сенсорлық афазия
65. Көз қимылдатқыш нервінің зақымдануына тəн симптомдар;
A. Белл, леп белгісі +++++
B. птоз, мидриаз
C. лагофтальм, «желкен»
D. энофтальм, миоз
E. əкелгіш қитарлық
66. Сырқатта атаксия, бас айналу, жүрек айну, құсу, нистагм. Атаксияның қай түрі?
A. маңдайлық
B. статикалық
C. сенситивті
D. динамикалық
E. вестибулярлы ++++
67. Бет нервінің орталық салдануына тəн симптом
A. кірпік симптомы
B. лагофтальм
C. Белл симптомы
D. "Шарко" симптомы ++++
E. қасты көтеру мүмкін емес


68. Науқас дене қызуы 40 градус, қатты бас ауру. Объективті: оң көз алмасы ісінген, оң
көзінде гиперемия, қозгалыссыз жəне ортаңғы сызық бойымен орналасқан, птоз,
мидриаз. Науқаста қандай синдром дамыды
A. менингеалды синдром
B. акинетико-ригидті синдром
C. офтальмоплегиялық синдром ++++
D. мишықтық атаксия
E. гипотоно-гиперкинетикалық синдром
69. Үшкіл нерв зақымданғанда қандай бұлшық ет салданады
A. жоғарғы қиғаш
B. төменгі қиғаш
C. шайнау ++++
D. қабақты көтеретін
E. сыртқы тік
70. Бет нервінің салдануына тəн симптом
A. бет аймағындағы ауру сезімі
B. гипоакузия
C. тілдің түбірінде гипогевзия
D. мимикалық бұлшық еттердің салдануы +++
E. Бабинский симптомы
71. Сырқаттың оң көзінен жас ағып, оң жағында гиперакузия, тілдің алдыңғы 1/3
бөлігінде гипогевзия, Бел симптомы, Шарко симптомы анықталды. Қай бас ми
нерві зақымданған
A. үшкіл нерв оң жақтан ----
B. үшкіл нерв сол жақтан
C. бет нерві сол жақтан ----
D. бет нерві оң жақтан +++?
E. тіл жұтқыншақ нерві оң жақта
72. Сырқаттың бетінде ассиметрия, оң жақ мимикалық бұлшық еттері салданған. Қай
нерв зақымданған
A. V жұп
B. VII жұп ++
C. III жұп
D. VIII жұп
E. X жұп
73. Бет нервінің шеткі салданунына тəн симптом
A. əкеткіш қылилық
B. гипоакузия
C. тілдің артқы 1/3 бөлігінде сезімталдықтың төмендеуі
D. птоз
E. Белл феномені +++
74. Бет нервінің орталық салдануына тəн симптом
A. "Шарко" симптомы ++++
B. кірпік симптомы


C. лагофтальм
D. Белл симптомы
E. қасты көтеру мүмкін емес
75. Сырқат оң қол-аяғындағы əлсіздікке шағымданды. Обьективті: гемипарездің жүріс,
сол көзін жұма алмайды, ұртын үре алмайды. Қандай алмасушылық синдромы
туралы ойлайсыз?
A. Вебер синдромы
B. Мийяр- Гублер синдромы ++++
C. Джексон синдромы
D. Валленберг- Захарченко синдромы
E. Фовиль синдромы
76. Əкеткіш нервтің зақымдануына тəн
A. сыртқа қарай қылилық
B. ішке қарай қылилық ++++
C. мидриаз
D. шайнау бұлшық еттерінің салдануы
E. төменге қарағанда диплопия
77. Сырқат 40 жаста, шағымдары: оң қол мен аяғындағы қимылдардың шектелуі, оң
жақтан гемипарездік жүріс, сол көзінде ішке қарай қылилық, лагофтальм, «желкен»
симптомы, сол жақ ұртын үрлей алмайды, сол жақтағы қасын көтере алмайды.
Қандай алмасушылық синдром?
A. Джексон синдромы
B. Вебер синдромы
C. Фовилль синдромы ++++
D. Валленберг-Захарченко синдромы
E. Мийяр-Гюблер синдромы ----
78. Бабинский рефлексінің жүйке жүйесінің патологиясындағы маңызы? Голля мен
Бурдах жолдарының зақымдану белгісі
A.
спиноталамикалық жолдың зақымдану белгісі
B.
таламокортикальды жолдың зақымдану белгісі
C.
оның кез-келген бөлігінде кортикальды-бұлшықет жолының орталық
нейронының талшықтарының зақымдану белгісі +++
79.
Гордон рефлексін шақыру əдісі:


A.
балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы +++
B.
табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тəрізді
жазылуы
C.
асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып
жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.
D.
табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда,
башпайлардың бүгілуі
E.
өкшені балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі
80. Бабинский рефлексін шақыру əдісі:
A.
асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып
жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы
B.
табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда,
башпайлардың бүгілуі
C.
табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тəрізді
жазылуы
++++
D.
балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы
E.
өкшені балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі
81.
Оппенгейм
рефлексін шақыру əдісі:
A. сырқаттың алақанының ортасын неврологиялық балғамен соққылағанда,
саусақтардың бүгілуі
B. асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып
жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы
++++
C. табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда,
башпайлардың бүгілуі
D. балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы
E.
өкшені балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі
82. Россолимо
рефлексін шақыру əдісі:
A.
балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы
B.
өкшені балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі
C.
II-V бақайлардың ұшын саусақпен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі
++++
D.
асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып
жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы
E.
табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тəрізді
жазылуы
83. Жуковский рефлексін шақыру əдісі:
A.
асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып
жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы
B.
сырқаттың алақанының ортасын неврологиялық балғамен соққылағанда,
саусақтардың бүгілуі


A.
C.
табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда,
башпайлардың бүгілуі
+++
D.
балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы
E.
табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тəрізді
жазылуы
84. Мишықтың ядроларын атаңыз.
A.
тісті, тығын тəрізді, шар тəрізді, шатыр ядросы +++
B.
Голль мен Бурдахтың ядролары
C.
Бехтерев ядросы
D.
Дейдерс ядросы
E.
Перлиа жəне Якубович ядролары
85. Сезімталдықтың бұзылысының сегменттік түрінде қандай зақымдану пайда
болады?
жұлынның артқы бағандары
B.
артқы тамырлар, артқы мүйіздер, алдыңғы ақ спайка жəне жұлын түйіні ++++
C.
бірнеше перифериялық нервтердің зақымдануы
D.
ми бағаны
E.
артқы орталық ирелең
86. Сырқаттың аяғында қимыл жоқ. Объективті: атония, арефлексия, аяқ бұлшық
еттерінің атрофиясы, шап аймағынан барлық сезімталдық бұзылған. Зақымдану
ошағы қайда орналасқан?
A.
жұлынның мойын буылтығынан жоғарғы деңгей
B.
мойын буылтығы
C.
бел буылтығы
D.
жұлынның кеуде бөлімі
E.
ат құйрығы талшығы ++++
87. Созылмалы алкоголизммен науқастанған сырқат табанында əлсіздік, ұйыған сезім
мен ауру сезіміне шағымданды. Объективті: табан бұлшық еттерінің босаң
салдануы, бұлшық ет гипотрофиясы мен гипотониясы. Карпорадиальды, ахилл
жəне табан рефлекстерінің екі жақтан да төмендеуі. Қол басы мен табанда
гипестезия. Диагноз қойыңыз.
A.
миелит
B.
полинейропатия ++++
C.
кəрі жілік нервінің зақымдануы
D.
миелопатия
E.
радикулопатия
88. 60 жастағы
науқастың
ауруы жедел басталды:
бас
ауруы,
əлсіздік, темперетураның 38 градусқа дейін көтерілуі, омыртқадан кіндікке
дейін оң жағынан күйдірген ауру сезімі. Сол аймақтағы теріде


A.
гиперемиремияланған серозды – іріңді бөрітпелер байқалады. Патологиялық
ошақтың орналасуы? Бұл қандай ауру?
A.
омыртқа аралық ганглии Тh10-12 оң жағы +++
B.
омыртқа аралық ганглии Тh10-12 сол жағы
C.
артқы түбіршек Тh10-12 сол жақ
D.
жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары Тh10-12 сол жақ
E.
жұлынның артқы мүйізінің клеткалары Тh10-12 оң жақ
89. Сырқат төмен қарағанда көзіне бір зат екеу болып көрінеді. Қандай бас ми нерві
зақымданған?
A.
көз – қимылдатқыш нерві ++++
B.
əкеткіш нерв
C.
шығыршық нерві
D.
көру нерві
E.
бет нерві
90.
Беткей (ауырсыну жəне тактильді) сезімталдықтың ядросы (
nucleus tractus spinalis
n. trigemini) зақымдануына тəн симптомдар
A.
бетте куроктық аймақтардың болуы
B.
прозоплегия
C.
дизартрия, дисфагия
D.
сезімталдықтың диссоциирленген сегментарлы бұзылысы. Зельдердің аймақтары
бойынша++++
E.
бетте сезімталдықтың барлық түрінің бұзылуы
91. Науқаста оң жоғарғы жақ пен жоғарғы тістер аймағында айқын ұстама түріндегі
«электр тоғы» тəрізді ауру сезімі байқалады. Ауру сезімі шайнаумен, жуынумен жəне
жай қолын тигізумен өршиді. Беттің сезімталдығы сақталған. Ең дұрыс қойылатын
диагноз?
A. үшкіл нервтің невралгиясы, оң жақтағы ІІ тармағы+++
B. оң жығындағы бет нервінің нейропатиясы
C. оң
жақ
бет
жартысы
бұлшықеттерінің орталық салдануы
D. бас сақинасы
E. оң жақ тіл-жұтқыншақ нервісінің невралгиясы
92. Сырқатта оң жақ ішкі капсула денгейінде геморрагиялық инсульт дамыды.
Салдану түрін анықтаңыз:
A.
сіреспелі гемипарез оң жақта
B.
сіреспелі гемипарез сол жақта +++
C.
сіреспелі тетрапарез
D.
оң аяғында монопарез
E.
прозоплегия
93. Науқаста оң қолы мен аяғында терең сезімталдықтың өткізгіштік типі бойынша
бұзылысы байқалады. Бұл симптоматика қандай құрылым зақымданғанда кездеседі?


A.
A. жұлын-милық ганглий
B. Бурдаха жəне Голля шоғыры +++
C. артқы түбіршек
D. артқы мүйіз
E. спиноталамикалық жол
94. Пирамидалық жол қиылыстан кейін жұлын бойымен қалай өтеді?
A.
ішкі капсуланың алдыңғы мықыны
B.
жұлынның бүйір бағандарымен +++?
C.
жұлынның алдыңғы мүйізшесімен
D.
жұлынның артқы бағандарымен E. жұлынның артқы мүйізшесімен
95. Терең сезімталдықтың I нейрон денесі қайда орналасқан?
A. көру төмпешігінің ядроларында
B. сопақша мидың ядраларында
C. теріде
D. омыртқа аралық ганглийде +++
E. артқы мүйізде
96. Терең сезімталдықтың II нейрон денесі қайда орналасқан?
A. омыртқа аралаық ганглийде
B. артқы мүйізде
C. көру төмпешігінің ядроларында
D. сопақша мидың ядраларында +++
E. теріде
97. Беткей сезімталдықтың III нейрон денесі қайда орналасқан?
A. көру төмпешігінің ядроларында +++
B. қыртыс астылық аймақта
C. омыртқа аралық ганглийде
D. артқы мүйізде
E. сопақша мидың артқы бағандарының ядраларында
98. Беткей жəне терең сезімталдықтың III нейрон денесі қайда орналасқан?
A. артқы орталық ирелеңде
B. жұлынның артқы мүйізінде
C. омыртқа аралық ганглийде
D. көру төмпешігінің ядроларында +++
E. Голля ядросында


99.
Пирамидалық жолдың қиылыстан соң жұлын бойымен өтуін атаңыз?
A.
жұлынның алдыңғы мүйізшесімен
B.
жұлынның бүйір бағандарымен +++++
C.
жұлынның артқы бағандарымен
D.
ішкі капсуланың алдыңғы мықыны
E.
жұлынның артқы мүйізшесімен
100. Науқас 39 жаста, гипертониялық аурудан зардап шегеді, кенеттен қатты көп реттік
құсу дамыды. Объективті: кома, қарашықтары кеңейген, жарыққа қарашық
реакциясы жоқ, оң жақтық спастикалық гемиплегия мен гемигипестезия
анықталады. АҚ-ң жоғарылауы фонында дамыған ең тəн синдромды атаңыз?
A.
таламиялық
B.
Броун -Секар синдромы ++?
C.
альтернирлеуші синдром
D.
капсулярлы ++++?
E.
ми бағаналық синдром
101. Науқаста сол аяғының клоникалық тырысулары, башпайынан басталады. Соңғы
уақытта сол аяқтың парезі қосылды, көбінесе дисталді аймақтағы. Зақымдану ошағын
көрсетіңіз?
A.
Оң жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің төменгі бөлігі
B.
Оң жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің жоғарғы бөлігі +++
C.
Сол жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің жоғарғы бөлігі
D.
Сол жарты шардың алдыңғы ортаңғы иірімінің төменгі бөлігі
E.
Сол жақ ішкі капсула
102. Науқас, 48 жаста, біртіндеп оң қол-аяқта əлсіздік пен ұю сезімі, сөйлеудің бұзылыстары
дамыды. Объективті: оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан, дизартрия,
оң қол-аяқта тонус пен рефлекстері жоғарылаған. Бас миының зақымдану деңгейін
анықтаңыз?
A.
варолиев көпірі
B.
ішкі капсула +++
C.
көру төмпешігі +++?
D.
сопақша ми
E.
бас миының маңдай аймағы
103.
Қ андай құрылымдардың зақымдануы перифериялық салдануға əкеледі?
A. ретикулярлы формация
B. жұлынның алдыңғы мүйіз клеткалары +++
C. алдыңғы орталық иірім
D. көру төмпешігі
E. Брок аймағы
104. Ішкі капсуланың зақымдану белгілері:
A.
Параплегия
B.
Гемипарез +++
C.
Парапарез
D.
Тетрапарез
E.
Гемиспазм


D.
105.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет