Нишанбаева сабира зетбековна


 - тренинг. «Отбасындағы рөлдік қарым-қатынас» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет74/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101
3 - тренинг. «Отбасындағы рөлдік қарым-қатынас» жаттығуы 
Тренингті  өткізудің  мақсаты:  отбасылық  рөлдік  қарым-қатынас 
дағдыларын дамыту.  
Тренингті  жүргізуге  нұсқау:  Топ  «отбасыларға»  бөлінеді.  Ішкі  топтар 
бөлменің  әртүрлі  бөліктерінде  орналасады.  Қатысушылардың  міндеті 
«отбасы»  құрамын,  отбасы  мүшелерінің  жас  ерекшелігін,  отбасылық 
рольдерді  анықтайды.  Әр  қатысушы  немен  айналысатынын,  қайда  қызмет 
атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді 
деген  сияқты  мәселелердің  барлығын  ойластырады.  Отбасы  өз  тегін  ойлап 
табады.  «Отбасы»  өз  елтаңбасын  жасап,  девиз  құрастырады,  сонымен  қатар 
қоршаған  адамдарға  айтпайтын  отбасылық  құпиясын  ойластырады. 
Ойластырылған  материалдар  қағазға  жазба  немесе  сурет,  сызба  болып 


 
 
түсіріледі.  Қағазға  түсірілген  белгілер  әр  отбасында  жеке  не  жалпы 
орындалуын  отбасы  не  топ  мүшелерінің  еркінде  болады.  Топ  құрамында 
кеңес  берушіден  де  басқа  тағы  да  бір  ересек  адам  болса,  онда  олар  басқа 
әртүрлі  «отбасына»  тарайды.  Олар  кіші  балалардың  рольдерін  алуы  қажет. 
Бұл  жағдайда  қатысушылар  өз  бетінше  әрекет  етуді  және  шығармашылық 
белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді. 
Берілген  жаттығуды  аяқтаған  соң  әрбір  ішкі  топ  өз  «отбасын»  кезек 
бойынша таныстырады, келесіде «отбасына» нақтылайтын сұрақтар беріледі. 
Ескеретін жағдай, қатысушылар барысы отбасы құрамын таңдайтынын 
анықтау  қажет:  толық  не  толық  емес  отбасы  және  балалы  немесе  балалары 
жоқ т.б. Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. 
Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі 
мен  атасы  бар,  қатынастары  жақсы,  бір-  бірімен  ұрыспайды.  Студенттерге 
отбасылық  проблемалар  туралы  түсініктері  аз  болғандықтан,  жетекші 
көмектеседі.  Көптеген  ұсыныстардан  қатысушылар  бас  тартады,  тек  бұл 
мәселелер  уақытша  болса,  оңай  шешілетін  болса  ғана  келіседі.  Жаттығуды 
орындап  болғаннан  кейін,  бірден  келесіні  жүргізу  қажет.  Өйткені  отбасы 
қандай да бір уақыт аралығында құрылы, «өмір сүрді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет