Жарық көрген ғылыми еңбектер: диссертациялық жұмыс тақырыбы
бойынша барлығы 12 ғылыми жұмыс жарық көрген. Оның 3-уі ҚР БжҒМ Білім
және Ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 1
мақала Scopus базасына енген ғылыми журнал басылымында, 5 мақала
халықаралық конференциялар материалдары жинақтарында, 2 мақала алыс-
жақын шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында жарияланып,
1 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі дәлелденіп,
ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші
идеясы, теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен
базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен
теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі,
мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі көрсетілді.