Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет37/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Мәдениеттанымдық  тұғыр  –  студенттердің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастыруда  мәдени  құндылық  іліміне  сүйеніп,  нақты 
ғылыми  әдіснама  ретінде  таным  мен  педагогикалық  іс-әрекеттерді  қайта 
құруға  немесе  өзгерістер  енгізуге  бағыт-бағдар  береді.  Мәдениеттанымдық 
тұғыр 
арқылы 
студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
құрылымдауда  мәдениетпен  объективтік  байланысы  негізінде  студенттің 
мінез-құлқындағы  құндылықтар  жүйесін  зерттейді.  Өйткені  адам  мәдениет 
арқылы  дамығандықтан  сол  мәдениетке  жаңа  элементтер  енгізуге  үлес 
қосады.  Сонда  бұл  тұстағы  жаңа  элемент  мәдениетпен  байланыстағы 
болашақ  отбасын  құруға  құндылықты  негіздегі  даярлығы  және  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  игеруі  болып  табылады.  Сол  себептен,  адам 
мәдениет  құндылықтарының  жүйесін  игеріп  өзін-өзі  дамытса,  екінші 
жағынан,  отбасында  құндылықтарды  қалыптастыру  мәдениет  субъектісі 
болуға жағдай туғызады. 
Бөліп  көрсетілген  тұғырларды  талқылап  қорытындылауда  отбасын 
институт және  кіші әлеуметтік  топ ретінде қарастырылатын екі жағдайда да 
«неке» ұғымы, некедегі беріктік, ұлттық мінез-құлық және т.б. бірегей негізі 
болып қатысады.   
Е.В.Бондаревская ғылыми теорияларды кіріктіретін әлемнің құрылысы 
туралы  жаңа  білімдер  мен  ғылыми  қоғамдастықтың  басым  құндылық 
бағдарын  іздестіру  тәсілдерін  түсіндіретін  әдіснамалық  құрылым  ретінде 
тұлғалық  -  бағдарлық  тұғырдың  теориялық  негіздерінt  талдау  жасап,  білім 
беру  сапасының  қоғамдағы  мәдениет  дәрежесіне  сәйкес  болу  ұстанымын 
ұсынады [144].  
В.В.  Сериков  оқу  үдерісі  субъектілерінің  тұлғалық  қызметін  толық 
көрсету  және  дамыту  үшін  жағдайлар  жасау  қажеттілігін  ерекше  атап 
көрсетеді:  мотивация  (әрекетті  қабылдау  және  негіздеу),  байланыстыру 
(сыртқы  әсерлер  мен  ішкі  сананың  түрткілеріне  қатысты),  коллизиялық 
(өмірдің  жасырын  қайшылықтарын  көру),  сыни  (сырттан  ұсынылатын 
құндылықтар  мен  қағидаларға  қатысты),  рефлексивтік,  мағыналы-
шығармашылық,  бағдарлы  (дүниенің  жеке  бейнесін  –  жеке  дүниетанымды 
құру), ішкі дүниенің өзін-өзі реттеуін және орнықтылығын қамтамасыз ететін 
қызметтер,  шығармашылықпен,  жасампаздықпен,  өзінің  міндеттерін  жүзеге 
асыру (өзін айналасындығыларға мойындатуға талпыну), өзі талабына қарай 
рухани деңгейін қамтамасыз ету [145].  
Ю.Г.Королева  отбасын  құндылық  ретінде  педагогикалық  тұрғыдан 
талқылап  түсіндіруде:  біріншіден,  отбасының  тұрмыс  салтының,  дәстүрінің 


 
 
тәрбиелік және дамыту мүмкіндіктерін, отбасы тұрмысының қазіргі заманғы 
формаларын;  екіншіден,  жастарды  ерлі-зайыптылық,  ата-аналық,  туыстық 
құндылықтарға  қатыстырудың  тиімді  жолдарын  іздестіру  қажеттілігін 
айқындайды. [146].  
Г.Г.Силласте  отбасын  зерттеудің  үш  тұғырын  бөліп  көрсетеді: 
әлеуметтік, 
педагогикалық 
және 
экономикалық 
(экономикалық-
статистикалық). Оның пікірінше, әлеуметтік тұғыр базалық болып табылады, 
онда  отбасының  сапасы,  жағдайы,  ықпалы  әлеуметтік  бірлік  өлшемі  ретінде 
алынады [147]. 
Функционализмге  сәйкес  отбасы  беделінің  төмендеуі  қоғамның 
даралануы  мен  моралдық  азғындауына  сөзсіз  алып  келеді.  Қоғам 
тұрақтылығының 
негізгі 
шарты 
жеке 
талпыныстарды 
отбасының 
мұқтаждығына  бағындырумен  байланысты.  Отбасының  тіршілік  үрдісі 
тарихи  және  әлеуметтік-мәдени  факторларға  негізделген  белгілі  бір 
қызметтер  иерархиясы  арқылы  индивидтердің  қажеттіліктерін  жүзеге  асыру 
болып табылады.  
Осы  орайда  ғалым  М.П.Кабакова  өзінің  «Психологические  факторы 
стабилизации 
супружеских 
отношений 
в 
процессе 
совместной 
жизнедеятельности»  атты  диссертациясында  отбасы  мәселесіне  байланысты 
«отбасылық  инфантализм»  ұғымын  нақтылайды.  Оның  пікірінше, 
«...тұрақтандыруды  біз,  отбасының  өмір  сүруінің  барлық  кезеңінде  оның 
тұлғааралық  қарым-қатынастарындағы  және  отбасындағы  әр  жұптың  жеке 
тұлғасындағы  өзгерістерді  ескере  отырып,  іс  жүргізушілік  динамикалық 
сипаттамаларын  дамыту  мен  сақтауға  бағытталған  процесс  ретінде 
қарастырамыз»,  деп  түсіндіріледі  [148].  Біздің  пайымдауымызша, 
отбасындағы  жұптардың  динамикалық  дамуы  бара-барлықты  сақтауы  тиіс. 
Бұл  өз  кезегінде  отбасындағы  мүшелердің  немесе  жұптардың  рухани  білім 
қоры жағынан қоғам талаптарынан қалыс қалмауды көздейді.  
Сонымен  бірге  адамның  руханилығы  мәселесі  бойынша  ғылыми 
әдебиеттерге  жасалған  талдау  нәтижесінде  руханилықтың  қандай  да  бір 
аспектілерін  ашатын  және  мазмұнын  құрайтын  бірін-бірі  толықтыратын 
тұғырларды бөліп қарастыруға болады: 
1.  Кешенді  (онтологиялық)  тұғыр  (Н.К.Бородина,  Б.С.Братусь, 
В.П.Зинченко, т.б.). 
2.  Қажеттілік  -  ақпараттық  тұрғы  (П.М.Ершов,  В.С.Сериков, 
П.И.Симонов, т.б.). 
3. 
Белсенді  –  іс-әрекеттік  тұрғы  (М.С.Каган,  В.Г.Федотова, 
Г.Н.Филонов, т.б.). 
4.  Құрамында  рефлексивті-құрылымдық  элменттері  бар  этикалық 
тұрғы (Г.С. Абрамова, Е.И.Исаев, Б.Т.Лихачев, Н.Е.Щуркова, т.б.). 
5.  Көп  парадигмалы  тұрғы  (Е.В.Бондаревская,  Т.Кун,  Л.А.Липская, 
т.б.). 
Адамның  руханилығы  мен  адамгершілігін  зерттеуде  бұл  аталған 
тұғырларды жеке-жеке қолдану мүмкін емес, өйткені, ғалымдардың адамның 


 
 
руханилығына  қатысты  көзқарастары  тұрғылардың  әрқайссында  өзара 
ұштасып, қиылысады.  
Ғалымдар  отбасылық  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  қатысты 
көптеген  теориялар  мен  көзқарастарды  бөліп  көрсетеді.  Ең  бастысы 
гуманистік  рухани-адамгершілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар  болып 
табылады,  олар:сүйіспеншілік,  жақсылық,  ата-ана  болу,  жауапкершілік, 
рухани бірлік, қайырымдылық, парыз; бұлардың барлығы адамның тұлғаның 
ішкі  қасиеттеріне,  адамның  игілігі  мен  жер  бетіндегі  өмірге  бағдарланған, 
отбасылық 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарды 
қалыптастырудың 
құрушылары болып табылады. 
Р.Хили  бойынша  отбасының  құрылымдық  сипаты  бес  тәсіл 
тұрғысынан  ашып  көрсетіледі:  институционалды  –  тарихи  көзқарас 
(эволюционизм); құрылымдық-функционалдық; интеракционалистік – рөлдік 
талдау  (символикалық  интеракционизм);  ситуациялық  –  психологиялық 
көзқарас; дивелопменталдық көзқарас (отбасының өмірлік циклінің дамуына 
негізделген) [149]. 
Отбасылық  құндылықтар  кешенді  феномен  ретінде  әртүрлі  ғылым 
тұрғысынан қарастырылады. Философияда құндылықты түсінудің екі тұғыры 
қалыптасқан:  объективтік-абсолюттік  (И.Кант,  В.Виндельбанд,  Г.Риккерт); 
субъективтік – релятивтік (Р.Б.Перри, Дж. Дьюи). 
Бүгінгі  таңда  қалыптасқан  тәжірибеге  сүйене  отырып,  отбасының 
құрылымын, мазмұнын сипаттайтын тұжырымдамалар да баршылық екендігі 
айқындалды. 
Осы  орайда,  зерттеуімізде  отбасының  мәні  мен  құрылымы  жөніндегі 
әртүрлі 
тұжырымдамаларға 
сүйене 
отырып, 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарды  қалыптастырудың  әдіснамалық  негіздерін  анықтаудың 
тұғырлары айқындалды (6 - кесте). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет