1- тренинг. Менің отбасым: бүгін және болашақта
Тренингті өткізудің мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну
және қабылдау; жыныстық-рөлдік идентификация, қарама-қарсы жыныс
өкілімен қарым-қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым-қатынас,
отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру, салт-дәстүрлерді
дәріптеу.
Тренингті жүргізуге нұсқау: Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен
қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын
анықтай біліп, ата-аналарға деген қарама-қарсы сезімдерін айыра білу өте
маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет:
отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын
жетілдіру; этностық өзіндік сананы арттыру; отбасының жүйелік табиғатын
түсіну; дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы
түсінік алу; өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін
жетілдіру; өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым-қатынас ерекшеліктерін
түсіну; өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
Достарыңызбен бөлісу: