Нивелир және нивелирлік рейкалар Орындаған: Машиков О. А Тексерген: Қуанышбек Т. К Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау.
Нивелирлеудің түрлері:
- геометриялық нивелирлеу - өзара биіктік горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады.
- тригонометриялық нивелирлеу - өзара биіктік көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және теодолит аспабының көмегімен орындалады.
- гидростатикалықнивелирлеу - өзара биіктік өзара байланысқан ыдыстағы сұйық бетінің бір деңгейінде тұруына негізделген.
- барометрлік нивелирлеу – нүктелердің арасындағы өзара биіктік сол нүктелердегі атмосфералық қысымдардың айырмашылығына негізделген.
- механикалық нивелирлеу – аспаптар арқылы жердің профилі автоматтты түрде жазылады.
Нивелир құрылысы
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі:
нивелирмен — топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу;
бұрыш өлшеуіш аспаппен — геодезиялық немесе тригонометриялық нивелирлеу;
барометрдің көмегімен — барометрлік нивелирлеу.
Нивелирлік биіктік
Нивелирлік биіктік —жер беті нүктесінің нивелирлеу әдісімен анықталатын биіктігі. Геометриялық нивелирлеу нәтижесінде нивелир сызығының бойымен алынған бір-біріне жақын орналасқан екі нүкте арасындағы биіктіктер айырымымен анықталады.
Нивелирлік рейкалар
Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (24 сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3–4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2–3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең.
Рейканың төменгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.
Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері 1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2 мм-денаспауы тиіс.
Техникалық нивелирлеу
Техникалық нивелирлеу 1:500–1:5 000 масштабтардағы Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатымен, сондай-ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады.
Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзьндығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады.
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады:
1) артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу;
2) алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.
Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс:
1) артқы рейкадан есептеу;
2) алдыңғы рейкадан есептеу;
3) нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық шамаға өзгерту;
4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу; 5) қайтадан артқы рейкадан есептеу.