Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»


АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІН ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ



бет11/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
3. АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІН ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ


3.1 Мектеп оқушыларын оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері
Жеке тұлға - тірі организм ретінде тану және білу субъекті, дүниені қайта жасаушы. Ал диалектикалық материализм тұрғысынан «адам сол қоғамдық барлық қарым-қатынастың жиынтығы» деп үйретіледі. Жеке тұлға туралы ұғым, оның ерекшеліктеріне тән жеке қасиеттері арқылы сипатталады. Адамның жас ерекшеліктері деп отырғанымыз, психикалық құрылысы, мінезі, интеллекті. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріне жататындар: мінезі, темперамент, қабілеті, сезімі, сондай-ақ психологиялық процесстердің ерекшеліктері. Отбасы, жағдайында жақындарымен қарым-қатынаста, оқу-тәрбие процесінде, тікелей өмір тәрбиесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Психология ғылымында баланың айналадағы болмысты ойыншықтар арқылы түсінуі мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі өзінен-өзі немесе нерв жүйелерінің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие және ойын барысында іске асады. Оқытушы өмірдегі барлық материалдық және рухани байлық ойыншықтарды үлкен адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып жүргендерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді [26]. Міне, бұл адамзаттың даму тарихынан келе жатқан тәрбие ұғымы, олай болса, ол тәжірибе сімен, өмірімен, шежіресімен байланысты атадан балаға тарап келе жатқан процесс. Педагогтардың айтуынша әр түрлі іс-әрекеттер бар: танымдық, еңбек, өнер, қоғамдық, спорттық, соның ішінде ойын әрекеті бастауыш мектеп өмірінде маңызды орын алады. Бүгінгі таңдағы мектептерде, ғалымдар балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін міндет етіп койып отыр. Біздер осы мәселелердің «ойын», «ойыншық», «ойыншық түрлері» түсініктерінің керектігін айтуды жөн көрдік, сондықтан да жаңа мәселенің теориялық мәнін анықтау қажеттігі туындап отыр. Біріншіден, ойын әрекеті шығармашылықпен байланысты, екіншіден жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жан-жақты дамытады. Бүл қасиеттер әр адамда әртүрлі, жеке тұлғаның психикалық қалыптасуы белгілі бір қоғамдық тәрбиенің әсерінен болады. Әр баланың психологиясы, физиологиялық тұрғыдан даму, жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, ойын процесінде тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын соған сәйкес ұйымдастыра білу бағдарламасын жасау. Жеке бастың дамуы үшін қажетті жағдай - ұжымдағы ойын үшін жасалатын еңбек. Мысалы, біздің қоғамымызда әр адамның жеке қабілеті дамуына толық жағдай жасалған. Аудандардың өндірістік қатынасында түбірлік өзгеріс болып отырған тәуелсіз мемлекетте адамның жеке басының жаңа психологиялық жеке ерекшеліктері қалыптасып отыр. Олар мысалға кандай дейтін болсақ? Ойын әрекетіне деген көзқарас, қоғамдық белсенділік, өзара көмек, шығармашылық ойлау т.б. ІБалабақшада: «Адам-адамға дос және жолдас» деген сөздер арқылы балаларды ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелейміз. Балалар арасында ерте басталған қарым-қатынас барған сайын біртіндеп күрделене түседі. 6-7 жаста балалар көбіне бірігіп, шағын топ болып қосылып ойнайды. Егер тәрбие жұмысы дұрыс ұйымдастырылса, олар бір-бірімен жақындасып, достасып кетеді. Балабақшада бірігіп ойнау, еңбек ету, сабақ, серуен кезінде тәрбиеші жеке балалардың ғана емес, сонымен қатар тату балалар ұжымын тәрбиелейді. 8-9 жастағы бала көпшілік ойындарға қатысады. Мұнда бірлесіп ойнаудың жеңілге түсінетінін ұға бастайды. Мысалға «Светофор» оқыту арқылы ұжым болып ойнайды диафильм көріп болған соң «бәрі бірлесіп» - деп мұғалім ұжым күшін баса айту керек. 10-11 жасар балада жауапкершілік сезімі басым, жолдастарына қолайсыз нәрсе жасаудың ұят екенін бала түсінеді. Мысалга «Басқа баладан ойыншықты тартып алуға болмайды», «ойыншықпен бірлесіп ойнау керек», - деген сияқты өзіне-өзі талап қояды. Бұл жаста балалар арасында достық қарым-қатынас анағұрлым нығаяды. Досына қамқорлық жасайды. 12-13 жаста ұжымдық сезімі бұдан былай да дами түседі, әсіресе ойында бір-біріне өзара көмектеседі, келіспей қалушылық болса, бірігіп шешеді, сондай-ақ балалар арасындағы достық анағұрлым нығаяды, ондай достық кейде мінез ерекшеліктеріне сәйкес келмесе де бола береді.
Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп (таным белсенділігі артып) алған білім-машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеу (шығармашылық белсенділік) ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі [27]. Соныменен, ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Мұғалім бұл мақсатта халық мұраларын, көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады. Солай еткенде бала өздігінен ойын ойнағанда мұғалімнің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Сонымен бірге мұғалім, ата-ана адамгершілік қасиеттерді кешенді, жүйелі түрде қалай тәрбиелеймін деп қиналатын кезендері болады. Сондықтан біздер бағдарламамызда жағымды адамгершілік қасиеттердің шамамен бірнешеуін топтастырып ойын процесін өзегінен туындайтын «Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» бағдарламасын жасадық. Төменде «Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» бағдарламасының мазмұнына тоқталамыз. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады. Мысалы, болып жатқан жағдайлар баланың ішкі мүмкіндігін қанағаттандырмайды. Жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылықтың рөлі ерекше. Организмнің анотомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты. Ортада адамның дамуы - күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар олардың көп кырлы іс-әрекеттері. Оның даму процесі жас сәби дүниеге келген күннен басталады. Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі адамның сан алуан қажеттілігі. Адамның сан алуан қажеттіліктері сол қоғамның, ұжымның қажеттілігі ретінде сәулеленеді - бұл объективтік қарым-қатынас[28]. Объективтік қарым-қатынас субъективтік белгілер арқылы сәулеленеді, оның сезімі, мінез-құлқы арқылы байқалады. Жеке тұлғаның дамуындағы, коғам және ұжым орасан зор рөл атақарады. Мектепте білім беру мен тәрбиеленудің тиімді әдістемесін жасау жұмысы балалардың физиологиялық және поихологаялық қабылдау ерекшеліктерін олардың психикасының даму заңдылықтарын ескерумен жүргізілетіні белгілі. Ал, өз құрбыларымен қатынаса келсе, олардың байланысты түрлі дәрежеде болып келетіні байқалады. Баланы құрбыларымен достастыратын іс-әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын). Мәселен, баланың ойын кезінде көңіл-күйі сергіп, белсенділігі артады. Өзін көрсеткісі келеді. Екіншіден, ойынға құштарлығы қанағаттандыру үшін құрбыластарымен достаса бастайды. Осындай ойын сәттерін бақылау кезінде құрбылас балаларымен неліктен тату дос болатынын сұрасаң, достық, жолдастық мағынасын әлі саналы түсінбейтініне көз жеткізесің. Құрбысының мінезі, қылығының қандай жағы сүйкімді, жағымсыз әрекеті қандай екендігі туралы талдап айта алмай, тек ол ренжімейді, ойынды бірге ойнаймыз, - деп жауап береді. Қ.Жарықбаев өз еңбектерінде дағды автоматтанып, әдетке айналатыны еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық- дағдыларға (беті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады. Балаларға әдеби шығарма мазмұнын, идеясын, тіл көркемдігін, саналы меңгерту аса күрделі педагогикалық процесс. Бұл мәселенің ішкі сырын бала үлкеннен тыңдап, ойын-жаттығу көріністері арқылы сезініп түсінетін болады. Сондықтан да психолог-ғалымдар жинақтау, салыстыру, жалпылау сияқты акыл-ой әрекеттеріне аса күш салмай ұғындыруға баса назар аударып, әрбір шығарма бала жасына лайықты болуын қатаң ескертеді. Психологиялық тұрғыдан балаларды дағдыландыру, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету жұмысының өзіндік сипаты бар. Бұл орайда балалардың жеке басының қасиеттерін (қиялдау, қабылдау, ойлау қабілетін, зейін) дамытудың маңызы зор. Бірақ, біздің байқауымызша, баланың жақсы болып дамуында бұл заңдылықтар ескеріле білмейтіндігін байқадық.
Осыларды дәледеу үшін 6-7 жастағы балалар өмірінен мысалдар келтірейік: «Ерік 7 жаста. Ата-анасы жоғары білімді, мәдениетті жандар. Отбасында Ерік жалғыз бала. Дене құрылысы және ақыл-ой жағынан Ерік жақсы, кемшілігі жоқ, сабаққа белсене қатынасады, бірақ сабақ үстінде үнемі тыныш отырмайды. Мұғалім кетісімен ережені бұзып, ол ескерту жасалғанда жедел дұрыстала қалады». Бұдан Еріктің қоғамдық ұжымдарда мінез-құлық тұрақсыз екені дәлелденеді. Сондықтан, адамгершілікке тәрбиелеудегі бағыттар дұрыс жолға қойылуы керек. Бұл зерттеулеріміз бойынша, ол мүмкіндіктерді жасауға болады. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешуде үш бағытты біріктіретін басты идея адамгершілікке баулу идеясын басшылыққа алдық. Адамгершілік тәрбиесі баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұзақ процесс. Сондықтан, осыған орай біздер әр баланың жеке басында ақыл-ой, еңбек, халқына, отанына деген сүйіспеншілік, әділдік тәрізді сапаларды зерттеу жұмысымызды үлгі ретінде қалыптастырамыз. Бұл сапаларды тәрбиелеуде ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындауда бастауыш сынып оқушыларының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне талдау жасаймыз. Осы кезеңнің ішінде қажетсіну едәуір даму жолынан өмір сүруі жалғастыру үшін қанағаттандырылуы қажет органикалық қажетсінулерден әлеуметтік қажеттіліктерге (қызметтегі, қарым-қатынастагы) дейін өтеді, бұлардың негізіне баланы қоршаған болмысты бағдарлай білуге, оны зерттеуге деген талап алынады. Бұл кездегі аса маңызды мүдде - балалардың білуге құмарлығын дамытуды қамтамасыз ететін таным мүддесі.
Мектеп жасындағы балалық шақта іс-әрекеттің белгілі түрлеріне (сурет салуға, ән айтуға және басқалары) бейімділік, балалардың арасында болуға немесе жеке әрекет жасауға талаптану, қойылатын талаптарға бағына білуі немесе олармен санасқысы келмеуі және т.б. жеке-дара ерекшеліктер біліне бастайды. Мектеп жасындағы балалық шақтың соңында баланың бойында оның мектепке баруға әзірлігін айқындайтын біршама әлеуметтік тәжірибе мен білім жинақталады. Бастауыш мектеп оқушысы мектеп табалдырығын енді ғана аттап, бірінші сыныпқа келген оқушыдан мектеп өмірінің күн тәртібі мен ритмін жақсы игерген, мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқан, ұжымдық. Бұл кезде ақыл-ой күші тез дамып, дене, адамгершілік және эстетикалық даму одан әрі жалғаса түседі. Бастауыш мектепке оқыту мен тәрбиелеу барысында таным мүдделері едәуір түрде дамиды. Баланың мектепке келгендегі танымға деген орасан зор мүддесі бетіне басу мен жаман бағалардың салдарынан тежеліп қалмай, тиісінше қуатталып, онан әрі дамуы мұғалімге, ол қолданатын оқыту әдістері мен оқушылардың табыстарын бағалау тәсілдеріне байланысты. Бастауыш сынып оқушысы бұл жаста өнердің жеке түрлеріне - сурет салуға, музыкаға, биге, білімнің белгілі салаларына - математикаға, тілдерге деген бейімділік пен нышандарын айқын білінуі мүмкін. Оқытудың әсерінен оқушылардың дербес білім игеру, түрлі оқу материалдарымен жұмыс істеу үшін қажетті бірқатар іскерліктер пайда болады. Қарым-қатынас жасау қажеттілігі күшейеді, жеке балалардың арасында айқын белгіленген достық пен жолдастық қарым-қатынастар талғампаз. Олардың негізінде достық байланыстар орнатуға көмектесетін (немесе қолайсыздық жасайтын) мысалы, үйірсектік, белсенділік, қайырымдылық немесе тұйықтық және т.б. белгілі даралық сипаттар мен белгілер жатады [29]. Адамгершілік сапаларын анықтайтын тәрбиенің көзі балалар арасындагы өзара достық қарым-қатынасты дамыту болып, табылады. Қарым-қатынас деп белгілі бір мақсатқа бағытталған үздік процесті айтамыз. Ол бірнеше индивидтер іс-әрекетінің өзара сәйкес келу міндетін шешеді. Қоғамдық тарихи тәжірибе сияқты жеке бастың дамуында да адамдардың бірлескен қызметі қарым-қатынастың бастапқы түрі болып табылады. Мәселен, Т.А.Маркова «Достық қарым-қатынас» деген ұғымның мазмұнын қарастыра отырып, кейбір жекелеген балалар арасында болатын жеке ұнатпаушылыққа ерекше мән береді. Р.И.Жуковская өзінің зерттеу жұмыстарында ойын баланың сезімін калыптастыратындығын дәлелдеп берді. Балалар ұжымының дамуы - кайшылығы мол процесс. Достық арқылы баланың жеке қасиеттері байқалады, достық қарым-қатынас әр баланың жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер етеді. Балалар бір-бірінен түрлі әдет-қылыққа үйренеді. Мысалы, тезірек киіну, ойында озып шығып бірінші кезек алу және т.б. Психолог Д.Б.Эльконин «Балалар психологиясы» деген еңбегінде достасуға үйрету керектігін айтады. Әрине, мұғалім қай баланың кіммен дос болуына жоспар жасай алмайды, дегенмен оған жағдай жасайды, дайындайды деп айтып кеткен болатын. Сонымен біздер балалар ұжымының, олардың арасындағы адамгершілік карым-қатынастың дамуы үшін қажетті мына жәйттерді байқадық:

  • ұжымдық қызметкерлерінің арасында жолдастық қатынастар болуы кажет. Оған балалар еліктейді.

  • ересек адамдардың балалармен сыпайы қарым-қатынас

жасауы.

  • науқастанып келген балаларға деген сезімталдық және т.б.

Міне, осындай тәрбиелік мәні бар жұмыстар арқылы балалар арасында достық қарым-қатынас дамиды. Жеке бастың дамуы үшін қажетті жағдай - ұжымдағы және ұжым үшін жасалатын еңбек. Еңбекке деген көзқарас, гуманизм, өндірістегі белсенділік, өзара көмек, шығармашылық ойлау және т.б. Ғылыми педагогикалық тұрғыдан баланы ұжымда тәрбиелеу мәселесінде кезінде көрнекті педагог ерекше мән берген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко да ұжым мен жеке тұлғаның дамуындағы жоғарыда айтылған міндеттерге назар аударып, бұл белгілердің дамуы үшін ұзақ уақыт, көптеген жаттығулар мен дағды, керектігін ұсынады. Жас балаларды ұжымга тәрбиелеуде, оның мақсатын Крупская өзінің «Жаңа жолдарды іздестіру» деген еңбегінде қоғамдық тәрбие, қоғамдық инстинкттерді, қоғамдық саланы және қоғамдық дағдыны тәрбиелеуден құралады деп көрсетеді. Сонымен, баланың бақшаға келіп тәрбиеленуі одан кейін мектепте тәрбиеленіп жалғасуы оның бүкіл өміріне әсер етеді. Мұғалімнің осы ардағы мақсаты баланы ұжымға енгізуге көмектесу. Соныменен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің әсерінен жаңа дәуірдің жас азаматының мінез-құлқы қалыптасады. Сондықтан біздің қоғамда бұған мүмкіндік жасауға әбден болады. Себебі қазақ ғалымдарының шығармашылық еңбегі, жаңалықтар ашуы, ақиқат үшін ерлік көрсету, жыл санап өрлеу үстінде өмір сүреді. Осының бәрін бастауыш сынып оқушылары толық түсінбегенмен сезінеді, ұжымда тәрбиеленеді. Одан балалар ұжымының құдіретін, қуанышы мен қайырымдылығын көреді. Адамның адам туралы қамқорлығын, жауапкершілігін ұғына бастайды. Бұлар - ұжым мен жеке адамның рухани өміріндегі идеялық-азаматтық бастама болып табылады. Олай болса, әсіресе 6-7 жастағы балалардың ұжымдық сезімі дами түседі, оір-біріне өзара көмектеседі, келіспей қалушылық болса, бірігіп шешеді, сондай-ақ балалар арасындағы достық анағұрлым нығаяды, ондай достық кейде мінез ерекшеліктеріне сәйкес келмесе де бола береді. Бірінші сынып оқушылары бәрінен де бұрын жақсылық, ізгілік, сергектік, әділеттілік жөніндегі түсініктерді ұғынып алуы, оларды бір-бірінен айыра білуге үйренуге тиіс. Бұл қасиеттерге бір-бірімен өзара байланысты, мәселен, жақсы адам әрқашанда сергек, ықылас-ілтипат білдіргіш, әділетті адам сөзсіз сергек, елгезек келеді. Баланың өмірде адамгершілік қасиеттерінің көрінісін байқап, жақсыны жаманнан, әділеттілікті әділетсіздіктен, жолдасқа көрсетілген шын көмекті жалған көмектен айыра білуге үйрету маңызды. Екінші сынып оқушылары мінез-құлық, адамгершілік білімдері жөнінде біраз тәжірибе жинақтайды, олар ненің жақсы ненің жаман екенін түсінеді, алайда олардың мінез-құлқында өзімшілдік, қайырымсыздық, ара-тұра катыгездік жиі-жиі байқалып тұрады. Баланың адамгершілік жағынан дамуында ауытқи бастағанын аңғаруға және балалардың мінез-кұлқын түзетуге ата-аналарға көмектесу маңызды. 3-4 сыныптарда барлық пән бойынша оқу материалының көлемі ұлғаяды, үйге берілген тапсырмалардың саны артады. Балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне қойылатын талаптар барған сайын күшейе түседі. Оқушылардың дүниетануға деген қызығушылығы дамиды, белгілі бір дәрежеде оқытылып отырған пәндердің жекелеген түрлеріне деген қабілеті мен бейімділігі айқындалады. Балалардың оқу үлгерімі әркелкі болады. Сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасындағы қалыптасатын қарым- катынастар стилінің орасан зор тәрбиелік маңызы бар. Бұл жастағы оқушылар педагог пен өздерінің арасындағы қарым-қатынастарына талдау жүргізіп, оларды өздерінше бағалай алады. Педагогтың балалармен қарым-қатынас жасау стилі сабақтың қолайлы немесе қолайсыз өтуіне микроклимат туғызады, шәкірттің оқу қызметінің дұрыс өтуіне әсер етеді, оқушының көңіл-күйін жиі анықтайды, оның қуануына, өкінуіне, қорқыныш күйіне түсінуге тура келеді. Сабақ үстінде балалар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастар ең жоғары адамгершілік қарым-қатынастар типі бойынша құрылуының, бұл қарым- катынастардың балалар арасында да үстем болуының маңыздылығы да міне, осында [30]. Әрбір сабақта мұғалім балалардың бір-бірінің жетістіктеріне көңіл аудара білуіне, өзара қарым-қатынас жасауға, бір-біріне көмектесуге, өздерінің және өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне дұрыс көңіл аударатындай, балалардың өзара қатынастарын қалыптастыруға бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім әртүрлі әдістер пайдаланады. Мысалы, сабақтарда сынып жолдастары орындаған тапсырмалар баға қою тәжірибеге енгізіліп жүр. Осы мақсатпен мұғалімнің көмекшілері балалардың тапсырмаларды қалай орындағандары жайлы хабарлайды. Мақтауға тұрарлықтай болса, онда олардың есімдері міндетті түрде аталынады. Тапсырманы тексерудің мұндай әдісі балалардың өздерінің ісі үшін, бүкіл ұжым үшін жеке жауапкершілігін арттырады. Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектепті 1-3 кластары). Баланың психологиялық дамуындағы оның рөлі балабақшадан оастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының рөлі қай қоғамда болмасын жасөспірім ұрпақты тәрбиелеу ерекше қамқорлықтағы міндет болып табылады. Отбасы - неке немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Қоғам мен бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы тәрбиесі - ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық тәрбиемен ұштас отбасындағы бала тәрбиесі, отбасы өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үзіліссіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңында (1999 9 тарау). Мәселен, 62 бабында «бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің кабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын камтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады» - деп көрсетілген. Отбасы тәрбиесінің табысқа жетуі мемлекеттік тәрбие мекемелерінде, огбасында және жұртшылық арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық тәрбиенің тәрбиелік ықпалының бірлігі мен үйлестілігіне байланысты.
Бұл кәрліктің негізгі - жан-жақты және жарасты дамыған, қоғамға пайдалы. Отанға берілген азаматтар қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет пен отбасы мүддесінің толық сәйкес келуі. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдамаларға тәрбие жұмысының басты қағидаларының бірі болып табылады. Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік рөлі мынаған байланысты: баланы тәрбиелеу өз қатарларының ұжымында жүзеге асырылады, бала онда коғамдық мінез-кұлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді, ондағы тәрбие ғылыми негізделген сипатта болады, арнайлы құрылған педагогикалық ортада өтеді және кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлін мойындау баланың жеке басын қалыптастырудағы отбасының орасан зор маңызын тіпті де кемітпейді. Отбасы - қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді; бұл шағын әлеуметтік топ - бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана оның бірінші ұстазы және тәрбиешісі, жаңа қалыптасатын жеке адамға оның
ықпалы күші айрықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың перзентіне деген қамқорлығы болып табылады. Осы сүйіспеншілік сезімінен, олардың артықшылығы мен беделін мойындаумен, барлық нәрсе де солардан өнерге алуға, солар сияқты болуға ұмтылумен жауап қайырады, отбасы әсерінің күші баланың тәрбиесін ықпалға көнгіштігіне, оның еліктегіштігіне байланысты [31]. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді, жұмсақтықты, аялауды баланың мүмкіншілігін, әсіресе жасын ескеретін қатаң дәйекті талапкершілікпен ұштастыра білуде. Демек, Макаренко ата-аналарға «баланы қалағаныңызша еркелетіңіз, калжындаңыз, ойыныңыз, бірақ қажет болған кезде қысқа, бір-ақ рет тәртіп бере біліңіз» - деп кеңес береді. Олай болса, ата-ананың балалармен қарым-қатынасты сабырлылықты, салмақтылықты, жылы жүзділікті шешімділікпен, іскерлікпен ұштастырылатын болуға тиіс. Балаға дұрыс қарау дегеніміз - бала өзін кішкентай, әлі өмір тәжірибесі, білімі аз болғанымен, оны адам деп құрметтеу, оның ересектер назарына болу, олармен қатынас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру құқысын қадірлеу деген сөз. Дегенменен, әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата дәстүрі болады. Сонысымен бірге, жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Олар мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамаған, ата, әже, әпке, көке, тәте деп сыпайы карым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітуі, үлкеннің тілін кішінің алу, тілалғыш, қолқанат болу, ол отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы болады. Әрқайсысың өз шама-шарқынша іс атқаруы. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен апалардың ісі болып саналған. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкемен аталардың рөлі ерекше. Әке үйелменнің басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге болатын нысанасы. Қонақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса; «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Жас кәрінің көзі, кәрі - жастың тезі», «Ата - балаға сыншы» деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған. Отбасында әкелері немесе апалары өз өнерлерін балаларына үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы, құсбегі немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, икемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеген, мысалы, Абай Құнанбайұлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын- жазушылардың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрі мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап, көп білуі мен аталарыңның әсері екені сөзсіз. Бүгінгі тәрбие мәселесі тәрбиенің әдістерін, амал-тәсілдерін зерттеу ғана емес, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықты, адамгершілік ереже нормаларды, қасиет сапаларды жаңа қоғамның экономикалық орта жағдайында, өмір сүру барысында, ойын процесінде басшылыққа алуы өзекті мәселенің бірі. Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың елін, жерін сүйетін, адамгершілігі мол, білімді, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын басты тәрбие құралымыз-ұрпақ тәрбиесінің діңгегіне айналған ғалымдарымыздың тандаулы туындылары болмақ. Олай болса, зерттеулерге алынып отырған проблема оқу-тәрбие процесінде Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық негіздерін қарастыру, оның жолдарын, түрлерін қалыптастырудың жүзеге асырылуына себепші болатын ғылыми-әдістемелік нұсқау көмекші құралдар ғылыми мәнді де мазмұнды мақалалар дайындау ісі де автордың ғылыми жұмыстарынан орын алған. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде адамның барлық іс-әрекетіне, оның ішінде ойын әрекетіне, барлық мінез-құлқына, тәртібіне, оның адамдарға, отанына, еңбекке, қоғамдық мүлікке қарым- қатынастың дұрыс болуына Оқыту арқылы бағыт беріп және сілтеп отыратын тәрбие. Қазақтың халық ойындарының тәрбиелік мәні өте жоғары, ол ойындарда қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар және халықтың тұрмысы бейнеленген[32].
Қорыта келгенде, қолайсыз жағдайларды болдырмас үшін ата-аналар өз балаларына көп көңіл болу керек, Оқыту арқылы адамгершілік тәрбиесіне жас ерекшеліктерін есепке ала отырып талап қою. Бұл әрине, әр ата-ананың борышы, одан қалса мұғалім, тәрбиеші, ересектердің міндеті, ол үшін мәдениеттілікті, еңбек этикасын, тактиканы (әдептілікті) мұғалім, тәрбиеші, ересектердің өздерінен сұрау қажет. Содан кейін барып, баладан талап ету жөн.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет