Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері



бет12/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.

Жүргізілген педагогикалық тәжірибені айқындау, белгілеу экспериментінің нәтижесі төменгі сынып оқушыларының ойын туралы және адамгершілік қасиеттер туралы үғымдарының, түсініктерінің төмен екенін көрсетті. Біздің байқау жүргізген сыныптарда оқыту арқылы адамгершілік қасиет сапаларды тәрбиелеуге баса назар аудармайтыны байқалды. Қорыта келгенде, тәжірибелік эксперименттің барысында «Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» бағдарламасы төменгі сынып оқушыларының бойында оқыту арқылы адамгершілік қасиет сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайтынын дәлелдедік. Оқушылардың психологиялық ескерту керектігі негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдыларына ерекше мән бердік. Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып, Оқыту арқылы адамгершілік тәрбие берудің негізі деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырдық. Осыдан оқушының өз жолдастарымен, құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда ойын түрлерін әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты ойын әрекеттерін педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық. Осыны ескере отырып, мұғалім адамгершілік қасиет-сапаларды оқыту арқылы тәрбиелеуде бала ұғымына сай арнайы тапсырмаларды іріктеп ала білді.
Бағдарламаның мақсаты:

  • ойын процесінде адамгершілік қасиетін дамыту;

  • Оқыту арқылы дүниетанымын кеңейту;

  • қарым-қатынас мәдениетіне үйрету;

  • парасаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеті:

  • моральдық бағдар ала білу қабілетін ойын процесінде қалыптастыру;

  • адамгершілік сапасын, шығармашылық белсенділігін ойын барысында қалыптастыру;

  • ойын үстінде адамгершілік міндетін сезіну, жауапкершілігін түсіну;

  • балаларды ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде алуан түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білу. Бағдарлама мазмұнының ерекшелігі: біріншіден, ойын процесінде адамгершілік қасиеттерді және екіншіден, оқушының жеке басына қойылатын моральдық талаптардың жүйесін алдын-ала дайындауға бағытталған. Баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуді оның жеке басын сыйлаумен, жеке мүмкіншілігін ескере отырып, белгілі талаптар қоюмен үйлестіру керек. Мұғалім баладан нені талап етуді, не үшін талап етуді және сол талабы бойынша тәжірибеге қалай жетуді көз алдына ойын елестетуі қажет. Койылатын талап бала орындай алатындай болуы керек [33]. Мұғалім балалардың бір-біріне деген мейірімділік, татулық, ұжымдық бірлік, өз мүддесін ұжым мүддесіне багындыра білу сезімін тәрбиелеуді алдына міндет етіп қойды делік. Әр баладан ойын барысында инициативалық пен дербестіктің байқауын көздей отырып, жас ерекшеліктері, мүмкіндік мүдделері еске алынады. Не пайда, не зиян екенін бала алдын ала болжай алмайды. Сондықтан оның мазмұнын ажыратпас бұрын бала тәртіпке үйретіледі. Сондықтан отбасы мен мектепте тәртіп бірден саналы сипат ала алмайды. Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олар ұйымдастырушылық шеберліктің - жоғары деңгейіне жетіп, ойынды өз беттерімен ұйымдастырумен бірге, ұжымда калыптасқан тәртіп ережелерімен мінез-құлық нормаларын сақтауға дағдыланады. Әрбір ойын мүшесі ұжым алдындағы жауапкершілікті сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, онда мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, көркемөнер үйірмесінің белсенді мүшесі, спорттық ойындар мен жарыстардың озат қатысушысы бола алады. Сол себепті де біз балалар ойынын мектеп алды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие құралы етіп алып отырамыз. Демек, балалар ойынын адамгершілік әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық, көзқарас жүйесін орнықтыру болып табылады. Ал, бүл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әрекетіне сүйіспеншілігін арттыруға саяды. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру балалардың адамгершілік тәрбие компоненттері мен ойын туралы таным -түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға, үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітуге бағытталады.

Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен көзқарастарын, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт-дәстүрдің айрықша алатын орны жайлы қазақ халқының тұңгыш этнограф ғалымы Ш.Уалиханов, көрнекті ағартушы - педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулдатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көрсетілумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдарда әр қырынан ашылған. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс» деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне тоқталады [34]. Мектеп жасына дейінгі балалрдың сөздік қорының даму ерекшеліктерін зерттеген ғалым Б.Баймуратова зерттеу нәтижелері негізінде 2-7 жасқа дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетін біртұтас сабақтастықта қарастыра отырып, «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің негізін жасады». Б.Баймуратова балалардың тілін дамыту мәселесін адамгершілік және эстетикалық тәрбиелерімен тұтас қарастырған.
Мектеп алды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланың мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекеті қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйеледік:
Мазмұнды-бейнелі ойын: отбасы, балабақша, аурухана, мектеп,
ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл-қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, ботақан, соқыр теке, жырадағы касқыр, жерден биік, су, ауа, жер;
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, түсті лото, тігін шеберханасы, дәл тауып айт, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, түкен, көршілер, аралар, телеграф;
Кұрылыс ойындары: лего және басқа конструкторларды пайдалану;
Спорттық ойындар: футбол, валейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
Драммалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған
ертегілер, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Мектепке барғаннан кейін балалардың негізгі әрекеті оқу болады, бірақ ойын бұрығысынша олардың өмірінде кең орын алады. Н.К.Крупская ойын мінездің байқампаздық, ептілік, ұстамдылык және басқа да қасиеттерін тәрбиелейді деп көрсеткен. Ол дербестік, ұйымдастырушылық дағдыларды тамытатын қоғамшыл-коллектившіл психологиясы бар адамды тәрбиелейтін ойындарға ерекше маңыз берген. А.С. Макаренко; «Ойынның адам өмірінде ерекше маңызы бар, ол еңбекке әзірлейді және біртіндеп еңбекпен туыстырылуы тиіс деп көрсетті. «Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұнында» тәрбиелеу мақсатында алуан түрлі коллективтік ойындарды қолданудың қажеттігі көрсетілген, бастауыш класс оқушыларына арналған ойындардың тізбесі келтіріледі. Түрлі типті мектептердің бірінші кластарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын ұзақ уақыт зерттеу ойынның әдетте тәрбие құралы ретінде жеткіліксіз пайдаланатынын көрсетті. Ресми түрде ойынға ешкім қарсы емес, қайта оның маңызын мойындайды, бірақ іс күзінде оқу тәрбие процесінде кең қолданылмайды. Шын мәнінде көптеген балалар үшін мектепке бару ойынды тастап, оқу, еңбек тәрізді байсалды істерге -көшетін белес тәрізді болады. Мұғалімдер балалардың «ересектігін» үнемі айтады, ал ата-аналар осы пікірге қосылып, үйде олардың ойынға деген уакытын қысқартуға тырысады. Бірақ балалар бұған қарамастан, кез-келген бос уақытын: үзілісте, аулада, үйде, жеке өзі және басқалармен бірге ойынға пайдаланады. Амал не, төменгі сынып оқушылары әрекетінің мұндай түрі ересектердің назарынан тыс қалады да, педагогтар тарапынан тәрбие құралы ретінде пайдаланылмайды. Кейде ересектер бақыламайтын ойындарда балалар қоғамының кейін оған қарсы күрес жүргізуге тура келетін «заңдары» қалыптасуы мүмкін. Сондықтан да балаларда ұнамды адамгершілік сапаларды қалыптастыруға жәрдемдесетін ойындарды іріктеп алып, оқу-тәрбие процесіне енгізген жөн. Мектептерде балаларды ойынға үйретіп, осы әрекетті басқару қажет. Балалардың ойнау әрекеті қашанда олардың арасында белгілі өзара қарым- қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты. Ойында әр баланың “.позициясы белсенді болады: ол өзі ойнағысы келгенде және ойынға қызыққанда ойнайды, ойнауға керек жолдасты белсене іздейді, олармен белгілі қарым-қатынаста болады. Балалар ойындарды өздері ойлап табады, ойнауға ұйымдасады, дауды өздері шешеді, өздері ойнатын топ құрады, олардың құрамын өзгертеді. Ойын балардың жақын араласуына , олардың арасында байланыс болуына, бірін-бірі қалау, қаламау сезімдерінің тууына жәрдемдеседі. Әлбетте, белсенділік барлық балаларда бірдей емес және мұны ескермеуге болмайды. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз балалар бар. Мұндай балаларды оқу мен еңбектен гөрі оқыту арқылы коллективтік әрекетке тарту, коллективтегі өз сюнын табуға көмектесу оңай. Әрине, мұндай жағдайда мұғалім мен ересектерден зор әдептілік талап етіледі. Олар өз еркін таңбай, балалардың жеке ерешеліктерін ескеруі тиіс. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз балалардың бірден ойынның ұйымдастырушысы, жүргізушісі болуы қиын. Егер оларға мұғалімнің шешімі бойынша ондай рөл берілсе, әдетте бұл міндетті атқара алмайды және коллективтік ойындардан қашқақтай бастайды [35]. Коллективтік ойындар балаларды топтастырады, олардың арасындағы жолдастық қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай ойындарда балалардың өз әрекеттерін ойынға қатысушы басқалардың әрекеттерімен ұштастырулары қажет, жалпы қабылданған ережелерді орындап, өз жолдастарына әділетті болуы тиіс. Балалар ойындарының көпшілігі кім нағыз ерген, кім нағыз епті, кім ең жылдам деген сияқты жарыс элементтерін «амтиды. Ойында біреу ұтады, біреу ұтылады. Мұндай жағдайлар тәрбиешіге бірінші класс оқушыларында ұтылғандарға да, жолдасына көмектесу ниетіне негізделген өз табыстарына да, оның білмейтінін үйретуге де әділетті қарым- катынас жасауды қалыптастыруга мүмкіндік береді. Балалар ойындары рөлдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлуден кезекші тағайындау және т.б. басталады. Бір рөлдер неғұрлым қызық, екіншісі шамалы қызық болады, ойнағысы келетін балаларға ойыншық аз болғандықтан, езінің кезегін күтуге тура келеді. Міне, осындайда балалардың адамгершілік сапалары көрінеді. Өйткені бөліс мұндайда күш пен айлаға сүйеніп, әділетті немесе әділетсіз бөлінуі мүмкін. Ойын үстінде мінез - құлық нормалары, не жаман, не жақсыны, қай жолдас жақсы, қай жолдас жақсы екендігі жөнінде түсінік қалыптасады. Ойындардың барлығы дерлік балалардың өздері анықтап, күн ілгері белгіленген бір ережелерді орындауға байланысты болады. Ойнаушылар ойын ережесін сақтайды немесе сақтамауы мүмкін, осыдан барып таластар туады. Кім де кім ережелерді орындамаса, ойынның жалпы тәртібін және жүрісін бұзса, ол ойынға қатыспаушыларға немқұрайлы қарайды және осы арқылы өзіне сондай қатынас тудырады. Ережені бұзушы басқаларды өзіне бағындырып алса, ойынның шарты бұзылады немесе онымен басқалар ойнамай қояды да ол ойыннан шеттетіледі. Кейбір жүгіріп ойнайтын ойындардың мазмұны ойнаушылардан, командадағы жолдастарына көмектесуді талап етеді. Мұндай жағдайда олар қиындықта қалуға мәжбүр болады. Сонымен, мұнда адамгершілік міндет былай тешіледі - ойынға қатысушы өз мүддесін үмытып, жолдасына көмек көрсетеді. Команда мүшесі бола отырып, ойнаушы коллектив мүддесі туралы, команда мүшелерінің ынтымағы туралы ұмытпауы қажет. Ойын барысында балалардың ұтыспен, ұтылысқа деген дүрыс қатынасын қалыптастыру, адал ойнауға, ойындағы қарсыластарына құрметпен қарауға мүмкіндік болатындай жағдай туады. Балалар ойындарында педагогтың рөлі өте маңызды және өзінше сипаты болады. Ол ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны туралы кеңесші, балалар арасындағы дауларды шешетін әділетті судья және ол ойын кезінде жолдаста болады. Мұғалім балалардың ойында жеңістер немесе жеңілістерге, жөмек көрсету не оған зәру болуға байланысты - қуанышпен реніш, мақтаныш, алғыс, күндеу және ренжу, ұнатпаушылық секілді өткір сезімдерге бөленетінін есте ұстау қажет. Әдетге, ойын барысында бір команда мүшелерінің катынастары қалыпқа келеді; өз жетістіктері екінші орынға ауысады, ұрысқаны немесе басқа реніштері ұмытылып, бәрі де жалпы мүдделер туралы ойлай оастайды. Бірақ мұнда жаңа қауіп бар: бәсекелес команданы балалар (жау) деп санап, қарсыластар ұтылса қоштайды, ұтса ренжиді, кез-келген дөрекі және жалған жолмен өз командасын ұтысқа жеткізуге ұмтылады. Мұғалімнің міндеті - балалар қатынастарының адамгершілік жақтарына үнемі талдау жасап, оны басқару, балалар достығын қолдап отыру. Мүғалімдер мынадай сұрақ туады: ойынға қажетті уақытты қалай табу керек? Сабаққа дейін және үзілістерде ойнауға болады. Ойынды 4-ші класс оқушыларының ұйымдастыруларына болады, өйкені олар оқу жылының алғашқыь күндерінде өздерінің бос уақыттарын уақыттарын бұрынғы мұғалімдерінің киасында өткізеді, тек оларға осы ойындарды өткізуді үйрету керек. Балалар ұзартылған күн топтарында, серуен және экскурсия кездерінде, клуб сабақтарында ойнауларына болады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынас тууы үшін ойынның мазмұны мен ұйымдастырылуының маңызы зор. Ойынның мазмұны онда қоғам өмірінің уақиғаларын, адамдар қарым- катынастарын, олардың еңбегі мен демалысын бақылау көрінетіндей адамгершілік бағытта болуы қажет. 1-ші класта ойнайтын топтардың 4-5 адамнан командалық ойындарда 8-10 адамнан құрылуы мүмкін. Топтың саны аз құрамы балалардың бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауына, жолдастық және әділеттік сезімдерді көрсетуге, ойында өзіне басқаларды бағындыруға, өзін. басқаларға бағындыруға мүмкіндік береді. Ойнайтын топтар балалардың өз қалауы немесе ересектердің кеңесі (мұғалім, ата-аналар) бойынша құрылуы мүмкін. Бір-біріне деген ынтықтығы мен ұнатуы, жолдастық байланыстарды ойнаушы топтарды тұрақты етіп, коллективті қатынастарды қалыптастыруға жағдай жасауға негіз болып табылады. Ойнауға арналған топтар балалардың қалауы бойынша құрылса, мұғалім олардың қатынастарын анықтай алады. Кейбір баламен балалардың барлығы ойнағысы келеді, алайда басқа балалармен қарым-қатынас жасай алмайтын немесе жасағысы келмейтін балаларда кездеседі. Ешкім ойнағысы келмейтін балалар ересек тарапынан ерекше қолдауды талап етеді. Негізгі мақсат оларды да ойынға тарта білуде. Бұл үшін мұғалім ондай баланың әрқайсысының жақсы жақтарын әр тараптан бағалауы тиіс. Баланың нақтылы абыройы ғана оның қандай да бір топқа ынталана қатысып, пайда келтіруіне мүмкіндік береді. Міне, топтар да ұйымдастырылды. Ойын басталып кетті. Топ ішінде жаңа да күрделі қатынастар пайда болады. Бір-бірін ұнататын балалардың арасында өте мейірімділік қатынас қалыптасады. Ондай ойында өзара қарым-қатынас мейірімділік сипатта болып, даулы мәселелер әділеттілік пен шешімін табады. Балалар қалай ойнау керектігі туралы тез келісімге келеді, рөлдерді өзара бөледі, бір-біріне жол беріп ойыншықтарды бөліп ойнайды; ұрыс басталса, оны тоқтатуды біледі. Егер бір бала екіншісіне бағынып, жеке бас мүддесі өте дербес және белсенді болып келетін балалар қалғандарының мүдделері есебінен толық қанағаттанатын болса, сонда ғана ол топтағы ойын бұзылмайды. Бүл қатынастардың үнемі айқын көрінбеуі мүмкін. Тәрбиеші оны дер кезінде байқап, іскерлікпен бағыттай білу керек. Әрбір ойнаушы ойын өзіне қажетті, қызықты болуы үшін басқаларды итермелеуге тырысатын болса, бұл топтарда қолайсыз қатынастар калыптасады. Егер мұндай балалар бір топта болса, олар ұрыс шығарады, төбелеседі, бірін-бірі жәбірлейді, ондай ойындар жылаумен және даумен аяқталады. Сірә, (жұғымсыз) балаларды бір топқа біріктірмеген абзал. Мұғалімнің міндеті - ойнап жүрген балаларды зер салып бақылап, олардың қатынастарын қандай адамгершілік құралатынын біліп, дұрыс адамгершілік қатынастар қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін, алдымен ойнаушылардың тобын құруға ойланып қарау, ұялшақ, жасқаншақ балаларға жолдас табуға көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін олардың жолдастық қатынастарының, ықыластарының көріністерін мұқият бағалау керек. Әрбір топқа кішкене командирлер таптырмас тапқырлар және ойын ұйымдастырушылар болуы керек. Оларсыз ойын болмайды. Бірақ ересектер бұл балалардың басқа инициативасын басып тастамай, ойнаушылармен есептесіп отыруын қадағалау тиіс. Олардың жетістіктерін көбінесе ұстамды және сирек бағалап, әсіресе жолдастарына көрсеткен сезімталдығына айрықша атау қажет. Мұндай оқушыны неғұрлым күштірек және епті жолдастары бар ойын тобына қосу пайдалы. Класта сүйкімсіз санап, онымен ойнағысы келмейтін оған деген ықыласы айқын байқалмайтын (бейтарап) топқа енгізген жөн. Олар оны ойынға тез қабылдайды да ойнағандығына қуанып ең болмағанда алғашқы кезде басқаларға көнгіш,төзімді) болуға тырысады [36]. Тәрбиеші балаға жағымды ықпал жасайтын тобын табуы тиіс. Сонда ойын баланы адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралы болады. Олардың арасында дұрыс жолдастық қатынас орнатуға көмектеседі. Адамгершілік тұтас алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған процесс, ал оның отанға, қоғамға коллективке, адамдарға еңбекке өз міндеттеріне және өз басына қатынасын калыптастыруды көздейді. Төменгі класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп олардың патриотизм, интернационализм, жолдастық, коллектившілдік, болмысқа белсене қатысы, еңбек адамдарын мейлінше сыйлау сезімдерін қалыптастырады.Коллективтік әрекеттік коғамдық бағыт алуы балалардың тұрмысты жақсарту үшін не істеуге оолатынын байқай білуге деген ықыласын оятады. Педагогтар қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әр баланың жеке басының борыш, ар, ождан, абырой тәрізді ішкі стимулдарына айналдыра білсе, ол адамгершілікке тәрбиелеудің міндеті болып табылады. Адамды адамгершілік жағынан қалыптастыруының өмірге алғашқы келген күнінен басталады. Балаларда адамгершілік элементерінінің негізі олардың мекгеп жасынан кейінгі кездерінен бастап-ақ қаланады. адамгершіліктін бастапкы сезімдері мен түсініктемесі калыптасып, адамгершілік мінез-құлықтың қарапайым дағдылары пайда болады. Мектепте бұл жұмыс мұғалімдердің, тәрбие меңгерушілерінің басшылығымен үздіксіз жүргізеді. Тәрбиесіндегі бірізділіктің педагогикалық негізі баланың мектеп жасына дейін игерген мінез-құлық формаларымен ересектер және құрбыларына карым- қатынасы, адамгершілік жайындағы бастапқы біліммен сезімі бастауыш кластарда адамгершілік мінез-құлықтың, ой-сананың, сезімнің, қарым- катынасының жаңа формалары дамыйтын ірге тасы болып табылады. Алдыңғы өткен және кезекті сатылардағы тәрбиенің арасында диалектикалық өзара байланыс болады. Алдыңғы тәрбие осы кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отыра, болашақтық ерекшеліктеріне қарай бағыт алып, баланы соған дайындайды. Ал, келесі тәрбие ісі баланың өмір сүрген кезеңіндегі тәжірибе сіне барынша сүйенеді. Педагог бала психикасындағы, жаңадан пайда болған дұрыс кылықтарға сүйену тиіс [37]. Психологтар төменгі класс оқушылары сыртқы әсерлерге өте ауыр, неге уйретсе, соның барлығына шынайы сенімнің қарайтындығын, былайша айтқанда, адамгершілік нормалардың сөзсіздігімен қажеттігі, басқаларға койылатын адамгершілік талптарға ымырасыз болуымен, мінез-құлқындағы өзімділікпен сипатталатынын дәлелдеп берді. Бұл ерекшеліктер төменгі класс үйрету мен тәрбиелеудің кепілі болып табылады. Дәл осы жаста балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершіліке тәрбиелеуге зор мүмкіндіктер туады. Адамгершіліке тәрбиелеуге балалардың жағымды адамгершілік тәжірибе лерінің шешуші маңызы бар. Тәрбие көбінесе және ең алдымен баланың адамгершілік ережелері, нормасын және принциптерін қолдана білу қажеттігіне көз жеткізіп, әдеттенетін күнделікті тұрмысында өтеді. Баланың төңірегіндегі адамдардың коғамдық мүддесімен, қоғамның өмірімен байланысқан кез-келген әрекеті адамгершілік әрекеті болып табылады. Сонымен, бала адамгершілігінің басталуы оның бүкіл сан қырлы практикалық әрекетін эмоциялық және интеллектуалдық өрісін қамтиды. Балалар оқуда болсын, мектеп ауласында ойнап жүрсін, қала скверінде еңбек етіп жүрсін, барлық жағдайда да олардың әрекеттерінде не жағымды, не жағымсыз адамгершілік сапалар көрінеді. Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиенің ерекше бөлігі және кез-келген басқа бір жағы ретінде қарастыру керек болады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбек етуін, ойындарын ұйымдастыру ісінде олардың адамгершілік қасиеттерінің дамуына дәрежелі бағыт беруге мүмкіндік алады. Адамгершілік қасиеттерінің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзегі балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұны әдістері мен формаларынан соған сәйкес нақты мақсаттарғы қарамастан мұғалімнің алдында әрқашан балалардың адамгершілік қатынастарын ұйымдастыру міндеті тұруы тиіс. Педагогтың арнайы ұйымдастырған немесе балалардың өздері құрған құрбыларының шағын топтарындағы мектеп оқушыларының өзара араласуы мен бірлескен әрекеттерін адамгершілік жөніндегі тәжірибелерді жинақтауда ерекше маңызы бар. Мұндай микроколлективтер уақытша және тұрақты болады. Мысалы: жұлдызшалар, кезекшілер, гүл өсірушелер, ойнау үшін біріккен балалар тобы. Шағын топта төменгі класс оқушысы ортақ ренішті жиі-жиі бастан кешіреді, мұнда ол мұғалімнің көмегінсіз-ақ өзге балалармен, сондай-ақ өз бетімен де қарым-қатынас жасап, коллективті іс-әрекет ұйымдастыруға өзінің қоғамдық мінез-құлқын оңай ұғынуға мүмкіндік алады. Баланың өзіндік адамгершілік тәжірибесі адамгершілік тәрбие жөніндегі ағарту ісі барысында балаларға үйрететін басқа адамдардың тәжірибесін тиімді игеруге жағдай жасайды [38].
Баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін оның дербес әрекеттері ерекше маңызды. Оқушы тек мұғаліммен ересектердің нұсқауы және олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде ең алдымен тіл алғыштыққа үйренеді. Төменгі кластың өзінде балаларға тек даяр шешімдерді беруден аулақ болған жөн. Бұл тәрбиені өмірден алшақтатуға соқтырады. Сондықтан тәрбие процесі бала қылығын өздігінен таңдауына мүмкіндік беретін жағлдайларды алдын ала қарастыру негізінде құрылуы қажет. Мұндай жағдайлар өмірде мол кездеседі, оларды арнайы ойын, оқу, еңбек және творчестволық сабақтарда жасауға да болады. Қысқасы, оқушыға бақылау жасалмай, одан есеп беру талап етілмейтін уақытта да дұрыс әрекет жасауға үйренуі керек. Адамгершілік тәжірибесін жинақтай отырып, баланың қателесуі де, дұрыс істемеуі де мүмкін. Тәрбиеші оған қателігі мен қылығының адамгершілікке жатпайтынына күйзеліп, оны мойындауына көмектесуі тиіс, әрине, оның мінез- құлқын түзетуге ғана емес, қандай да бір әрекетті тудыруға бағытталған себептерге ықпал жасауға да көмектесуі керек.
Тәрбие процесі мінез-құлық пен қарым-қатынастың адамгершілік жағын балалардың мойындауын қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың басқалармен өзінің кылықтарын түсіне білуі адамгершілік пен өз ісіне өзі баға беруі калыптастыруға мүмкіндік береді. Барлық балалардың өсіп жетілуіне бағытталған тәрбие процесі өзіндік ерекшелігін еске ала отырып, тиімді дамуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Тәрбиенің ортақ қажетті ортақ мақсаты ретіндегі жалпы мұрат жеке адамға дербес формаға айналады. Тәрбиелеуді дараландыру балалардың жақсы белгілері мен сапаларын көрінуіне әкелуі тиіс. Тәрбие жүйесіндегі тиімділік көрсеткіштерінің бірі бала адамгершілігінің дамуы, оның рухани адамгершілік дүниесіндегі елеулі өзгерістер болуы тиіс. Бұл факторлар балалардың кәдімгі және күрделенген жағдайлардағы адамгершілік мінез-құлықтарын тұрақты болуынан, ересектердің сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсіз болуынан өз құқықтарынан адамгершілік салдарын болжай білуден, іштей бақылау сезімінің ождан қылықтың моральдық жағын және өзін адамгершілік касиеттерінің иесі ретінде сезінуінен көрінеді. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі -тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі критерийі. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі бастауыш класс мұғалімдеріне арналган практикалық құрал. Төменгі класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны тәрбиенің жалпы прогараммасына сәйкес ашып көрсетілген. Құрал үш бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы 1,2,5 класс мүғалімдеріне арналған. Кітаптың методикалық материалдары балаларды оқыту процесі мен кластан тыс жұмыста адамгершілікке тәрбиелеуге арналған тарауларды қамтиды. Мұғалімге тәрбие жұмысын жүргізу туралы жалпы методикалық кеңес және тиісті практикалық материал беріледі. Төменгі класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен және негізінен оқыту процесіне жүргізіледі. Баланы оқыту тек үстірт қарағанда ғана тіпті өзгеге қатысы жоқ іс болып көрінуі мүмкін. Шындығында сабак - алуан түрлі коллективті қимылдар мен тебіреністердің адамгершілік өзара қатынастардың тәжірибесін жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Оны ойдағыдай жүзеге асыруы үшін өз күш жігерімен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсінуді, өз білімін басқалардың білімі мен салыстыру, өз пікірін дәлелдеу біреуге жәрдемдесу және оның жәрдеміне сүйену қажет. Сабақта балалар жаңа білім алу процесінің өзінен бірге қуануы, ал қателер мен сәтсіздіктерге бірге күйінуі мен тәрбиелік жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердің маңызы бірдей. Кейбір мұғалімдердің орыс тілі мен басты пәндер мен деген пікірлері тәрбиесіне үлкен залал келтіреді. Пәндердің алуан түрлілігі әрбір балаға оқуда өзінің күшті жағын көрсете білуге мүмкіндік береді. Біреуінің ойы алғыр, екіншісінің қолы шебер, үшіншісі ұқыпты, епті, өз денесімен қозғалыстарын тамаша меңгергіш, төртіншісі әсемдікті сезінгіш, бесіншісі байқағыш болып келеді. Баланың жеке басының күшті жақтары ең алдымен оқу процестерінде әр баланың белгілі бір салада, белгілі бір дәрежеде, анағүрлым шеберлігімен көрінеді. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ше, ол - адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жол таңдап ала білуі. Сондықтан адамдыққа баулу жүмысының ережесі бастауыш сыныптан бастап нақтылы мақсатты іездеуі шарт. Мұғалім балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйренуі керек. Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, талғамдарын арттыруга ат салысу, жаңа, озық тәжірибені дер кезінде насихаттап, өмірге енгізу барша қауым, педагогтар бірлесе атқаратын абыройлы міндет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс- әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғатты өзінен бірнеше үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрін өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлекен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана. Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай жарағанда анау айтқан қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал, іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті, балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық мұғалімнің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірінің достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оның сөзін құрмет тұтатынының өзі адамгершілікке бастайтын жол. Мұғалім оқыту арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Мәселен, Әлім құмнан неше түрлі құрылыстарды өзі ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан құрылыс салудың жолдарын бар ынтасымен айтып түсіндіреді. Болашақта осы Әлімнен талантты құрылысшы шығуы ықтимал. Әр баланың өмірге деген өз бейімділігі, сүйікті істері болады. Әрі оны дер кезінді байқан, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет [39] .Баланың табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағында алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достық қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын жеке - дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі. Мұғалім ойын барысында сұрақтар қойып, қызықты әңгімелер айтып, балалармен бірлесіп ойнауы, балалардың ойынға деген қызығушылығын артып, ой-өрісін кеңейтіп, көп нәрсені аңғарып білуіне септігін тигізеді. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына келгенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын-адам өмірінің әркезеңін қамтиды. Ойын тәрбиенің барлык саласымен ұштасып жатады. Өртістердің сахнада өнер көрсетуі ол да ойынның бір түрі. Ал, адамдар театрға барып спектакль көріп, онан рухани ләззат ала отырып, жағымды, жағымсыз бейнелерді ақыл сарабына салып, әр көрермен өзінше пайымдайды. Сол спектакльды дос-жарандармен талқылап, пікір алысулар барысында өз пікірінің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе алады. Сюжетті - рөлдік ойындарды ойнату үшін қолдан көптеген қажетті құралдарды жасап пайдалануга әбден болады. Мысалы, «шаштараз ойынын ұйымдастырғанда дүкеннен дайын күйінде алынған құралдарды пайдалана отырып, шаш кептіргіш, шарайна, т.б. қосымша бұйымдарды қолдан жасап толықтырған абзал [40]. Қорыта келгенде, мұғалім балаларды оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әртүрлі машықтарды қалыптастырады. Олар мыналар: тұрмыстық машықтар (ойыншықтарды өз орнына реттеп жинау, мебельдерді дұрыс орналастыру, тамақ ішетін столды жабдықтау, тұрмыстық заттарды пайдалана білу), өндірістік машықтар (өзінің жұмыс орнын таза ұстау, құрылыс материалдарын ретімен орналастыру, жолаушыларды баратын жеріне дұрыс жеткізіп салу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу және т.б.), ұжымдық өмірдің машықтары (жолдасына дер кезінде көмек беру, айтқанды тыңдап бағына білу және т.б.), мәдениетті сөйлеу машықтары (сыпайы қарым - қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, екінші адамның сөзін тыңдай білу және т.б.), көркемдік машықтар (өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертегі, тақпақ айтып беру),әртүрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдарын жасай білуі [41].
Бала отбасында жақын адамдарының айтқанын тыңдап, оларға еліктей отырып, тәртіптілік талаптарын орындайды. Оның біртіндеп пайдалылығын саналы түрде сезінеді. Сөйтіп, бала ересек адамдар тарапынан қойылған таланты саналы түрде орындап, әдепті болуға ойын процесінде қалыптасады. Сонымен, зерттеу жұмысымыздың негізінде алған «Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» деп аталатын бағдарламамыздың мазмұнын шамамен аштық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет