Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»


-кесте Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу



бет13/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
1-кесте Оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу



Апта

ішінде өтілетін
ттақырыптар
Сәлем саған мектебім

Кластан тыс таза ауада жүргізілетін жұмыс түрлері (серуен, ойын, дене шыныктыру, еңбек)
Мектеп ауласымен таныстыру. Аулада тазалық сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру. Сюжетті- рольдік ойын: «Жаңа таныстар» (мектеп қызметкерлері туралы) . Күзгі табиғатқа серуенге шығу: ағаш, бұта шөптесін өсімдіктердің күзгі қалпымен таныстыру. Жарыс- ойын; «Қай топ жалауша жинайды?»

Класта жүргізілетін жұмыстар (мерекеге, ертеңгіліктерге даярлық,
Этика тәрбиесі, ойындар)
Этикалықтәрбие: үлкендерге, мектеп қызметкерлеріне ілтипатпен қарым-қатынас жасау. Ойын «Біз доспыз»тәрбиесі. ойындар)

Алтын күз

Дене шынықтыру: жеке және топ болып жасайтын жаттығуларды үйрету. Жарыс ойын: «Кім жүйрік?» Еңбек; мектеп ауласын сыпырту, қураған жапырақтарды жинату. Сюжеттік-рольдік ойын: «Қай ағаштың жапырағы», «Үйеңкі тұқымының саяхаты».
Ойын «Күн мен түн».

Ойын: «Біздің көмекшілеріміз» -күздің өзіндік белгілері туралы әңгіме. «Алтын күз» тақырыбына сурет салу, көрме ұйымдастыру. Музыкалық тәрбие; Күз туралы әндер тыңдау, Ойын: «Мектепте».

Республика
заңы

Көшеге серуенге шығу: Заң күніне арнап безендірілген көшені, қоғамдық ғимараттарды көрсетіп тамашалату. Дене шынықтыру: жүру, жүгіру, секіру, волейбол элементтері мен таныстыру.

Қазақстан гербі мен жалауы туралы түсінік беру. Гимнді тыңдату: музыкалық тәрбие: туысқан республика әндерін тындату. Республикадағы ұлттардың әнін тыңдату. Көрші республикалардың ертегілерімен танысу.

Ақылшы
мұғалім

Табиғатқа серуенге шығу: табиғат материалдарын жинау. Әртүрлі әшекейлі бұйымдар жасау, класты безендіру.
Дене шынықтыру: жүру, жүгіру, ұзындыққа секіру, жіппен секірту. Ойын: «қазан доп», «Гүлдерді таны».

Мұгалімдер күніне даярлық: «Ақылшы мұғалім» әнін үйрену, (Қ.Қуатбаев, Ж.Смақов). Сурет салдыру, жапырақтардан гүл шоқтарын жасату. Мұғалімдерге өздері даярлаған заттарын сыйлау. Этикалық тәрбие: ұжымдық еңбек пен ойын кездерінде ұқыптылыққа, ұстамдылыққа үйрету.




Еңбек
ер атандырады

Нан дүкеніне серуенге бару: дүкендегі әртүрлі еңбек процесін көрсету. Сюжетті- рольдік ойын: «Нан қайдан шығады?». Дене шынықтыру: жүру, жүгіру, құстардың қимылын салу. Жарыс-ойын: «Қасқыр-қақпан»

Еңбек адамдары туралы тақпақ жаттау. Шығармашылық ойын: «Диқаншылар» сюжетті- рольдік ойын:
«Бидайдан қалай нан пайда болады?»




Күз
молшылығы



Бау-бақшаға немесе көкөніс дүкеніне серуенге бару. Еңбек қыстайтын құстарға жем салғыш жасату, жем даярлату. Сюжетті-рольдік ойын: «Біз жеміс-жидектерміз». Дене шынықтыру жүру, жүгіру, секіру, волейбол элементтерімен танысу, торға доп лақтыру допты жіп, үстінен лақтыру. Ойын: «Көкөністер, «Көлікте».



«Күз молшылығы» мерекесіне даярлық: ән, би, тақпақ үйрету. Көкөністердің суретін салдыру. Ойын: «Ойлан, тап, қандай түс».






Отанымыздың туған күні

Көшелерге серуен: безендірілген көшелердегі жалауларды, гербтерді көру, ұрандарды оқу. Табиғатқа серуен: ауа-райынөсімдіктердің күзгі түріне назараудару. Дене шынықтыру: қимылды жетілдіру, сапқа тұру, футбол элементтерін орындау. Қимылды ойын: «Командир».

Қазақ ССР-нің туын, гербін көрсету, гимн тыңдату, тақпақ жаттату.




Табиғатты
қорғау

Жас натуралист станциясына серуен, қыс пен көктемге даярлық, жұмыстарын бақылау. Өсімдік түқымдарын кептіру. «Жайлауда». Дене шынықтыру: балалар қайтқан құстар тізбегін салатын қимылдар жасайды. «Ұшты-ұшты» ойыны. Жарыс- ойын: «Таякша».

Сынып бөлмесіндегі өсімдіктерді күту, тазалық сақтау. Серуен кезінде бақылаған өсімдіктердің күзгі қалпын суретке салу. Мазмұнды рольдік ойын:
«Жыл құстары».







Одақтас республикалар ға саяхат

Почтаға серуенге бару: почтадан көрші одақтас республикалар адрестерін алу. Табиғатты тамашалау (саяхат): паркке, скверғе, тоғайға серуенге шығу: өлкенің құстарын таныту. Сюжетті- рольдік ойын:
« Республикаларға саяхат».

Одақтас республикалардың туларымен, гербтерімен, ұлттық киімдерімен таныстыру. Сюжетті- рольдік ойын: «почта» (балалар екі топқа бөлініп, бір-біріне хат жазады). Этикалық тәрбие: жергілікті жердегі еңбек озаттарын құрметтеу, олармен кездесулер өткізуді ұйымдастыру.

Әдептілік-
әдемілік

Қимылды ойын «Жолдас, командир», Еңбек: бала бақшаға көмек көрсету. Өзен жағасына серуенгешығу:табиғаттағы өзгерістерді бақылату. Сюжетті-рольдік ойын: «Киім қалай дайын болады?» , «Сыпайылар қаласы».Адамгершілік мінез- құлқы ережелері бойынша өткізілетін әңгімелер (ұжым туралы әңгіме, әдептілік жайлы).

Эстетикалықтәрбие; әсемдікті сүю, туған өлке табиғатын тани білу қабілетін дамыту. Музыкалық тәрбие:
П.И.Чайковскийдің «Балалық шақ» альбомынан музыка тындату.
Ойын: «Әдептілік». Эстетикалық тәрбие: дастарқан басында өзін-өзі ұстай білу, өзін-өзі күте білу. Ойын: «Почта».

Халықтар
достығы

Мәдениет орталықтарына
серуенге шыгу. Түрлі
халықтардың мәдениетімен
танысу. Ойын: «Көрші
республикадағы құрбыларымыз-
-ға қонаққа барамыз», « Бізге
Жаңадан бала келді».

Халықтар достығы туралы
әңгіме оқу, музыкалық
тәрбие , достық туралы әндер
айтқызу. Достық (И. Нүсіпбеков, Н.Елубаев)
әнін үйрету. Сюжетті-
рольдік ойын: «Халықтар
мәдениеті»

Ұсынылған бағдарламалар нұсқаулары мен тақырып үлгілерін таңдап қолдану мұғалімдердің өз құзырында. Әрбір педагог өз мүмкіндіктеріне карай өзгертіп, өзіне ыңғайлы қалыпқа келтіріп, қолдана алады. Сондай-ақ, мұғалім аталған тақырыптарды сабақ үстінде де (материалды тұтастай немесе элементтер ретінде пайдалану), сыныптан тыс жұмыс барысында да қолдануына мүмкіншілік жасалған.
Біздің ойымызша адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты-оқушылардың адамгершілік қасиеттерді санасы сезінуі және ойын процесінде достық, дұрыс қарым-қатынастарын қамтамасыз етумен сипатталынады. Сонымен, тиісті әдебиеттерге жасалған талдауларының қазіргі тандағы адамгершілік тәрбие берудің негізгі міндеттерін былайша түжырымдауға мүмкіндік береді:
-негізгі адамгершілік ұғымдарды түсіну арқылы адамның болмысына ықпал жасауы;
-адамгершілік қасиеттерді жоғары мәдениетті дамытудың негізгі міндет көздерінің бірі деп түсіну;
-адамгершілік тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін пайдалануға байланысты қолданбалы білімдерді, дағдыларды және іскерліктерді меңгеру, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға байланысты дұрыс шешім қабылдау және қағидаға теріс әсерлерін түзету;
- қоғамға залал тигізбейтін нормаларын саналы түрде сақтау;
- адамдармен қарым-қатынас жасауға деген рухани қажетсінуін дамыту, оның жан-дүниесін сезінуі;
Жалпы білім беруді орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына үзіліс және сыныптан тыс оқулықтар арқылы адамгершілік қасиеттердің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына және дүниеге деген көзқарасын, ой-өрісін адамгершілік санасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда ойын әрекетінің шығармашылық сипаты мынадан көрінеді:
Бала өзіне алған рөлдің бейнесіне түгелдей еніп және ойынның шындығына кемел сеніп, ерекше ойын өмірін жасайды, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген кұштарлығын оқыту арқылы канағаттандырады. Олай болса жүйелі түрде ойынға сипаттама берген Еапокровский: Ойын туралы түсінік әр халықта әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Ежелгі грек елдерінде «ойын балаларға тән қасиет», еврей халқында «ойын» күлкі, қалжың. Римлян халқында қуаныш, көңіл көтеру. Санскрит тілдерінің түсінігінде «ойын» - қуаныш. Ал неміс халқында «ойын» — жеңіл қимыл-козғалыс және ойыннан қанағат алу. Жалпы европалық тілде «ойын» кең көлемде түсіндіріледі. Біріншіден, адамның іс-әрекетте болуы, екіншіден, адамдардың рахат сезіміне бөленуі, көңіл көтеруі. Балалар ойынынан үлкен театр сахнасында көрсетілетін ойындар және т.б. Психолог Д.Б.Эльконин «Балалар психологиясында мүғалім қай баланы кіммен дос болуына жоспар жасап алмайды, дегенмен оған жағдай жасанды, дайындайды» деп айтып кеткен болатын [42]. Сонымен біздер балалардың ұжымдық ойнында олардың арасындағы адамгершілік қарым-қатынастардың дамуы үшін қажет мына жайттарды байқадық. Ұжым қызметкерлерінің арасында жолдастық қатынастар болуы қажет. Оған балалар еліктейді. Ересек адамдардың балалармен сыпайы қарым-қатынас жасауы. Науқастанып келген балаларға деген сезімталдық және т.б. міне, осындай тәрбиелік мәні бар жүмыстар арқылы балалар арасында достық қарым- қатынас дамиды. Жеке бастың дамуы үшін қажетті жағдай - ұжымдағы және ұжым үшін жасалатын еңбек. Біздің қоғамымызда әр адамның жеке қабілеті дамуына толық жағдай жасалған. Адамдардың өндірістік қатынасында түбірлік өзгеріс болып отырғандай болса тәуелсіз мемлекетте адамның жеке басының жаңа және психологиялық жеке ерекшеліктері қалыптасып отыр. Олар мысалға қандай дейтін болсақ. Еңбекке деген көзқарас, гуманизм, өндірістегі белсенділік, өзара көмек, шығармашылық ойлау және т.б. Ғылыми педагогикалық тұрғыдан баланы ұжымда тәрбиелеу мәселесінде кезінде көрнекті педагогтар ерекше мән берген. Мәселен, Н.К.Крупская, А,С.Макаренко да ұжым мен жеке тұлғаның дамуындағы, жоғарыда айтылған міндеттерге назар аударған мысалы, лагерьдегі мына жағдай циқл аудартады, олар үнемі бірге ойнайды, жастары да бірдей, бір жерде тәрбиеленеді. Бұлардың сүйікті ойыны - дидактикалық ойындар, серуенге де бірге шығады, өзара көмектеседі, Олардың достығы бес жастан басталады. Олардың арасындағы достық Оқыту арқылы басталады да, кейін жеті жасқа қарағанда күрделі сипат алады. Ертеңгі астан кейін жан-жағына елендеп балалардан: «Сендер Маржанды көрдіндер ме? Ол қайда екен?» деп сұрады. Осы кезде балалар түгел серуенге шықты.Бір кезде допты алмағаным есіме түсіп, «Маржан алып келе қойшы» дедім. Сара «Мен алып келейінші, себебі Маржанға жүруге болмайды. Ол кеше құлап қалған» - деді. Бұл жағдайдан қыздардың мінез-құлқынан нені көруге болады? Олар тек ойнап қана қойған жоқ, сонымен қатар әр уақытта бір - бірінің ішкі дүниелерін түсініп, бір-біріне көмектесіп, қажет болған жағдайда ауыр тапсырманы біреуі үшін екіншісі орындап отыруға әзір екенін көрсетеді. Сәл науқастанып біреуі келмей қалса, олар кездескенде шаттанып куанатын. Осылайша пайда болған достық сезімінің екінші бір ұнайтын жағы да байқалады. Қыздардың өзара қарым-қатынасы бүкіл ұжымдағы басқа балаларға әсер етті. Бұл екі қыз бүкіл ұжымның ұйтқысына айналды. Бұлардың түсінігі, ұғымы кең, сондықтан басқа балалар, түсінбегендерін сұрап алатын. Осы екі қызды бақылау. Олармен жүргізілген тәрбие жұмысының ойын нәтижесінде бұлардың арасындағы достық қарым-қатынас саналы түрде екеніне көз жеткіздік. Осылайша, бір-біріне деген достық қарым-қатынастың нәтижесінде ездеріне өздері талап қойғыш, жалған сөзді жек көретін достардың жеке басының сапалық қасиеттері осьшайша тәрбие жұмысын бақылаудың негізінде тәрбиеленді. Сондықган тәрбие жұмыстары (ойын) әртүрлі, түрлендіріп жүргізілген жағдайда балалардың өзара достық қарым-қатынасы табысты болмақ. Ойын процесі балалар бірін-бірі жақсы танитын болады. Р.И.Жуковская өзінің зерттеу жұмыстарында ойын баланың сезімін кзлыптастыратындығын дәлелдеп берді. Балалар ұжымының дамуы - күрделі процесс. Адамгершілік тәрбиесіне байланысты әңгіме дискуссиямен шектелмейді. Оны ойын процесінде белсенділік жұмыстар жүргізу негізінде, яғни мынадай ойындарда емхана, отбасы, мектеп, дүкен және т.б. мектеп пәндерінің орнына есептеледі, мұндай әртүрлі мазмұндағы жұмыстар әрине балалар бойында жақсылықты, қайырымды болуды қалыптастырады және дамытады [42]. Баланың отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ата-анасына, туған жеріне, өз қаласына, ауылына, отбасына, туған-туыстарына, халықтың тілі, мәдениеті мен көркем өнерін, ойынын, ана тілін, тарихын, шежіресін біліп үйренуге тәрбиелеу ойын процесінде жүзеге асады. Осының негізінде адамгершілік тәрбиесін алты топқа бөліп қарауды жөн көрдік:
1.Жасөспірімдердің бойында адамгершілік тәрбиесі туралы
түсініктерін қалыптастыру.
2.Мінез-құлық нормаларын қарапайым мінез-құлық дағдыларын, ойын қалыптастыру,
3.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін кешенді түрде ойын әрекет барысында, ұжымдық жағдайда іске асыру.
4.Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен санасын ойын элементтерін, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім, адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың ойын әрекеті мен мінез-құлқынан, тәрбиесінен көрініс табады,оқыту арқылы қалыптасады.
5.Балалардың алғашқы адамгершілік түсініктерді аңғарып, мінез- құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектептегі шақ ең жауапты кезең.
6.Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінің мазмұны мен әдістемесіне адамгершілік тәрбие беретін материалдарды ендіру жолдарын біртұтастық жүйеде қарастырылуы тиіс. Сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда адамгершілік тәрбиесіне байланысты материалдарды тиімді пайдалануда, адамгершілікке тәрбиелеуді қамтамасыз ету және ойын материалдарын ендіру қажет. Ал, ендігі міндеттерді мазмұндағы материалдар қаншалықты қамтылған, бағдарламаларда атап көрсетілген міндеттерді шешуге мүмкіндік бар ма? Екіншіден, ойынның қандай түрлері өтіледі? Үшіншіден, адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері қандай?
Зерттеу жұмыстарымыздың алдымен осы мәселелерді анықтауды қажет етеді. Біз, бірнеше бастауыш мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасадық. Осы бағдарламалар негізінде дайындалған көмекші құралдарда кейбір ойындар енген. Бірақта, оларды бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру ойын мәселелері назардан тыс қалған. Сыныптан тыс жұмыстар оқу-тәрбие жұмысының кұрамды бөлігі болып табылады, оның негізгі мақсаты балаларды оқыту арқылы жан-жақты дамыту болып табылады. Ал, оның негізгі міндеті бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын қалыптастырып, бұлардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру. Оқушылардың бойында біле бастағаннан қалыптасатын қызығушылық, қай жағдайда есие келе үлкен өкініштерге әкеліп соғып жатады. Олай дейтініміз, кей ата-ана ойнап жүріп, қасындағы баланың қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына «Қайдан алдың?» не болмаса «апарып бер» деген сұрақ-бұйрықтың орнына керісінше, баласының жат әрекетіне мақұлдағандық ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Әрине, мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталануы - бала бойында қызығушылықтан туындап, менменшілдік, көрсеқызарлық сезімін ұялатып, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-қимылын қалыптастырады. Бұл кішкентай бала бойында байқалатын алғашқы белгілері деуге болады [43]. Он төрт жасқа дейінгі (9-13) жасөспірімдерді жылы кұшағына тартатын аулалық клубтардың азаюы - балалардың құқық бұзуына себеп бола алады. Олардың жабылып қалуы көп реттерде қаражаттың тапшылығымен түсіндіріледі. Мектеп тарапынан ұйымдық жұмыстардың өте төмен дәрежеде болуы, болса да қызықтыра алмауы, балалардың немкұрайлы қарауы салдарынан Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке жасы толмағандар комиссиясының есебінде 12, 13 жас аралығында кұқық бұзған 200-ден астам бала есепте тұр. Қылмыстың ішінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адам мүлкін иемдену, кісі өлтіру, жеке меншікке үлкен дәрежеде зиян келтіру 9-13 жастағы жасөспірімдердің арасында сирек болса да кездесетін кұқық бұзушылық, көбінесе бала бойынан, санасынан мықтап орын алған қиялы ойша жетіліп, арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар айналасындағыларды таң қалдыратын іс істеуге талпынады. Осындай талпыныстан "ойыннан от шығатынын" кері келіп, өкініштерге ұрындырып жатады не болмаса, әртүрлі бейне көріністерден көрген аяусыздық, өшпенділік баланың санасынан берік орын алып, өзін ренжіткен қарсыласына көргенін істеу арқылы өш алуға итермелейді. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру үшін біз өз тәжірибемізді жинақтап, зерттеуші педагог Д.Н.Узнадзе, Ш.А.Амонашивилидің баланың дамуындағы ойының ролі мен табиғи шартын көрсететін пікірлерін ; тасшылыққа ала отырып оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу бағдарламасын жасап, 1-4 сынып оқушылары үшін жүйесін құрып калыптастыру экспериментін жүргіздік. Осы мақсатта жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып калыптастыру экспериментін жүргізді. Осы мақсатта ойын түрлерін мазмұнына карай топтастыруға негізделген «Ойлан, тап» әдістемелік нүсқауы даярланды. Біз өзіміз ұсынған әдістемелік нүсқауда ойын баланың дамуында басқаратын іс- әрекеттің түріне айналады деген тірек идеяларды басшылыққа алдық. (Д.Н.Узнадзе). Сонымен мәнді оқыту арқылы пайда болган іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық адамгершілік құнды қасиеттердің (әдептілік, кішіпейілділік, бауырмалдық, мейірімділік т.б.). Тез арада балалардың бойында қалыптасатындығына көзіміз жетті. (Ш.А. Амонашивлидің) Әдістемелік нүсқауда ойын тақырыптар төмендегідей жүйемен берілген. Мысалы: «Балықшылар», «Аңшылар», «Сұр мысық», ересектердің еңбегімен таныстыру, еңбегін құрметтеуге негізделген. «Кетті, кетті орамал», «Дәрігер» ойындары қамқорлық қасиеттерін түсіне білуге бағытталған [44]. «Жайлауда», «Орамал» ойындарының негізгі мазмұны балаларды достыққа, ізгілікке және т.б. қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар диссертациялық жүмыста ойындардың мазмұны кеңірек баяндалып, ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің жүйесін жасауға басты назар аударылды. Олай болса бұл ойындардың мазмұны мектептің оқу-тәрбие үрдісінің талаптарына сәйкес келеді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Төменде адамгершілік қасиеттерді айқындайтын ойындардың топтастырылған кестесін ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет