Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»


ТҮЙІНДЕМЕ Нарзулла Ақбота Суннетуллақызы



бет16/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ТҮЙІНДЕМЕ
Нарзулла Ақбота Суннетуллақызы
Магистрлік диссертация тақырыбы: «Көркем әдебиеттегі адамгершілік мәселесі»
Дайындалу бағыты ғылыми-педагогикалық: 7М01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Диссертацияның құрылымы және көлемі: кipicпе, үш бөлiмнен, қopытындыдан және пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp тiзiмiнен тұpaды.
Пайдаланылған әдебиеттер көздерінің саны: 53
Зерттеу тақырыбының өзектілігі көркем әдебиеттегі ізгілік пен жамандық, адамның қадір-қасиеті, ар-ождан, достық және сатқындық сияқты моральдық мәселелерді қарастыру және талдаумен; әдеби қаһармандар арасында әділеттілік, абырой мен ізгілік мәселелерін ашумен; қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік жағдайына, ересек адам мен жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне деген қызығушылықтың артуымен анықталды.
Зерттеу бірнеше бағыттардың қиылысында жүзеге асырылды: адамгершілік білім беру саласындағы классикалық әдебиет өкілдерінің көркем шығармашылығына талдау жасау және адамгершілік, адамгершілік-этикалық мәселелерді шешу (А. Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы); ашылған моральдық проблемалар мен қазіргі әдебиеттегі адамгершілік мұраттарды анықтау (Т. Ахтановтың көркем шығармалары); адамгершілікке тәрбиелеу процесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін қарастыру және жастардың тәрбие процесіндегі адамгершілік мәселелерін шешу әдістерін талдау. 
Зерттеу мақсаты мен міндеттері: Көркем әдебиет саласында көрініс тапқан негізгі моральдық мәселелерді анықтау; қазіргі қоғамда адамгершілікке тәрбиелеу әдістерін іздеу; Абай Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің және қазіргі жазушылардың көркем шығармашылығындағы адамгершілік проблемаларын қарастыру; Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі эгоизм мен адамгершілік мәселелерінің көрінісін ашу; Т.Ахтановтың «Жоғалған дос» әңгімесіндегі адамдық ар, азаматтық парыз мәселелерін қарастыру.
Міндеттері:
- Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;

- Мектеп оқушыларын оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздерін зерттеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет