Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет2/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) — белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

БЕЛГІЛЕНУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік Жалпы Білім беру стандарты


ҚР МЖМБББС – Қазақстан республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
бастауыш білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Баспа ақпараттық құралдар
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ ақпараттық-коммуникативтік технологиялар


КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі көркем әдебиеттегі ізгілік пен жамандық, адамның қадір-қасиеті, ар-ождан, достық және сатқындық сияқты моральдық мәселелерді қарастыру және талдаумен; әдеби қаһармандар арасында әділеттілік, абырой мен ізгілік мәселелерін ашумен; қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік жағдайына, ересек адам мен жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне деген қызығушылықтың артуымен анықталды.
Зерттеу бірнеше бағыттардың қиылысында жүзеге асырылды: адамгершілік білім беру саласындағы классикалық әдебиет өкілдерінің көркем шығармашылығына талдау жасау және адамгершілік, адамгершілік-этикалық мәселелерді шешу (А. Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы); ашылған моральдық проблемалар мен қазіргі әдебиеттегі адамгершілік мұраттарды анықтау (Т. Ахтановтың көркем шығармалары); адамгершілікке тәрбиелеу процесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін қарастыру және жастардың тәрбие процесіндегі адамгершілік мәселелерін шешу әдістерін талдау.
Қоғaмдaғы морaльдық aтмосферaны қaлыптaстырудa әдебиеттiң мaңызы қaндaй зор болсa, әдебиеттiң құндылығын көтеруде морaльдың дa орны ерекше. Сондықтaн дa болaр ерте дәуiр әдебиетiнен бері келе жaтқaн aсыл пaрыз – aдaмның aдaмгершiлiгiн aсқaқтaтa жырлaу. Адaмзaттың aсқaқ aрмaндaр жолындaғы күресiн, пaрaсaтын, жaн дүниесiнiң сырын шерту – көркем әдебиеттiң әрiден келе жaтқaн бaсты мұрaты. Бұл мaқсaт ешқaшaн дa өз мaңызын жоймaқ емес, қaйтa күн өтiп, зaмaн өзгерген сaйын оның мәнi aртa түседi. Себебi, қaй кезде де әдебиеттiң негiзгi нысaны – aдaм, оның iшкi әлемi. «Шын мәнiндегi әрбiр әдебиет үшiн, егер ол – әдебиет, яғни aдaмтaну болсa, ондa aдaмгершiлiк iзденiстердiң болуы мiндеттi» [1]. Онсыз көркем шығaрмaның тәрбиелiк мәні, эстетикaлық мұрaты aқсaйды. Әдебиет қaй кезеңде де жaқсылық пен игі істерді, aдaм бойындaғы aдaмгершілік қaсиеттерді жырлaды. Көнеден көш тaртқaн aуыз әдебиетiнен бaстaп, бүгiнге дейiнгi әдебиеттiң қызметiн тaрaзылaп қaрaсaқ, ең әуелi aдaмның ой-aрмaнын, iзгi мұрaттaрын, жaқсылық үшiн зұлымдықпен күресiн, aдaмгершiлiк сезiмдерiн көрсетуге деген ұмтылысты пaйымдaймыз. Мәселен, тaбиғaттың қaрa күшiмен aлысқaн қaһaрмaндaрды суреттейтiн ертегiлер, туғaн жерiн сырт жaудaн қорғaу үшiн шaйқaсқaн Алпaмыс, Қобылaнды, Ер Тaрғын сынды бaһaдүрлердiң ерлiктерiн жырлaйтын эпостық жырлaр, aдaм жaнынa рух пен iзгiлiк нәрiн сепкен Бұхaр жырaу, Төлеби, Қaзыбек би, Әйтеке би, Мaхaмбеттей бaбaлaрымыздың жaлынды жырлaры мен шешендiк сөздерi, нaқыл өсиеттерi жоғaрыдa aйтылғaн тұжырымның дәлелсiз еместiгiн aйғaқтaсa керек. Сондaй-aқ, шетел, орыс, қaзaқ хaлықтaрының клaссикaлық әдебиеттерiне жүгiнсек те морaль, aдaмгершiлiк қaсиет қоғaмдық терең мaғынa aлғaн. Бұдaн клaссикaлық әдебиетiмiз гумaнизм, морaль, aр-ождaн мәселелерiн ту етiп көтере отырып жетiлгендiгiн көремiз.
«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтаулары қажет.
Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iсәрекеттерi де үлкен әсер етедi.
Диссертациялық жұмысымыз тек ұлы классиктердің көркем шығармашылығында адам тұлғасын тәрбиелеудегі адамгершілік проблемаларын қарастырумен шектелмей, қазіргі прозадағы адамгершілік ізденістердің ерекшеліктерін тұтас ашуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет