Нормативтік сілтемелер


Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігінің негіздемесі



бет2/7
Дата12.03.2023
өлшемі222,93 Kb.
#73491
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Íîðìàòèâò³ê ñ³ëòåìåëåð

Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігінің негіздемесі:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты өлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті Отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
2010 жылдың 7-ші желтоқсанындағы 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы құрылды. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күнгі жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру, әсіресе студенттердің өзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып одан әрі дамытумен қатар, олардың өздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.
«Білім туралы» Заңында; Қазахстан Республикасының 2011-2020
жылдардағы білімді дамыту бағдарламасына енгізілді. Бүгінгі таңдағы мектептің әлеуметтік институт ретіндегі қызметі қазіргі заманғы қоғамның талаптарына жауап беретін оқушы тұлғасының дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні құндылықтардың жаңа жүйесіне бағытталған қоғамның құрылуы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуі жағдайында білім берудің негізгі мақсаттарының бірі өзін-өзі жан-жақты дамытуға қабілетті, шығармашылық потенциалы жоғары жасөспірім тұлғасын қалыптастырудан тұрады.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі таңда еліміздегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, іс-әрекетте ширақ, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан–жақты дамуына жағдай жасау міндеті
көзделген. [1]
Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Ал бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Сондықтан оқушылардың зейінін дамыту мәселесі ең негізгі талаптардың бірі болып саналады.
Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытын айтамыз.
Зейін – ол сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі күйлеріне де бағытталуы мүмкін
Психикалық әрекеттердің беталуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып, құлақ салмаса, оларды жақсы ұғып, есінде қалдыра алмайды, оқушының үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады. Зейіннің негізгі қызметі таным процестерінің таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.
П.Я. Гальпериннің ойынша адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.[41]
Н.Н. Ланге өзінің «ерікті зейін теориясы» атты еңбегінде зейін теориясын 8 топқа бөледі. Бірінші топ моторлы зейін теоориясын құрайды, мұнда Н.Н. Ланге өз теориясымен қоса Р.Декарт, Я. Фризаның, А. Бэнның, Т. Циенның, Т. Рибоның теорияларын да қосады. Бұл теорияларда зейінді, қабылданған затты немесе ақыл-ой идеяларын сол сәтте ретімен келтіруші, жетілдіруші қабілетке ие қозғалыс нәтижесі ретінде қарастырады.
Жоғарыда айтылған теорияларға көңіл бөлсек, зейін басқа бір нәрсенің көрінісі ретінде ғана қаралады. Зейінді эмоция мен біріктіруге тырысқан (қызығушылық) сол сияқты сана бөлігіндегі таза ерікпен барлық психикалық қосымша үдемелі қарқындылық беретін бастау ретінде де анықтама берген. Нәтижесінде зейінге нақты тұжырымдама бермей басқа болжамдар айтқан, зейіннің жеке дара процесс екенін мойындамаған.
Қазіргі таңда осы сұрақ өзекті қызығушылықтар туғызады, себебі зейіннің де барлық психикалық үрдістер сияқты өзіндік нысандары бар. Идеалистік бағыттағы авторлар мынадай пікірді ұстанған. Айырмашылық әрекеті нақтылы мағыналы заттық әрекет. Мұндай жағдайда, бұл психикалық әрекет емес, ал психикалық әрекет болған жағдайда заттық емес. Зерттеулер нәтижесінде алынған фактілер зейіннің жеке психикалық әрекет екендігін ашпаған. Өздігінен мынадай сұрақ туындайды. Зейін өзіндік айырмашылық ( ерекше) әрекет құрай ма, немесе керісінше бұл әрекет зейінге сүйене ме, қандай жағдайда, айырмашылық әрекеті зейінге айналады т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет