Нормативтік сілтемелер


Қазақ тілін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясының тиімділігі



бет15/19
Дата19.05.2023
өлшемі158,57 Kb.
#95041
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тағабай Мәдина Абайқызы

3.3 Қазақ тілін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясының тиімділігі
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді.
Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі.
Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.
Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.
Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.
Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген.
Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет.
Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен мектептер үшін іскер мұғалімдер қажет.
Оқыту үрдісінде логиқаға көңіл бөлген чех педагогі Я.Коменский оқушыларды қысқа ой тұжырым жасауға, оларды өмірмен байланыстыра білуге үйретіп, ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болсын талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. Ол логика – дүниені танудағы елес емес, ол барлық ғылымдардың басында тұруы керек деп ой түйді. Баланы логикалық ойлауға үйрету – оқытушының басты мақсаты, логикалық ойлауға үйретудің негізі – айнала мен табиғатты бақылаумен көрнекі оқыту болуы керек. К.Ушинский оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда көбіне салыстыру тәсілін қолданған. Өйткені, “салыстырусыз – түсіну жоқ, түсінік жоқ жерде пайымдау жоқ” деп қорытынды жасаған.
В.Сухомлинскийдің еңбектерінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдыстыруға көп көңіл бөлінген. Себебі абстракциялық ойлау заттардың ерекшілігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді.
Кейде адамның логикалық ойлауы білім алу барысында немесе жай өмірде өзінше қалыптасады ма, әлде арнайы ұйымдастыру қажет пе? – деген ой туады. Бұл сұрақ Ж.Пиаженің еңбегінде қаралған.
Логикалық ойлау адамның жас ерекшілігімен өзінше қалыптасады, бірақ дамымайды. Даму үшін арнайы ұйымдастырулар керек. Баланың логикалық ойлауын дамытуда әрқашанда жас ерекшелік ескерілсе ғана жетістіктерге жетуге болады дейді ол.
Көптеген авторлардың еңбектерімен және зерттеу жұмыстарымен таныса отырып мынандай қорытындыға келдік. Логикалық білім және оны меңгеру оқыту үрдісінде өз бетінше қалыптаспайды. Оқушылардың логикалық ойлауының дамымауы ары қарай толық білім алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оқыту үрдісінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды ұйымдастыру керек.
Менің негізгі қолданатыным Красноярск педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі В.К Дьяченка жүйелеп ұсынған оқытудың ұжымдық технологиясы.
Ұжымдық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі.
Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В,С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп, жұппен жұмыста әр оқушының мұғалім рөлінде де болуы шығады.
Осындай жұмыстың нәтижесінде әр оқушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осындан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған. Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді. Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады. Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме бір бал – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады. Сабақ барысында әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырп жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді.
Пікір сұрау әдістемесі матемаитка сабағында кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме барлық оқушының сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.
Топта жұмыс істеп болғаннан кейін ортақ талқылау өтеді. Осылайша, сабақтың өн бойында мұғалім оқушыларды қызықтыратын мәселер жөнінде ақпарат ала алады. Сондай-ақ, Оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Өзара жаттығу әдістемесі – жаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі барлық оқушының үнемі жұмыс істеуін талап етеді, жұппен жұмыс істеуде зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады.
Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі. Оқушылар өз жұптасына түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады. Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі — стандартты типтік есептерді шығаруды үйретуге арналған. Таспырма дегеніміз не? Бұл біртиптік тапсырмалар – есептер, жаттығулар немесе сұрақтар. Әр тапсырманың өз нөмірі болады. Оларды нөмірмен немесе әріппен белгілеген қолайлы. Әріптер — тарауларды белгілеу үшін, сандар — осы тараудағы тапсырмалар нөмірін белгілеу үшін қажет. Тапсырмаларды арнайы карточкаларға мақсатты түрде жасау қажет.
Тамсырмаларды өзара алмасу әдістемесі оқушылардың оқып өз бетімен жұмыс істеуге, үйренуге, мұғалімнің әр баламен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Мәтінді абзац бойынша бөліп оқыту әдістемесі
Баспа мақалалар мен ғылыми мәтіндерді ауыспалы құрамда жұппен оқып меңгеру үшін құрылған. Бұл әдістеме бойынша әр оқушы өзінің ерекше тақырыбын алады және оны әр жұптағы әр баламен бірігіп орындайды. Жұмыс барлық материал бірінен кейін бірі жүйелі түрде бірінші оқушы тұрғысынан, екінші мұғалім тұрғысынан оқып, талдануға негізделіп ұйымдастырылады.
Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет