2.2 Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктері Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудьщ маңызды фомасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.
Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан баска оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.
Ір-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байлаиысты оқу, оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.
Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр түрлі тәсілдер мен әдістер, оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің рөлі ерекше.
Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды. Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.
Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметгік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе «Ұжымдық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады, Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» дегені белгілі.
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте, ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы мумкін.
Оқушыдардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады. ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:
іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;
іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;
іс-әрекеттің маңызы-әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері, жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;
іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік, дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;
іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;
іс-әрекетті бақылау - критэрийлерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.
Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (ұжымдық іс-әрекетті бағалау).
Оқытудың тәрбиеленуші фуншиясы оқу урдісінің ұйымдастыру формаларын тұрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу - оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет.
Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар; педагогикалық үрдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетті білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеудің керектігін көрсетеді.
Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқу-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар. Салмақты кемшіліктердің бірі - теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді. Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.
Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші кемшілік - оқыту үрдісі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.
Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық) жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант жазады, есеп шығарады. мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.
Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір оқушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді іске асыру мүмкін емес.
Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оқу-танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формаларын ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді.
Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешімін ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытындысын шығарып бағалайды.
Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі бірін-бірі оқытады. Бұл туралы Я.Коменский "Ұлы дидактикасына" "Басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп көрсеткен. Бұл идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп жазады.
Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу) ұжымдық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.
Сабақ оқытуды ұымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы емес. Кейінгі жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқушыларн кіші мектеп балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды, үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда оқушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету маұсатында мәселелер жиі қолданылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай байланысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып білімдерін тереңдетеді, ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқушыларының білуге құмарлығын дамытады.
Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет пен ұжымдық іс-әрекеттің айырмашылығы бар. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің елеулі белгілері:
1) әрбір ұжым мүшелерінің күш салуын талап ететін, бірегейде маңызды іс-әрекет мақсатын түсіну;
2) іс-әрекетке қатысушылардың арасында міндеттерді, атқаратын істі бөлісу;
3) жұмысты орындауда өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынастарды орнықтыру;
4) бақылауды, іс-әрекеті бағалауды іске асыру.
Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс дамуы оқушылардың оқу еңбегінің "ұжымдық деңгейімен" қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейлерді анықтаудың өлшемдері ұжымдық іс-әрекет пен оның құрылымының негізгі белгілерінің сәйкестігінде. Олар мыналар:
ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);
жұптасып жұмыс жасау (екі жақты сипатта);
топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі белгілері толық асады, ең азы 3 оқушы, ең көбі 6-7 оқушы;
топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады оқушылардың топаралық жұмысына мұғалім басшылық етеді;
фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейі. Бұл деңгейдің ерекшелігі барлық балалар түгелдей қатысады, ұйымдастыру жағынан қиыншылықтар болғанымен, ұжымның бірігуіне, ынта-мақсатына зор әсер етеді;
ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану үшін мұғалім оқушының жеке тұлғалық дамуының және ұжымның дамуының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет.
Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:
Ол қызықтыратын болуы керек;
Ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі керек;
Әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып өзінің үлесін қосуы керек.
Ал ғалым И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін көрсеткен:
Ұйымдастырушылық бірлігі;
Психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);
Дайындық бірлігі (біріккен іс-әрекеттегі әркімнің тәжірибесі);
Іс-әрекеттің бағыттылығы.
Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекет көпшілік жағдайда оқушыларға жағымды әсер етеді. Ол оқушылардың танымдық қызығуын оятады және тұрақты (зейінді), ықыласты қамтамасыз етеді.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шаталов «Ілім -ұжымдық үрдіс» деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор «тірек сигналдарын» құрастыруда өзара керек әдістерін оқушылардың ұжьмдық әрекеттерінің өзіндік формасы деп таныды.
Балалар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда оның қоғамдық бағыттылығы ерекше рөл атқарады. Тек осы жағдайда қоғамдық пікір қалыптастырады, әрбір ұжым мүшесіне жайлы эмоциялық ахуал туады, оқушылардың азаматтық ұстанымдарының тұрақтануына ықпал ететін ұжымдық адамгершілік дәстүрлер қалыптасалы.
Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сондықтан мұғалім олардың дамуы мен тәрбиесін жоспарлауда іс-әрекеттің тиімді формалары мен мазмұнын таңдауы керек.
Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы қуанышқа бөлеп қанағаттандырады. Ендеше танымдық міндеттерді шешудегі оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің тиімділігі еңбекті ұйымдастыруға байланысты.
Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі өлшемдердің көмегімен жорамалдауға болады; субъективтік және объективтік. Субъектинтік өлшемдер оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғам қайраткерлерінің бағалаулары. Бірақ, ұжымдық -әрекетті жан-жақты бағалау үшін обьективті көрсеткіштер керек. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеті тиімділігінің объективті көрсеткіші ретінде тәуелсіз сипаттамалар әдістерінің көмегімен алынған нәтижелік бағалауларды алуға болады, олар - арнаулы сауалнамалар және ұжымдық іс-әрекет жемісінің талдауы.
Оқушылардың жеке тұлғалық қоғамдық бағыттылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - ұжымның өмірін жандандыру, мазмұнын тереңдету. Бұл жөнінде оқушылардың ұжымдық іс-шаралардан алған әсерлері айғақтайды (пікірталас, тақырыптық кеш, кездесу, жорық). Ал ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің маңызды көрсеткіштері - балалардың белсенділігі мен ынталылығын көтеру, сыныпта және мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту. Ұжымдық іс-әрекеттің әрбір түрі өз белсенділерін шығарады, бірқатар жағдайларда өзін-өзі басқару органдарын құрады. Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру оқу белсенділерінің өсуіне, танымдық дербестіктің, қызығу мен шығармашылықтың нығаюына ықпал етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына ұжымдық іс-әрекеттердің түрлі формаларының әсерін анықтау үшін мектепте және мектептен тыс өтетін сабақтарда жан-жақты тал дау керек.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейін үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың пайызымен емес, әр оқушының оқу мен дамуындағы алға басуымен, жұмыс атқаруға деген талпынысымен өлшеуге болады. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру оқушылардың жеке тұлғалық жауапкершілігін, өзара тәуелділігін дамытады.
Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру оқушының жеке тұлғалық шығармашылық бағыттылығымен дамытудың қажетті шарты болып табылады. Ұжымдық еңбектену үрдісінде оқушылардың жеке тұлғалық қызығуы мен бейімділігін тереңдетудің алғы шарты жасалынады, қарым-қатынас аясы кеңейеді, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибелер жинақтайды.
Оқушылардың дамуындағы алғы басуы сынып жетекшісі әзірлеген жеке тұлғалық мінездемелерінде жазылады. Шығармашылық белсенділігі үш жақтан (сынып, белсенді мүше, мұғалім) бағаланады, бұл оқушының даралық шығармашылығының қалыптасуы жөнінде нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды көрсеткіші оқудан тыс бірлестіктерде қызығуларына қарай қатысушылар санының өсуінен көрінеді. Оқушылар өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін «шебер қолдар» үйірмелерінде, ғылыми қоғам, көркемдік студияларда, өлкетану саяхаттарында, өнертапқыштар клубында қолданады.
Ұжымдық іс-әрекеттің тиімділігінің маңызды шарты - оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының болуы, балалар іс-әрекетке құр орындаушы ретінде қатыспай, оның дамуына өзінің шығармашылық үлесін қосуы үшін бар мүмкіндіктерді жасауы керек.
Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің қажетті шарттарының бірі: оған кәсіби педагогикалық басшылық ету. Тәрбиелеу әдістемесін меңгеруден, әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін білуден басқа педагог оқушылар ұжымын, ондағы іскерлік және эмоциялық қарым-қатынастарды тиянақты зерттеп, ұжымдық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін түсініп және оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен амалдарын қолдана білуі керек.Ұжымдық оқыту тәсілінің пайда болуы мен дамуын, тәжірибеден өтуін, кеңес үкіметі орнаған жылдардан, 1918 жылғы А.Г.Рибиннің педагогикалық экспериментінен бастау алатындығы педагогика тарихында айтылып келеді.
Бірақ бұл оқыту тәсілінің сонау орта ғасырлық мектептерде негізі қаланғаны жөнінде ешбір зерттеулер айтылған емес. Міне, осындай жағдайды ескере келіп, бұл ұжымдық оқыту тәсілдерінің қандай оқу орындарында көрініс тапқанына тарихи-педагогикалық тұрғыдан шолу жасамақпыз. Бұл түрдегі оқыту тәсілінің білім беруді ұйымдастыру барысында орын алған мектеп типі ескі оқу жүйесіндегі немесе мұсылмандық мектептер мен медреселер десек қателеспейміз. Сондай-ақ, XIX ғасырдағы Ресейдің ірі қалаларында қыздарға ұйымдастырылған білім беру курсында да "ұжымдық сабақ" деген атпен қалған оқытуды ұйымдастыру түрінде ұжымдық оқу тәсілдерінің көрініс тапқаны анық.
Медреселерде берілетін білім деңгейі өсу баспалдағына, яғни оқу курсының жоғарылауына байланысты күрделене түсетіні анық. Ал, бұнда ұжымдық оқыту тәсілінің ерекшелігіне жататын көрсеткіштер, біріншіден, оқуға келген шәкірттердің жасы әр түрлі, әр кезеңді қамтитындар. Екіншіден, шәкірттің мектепке немесе оқу орнына қабылдануы анықталған бір мерзімде емес, үшіншіден, берілетін білімнің мазмұны мен деңгейін анықтайтын оқу барысы. Ол шәкірттердің жас кезеңдерімен шектелмейді. Бұндағы оқу жумысының нәтижесі шәкірттің алғырлығына, ынталығына, жинақталғанына, оқуға деген құштарлығына және тағы басқа да жеке бастық қасиеттерге, ерекшеліктерге тікелей байланысты болды. Себебі, оқу курсында берілетін білім көлемін әр шәкірт әр жылда (2-3-4) игеруіне байланысты болды. Оқу жылы кей шәкірттер үшін қысқа, ол кей шәкірттер үшін ұзақ болды. Төртіншіден, мұғалімнің немесе ұстаздың оқытқанда берген білімін игерген шәкірт екінші бір шәкіртке немесе досына үйретуі. Ал бесіншіден, медреселердегі шәкірттердің өз білімдерін өздері көтеру барысында пікірталастарды өткізуі ұйымдастыруы, яғни ол бір жағынан өзін-өзі басқаруы болмақ.
Ал, Ресей жеріндегі ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі Москваның жоғары қыздар курсының жабылуына қоғамдағы демократиялық күштер қарсы тұрды. Олар әйелдер курсына тыйым салуға келіспеді, ол үшін әйелдер оқуының жаңа курсы жолдарын іздеді. Сөйтіп «ұжымдық сабақтарды» тапты.
«Ұжымдық сабақтар» 1888 жылы Москвада тәрбиешілер мен оқытушылар қоғамы жанынан ашылды. 1890 жылы "ұжымдық сабақтар" тарих-философия және физика-математика салалары бойынша екі бағытта ауқымды дамуы анық байқалады. Ұжымдық сабақтарды кеңес басқарды. Оған мүшелікке барлық оқытушылар және бірнеше білім алушы оқушы қыздар кірді.
Сабақта көп қиындықтар кездесті, әсіресе практикалық сабақтар өткізуге ғимараттар табу қиын болды. Руқсат етпегеніне қарамастан, "ұжымдық сабақтардың" тыңдаушылары жыл сайын өсе берді. Олардың мақсаты әйелдерді орта мектептегі педагогикалық қызметке даярлау болатын.
1898 жылы Москва оқу округінің қамқоршы кеңесі "ұжымдық сабақтарды" жауып, Москвада жоғарғы әйелдер курсының жұмысын жандандыру туралы жобасын жасап бекітті.
Жоғарыда көрсетілген білім берудің тарихи мәселелеріне байланысты деректерге сүйенсек, ұжымдық оқыту тәсілдері жүйесінің бейнесін беретін көріністерді, элементтерді көруге, байқауға болады. Дегенмен, ұжымдық оқыту тәсілдері жөнінде пікір айтылғанда мұнда міндетті түрде дәстүрлі топтық оқыту тәсілдерінің элементтеріне сәйкес келетін жағын да айта кету керек. Онда оқытуды ұйымдастыруда арнайы сынып немесе оқу бөлмесінің болуы, оқу курсында игерілетін білім көлемі мен деңгейіндегі тапсырмалардың жүйесін анықтайтын бағдарламаның болуы. Сондай-ақ шәкірттер игерген білімдерін мұғалімнің немесе өзінің достарының алдында айтып беру, білімін көрсету.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекеттер достығы аумағында педагогика ғылымдағы ұжымдық оқыту тәсілдеріне 1918 жылғы педагог А.Г.Ривиннің педагогикалық экспериметін негізге алады. Ол Киев түбегіндегі Корнин хуторында бір жыл бойы бір өзі 10-16 жас аралығындағы 40 баламен сабақ өтеді. Дербес және жұптап жұмыс жүргізе отырып, оқушылар бәрін орындады: есеп шығарды, реферат, конспект жазды, өлеңдер жаттады, баяндама жасады, мұғалім алдында, сондай-ақ бір-бірінің алдында білімдерін көрсетті. Бұл мектепте дәстүрлі сабақ кестесі болмады. Осы уақыт ішінде әрбір оқушы оқытудың 3-4 жылдық оқу курсын меңгерді. Оқушылардың дуниетанымының дамуы өзгеше қызығарлықтай жағдай туғызды. Үлкен мекенді жерден шалғай, бөлек тұрған хуторлық балалардың аз уақыт ішінде логикалық ойлауға, дәлелдеуге, талқылауға, пікірлесуге, гуманитарлык пәндер бойынша қиын мәтіндерді талдауға үйренді. Тіпті өзара қарым-қатынас белсенділіктерінің артуы, қабілеттілік көрсете білді.
Экспериментте үш түрлі педагогикалық ашылулар жасалды. Бірінші - алғаш рет педагогика ғылымы саласыңда бір жыл ішінде ауыспалы сабақтар мен шағын топтарда қарқынды оқу қызметі жүрді. Екіншіден, оқу тәрбие жұмысының жаңа технологиясы жасалды; үшіншіден - алғаш рет әр жастағы өз бетімен білім алатын, өзін-өзі оқытатын, өзін-өзі бақылайтын, өзін басқарған ұжым қалыптасты. Әрине бұлардың барлығы мұғалімнің басшылығымен болды.
Ұжымдық оқыту тәсілдерін мектеп өмірі жағдайындағы оқу-тәрбие барысына ұтымды қолданбады, дұрыс түсіндіріп бағаланбады, бұл өкінерлік жай.
Педагогикалық технологияның бұндай жаңашылдығының өзектілігі дамудың қарқындылығы мен қазіргі білім арасындағы үйлеспеушіліктерді анықтайды және дәстүрлі оқыту тәсілдерімен мына қарама-қайшылықтарда көрінеді.
1. Оқушыларды оқытудың дәлелдері мен себептері арасындағы қарама-қайшылықтар. Мұғалімдер балалардың оқығысы келмейтінін айтса, оқушылар оқудың зеріктіретінін, аса ауыр екенін, бір жақтылығын айтады. Ұжымдық оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады.
2. Оқу қызметінің енжар-сырттай қараушылық пен белсенді-білімдарлық турлері арасында. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Бірі тыңдайды, кейбіреуі тыңдамайды. Ал, ұжымдық оқу әр сабақта немесе ауыспалы жұп пен шағын топтарда әрбір оқушыны белсенді жұмысқа жұмылдырады.
3.Психологиялық негізден жағымды, көтеріңкі көңіл-күй сезімі мен төменгі, жағымсыз көңіл-күй сезімдер арасында: классикалық сабақта педагог бүкіл сыныпта қырық минут бойы қадағалауға мәжбүр болса, ұжымдық оқыту тәсілдері шынайы еркін қатысқа жағдай туғызады.
4. Оқыту мен тәрбие арасында. Қарапайым сабақта мұғалім оқушылардың өзара тәрбиелік ықпал етуін жояды. "Сөйлемеңдер!" "сыбырламаңдар!" деп жойып жібереді. Ал ұжымдық оқыту сабақтарында бәрі керісінше: сұхбаттасыңдар, түзетіңдер, бағалаңдар, пікір алмасыңдар.
5. Оқыту стандарттары мен дербес даму арасында: 1 қыркүйекте сыныпқа 25-30 бала келсе, 1 маусымда оның бәрі келесі сыныпқа көшірілуі тиіс. А.Г.Ривин бұны "үйірлеп оқыту" деп атайды. Ұжымдық оқытуда оқушы сыныпқа оқу жылының кез-келген айында келе алады және оқу пәні бойынша емтиханды да кез-келген уақытта тапсырады.
6. Субъект-субъекттік және субъекттік қатынас арасында классикалық сабақта әрдайым өзара қатынас принципі қолданылады (субъект-объект). Егер оқушылар мұғалімнің көмекшісі немесе өз бетінше емтихан алушы болса, онда "субъект-субъект" принципі үлкен табысымен жүзеге асар еді. Ұжымдық тәсілдер өзінің барлық әдістемелерімен әр оқушыны, сондай-ақ бүкіл сыныпты өз бетінше оқитын субьектке айналдырады.
Ұжымдық оқыту тәсілдерінің ерекшелігі төмендегі қағидаларды негізге алудан түрады. Олар:
а) Оқушылардың ауыспалы жұптарының түгел болуы:
ә) Олардың өзара оқуы;
б) Өзара бақылау;
в) Өзара басқару.
Ұжымдық оқыту тәсілдері тәжірибеде көрсеткендей, оқу-тәрбие ісінде жоғарғы педагогикалық нәтижеге жеткізетін бірден-бір жаңашылдық негіздегі педагогикалық технология болып отыр.
Зерттеушілер, педагог-әдіскерлердің тәжірибелерінде сабақтың әртүрлі формаларын қолдана отырып, қатынас тәсілдерін дұрыс іріктеу тиімді оқу ісі үшін қолайлы жағдай туғызатынын дәлелдейді. Оқушылардың мұғаліммен және өзара белсенді әрекеттестігі материалды меңгеруді жеңілдетеді.
Ұжымдық оқыту әдістемесінің бірнеше жүйесін А.Г.Ривин жасады. Оны әртүрлі жағдайда қолдануға болатын жағдайларын анықтап берген. Онда: кез келген оқу пәнінің мәтіндік материалдарын үйрену; өзара мәтін құру, беру; тапсырмаларды өзара алмастыру; есептерді, мысалдарды шешу; өзара мазмұндама, диктант жазу; сабақта өлең жаттау; сабақта жаттығу орындау; сұрақ қою арқылы жұмыс жасау; шет тілін үйрену деп көрсеткен.
Біріншіден, кез келген оқу пәндері бойынша мәтіндік оқу материалын үйрену жоспарын құрды. Ол үшін берілген материал 3-6 бөлікке бөлінеді. Төменгі сыныпта мәтін үзінділері аз болып, орта сыныптарда 2-3 беттен аспауы болса, жоғарғы сыныптарда 2-3 беттен кем болмауы қарастырылған. Бұнда әрбір жеке оқушы дербес жылдамдықпен жұмыс істейді. Және осы іс-әрекетке машықтанады.
Екіншіден, бір партада отырған екі оқушы тапсырманың бірінші бөлімін бірлесе оқиды, орындайды. Біреуі мәтінді дауыстап оқыса, екіншісі мәтінге қарап отырады. Бұдан кейін олар мазмұнын талқылайды, яғни бірі түсінік айтса, бірі нақты қосылып отырады. Бұған басқа материалды қосуға болады. Мәселен, хрестоматиядан.
Егер де қандай да бір берілген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім кеңес беруі керек.
Ұжымдық оқыту әдістің оқу мекемелеріндегі қолданыс тапқан уақытына тарихи шолу жасай келіп, теориялық негізіне талдау бердік. Дегенмен, мұндай оқьпу жүйесін бастауыш мектепте толыққанды кеңінен қолдану мүмкін емес, өйткені мектепке алғаш келген бала мұғалім жетегімен білім алып тәрбиеленеді. Бірақ, ұжымдық оқытудың элементтерін мұғалім өз жағдайына байланысты, тиімді етіп пайдалану мұғалім еңбегінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Яғни, бұл мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігіне және жаңашылдығы мен бай тәжірибесіне тәуелді болмақ.
Уақыт алдыға жылжыған сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Уақыт талабына сай жан-жақты білімді азаматтар тәрбиелеп шығару ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет екені кімге де болсын аян. Сондықтан біздер бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бүгінгі егеменді елімізде азамат тәрбиесі өз нәтижесін көрсете алады. Мұғалімдер еңбегінде оқыту шеберлігі, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу талабы күшеюге тиіс. Мұғалім әрбір сабақта теориялық және қолданбалы білімдер мен әдістерді тиімді пайдаланып, озат тәжірибелерді тез игеріп, шығармашылықпен жұмыс жүргізсе, сабақтың саналығы да үнемі артып отырған болар еді. Оқыту барысында озат тәжірибелер, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткізудің ең жаңа түрлерінің бірі - ұжымдық оқыту әдісі. Соңғы жылдары әлі де болса мұғалімдердің тәжірибесіне кеңінен ене қоймаған тиімді оқытудыц нсгізгі бір саласы — оқушылардың ұжымдық білім тану ецбегін ұйымдастыру. Ұжымдық оқыту арқылы оқушылардың жоғары танымдық қабілетін қалыптастыруға болады. Қазіргі ғылыми педагогикада да оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде, яғни оқытудағы басымдылық жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге беріледі. Педагогика тарихында да қай кезде болмасын әдіс-тәсілдер ойластырылып жатса да бәрібір ГСО-ға топтық оқыту әдісіне келіп тіреледі. Ал бұл тәсіл әр оқушының бір мезгілде қабілетін, мүмкіндігін толығымен жұмсап, өздігімен еңбек етуіне мүмкіндік бере алмайды. Яғни, қарым-қатынас мәселесінде өзгеріс болмайды. Ал қазір жаңалық болып таральш жатқан ұжымдық оқыту тәсілі оқыту технологиясын ұйымдастырудың әлі де болса ескірмеген әдісі ретінде оқыту үрдісінде қолдау тауып, орнығып келеді. 20-30 жылдарда педагог А.Г.Ривин өзінің бұл идеясын тәжірибеде дәлелдегенмен, бірақ кезінде қолдау таппаған. Осы идеяны теориялық жағынан талдап, артықшылығын көрсеткен ресейлік шебер педагог В.К.Дьяченко болса, оны тәжірибеден өткізуші педагог-мұғалімдер қазір көптеп саналады. Бұл әдістің артықшылығы - оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыруда 4 түрлі тәсілді пайдалануды үсынады: