Новые педагогические технологии



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі0,89 Mb.
#79193
  1   2   3
Байланысты:
Жаңа педагогикалық технологиялар

  • Педагогикалық технология ̶ оқу үдерісін жүзеге асыратын мазмұнды құрал (В.П. Беспалько)
  • Педагогикалық технология құрылымы:
  • Оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі әдістері мен құралдары;
  • материалды меңгерту барысында ұстаздың қызметі;
  • оқыту үдерісінің диагностикасы.

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

  • Дәстүрлі технологииялар
  • Инновациялық технологиялар

Инновациялық технологиялардың 4 критерийі:

  • Педагогигикалық технология негізінде оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату;
  • Баламалы технологиялар;
  • Табиғи технологиялар;
  • Дамыта оқыту технологиялары.
  • Ойын технологиялары;
  • Проблемалық оқыту технологиясы;
  • Модульді оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов);
  • Деңгейлік саралау технологиясы;
  • Жекелеп оқыту технологиясы
  • (Инге Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков);
  • Бағдарламалық оқыту технологиясы;
  • Ақпараттық оқыту технологиясы;
  • Интербелсенді технологиялар (дискуссия, дебат, жарыс);
  • Зияткерлік тапсырмаларды шығару технологисы (ЗТШТ).

Баламалы технологиялар

  • Еркін еңбек технологиясы (С.Френе);
  • Жобалық оқыту технологиясы;
  • Шеберлер технологиясы;
  • Дальтон-технологиясы;
  • Кейс-технологиясы;
  • Интернет-технологиялар.

Табиғи технологиялар

  • Денсаулық сақтау технологиясы;
  • Дарынды балаларды оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту технологиясы

  • Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы (бастауыш мектептерге);
  • Жеке тұлғаны дамыту технологиясы (И.С.Якиманская);
  • Өзін-өзі дамыту технологиясы (Г.К.Селевко);
  • Сыни тұрғысынан дамыту технологиясы.
  • Аталған оқытудың басты тәсілдері– материалды көрнекілік үйлесімділігімен бірге түсіндіру, ал оқушылардың іс-әрекеті – тыңдау және есте сақтау.
  • Артықшылықтары: уақытты үнемдеу, ұстаз бен оқушылардың күштерін сақтау, соңғылардың қиын білімдерді түсінуін жеңілдетеді, үдерісті басқарудың ең тиімділігімен қамтамасыз етеді.
  • Кемшіліктері: «дайын» білімді жеткізу және оларды меңгеру кезінде оқушыларды өз бетімен және натижелі ойлау қажеттілігінен босату, сондай-ақ, оқу үдерісінің елеусіз мүмкіндіктерін даралау және саралау.
  • Проблемалық оқытудың мәні мынада, оқушылар ұстаздармен бірге жүйелі түрде жаңа бір қиын мәселені шешімін дәлелдейді, соған орай олар өз бетімен білім алады, бұрын игерген білімдерін қолданады және шығармашылық тәжірибесін дамытады.
  • Артықшылықтары
  • Кемшіліктері
  • ойлау қабілеттерін дамытады,
  • оқуға деген қызығушылығын оятады, шығармашылық күштерін арттырады.
  • оқытылатын материалға, оқушылардың дайын болмауы, ұстаздың біліктілігіне байланысты әр сабақта қолдана бермейді.
  • Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған проблемалық технология оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуына жағдай жасайды, бұрын алынған білім қорын және тәсілдерінің қолданылуын анықтауға көмектеседі , негізгі мәселені ұғыну және одан шығу жолдарын табуға ықпал етеді.
  • Саралап оқыту – бұл ұстаздың оқу үрдісінде оқушылардың жалпы бір қасиеттерін ескере отырып топқа бөліп жұмыс жасауы.
  • Артықшылықтары:
  • Әрбіреудің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне орай деңгейлеп оқыту;
  • Қоғам үшін ақталмаған және мақсатсыз теңгермешілік пен балаларды төмендету алынып тасталады;
  • 3. Ұстаз әлсізге көмектесу мүмкіндігі мен мықтыға көңіл бөлу мүмкіндігі туады;
  • 4. Сыныптағы үлгермеушілердің болмауы жалпы оқыту деңгейінің төмендету қажеттілігі алып тасталады;
  • 5. Қиын балалармен неғұрлым тиімді жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болады;
  • 6. Мықты топтардың оқу белсенділігі артады;
  • 7. Бір топтағы бірдей жинақталған балалар сабақты жеңіл меңгереді.
  • Кемшіліктері:
  • 1. Деңгей бойынша балаларды бөлу дұрыс емес;
  • 2. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік көрініп тұрады;
  • 3. Әлсіздер мықтылардың соңынан еріп, олардан көмек алып, олармен бәсекелесу мүмкіндігінен айрылады;
  • 4. Әлсіз топқа ауыстыру оқушылардың қадір-қасиетін кемсіту ретінде қабылданады;
  • 5. Әлсіз топтарда оқу ынталандыру деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
  • Жеке-дара оқыту – мұнда ұстаз тек бір оқушымен ғана жұмыс жасайды, ал оқушы тек оқыту құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Жеке-дара оқыту оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында онымен қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
  • Артықшылықтары
  • Кемшіліктері
  • Мазмұнды, тәсілдерді және оқыту әрекетінің қарқынын оқушының ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеуге мүмкіндік береді;
  • білімсіздіктен білімділікке дамуы қадағаланады.
  • ұжымдық, өзара көмек сезімділігі қалыптаспайды.
  • Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл білім алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерісін компьютер арқылы жүзеге асыру құралы.
  • АТ қолданудың бірнеше түрлері бар: от сабақты демонстрациялаудан қашықтық білім беруге дейін.
  • Ақпараттық технологиялар гипермәтін мен мультимедианы, бағдарламалық тестілеу және бақылау, имитациялық оқыту, демонстрациялау үдерісін қамтиды.
  • Артықшылықтары
  • Кемшіліктері
  • Оқу материалының көрнекілігі;
  • Шындығында алуға болмйтын үдерістер мен құбылыстарды модельдеу мүмкіндігі;
  • бақылау объективтілігі;
  • Динамикалық үдерістер мен құбылыстарды көрсету;
  • оқушылардың өздеріне білім алу жылдамдығын таңдауға мүмкіндік беру;
  • Ақпараттық және пәндік дайындықтың есебінен пәнаралық байланыстарды терңдету.
  • Ұстаз үшін дайындыққа көп уақыт қажет; ДК-де жұмыс істеу үшін тиісті біліктіліктің қажет болуы;
  • АТ-ны пайдалану үшін оқушылардың дайындығы.
  • Ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты бағдарламалық оқытудың ( мұнда оқушылар көбінесе жаңа материалды меңгеру кезінде компьютерді қолданады) ерекшелігі мынада:
  • оқыту үдерісі әр түрлі бөліктерге бөлінеді;
  • оқыту үдерісі білімді игеретін білім бөліктері мен ойлау әрекеттерінен тұратын қадамдардан тұрады;
  • 3. әрбір қадам бақылаумен аяқталады (сұрақтар, зтапсырмалар және т.б.);
  • 4. Бақылау тапсырмаларын дұрыс орындағаннан кейін оқушылар жаңа тапсырма алып келесі қадамға көшеді;
  • 5. дұрыс емес жауап берсе оқушыға көмек көрсетіліп түсіндіру жұмыстары орындалады;
  • 6. әрбір оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және оқыту материалын өзіне тиісті қарқынмен меңгереді;
  • 7. Әрбір бақылау жұмыстарының нәтижесі тіркеледі, олардың нәтижесі оқушыға да (ішкі кері байланыс), сонымен бірге мұғалімге де (сыртқы кері байланыс) белгілі болады.
  • Бақдарламалық оқыту материалы
  • белгілі бір логикалық реттілікпен берілетін оқыту ақпараттарының салыстырмалы түрде азғантай бөлігін көрсетеді («слайдтар», «файлдар», «қадамдар»).
  • Модульдік оқыту — оқу ақпаратын блокты-модульді негізде ұсынып, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі
  • I модуль – Негізгі сұрақтар мен ұғымдарды мұғалімнің ауызша баяндауы; II модуль – өзіндік және тәжірибелік жұмыстар. Оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы тақырыпты ашады. Сабақтың бұл кезеңінде -практикумдар, семинарлар, ойындар өткізіледі; III модуль – тақырыпты қайталау және қорытындылау; IV модуль- тақырып бойынша оқушының білімін бақылау.
  • Ойын арқылы оқыту — бұл білім, білік, дағды, іс-әрекетті эмоциялық бағалау сияқты қоғамдық тәжірибені меңгеру және қалпына келтіруге бағытталған шартты жағдайларда құрастырылған оқыту түрі:
  • Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, қызықтырады және демалуға мүмкіндік береді.
  • Бірақ оның тарихи мәселесі — оқыту.
  • терапиялығы
  • Ойын
  • Эмоционалды
  • диагностикалық
  • рақаттандырады
  • коммуникативтілігі
  • өзін-өзі жетілдіру
  • Мәдени-әлеуметтілігі
  • сюжет
  • шарттар
  • қатысушылар
  • хронотоп
  • деректемелер
  • Ойын нәтижесі
  • Ойын технологиясының функционалдығы мен құрылымы
  • Кейс-технологиясы білім алушыға оқу-әдістемелік кешен түрінде берілген ақпараттық білім ресурстарын әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарды қолданып өз бетімен (кейстер) пайдалана алуға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялық құралдар білім алушы, оқытушы және топ мүшелерінің байланысын, сондай-ақ оларды қосымша ақпараттық ресурстармен қамтамассыз ету үшін қолданады. Жеке және топ ішінде өткізілетін ашық сабақтарға (консультацияларға) елеулі рөл беріледі, оларды арнайы дайындалған оқытушы өткізеді.
  • Сабақтағы Кейс-технологиялардың негізгі кезеңдері :
  • 1) Мұғалім әр оқушыға оқытылатын тақырып бойынша оқу-тәрбие материалын жеке дайындап, ұсынады;
  • 2) Тақырыпқа байланысты әрбір сұрақты оқушылар жоспарлы және дәйекті түрде талқылайды, кейбір мәселелерді жеке, кейбіреуін топпен орындайды, жеке көмек көрсетіледі;
  • 3) Мұғалім оқытылатын тақырыпты міндетті түрде қорытады, кемшіліктерді анықтайды, зерделейді, түсініңксіз сұрақтарға жауап береді, жояды;
  • 4) Өтілген бөлім, не тақырыпқа диагностика жасалады.
  • Кейс-технологиясының артықшылықтары:
  • Оқушы берілген тақырып бойынша ұсынылған барлық материал көлемін көре алады;
  • тіпті ауырған жағдайда оқушы босатылған сұрақтарды көріп олармен өз еркімен жұмыс жасай алады;
  • оқушы берілген тақырыпқа байланысты уақытты жоспарлай алады;
  • Мұғаліммен сөзсіз бағаланатын, сыныптастар алдында кеңесші ретінде сөз сөйлейтін кейбір оқушының қорытынды сабаққа неғұрлым жақсы дайындалуға деген ынтасы туады;
  • Жыл соңында оқушыда барлық оқылған тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік кешені жиналып тұрады, оларды ол емтихан кезінде қайталау ретінде пайдалана алады.
  • Интернет – технология ғаламдық және жергілікті компьютерлік желілерді қолданып білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізу, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық құралдарды қалыптастыру және оқу үдерісінің субьектілерін оның орналасқан жеріне қарамастан басқару. Интернет-технологияны іске асырудың басты кезеңі болып қашықтағы оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамассыз ету үшін, оқу үдерісінің ағымдағы ақпаратын алу (off - line) оқытушы – кеңесшілермен қарым-қатынас жасау және т.б. үшін автоматтандырылған электрондық қызмет көрсету.
  • Дальтон-технологиясы еркіндік, дербестік, ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл технология шығармашылық тапсырмалар жүйесі (дальтон - тапсырма), зертханалық жұмыстар (жеке және ұжымдық оқу-танымдық өзіндік жұмыс), сенім атмосферасын құру, жауапкершілік,
  • сәттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет