Электр тогының құны қанша? Электр құрылғылардың жұмыс атқарулары үшін энергия қажет. Әр
құрылғы әртүрлі шамада энергия тұтынады. Сондықтан, қуат түсінігін
қолдануымызға тура келеді.
Кестеде күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдарының қуаты
көрсетілген.
№ Электр құралы Қуаты, Вт 1
Электр шамы
18
2
Электр шәйнегі
800
3
Желдеткіш
5000
4
Шаңсорғыш
2200
5
Электр үтігі
1600
Күнделікті тұрмыста және жұмыста болсын қолданған электр
энергиясының мәнін есептеу үшін 1 кВт•сағ өлшемін қолданамыз.
Электр энергиясының құны: 1 кВт•сағ= 20 тг
1. 3 мин жұмыс барысында энергияны көп жұмсайтын электр құралы
A) Электр шамы
B) Электр шәйнегі
C) Желдеткіш
D) Шаңсорғыш
E) Электр үтігі
2. Электр шәйнегімен 2 мин суды қыздыру үшін жұмсалатын энергия
мөлшері
A) 400 Дж
B) 1600 Дж
C) 24 кДж
D) 48 кДж
E) 96 кДж
3. 5 мин жұмыс істеген электр үтігімен бірдей мөлшерде энергия тұтынатын
шаңсорғыштың жұмыс істеу уақыты
A) 120 с
B) 218 с
C) 300 с
D) 330 с
E) 412 с
4. 1 тәулік бойы жанып тұрған электр шамының электр энергиясының құны
A) 3,6 тг
B) 8,64 тг
C) 21,6 тг
D) 26,7 тг
E) 36 тг