Нұрғожаева Айдана Бағдәулетқызы
1-курс ДОТ математика-физика
Электр зарядтары. Элементар заряд
Электрстатика - қарастырылып жатқан координаттық системада қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерлесуін зерттейтін пән.
Шартты түрде оң және теріс деп аталатын екі түрлі электр зарядының бар екені белгілі. Электр заряды белгілі бір элементар бөлшектердің бөлінбейтін табиғи қасиеті болып табылады. Бұл элементар бөлшектердің зарядтары (егер ол нөлге тең болмаса) абсолют шамасы бойынша бірдей болады. Міне, осындай бөлшектерді элементар заряд деп, оны “е” әрпімен белгілейміз.
Элементар бөлшектердің қатарына, мысалы, электрон (теріс зарядты), протон (оң зарядты) және нейтрон (бейтарап, яғни заряды нөлге тең) жатады. Осы бөлшектерден заттың атомдары құралатындықтан электр зарядтары барлық денелердің құрамында болатыны белгілі. Әдетте, әр таңбалы зарядтарды тасушы бөлшектер денеде бірдей мөлшерде болады да бірыңғай тығыздықпен орналасады. Сондықтан бұл жағдайда дененің кез-келген элементар көлеміндегі зарядтардың алгебралық қосындысы нөлге тең болады да дене тұтас алғанда нейтралды болады. Егер бір себеппен денеде бір таңбалы бөлшектердің артық санын туғызсақ, онда ол зарядталған жағдайда болады (үйкеліс арқылы электрлендіру) немесе оң және теріс бөлшектердің жалпы санын өзгертпей-ақ, дененің бір бөлігінде бірдей таңбалы зарядтар артық болатындай етіп, оларды қайта орналастыруға болады. Мысалы, мұны металл денеге басқа бір зарядталған денені жақындату арқылы жүзеге асыруға болады (индукция арқылы электрлендіру немесе ықпал, әсер арқылы электрлендіру).
1.1-сурет
Әрбір “” заряд элементар зарядтарың жиынтығынан құралатындықтан, ол “”-ге бүтін еселі болып табылады:
(1.1)
Сонымен, электр зарядтары жоқтан пайда болмайды, олар тек белгілі денелерде, олардың арасында бөлініп, түрліше таралып отырады. Сондықтан тұйық жүйелерде әр кез электр зарядтарының сақталу заңы орындалады.
Тұйық жүйедегі электр зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты болады.
Кейбір ерекше жағдайларда, мысалы, жарықтың затпен әрекеттесуі барысында зарядталған бөлшектердің пайда болуы немесе олардың жарықты туғыза отырып жоғалулары мүмкін. Бірақ бұл жағдайда қос таңбалы зарядтар бірдей мөлшерде пайда болып немесе жоғалып отырады да электр зарядының сақталу заңы әрқашан орындалады.
Электр заряды 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Электр зарядының бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – кулон (Кл). Электронның заряды шамамен −1,6021·10−19 Кулонға тең. Осы заряд мөлшерін элементар электр заряды деп атайды. Электр заряды бұдан аз бола алмайды! Бұл аз шама, атомның салмағы сияқты аз, микро шамалар. Заттың ен кішкентай бөлігі атом болса, зарядтың ең кішкентай бөлігі бұл электронның заряды.
Электрон атомды айналып тұратын элементарлы бөлшек. Атомның ядросында протон орналасқан. Протонның заряды электронның зарядына тең, тек оның таңбасы оң болады. Зарядталған денелердегі заряд мөлшері бұл элементар зарядқа пропорционал болады.
Достарыңызбен бөлісу: |