Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
«Ағайынға арнау сөз 
 
Бауырға - ет жүрегім елжіреген, 
Көмейден ақтарылды мөлдір өлең. 
Батыр Барақ ұрпағы өз есімін, 
Іздеп тапсын осынау шежіреден. 
 
Шежіре  –  халықтың  шығу  тегін,  таралуын  баяндайтын  тарих 
ғылымының бір тармағы. Ру, тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре - мәдениетті елдердің бәрінде 
де  кездеседі.  Қазақ  шежіресінің  қайнар  көзі  көп  заман  бойы 
қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып  қалып  отырған 
жинақтар.  Ол  белгілі  бір  тарихи  шығарма  іспетті  атадан  балаға 
ауызша, жазбаша жеткізіліп отырған. 
Қазақ  халқы  200-ден  аса  рудан  құралған.  Ру  –  арғы  тегі  бір 
түптен тараған туыстар тобы. Арғы атасын білу де айып емес. Ру  – 
қазақ  маңдайындағы  ғажайып  ерекшелік,  ата-бабаларымыздың 
қаншама  ғасырлар  екшеген,  електен  өткізген  мұрасы.  Әрбір  адам 
өзінің ата-тегі туралы мақтанышпен айтуға тиісті. 
Қазақ  халқында  қанша  ру  болса,  соншама  рулық  шежіре 
қалыптасуы заңды құбылыс. Үлкен ізденіспен әзірленіп, ұсынылып 
отырған  Кіші  жүз  Дәулеткелдіден  тараған  Барақ  руының  шежіресі 
де  –  қазақ  шежіресінің  бір  тармағы.  Шежірелерде  негізінде  тайпа, 
ру,  аталардың  таралуымен  қатар,  оларға  байланысты  тарихи 
оқиғалар,  елдің  қоныс  аударуы,  бір  ел  мен  екінші  елдің  қарым-

 
18 
қатынасы,  ол  елдерден  үздік  шыққан  би,  шешендер,  батырлар 
жайындағы ел арасына жыр болып таралған әңгімелер қоса жазылуы 
тиіс.  Ұсынылып  отырған  шежіреде  -  біз  ол  мақсаттарды  ұстанған 
жоқпыз.  Ондай  мәселелер  біздің  тарапымыздан  зерттеліп, 
жинақталып, сарапталу үстінде. Әзірге Барақ руынан 2001 жылдың 
бірінші  жартысына  дейін  қолымызға  келіп  түскен,  жинақталған  ер 
балалардың  аты-жөндері  ретімен  шежіреге  енгізілді.  Алматы, 
Жамбыл,  Қарағанды  (бұрынғы  Жезқазған  облысын  қосқанда), 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында,  Өзбекстан  Республикасында 
тіршілік етіп тұрып жатқан Барақ руының ұрпақтарының есімдерін 
осы шежіреден таба аласыз. 
Дүниеде  Барақ  есімділер  көп.  Хан,  би,  старшын,  болыс,  батыр 
атағын  алған  Барақ  есімділер  шүкір  баршылық.  Олардың  тоғызы 
тарихи тұлғалар қатарында түрлі еңбектерде аталып жүр. Біз де сөз 
ретінде  жас  кезінде  биікке  самғап  қыран  болған,  артындағы 
ұрпағына ұран болған ру атасы – Барақ бабамыз жайлы қолымызға 
тиген зерттеу мағлұматтарының бірін ұсынуды жөн көрдік. 
Түркістан  қаласындағы  Қазақ-Түрік  Университеті  жанынан 
ұйымдастырылған  ғылыми-зерттеу  институтының  Созақ  өңіріндегі 
өкілі,  зерттеуші  Тәбірізұлы  Сүлейменнің  «Қарабура  әулие»  атты 
танымдық  зерттеу  еңбегінің  35-бетіндегі  /Қарағанды,  1996/  мына 
сөйлем  жолдарын  нүкте,  үтірін  ауыстырмастан  келтіре  кетуді 
орынды санадық. 
«Тамадан  шыққан  Барақ  теңдесі  жоқ  батыр,  әрі  алып  күштің 
иесі  болған.  Абылай  ханның  алдына  рұқсат  сұрамай  кірген  екен. 
Мұнысын  ерсі  көрген  хан:  «Кімсің,  ей?»  дегенде  қаймықпастан: 
«Хан  барында  -  Қара  Барақпын,  Хан  жоғында  -  Хан  Барақпын» 
деген екен. 
Бірақ,  Тама  Барақ  батырдың  барлық  ісін  басқа  аттастары 
иеленіп,  қиянат  жасауда.  Күндей  күркіреп,  айдай  жарқырап  Тама 
Барақ батырдың да аты шығары анық. Барақ батырдан тараған ұрпақ 
өздерін Барақ Тамамыз дейді». 
Сонымен,  қадірменді  ағайын,  Сіздің  қолыңызға  Кіші  жүз 
Дәулеткелдіден тараған Барақ руының шежіресі тиіп отыр. Шежіре 
соңындағы  қосымша  беттерге  өз  әулетіңіздегі  өзгерістерді  тіркеп 
отыру  -  Сіздің  абзал  да,  абыройлы  борышыңыз.  Егер  де  белгілі, 
белгісіз  себептермен  шежіреде  адам  есімдерінде  қателіктер  кетіп 
қалса  немесе  бірлі-жарым  адам  есімдері  қалып  кетсе  кешірім 

 
19 
өтінеміз.  Орын  алған  қателіктер,  шежіре  жинақтау  барысындағы 
кемшін  тұстар  келесі  толықтырылып,  өңделіп  басылатын  шежіреде 
ретке келер деп үміттенеміз, зор сенімдеміз. 
Шежірені 
жинақтауға 
атсалысқан, 
көмек 
көрсеткен, 
баспаханалық  шығындарды  өтеу  барысында  демеушілік  көрсетіп 
көмек  қолын  созған  ағайынға  үлкен  ілтипат  білдіріп,  рахмет 
айтамыз. 
Барақ  руынан  тараған  ұрпақтарға  Алла  Тағалам  жар  болып, 
оларды бүкіл түркі дүниесіне аты әйгілі «Баба Түкті Шашты Әзіз», 
«Құл Қожа Ахмет Ясауи», «Қарабура» әулиелердің рухтары қолдай 
бергей! 
Төлежан Қуандықұлы, шежіреші, 
Сұлтан Рақымжанұлы 
 дәріскер-өнертанушы, тарихшы. 
2001 ж. 
 
Жазылмай қалған танымдық, шежірелік «Барақ және оның 
ұрпақтары» кітабының мазмұны 
Алғысөз. 
І. Барақ – батыр, шешен, ру басы. 
ІІ. Барақ руының шежіресі. 
ІІІ. Барақ ұрпақтары: 
Шілмәнбет би; Кәрібоз шайыр; Жазықбай ақын; Құтжан шешен; 
Оспан ауылнай; Түсіп; Қожа; Дүйсенбек; Кеңесбай; Айтжан ақын. 
ІV. Отан үшін от кешіп, топырақ сыртта бұйырған. 
V. Кітап авторлары туралы.» 
 
Мінекей,  ағайын,  Барақтан  тараған  ардақтарымыз  осындай 
жоспар  жасап,  оны  толықтай  жүзеге  асыра  алмай  кеткен  екен. 
Өмірдің мың бір түйткілдері, қайта оралмас сәттері ырық бермеген 
шығар, бәлкім?! Көкемнің (Сұлтан Рақымжанұлының) осы ойы іске 
аспауына өмірдің шырғалаңдары мен денсаулығының сыр беруі көп 
кедергі  келтіргені  анық.  Төлежан  атамның  жазуға  шебер 
болғанымен,  әңгімені  жазуға  құлқы  болмағаны  белгілі.  Ол  кісі 
әңгімені  айтудың  қас  шебері  болды.  Сөздері  десте-десте  болып 
төгілгенде,  тыңдап  отырған  адам  тура  бір  кітап  оқып  отырғандай 
болатын. Әрбір сөздің бірнеше баламасын қатарынан тізбелеп айтып 
отыратын. Әңгімені мазмұнды қылып, байытып, түп-төркінін қотара 

 
20 
айтатын.  Ал,  көкем  олай  емес,  әңгімені  күлдіргі  етіп,  елді  өзіне 
қарата  айтатын  да,  ескілікті  әңгімені  айтуға  соншалықты  шебер 
емес-ті.  Бірақ,  есесіне,  естіген  әңгімесін  түрлендіре,  өзінше  бір 
қорыта  жаза  білетін.  Осы  екі  жанды,  бірі  -  өмірге  әкелген  Сұлтан 
Рақымжанұлы мен екіншісі – өмірде көп тәрбие берген, қиналғанда-
қысылғанда  ақылын  айтып,  бағытын  берген  ұстазым,  шежіреші 
Қуандықұлы  Төлежан  атама  осы  еңбегімді  бағыштай  отырып, 
жатқан жерлерің жайлы болсын, жандарың жаннаттың төрінен орын 
алсын деп тілеймін. 

 
21 
Болашағына сеніммен қарайтын 
 халық – тарихына терең бойлайды. 
Нақыл сөздерден. 
Жеті атасын білмеген ер жетім, 
 жеті ғасыр тарихын білмеген ел жетім. 
Халық мақалы
 
 
Тама 
 
Қадірменді ағайын! Елдігіміздің, кешегі өткен бабалар ерлігінің 
рухы  әрқашанда биік,  халқымыздың арманы  заңғар  болуы  -  бүгінгі 
ұрпақ, келешек уақыт үшін аса маңызды болып саналады. Біздің бұл 
мақалада атап өтер жайтымыз да, жанымыз да – Кіші жүздің ноқта 
ағасы саналатын Тама тайпасы жөнінде болмақ. 
Таманы  айтуды  бастамас  бұрын  қазақтың  ұлттық-әкімшілік 
бөлінісінің тарихы, жүзге бөлінудің қай уақытта басталғанын білмек 
қызық. Әрине, қазақтың шежіресін талдағандар, үш жүзді ағайынды 
үш жігіттен немес үш қожадан таратып айтатыны белгілі. Дегенмен, 
тарихтың  тереңінен  толғап,  тарихын  таразылап  жүрген  жандар 
тарихи  шығармаларда  жүз  атаулары  1616  жылғы  жазбалардан  бері 
қарай  ғана  көрініс  тапқанын  жазады.  ХІІІ  ғасырда  Жошы  ханның 
уағында  өзіне  тиесілі  ұлысты  оң  қанат,  сол  қанат  және  орта  қанат 
деп  үшке  бөліп  билегенін,  ол  қанаттарының  кейін  ұлыс  деп 
аталғанын  жазған  тарихшылар,  тура  сол  аумақта,  сол  жерлердің 
көлемінде  «Қасым  салған  қасқа  жол»  аталатын  заңын  шығарған 
Қасым  ханның  уағында  үш  жүздің  құрылғандығын  айтады.  Үш 
жүзге  бөліну  шамамен,  1533-1538  жылдарды  меңзейді.  Байқап 
қарасаңыз,  біздің  жүз  деп  жүргеніміз  –  туыстық  жолмен  құрылған 
одақ  емес,  тарихи-географиялық  аймақтардағы  елді  біріктіру 
мақсатымен құрылған одақ болып шығады. 
Ал,  осынау  үш  қанаттың  бірінің  құрамынан  кіші  жүздің 
құрамына енген Таманың тарихын зерттеген жандар да, ол жөнінде 
айтатын жанның барлығы ол Нәріктің әкесі Тама батырдан тараған 
деп  жорамалдайды.  Біздіңше,  ол  Тама  батыр  –  ертеректен  Арғын, 
Қыпшақ, Керей, Үйсін, Алшын деп аталып келе жатқан тайпалармен 
қатарлас  Тама  тайпасының  атын  қойған  батырдың  бірі  ғана.  Тама 
тайпасының тарихы жоғарыда айтылған тайпалармен қатарлас, яғни 

 
22 
біздің  заманымыздан  бұрынғы  уақытқа  барады.  Оған  дәлелді  мен 
толық  атап  көрсете  алмағаныммен,  Қарабура  бабамыз  басқарған 
Яғма тайпасы қытай жылнамалық тарихында қате жазылып кетуі де 
мүмкін,  бұл  жерде  мен  яғманың  «Тама»  болуы  тиіс  деген 
жорамалды құптаймын. Одан соң Ноғайлы заманында дүниеге келіп, 
Сыпыра  жырау  жырлаған,  біздің  заманымызда  қағаз  бетіне  түсіп, 
осы  күнге  мұрты  бұзылмай  жетіп  отырған  «Қырымның  қырық 
батыры» жырлар жинағының «Ер Шора» жыры басталғанда: «Алаш-
алаш  болғанда,  ала  тай  ат  болғанда,  Орманбет  хан  өлгенде,  Қазан 
қаласында қырық мың үйлі тамада төрт түлігі сай болған Нәрікбай 
деген  бай  болған»  деп  айтылушы  еді  ғой.  Қырық  мың  үйлі  Тама 
деген - Тама батырдан Тана, Танадан Нәрік туған, айналасы алпыс-
жетпіс,  әрісі  жүз  жылдың  ішінде  бола  кетпейді  ғой.  Ол  екі  ортада 
жүз  әйел  алғаныңмен  қырық  мың  жан  болмайсың,  ендеше  қырық 
мың үйлі Тама да болмайсың. 
Тіптен қырық мың үй дегенге де таласым бар. Қырық мың үйлі 
елді  Тама  руы  биледі  десе  келісуге  болады.  Мысалы,  сыртқы  ел 
біздер отырған Сарысу ауданын – Тамалар елі деп
 
те атайды. Онда 
қырық  мың  жан  тұрады.  Бізді  қырық  мың  адамы  бар  Тама  деп 
айтады. Ал, бірақ осы Сарысу ауданы түгелдей Тамадан тұрмайды. 
Тіптен  жартысы  да  оған  келмейді.  Ошақты,  Тілік  секілді  Ұлы  жүз 
руларымен  қатар  Тарақты,  Найман  секілді  Орта  жүз  руларымен 
қатар Кіші жүздің Шеркеш, Жағалбайлы секілді іргелі руларының да 
жандары  тұрады.  Осыдан  келіп  Сарысу  ауданы  түгелдей  Тама 
батырдың  ұрпағы  деген  түсінік  тумауы  керек  секілді,  Қазан 
хандығындағы қырық мың үйлі Таманың да Тама батырдың ұрпағы 
еместігі анық та айқын емес пе?! Дегенмен, Тама тайпасының халқы 
қырық мың үй болмағанымен қырық мың жан болғанды аян болып 
тұр. 
Себебі,  Таманың  үлкен  ру  болғаны  сонша,  Ноғайлы  Ордасы 
ыдырап,  әр  ел  өз  алдына  шаңырақ  көтеріп  кеткендіктен,  ондағы 
тайпалардың 
да 
шаруашылық 
жайымен, 
сол 
уақыттағы 
басшыларының  дүрдараздық  жағдайымен  әр  ұлыстың  құрамында 
кетуі де соның дәлелі. Әйтпесе, түрікпен, ноғай, қарақалпақ, қырғыз, 
татар, башқұрт ұлттарында Тама руы қайдан жүреді. 
Тіптен,  «Башкирское  народное  творчество»  атты  Мәскеуден 
шыққан кітапта да башқұрт ұлтын құрайтын негізгі алты рудың бірі 
–  Тамян  руының  арғы  атасы  туралы  аңыз  бар.  Осы  дәлелдің  өзі 

 
23 
аздық етеді ме?! М.Тынышбаев өзінің тарихи еңбектерінде «Тамань 
түбегінің  атауын  Таманың  есімімен  байланыстырған»  деген 
деректер де бар. 
Ендеше,  Тама  руының  тарихын  Ноғайлы  Ордасы  тұсындағы 
батыр Тамадан таратудың жөні де жоқ. Одан әріден іздеуіміз қажет. 
Рас, Тамадан Тана, Танадан Нәрік, Нәріктен Шора туады деген аңыз
жырлардың  ойдан  құралмағаны  ақиқат.  Ал,  1336-1405  жылдарда 
ғұмыр  кешкен,  аты  күркіреп  әлемге  кеткен  Әмір  Ақсақ  Темірдің 
батыр  да  данагөй  қолбасшыларының  бірі  болған  Дәулет  (екінші
 
Қарабура)  батырды  қайда  қоямыз.  Ер  Шораның  Қазанға  баратын 
уағы  15-ғасырдың  нобайы.  Сонда  Дәулет  батыр  өзі  тарайды  деп 
аталып жүрген Тама батыр түгілі, оның әкесі Ер Көгіс, Көгістің әкесі 
Ер  Бегіс,  Бегістің  әкесі  Сүйініш,  оны  әкесі  Жұбаныш  тұрмақ, 
Жұбаныштың әкесі Қарадөң батырмен тұстас болып келеді. Осыдан-
ақ  Тама  руының  одан  да  әрі  заманнан  келе  жатқаны  түсінікті-ақ 
болмайды  ма?!  Демек,  Қарабура  атанған  Дәулет,  Қарадөңнің  әкесі 
Бекпен жобалас адам болуы мүмкін.
 
«Ал, шежірелік кестелерде Тамадан Қарабура, одан Нәрік, одан 
Шора,  одан  Бурахан,  Төрехан,  Есімхан  туады  дейді.  Бураханнан 
Әліп,  Жөгі,  Әзберген  туады.  Бізге  белгілі  Тама  рулары  осы  Әліп 
пенен  Жөгіден  таратып  айтамыз.  Аңыз  бойынша,  Шора  батырдың 
тоғыз  әйелі  болған  деседі.  Оның  жеті  әйелінен  туған  ұрпақ  бұл 
күндері Орынбор, Ақтөбе, Орал жағында екен де, екі әйелдің ұрпағы 
– Әліп пен Жөгі балалары Арқаны, оңтүстікті жайлап жатыр» дейді 
Сұлеймен Тәбірізұлы. 
«Біз  Дәулеткелді  деген  ел  боламыз.  Арғы  атамыз  Тама,  одан 
Кеуіс, Кеуістен Нәрік, Нәріктен Шора, Шорадан Айдархан, Есімхан, 
Бурахан.  Бураханнан  Төрехан,  Төреханнан  Әліп,  Жөгі.  Әліптен 
Құрақ,  Аташал,  Жабал,  Қараш  туады.  Қараштан  Дәулеткелді, 
Шотқара  туады.  Дәулеткелдіден  Назар,  Бағалақ,  Дербіс,  Қосым 
туады» деп жазады белгілі шежіреші Жағдай Сәтиев. 
Ал, белгілі шежіреші Бекмағанбет Бектайұлы өз еңбегінде: 
«Шежіре араб тілінде «Шатжарат» - бұтақ, тармақ деген мағына 
береді.  Шежіре  үлкен  руға  немесе  кіші  бұтаққа  арнап  жазылады. 
Шежіре  халықтың  шығу  тегін,  тарауын  баяндайтын  тарих 
ғылымының бір тармағы... 

 
24 
...Осыған  орай  кіші  жүздің  шежіресін  қарастырып,  таратып 
көрелік. Үш жүздің бірі – Жанарыс, одан Алау батыр, одан Аламан, 
одан Алшын туған. 
Қазақ  халықтарының  ауызындағы  шежіреде  Алшыннан  – 
Сәдірқожа,  Қыдырқожа,  Нәдірқожа  есімді  үш  ұл  туды  дейді.  Кіші 
жүздің барлық рулары осы үшеуінен тарайтынын ескерсек, Алшын 
барлық  кіші  жүздің  түп  атасы  болып  саналады.  Нәдірқожанадан  – 
Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан, Телеу, Жағалбайлы рулары 
тарайды. Бұларды Жетіру дейді. 
Жеті  рудың  бірі  –  Тама.  Ал  енді  тама  руын  тарату  бойынша 
келсек,  біздегі  сақталған  нұсқа  дұрыс  екендігін  сеніммен  айта 
аламыз. Өйткені бұрынғы өткен, қазіргі қарт аталардың қай білгіріне 
барсаң  да,  қай  жерде  мекендеген  қарттармен  шежіре  жайын  сөз 
еткенде де, сөздерінің бәрі де бір жерден шығатынын ескерсек, бұл 
шежірелердің әрі нақты, әрі бір жүйелі екендігіне көз жеткіземіз. 
Енді тама руын таратып көрелік: Тамадан – Кеуіс, Кәпіл туған. 
Ұраны  –  Қарабура  әулие.  Таңбасы  –  Тарақ,  Көсеу,  Әліп»  деп 
жазады. 
Тама кітабында: «Әліптен Құрақ, Жабал, Аташал, Дәулеткелді, 
Кенжебай,  Қызылқұрт,  Айдарбалта  (Айдар  мен  Балта)  аталары 
тарайды. Жөгіден Сусары, Хансары, Назархан атты баласынан ұрпақ 
жоқ  та,  қалған  екі  ұлдан  Молдас,  Айдар,  Шағыр,  Көзей, 
Қырықбойдақ. 
Жабал  бес  атаға  бөлініп,  олар  тиісінше  Жаңатама,  Зортымақ, 
Андағұл,  Сәуірбай,  Қармақшы  (Қалмақшы  деп  те  атайды)  деп 
аталады. 
Дәулеткелді  руы  -  Назар,  Дербіс,  Бағалақ,  Қосым  деген 
аталардан тұрады. Негізгі көп шоғырланған жері – Батыс Қазақстан. 
ХІХ  ғасырдың  басында  Дәулеткелді  руының  отбасылары  Бөкей 
сұлтанмен  бірге  Жайықтың  оң  жағалауына  өтеді.  ХІХ  ғасырдың  1-
ші  жартысында  Дәулеткелді  руының  ақсақалы  Кішірбай  Кітібаев, 
молдасы  Жүсіп  Кіндірбаев  (Дұрысы  Кендірбаев  болар.  Себебі, 
Қостанай қаласында тұратын Аян Айдыналиев бауырымыз, бұл кісі 
халық  ақыны  Әсия  Беркенованың  ұлы  «Мен  Кендірбайдың  баласы 
Жүсіп  бидің  ұрпағымын»  деген  еді  интернет  арқылы  хат 
алысқанымызда)  болған.  Дәулеткелділер  Ақтөбе  уезінде  де  көп 
шоғырланған.  Уездің  Ойсылқара  болысының  №5  ауылында 

 
25 
Дәулеткелді  руының  Қосым  ру  тармағына  жататын  Қыдық 
аталығының отбасылары тұрған» деп жазады. 
«Дәулеткелдіден  тараған  аталардың  бірі  –  Қосым.  Бұл  атадан 
өрбіген  ұрпақтар  ерте  уақытта  ата  қонысқа  қайта  қоныс  аударған. 
Бұлардан  мәлімет  білмегендіктен,  Тама  руының  шежіресіне 
тіркелмеді» дейді Бекмағанбет Тәлкенұлы. 
Тама  руына  байланысты  деректің  көпшілігін  Қазақстан 
теңгесінің  авторы,  бұл  күнде  қазақ  ұлтының  этностық  құрамын 
зерттеумен айналысып жүрген «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы (Х. 
Ғабжалилов,  Т.  Омарбеков,  Б.  Кәрібаев,  А.  Қалыш)  шығарған 
«Тама»  атты  үш  томдық  кітаптан  алып  отырғанымды  баса  айтқым 
келеді. Қалған деректер де жерден табылмаған, баспа бетінен жарық 
көрген  дүниелер  мен  ел  ауызындағы  әңгімелер  бойынша 
жинақталған. 
Бөкей Ордасында 1834 жылғы 14 тамыздағы мәлімет бойынша 
400 шаңырақ Тама болған. Онда Таманың: Аташал, Жабағы, Сатым, 
Жанбас,  Құтарман,  Төлеп,  Жылты  (Кенжебай),  Таз  (Кенжебай), 
Назар,  Жабал,  Дәулеткелді,  Құдайқұл  (Кенжебай),  Құныбұқ, 
Қызылқұрт,  Құрман  (Кенжебай),  Мырзалы  (Кенжебай),  Өтежақ 
деген рулары мен ру тармақтары болған. 1826 жылғы 8 наурыздағы 
мәліметте Қандығұл деген ру да болған. 1845 жылғы 13 қарашадағы 
Ішкі  Ордадағы  Жетіру  бөліміндегі  ағамандардың  тізімі  берілген. 
Оның  ішінде  Таманың  ағаманы  –  Яшкилян  Үркімбаев,  Үркім 
Құсқұлақов, Дәулеткелді – Кінірбай Кітібаевтардың аттары аталады. 
Олардан тыс 17 Тамаға қарасты рулардың ағамандарының аты-жөні 
берілген. 
1835  жылғы  мәлімет  бойынша  Дәулеткелді  руынан  шыққан 
Көлбай Жолдыбаев Арқадағы Тама болысындағы алты рудың бірі – 
Әліпке  старшин  болады.  Бұл  жердегі  Әліптің  106  шаңырағы,  742 
адамы болған екен. Бұл жерге Тама тайпасы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда 
қоныстанғанын  зерттеушілер  дәлелдеп  отыр.  1824-1838  жылдары 
Ақмола округінің құрамындағы 15 болыстықтың бірі – Тама болысы 
болған. Тама болысындағы Қызылқұрт руына 3 ауыл, 150 шаңырақ, 
1050 адам бағынған. Басшысы – Тәуке Өтебаев. 
Тіптен,  Рашид-ад-диннің  екі  томдық  «Жылнамалар  тарихы» 
кітабында 
Алтай-Саян 
тауларын 
мекендеген 
көне 
түркі 
тайпаларының 
бірі 
«Тумат» 
тайпасын, 
біздің 
замандағы 
зерттеушілер  Тама  тайпасының  бастауы  деп  қарайды.  Оның  сол 

 
26 
жерден  бастау  алып,  кейінгі  Қара  теңізге  дейінгі  өңірді  жайлаған 
Тама тайпасының дәл өзі деп қазір ғалымдар мығым сөйлей алады. 
Ал, башқұрттың белгілі зерттеушісі Р. Г. Кузеев Тамьян-Тума-Тумат 
руы  Алтай-Саяннан  жылжи-жылжи  VІІ-VІІІ  ғасырларда  Сырдария, 
Амудария  аңғарларына  және  Арал  бойына  қоныстанғанын  нақты 
айтады. Содан кейін барып VІІІ-ІХ ғасырларда Еділ-Жайық бойына 
келгенін  дәлелдеген.  Тіпті,  ол  өзінің  салыстыру  әдістемесін  жасап, 
ол  арқылы  моңғолда  –  Тума,  алтайлықтарда  –  Қаратума,  Тумат, 
тувалықтарда – Тумат, өзбектерде – Тама, Қаратума, қарақалпақта – 
Тама, қазақта – Тама, қырғыздарда – Қаратума, Ақтума руларының, 
башқұртта Тамьян, Тама руларының кездесетінін түсіндірген. 
Әбіш  Кекілбаевтың  зерттеуінше  шығыстан  келіп,  Жетісуға 
қоныстанған Тама  мен Табын  Үйсіндердің  құрамына  еніп,  Қарахан 
хандығын  құруға  атсалысқан.  Башқұрттағы  Қара  Табындар  өзінің 
шежіресін: «Майқы биден Елек би туған. Елек биден Бура /Боғра/ би 
туды,  одан  Қара  хан  туды»  дейтінін  алға  тартып,  Тама  мен 
Табынның тарихын осы тұстан іздегенді жөнге балайды. Башқұрттар 
«Бұрын Жетісуда тұрғанбыз, Тамьян үйсінбіз» деп есептейтіні қоса 
айтылады. VІ-VІІ ғасырларда Тама мен Қаңлы тайпаларының қатар 
отырып, шаруашылығы, қарым-қатынасы бір болғандығын екеуінің 
де  «көсеу»  таңбалы  болғандығымен  дәлелдеген  ғалымдар  да 
баршылық.  Тіпті,  олардың  бірге  Шу  өзені  бойынан  Сыр  бойына 
көшіп,  одан  әрі  башқұрт  ұлтын  құраған  рулардың  қатарынан 
табылғандығымен  дәлелдейді.  Ал,  ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  Махмұт 
Қашқари:  «Таман  –  Қашқарды  ортасынан  ағып  жатқан  дарияның 
аты» деп, Тама тайпасы осы тұстан өрбіп шыққан жоқ па екен деген 
сауалға шоқ тастайтыны бар. 
Қазақтың  алып  жазушыларының  бірі  Мұхтар  Мағауиннің 
«Аласапыран»  атты  кітабының  148-149  беттерінде  былай  деп 
жазылғанын еске алсақ, көптеген жайттарға көз жеткізесіз. 
-
 
Қадырғали бек, - деді Ораз-Мұхамед екі жақты бірдей мұқият 
тыңдап  болған  соң.  –  Мен  естіген  ескі  шежірелерде  Тама  мен 
Жалайырдың әлденендей жақындығы бар сияқты еді... 
-
 
Әлбетте,  әлбетте,  -  деді  сөз  аңғары  қайда  соғарын  білді  ме, 
жоқ  па,  қайткенде  де  әміршінің  тосын  шешімге  келгенін  анық 
пайымдаған Қадырғали. – «Қарға тамырлы» деген ұлағатты сөз бар 
ғой,  тақсыр  ием.  Ал  сол  қарға  тамырлы  қарындас  ортасында 

 
27 
Жалайыр  мен  Тама  тонның  ішкі  бауындай,  айрықша  жақын... 
аналары бірге туған – бөле деуші еді бұрынғылар... 
-
 
Е, бәсе! 
-
 
Артық-кем  шаппай  әділіне  жүгінеді  ғой,  -  десті  Тамаға 
тілектес,  хан  өзімен  түбі  бір  Қадырғалиға  тартып  кете  ме  деп 
қауіптеніп тұрған кейбір кісілер. 
-
 
Ал, онда ғұлама бек, оңғар Найман, боз Керей, қара үйсіннің 
жайы қалай? – деді Ораз-Мұхамед сынай әрі үмітпен қарап. 
-
 
Бәріміз  де  ағайынбыз,  -  деді  іс  төркінін  нық  таныған 
Қадырғали  сабырмен  ойлана  сөйлеп.  –  Әйтсе  де,  боз  керей,  сосын, 
тақсыр  ием,  атамасаңыз  да  көкейіңізде  тұрған  қарт  қазақ  екеуі 
нағашылы-жиенді  деуші  еді.  Мұндағы  қоныстары  да  орайлас  екен. 
Қыпшақ пен маңғыттың арасында. Ал қалғанын тарат десеңіз, қара 
үйсіннің ағасы сары үйсін мен қазақтағы жалайыр екеуі – бір атадан 
өрбитін немере. 
-
 
Уа  пәлі!  –  деді  Есеней  бек,  әлде  кекеткені,  әлде  қостағаны 
белгісіз. 
-
 
Тәңірі жарылқасын, Шырын бек, - деді Қадырғали. – Құдайым 
айтпай  танып,  ашпай  білетін  кіл  жүйрікті  жинап  берген  ғой,  хан 
иемнің  дәргейіне.  –  Ал,  тама  мен  найман  тіпті  беріден  табысады. 
Атасы бөлек десеңіз де анасы бір. Сонда тақсыр ием, сіз атаған төрт 
ру – ішек-қарыны араласқан бауыр болып шықты. 
-
 
Бәрекелді! - деді өз ойын құлаққа сыбырлағандай дәл басқан, 
бұл  тараптағы  шырғалаңнан  да  жол  тапқан,  енді  ақ  бетінің  ұшы 
болмашы  қызарып,  ризашылықпен  жымиып  отырған  Қадырғалиға 
бір, іс мәнісін кейі аңдап, кейі аңдамаған, жаппай аңыраған күлкіден 
әрең  тежелген,  қатты  масаттанған  Ораз-Мұхамед.  –  Жалайыр  мен 
тама,  қара  үйсін  мен  оңғар  найман  –  төрт  оғұл  болып  қайта 
қосылдың. Туыс  тапқан тойың  құтты  болсын!  Бүгінгі  емес,  кешегі, 
одан да бұрынғы және болашақ күнгі бар дауың шешілді!». 
Енисей қырғыздарының арасында Та-тама руының бар екен де, 
Енисей  аңғарында  То-тома  өзені  кездесетін  көрінеді.  Осы  маңда 
қазақтың тайпаларымен аттас бірқатар өзендер мен жер атаулары да 
кездескендігі барша тайпалардың осы тұстан өрбіп, қазақ даласына 
осы тұстан келгенін айғақтап тұр емес пе?! 
Қазақтың Енисей бойынан өрбіп шыққандығын көптеген аңыз, 
әпсаналар  бұрыннан-ақ  шертетін,  тек  аңысын  аңдамай,  тереңіне 
үңіле  бермейтін  ғадетімізбен  байқастамайтындығымыз  барлығын 

 
28 
мойындағымыз  келмейді.  Бала  кезімізде  «Бұға  Ана  туралы  аңыз» 
деген кітапшаны оқығаным барды. Онда Енесайдың бойындағы елді 
жау  шауып,  қолға  түскен  екі  қырғыз  баласын  өлтірмекке  алып 
шыққан кейуанадан бұғы келіп сұрап алып, арқасына мінгізіп таудан 
тау, тастан тас асып, қазіргі Ыстықкөл өңіріне аман-есен жеткізгені 
туралы  баяндалатын.  «Қырғыз-қазақ  бір  туған»  деп  келетін  сөздің 
төркініне  үңілсеңіз,  ол  да  осыны  аңғартады.  Енисейдің  бойында 
мекен  қылған  ағайынды  екі  елдің  баласы  емеспіз  бе?!  Енисей 
бойында  қалып  кеткен  қырғыздар  кешегі  күнге  дейін  Енисей 
қырғыздары  аталып  келіп,  орыс  империясы  қарауына  өткен 
уақыттардан Хакас аталғанын тарихшылар жақсы біледі. 
Оны  азсынсаңыз,  Сафуан  Шаймерденовтің  бір  естелігінде 
бұрынғы  Якутия,  қазіргі  Саха  елінен  жазушылар  делегациясы 
келеді.  Содан  таныстық  соңы  жақсы  бір  отырысқа  айналады.  Саха 
елінің  бір  жазушысы  қызыңқырап  қалып,  «Ағайынды  Саха  мен 
қазақ ренжісіп қалып, Саха Енисейдің бойын жағалап ұзап кетеді де, 
қазақ  Алтай  асып  Арқаға  шығып  кетіпті»  деп  бастаған  әңгімесін, 
«Сендер  бізді  айдалаға,  түркі  әлемінен  жыраққа  шығарып 
жібердіңдер. Сендер бізбен ұрыспағанда осы далада бірге қоныстас 
отыратын едік» деп жылапты. Жазушылар одағының іші тым-тырыс 
болып  қалады.  Ыңғайсыздық  жағдайы  орнайды.  Сонда  марқасқа 
ағаларымыздың  бірі  орнынан  тұрып:  «Ағайын  адамның  арасында 
нелер  болып,  нелер  кетпейді.  Ағасы  ұрысты  деп  інісі  қашып  көше 
берсе  не  болғаны?!  Сендерге  ұрыссақ  адам  болсын  деп  ұрыстық. 
Алысқа  көрмеймін  деп  көшіп  кеткен  өздеріңнен  көріңдер»  деген 
екен.  Сонда  елдің  бәрі  жамырай  күліп,  әңгіме  ауаны  бейбіт 
тақырыпқа  қайта  ауысқан  көрінеді.  Осында  да  Енисей  бойын 
жайлаған ел туралы айтылады. 
Ендігі  бір  әңгімеде,  Американы  жайлаған  үндістер  тілін 
зерттеушілердің  айтысында,  Аляска  түбегі  мен  Баренц  бұғазының 
арасы  өз  уағында  біртұтас  болып,  қосылып  жатқанға  ұқсайды. 
Енисей  бойынан  тараған  аталас  бауырларымыз  өсы  бұғаз  арқылы 
Арғы  әлемге  аяқ  басады.  Арғы  жақтан  азығын  тауып,  өз  отанына 
қайта оралып жүреді. Осылай жылдар өтіп жатады. Әлде бір уақытта 
екі жағындағы екі мұхит (Солтүстік мұзды мұхит пен Тынық мұхит) 
суы  тасып,  орадағы  жерді  шайып,  тұтас  әлем  екі  құрлыққа  бөлініп 
кетеді.  Осылайшы  үндістер  атамекенінен  қол  үзіп  қалады.  Тілі  мен 

 
29 
дәстүрінде  адам  айтқысыз  ұқсастықтар  бар  екендігін  зерттеушілер 
тамсана айтады. 
Осының  бәрін  салыстырып,  зердеңізге  салып  ойлансаңыз,  бұл 
қайта талқылауды қажет етпейтін ақиқат сөзі болып шығады. 
«Таманың  ұраны  –  «Қарабура»  болса,  рулық  таңбасы  -  //  (қос 
әліп),  m  (тарақ).  «Әліп»  таңбасы  -  Орта  жүздегі  Қыпшақ  тайпасы 
мен  Кіші  жүздегі  Байұлы  бірлестігі  құрамындағы  Қызылқұрт 
тайпасында бар. «Тарақ» таңбасы – әр жүздің ноқта ағалары болып 
саналатын тайпаларда, атап айтқанда Ұлы жүздің Жалайыр тайпасы 
мен  Орта  жүздегі  Тарақты  тайпасында  бар.  Кіші  жүздің  Жетіру 
бірлестігі  құрамындағы  Тама  менен  Табынның  таңбасы  да  болып 
саналады.  Осыдан  келіп  «тарақ»  таңбалы  тайпалардың  сол  рудың 
жолы үлкен, «ноқта ағасы» болғандығын байқаймыз. 
Қазақтың  өткені  мен  кеткенін  зерттеп  жүрген  алаштың  озық 
ойлы  азаматтары  қазақтың  ру-тайпаларының  тарихын  түгендемей, 
қазақтың тарихын түгендеу мүмкін емес деп есептейді. Тіптен, олар 
рулардың  қатар  жатқан  елді  жаулап  алу  арқылы  малының  өрісін, 
өзінің қонысын кеңіту арқылы бүгінгі Қазақстан мемлекетінің жерін 
ұлғайтты, сақтап келді деп есептейді. Олар қазақтың ру-тайпаларына 
таңба үлестірудің бірнеше мысалын келтіреді. Бірақ, нақты қайсысы 
екеніне  дәл  дәлел  таба  алмаған.  Оның  ішінде,  бір  қызығы 
Шыңғысханның  өзіне  бағынған  көптеген  билерге  «таңбалар», 
«ерекше  құстар»,  «ерекше  ағаштар»  үлестіргенін  айтылады. 
Осындай белгілер алған билердің ішінде, кейіннен қазақты құраған 
тайпалардан Қоңырат Саңғыл би, Майқы би, Тамьян  би, Керейт би 
тәрізді кісілер бар. Бірақ та, олардың ханнан алған таңбалары қазіргі 
қазақ  руларының  таңбаларына  сәйкес  келмейді.  Тамьян  биге 
берілген  таңба: 
∽  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет