Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 
 
 
 
 
 
 

 
121 
Бақ батыр 
 
Бақ батыр туралы әңгімелерді Жайылмалық Шоламанов Тұрған 
Жәпелұлы  әкемнен,  Сәрсенбекұлы  Болат  ағамнан,  Созақтық 
зерттеуші  Тәбірізұлы  Сүлеймен  жиеннен,  Жәйремдік  Тәжібаев 
Марат  Ордашбайұлы  ағамыздан  және  Жазушылар  Одағы 
төрағасының  бірінші  орынбасары  Берік  Шаханов  әкемізден  естіген 
едім. 
Әлқисса,  Алдабергеннің  келуімен  Назар  байдың  шаңырағында 
әлдилеген  бөбектің  үні  шыға  бастады.  Көптен  зарықтырып  жүрген 
перзенті келіп, қыз баланы маңдайынан иіскеп: «Алдабергенге серік 
болсын.  Жаман  шақалағым  қайда  жүрсе  аман  болсын»  деп  Аман 
қойыпты. Назар әкеміз қартайғанда кейінгі алған тоқалынан тағы бір 
перзент көреді. Ұлды болады. «Перзентсіз едім, Алдабергенім келіп 
шаңырағыма  құт  енді.  Маңдайыма  құдай  перзент  бітірді.  Қызды 
болдым,  амандық  тілеп,  Аман  қойып  едім.  Енді  шау  тартқан 
шағымда  менің  жұлдызым  қайта  жанды,  басыма  бақ  қонды»  деп 
шаттанып,  Бақ  қойған  екен.  Сөйтіп:  «Дәулет  келді,  Аман  келді, 
басымызға Бақ қонды. Енді өлсем де арманым жоқ шығар» деп тілек 
қылып, шат-шадыман болыпты ғой Назар бабамыз. 
Десе  дегендей-ақ,  өңірге  танымал  жан  болады  Назар  баба. 
Балалары  да  алғыр,  атын  одан  әрмен  танытады.  Алдаберген  өсіп-
өнеді.  Перзентті  болып, атын  Лаулақ  (бір  деректерде  Даулақ  абыл) 
қояды.  Назардың  қызы  Аман  да  бой  жетіп,  бір  хан  баласына 
айттырылады.  
Ал, енді Бақ болса, ерекше жауырынды, кең иықты, нардай зор 
жігіт  болып  өседі.  Оның  сыртқы  келбетіне  қарап  жеңгелері  атын 
тікелей  атамай,  тергей  атап  Жалпақ  деп  еркелете  айтатын  болған 
дейді.  Осыдан  Бақ  аты  тікелей  аталмай,  Жалпақ  атымен  тарихта 
қалады. 
Бақтың  апасы  Аман  баяғы  өзін  айттырған  хан  әулетіне 
ұзатылған.  Аман  апасынан  туған  сұлтан  (Өкінішке  орай,  әңгіме 
айтушылар  толық  атын  атай  алмай,  бірде  Қанішер  Абылай  десе, 
бірде Тәуке деп отырды) да хан тағына отырып, дәуірлей бастайды. 
Бұл  кезеңде  Бақ  батыр  да  қартайыңқырап  қалады.  Хан  жиенінің 
арқасында дегені орындалып, айтқаны болып тұрған кезі екен. 
Қазақтың  тарихында  Салқам  Жәңгір  атанған  хан  қайтыс 
болғаннан  соң,  оның  екі  баласы  Уәлибақы  мен  Тәуке  таққа 

 
122 
таласады. Хан кеңесі Тәукені хан көтеріп, таққа отырғызады. Тәуке 
де  өзінің  маңына  өзі  секілді  жаужүрек,  алған  бетінен  қайтпайтын, 
«Сен  тұр,  мен  атайын»  дейтін  қас  батырларды  жинаған.  Сондай 
жандардың  бірі,  Тәукенің  айтулы  батырларының  бірі  болған  Бақ 
батыр.  Батырдың  жауынан  тайсалмайтын  көзсіз  мінезіне, 
қайталанбас  ерлігіне  сүйсінген  хан  оған  Сырдың  бойынан  қыстау, 
Қаратаудың  теріскейінен  жайлау  бөліп  береді.  Бұл  кезеңде  Тәуке 
хан  Тәшкенді  мекен  қылады  екен.  Тәуке  өлгенннен  соң  Бақ  батыр 
Сауран жағына қарай көшіп кетеді. 1723 жылы жоңғарлар Сауранды 
алғанда  Бақ  батыр  шегінген  елмен  бірге  Хиуа  жағына  өтіп  кетеді. 
Араға бірер жыл салып, өзінің отаны Сауранға қайтып келеді. 
Тәуке  ханның  айтулы  батыры  болған  Бақтың  өзінің  де  тегін 
адам  еместігін,  оның  артында  қалған  ұрпақтары,  оның  ерлік 
көрсеткен  жерлері  әлі  күнге  меңзеп  тұрғандай.  Қаратаудың 
Суындық  асуынан  өткен  жерінде  «Бақтың  бауы»  деген  бау  бар. 
Жолды  жағалай  үлкендігі  құлаш  жетпейтін  қарбыздар  өседі.  Ішін 
жарсаң  еті  аппақ,  жесең  дәмсіз,  су  татиды.  Ал,  енді  басы  таудан 
басталып,  Сауранның  түбінен  өтіп  Сырға  құятын  өзенді  «Бақтық 
өзені»  деп  атайды.  Осы  өзеннің  бойымен  Бақтың  көші  жүрген 
көрінеді. Жайлауы мен қыстауын жалғастырар жол секілді бұл өзен. 
Бақ (Жалпақ) батырдың Сырдың бойын қыстап жүргенін шежіреші 
қарттар  мақтана  айтады.  Оның  қарауындағы  елдің  бір  сәт  балық 
аулап,  маңайын  тамақтандырғаны  айтылады.  Арал  теңізінің  шығыс 
бетінде  Жалпақ  атты  арал  болған.  Қазір  теңіз  тартылғандықтан 
жермен теңесіп кеткен. Сол арал Бақ (Жалпақ) батырдың иелігіндегі 
жерлердің бірі еді деседі. 
Бақ – сарғыш реңді, үлкен денелі, жауырынды, күші мығым, ірі 
батыр  болған  деседі.  Әсіресе  ат  үстінде  ұрысқанда  қарсыласын 
шыдатпайтын  болған.  Найза  тірескенде  немесе  ат  үстінде  шоқпар 
сермескенде,  жауын  құлатып  қана  қоймай,  сол  бір  соққымен 
жауының  астындағы  атының  белін  сындырып жіберер күшке де  ие 
болған деседі. 
Құдай  Баққа  шынымен  де  бақ  береді.  Атағы  елге  ересен 
жайылады. Алдына жылқы бітеді. Ішіп-жемнен таршылық көрмейді. 
Несібесі  мол  болады.  Тәукенің  айтулы  батырларының  бірі  болып, 
ханның  берген  атағына,  марапатына  семіріп  жүрген,  әрі  жиені  хан 
болып  таққа  отырғаннан  соң  көңіліне  бір  желік  бітеді.  Қаратаудың 
етегінен  алған  жайлауы,  Сырдың  бойынан  алған  қыстауын 

 
123 
азырқанады.  Батыстағы  Елек  өзенінің  бойынан  жайлаулық  жер 
көреді.  Арқаның  жерін  көктей  өтіп,  ұрпағына  қоныс  қарастырады. 
Солай  жүріп,  егесіз  жатқан  Жетіқоңыр  жеріне  де  көз  тігеді.  Көңілі 
орнығып,  осы  жерді  иемденсем  деген  де  ойға  келеді.  Сол  ойымен 
ханға  барып  сұрап  алармын  деп  есіп,  Бетпақтың  даласын  кесіп, 
ішпей-жемей мас болып, өзіне көңілі толып келе жатқанында Бетпақ 
даланың  үстінде  бір  жаман  шалға  кезігеді.  Аттылыға  жаяу  сәлем 
беретін салтпен шал келіп
 
Бақ батырға сәлем береді. Жаман шалды 
менсініңкіремей  Бақ  әкеміз  қолының  ұшын  ғана  беріпті.  Сонда 
байқап  қалыпты,  жаңағы  жаман  шалдың  бас  бармағы  сүйексіз  тек 
еттен  тұрған  көрінеді.  Жаман  шал  Бақтың  бітіміне,  ерен 
батырлығына риза болып: 
-
 
Қолыңды жай, балам, бата берейін, - депті.
 
-
 
Жолыңнан қалма, былай тұр, диуана,  - депті Бақ әкей шалды 
ұнатпай.
 
Екінші мәрте қайталап: 
-
 
Қолыңды  жай,  бата  берейін,  -  дегенінде,  менменсіген  Бақ 
диуананы  найзасымен  шаншымақ  болып  ұмтылғанда,  найза  күл-
талқан болып сынып кетіпті. 
Шал  үшінші  мәрте  сөзін  қайталаған  екен.  Сонда  да  көкірегі 
көкті  тіреген  Бақ  батыр  жаман  диуананы  елемей,  қос  қолын  теріс 
жайыпты. Сонда жаңағы шал: 

Тұқымың аз болсын! Әумин, - депті. 
-
 
Өй,  мына  жаман  шал  не  дейді,  -  деп  Бақ  батыр  артына 
бұрылып  қараса,  жаңа  ғана  артында  тұрған  шал  көзден  ғайып 
болыпты. 
Сонда  барып,  санын  бірақ  соғады  Бақ  батыр.  Сөйтсе,  ол  шал 
Қыдыр  ғалейкум  салам  екен.  Қыдырдың  батасы  қабыл  болып 
кеткеннен  бе,  Бақ  батырдың,  Жалпақ  руының  тұқымдары 
Дәулеткелді  балаларының  ішінде  көп  өспей  қалған  тұқымдардың 
бірі саналады дейтін аңыз бар. Аңыздың түбі – ақиқат шындық.
 
Осы  әңгімеде  айтылғандай  Тәшкенді,  Түркістанды  билеген  Әз 
Тәукенің  қол  астында Тама  балалары  да  қызмет  қылған.  Бірі  –  Бақ 
(Жалпақ)  батыр.  Бақтың  -  қыстау  мен  жайлау  арасын,  Сауран  мен 
Сырдың  ортасын  көш  жолы  қылып,  мекен  қылғанын  көнекөз 
қариялар  осылайша  жыр  қылады.  Бақ  қайтыс  болғаннан  соң,  оның 
қонысына,  артындағы  ұрпағына  қорғаныс  болу  мақсатында 
батыстағы ағайындары келген екен. Дәулеткелді Назармен бір туған 

 
124 
Бағалақтың шөпшегі, ағайынды Құлшыораз бен Барақ батырлар Бақ 
батырдың  қонысын  жайлайды.  Бұл  біздің  Бақ  батыр  жайлы  әзірге 
бар білеріміз. 
Арада  көп  ұзамай,  1723  жылғы  қалмақтар  қазақ  даласына 
күтпеген  жерден  шабуыл  жасап,  қырып  жібереді.  Ел  босып, 
атақонысын  тастай  қашады.  Бұл  тарихта  «Ақтабан  шұбырынды, 
Алқакөл  сұлама»  атымен  қалғаны  баршамызға  мәлім  жайт.  Елі 
босып, жері егесіз қалған Қаратаудың баурайын біраз уақытқа дейін 
ешкімнің  де  жүрегі  дауалап  жайлай  қоймаса  керек.  Бос  жатқан 
жерге  егелік  ету  қажеттілігін  елден  бұрын  түйсініп,  Хиуа  хандығы 
құрамындағы  қарақалпақ  жерін  жайлап  жатқан,  бір  шеті 
солтүстіктегі  Қорғалжын  маңында  жатқан  қоңырат  тайпасының 
жандары  Қаратаудың  Түркістан  тұсына  жайғаса  бастайды.  Сонда 
барып,  қазақтың  басқа  тайпа,  руларының  басшылары  сандарын 
соғып  Қаратаудың  теріскейіне  лап  қояды.  Ұлы  жүз  бен  Орта  жүз 
тайпаларымен  қатарласып,  батыста  жер  тапшылығын  көріп  жүрген 
Кіші  жүз  тайпалары  да  осындағы  жерлерге  келіп  егелік  ете 
бастайды. 
Бәз  біреулер  Тама  руы  жандары  батыстан  ауып,  Арқаға  18-
ғасырдың  аяғы,  19-ғасырдың  орта  шенінде  келген  деседі.  Біздің 
білуімізше,  Кіші  жүз  балалары  одан  ертерек,  тіпті  Қарабура 
бабаларының  маңайында,  Қаратаудың  теріскейін  ертеректен  қоныс 
қылған.  Тіптен,  ел  арасында  «Ақтабан  шұбырынды»  кезіндегі 
Қаратаудан  көшкен,  қайғының  қара  бұлтын  жамылған  зарлаған 
қазақтың  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді,  көшкен  сайын  бір 
тайлақ  бос  келеді»  деп  айтатыны,  түйені  күш  көлігі  ретінде 
пайдаланған  Кіші  жүз  руларының  басынан  өткен  тарих  деп  те 
айтады. 
Тіпті  бәзбіреулер  Бұзау-Жалпақ  деп  аталуынан  Бұзау  мен 
Жалпақты  бір  адам  санайтындары  бар.  Екеуінің  екі  жан  екендігін 
ертеректегі  қариялар  білетіндіктен,  олардың  ұрпақтары  қонысы  бір 
болғанымен, екі әулет болып өсіп-өніп отыр. 
Бақ атамыздың ұрпақтарының шежіресін құраған  белгілі тарих 
зерттеушісі  Шоқпар  Өтеулиев  атты  бауырымыз  деп  естиміз.  Ол 
кісімен жолығысудың сәті түспегені біздің тараптан ұяттылау болып 
тұр. Айыптымыз! 
 
 

 
125 
Бұзау батыр 
 
Тама  тайпасының,  жалпы  Кіші  жүз  балаларының  оңтүстік 
өңірге  аяқ  басуын  әркім әрқалай жобалайды. Тарихи  деректерде де 
әр  қилы  жазады.  «Тама»  кітабында:  «Тама  тайпасының  Шағыр 
руының  атақты  батыры  Малғара  -  Абылай  ханның  маңдай  алды 
батырларының  бірі  болған.  Ол  1723-1725  жылдары  «Ақтабан 
шұбырынды»  кезінде  өзінің  босқан  елін  «Телікөл»  көлінің  маңына 
әкеліп  қоныстандырады.  Малғара  батыр  Абылай  ханның  үзеңгілес 
жолдасы  болған  себепті  де,  ханнан  қалау  сұрап,  Арқадағы  Қызыл 
Сеңгірден  Жетіқоңырға  дейінгі  өңірді  енші  етіп  алады»  деп  жазса, 
жаңаарқалық Кентай Білісұлы қария өз әңгімесінде Есет батыр мен 
Арап  батыр  бастаған  көштің  «Телікөлдің»  маңына  келіп 
орныққандығын  айтады.  Саудакенттік  Дүйсенбаев  Амангелді 
Жақсылықұлы әкеміз «Елдің басы 1731 жылдан бастап ауа бастаған. 
Бірақ, Сырдың бойы, Арал бойы бұрыннан кіші жүз балалары қоныс 
қылған жай еді» дейді. 
Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  Жетіқоңырды  жайламаққа  Бақ 
батыр да ниет қылады. Бақтың қонысына орнығу мақсатында батыс 
өңірден  Құлшыораз  бен  Барақ,  Бұзау  батырлар  да  келеді.  Бұзау 
батырдың да ерекше құрметке ие болған батыр болғандығы туралы 
ел ішінде көптеген әңгімелер кездеседі.
 
Бұзау  батыр  жөніндегі  әңгімені  Жайылмалық  әңгімеші  жан 
Сәрсенбекұлы Болат ағамыз шертетін. 
-
 
Бұл  әңгімені  Шоламанов  Тұрған  ағайдан  естіген  едім,  -  деп 
бастады Болат ағам. 
Таманың белді руларының бірі Дәулеткелдіден Дербіс, Қосым, 
Қошан,  Назар,  Бағалақ,  Сағалақ,  Байеділ  тарайды  деп  айтылады. 
Осылардың  үлкені  Дербіс  атадан  Кезмерген,  Қарамерген  аталар 
туады.  Кезмергеннен  Жарас,  Жарастан  Бұзау,  Ақшал,  Қақсал, 
Қосбармақ, Төлеген деген аталар туады деп айтылады. 
Осылардың  ішіндегі  Бұзау  1700  жылы  дүниеге  келіп,  1780 
жылы  дүниеден  өткен  көрінеді.  Бұзау  деген  кісі  өзі  бай,  өзі  батыр 
болған  кісі  екен.  Бай  болғанда  ерен  бай  болған.  Оның  мыңнан  аса 
жылқысы  болыпты.  Жылқысы  бір  айғырдың,  «Үлкенқұла» 
айғырдың кіндігінен тараған тұқым екен. 
Бірде  Бұзаудың  бір  үйір  жылқысы  жоқ  болып,  жылқышылар 
іздеп  таба  алмайды.  Болмаған  соң  Бұзаудың  өзі  жоқ  малды  іздеуге 

 
126 
шығады. Қартайған «Үлкенқұла» айғырды үйірге тастап, өзі жас, әрі 
мініске  төзімді  «Кішіқұла»  айғырды  мініп  шығады.  Іздеген  жоғы 
Қаратаудың  күнгейінен  табылмай,  теріскей  бетіне  өтеді.  Теріскей 
беттегі  «Раң  Ата»  деген  үлкен  әулие  тұтынған,  түтін  түтеткен 
әулиелі  мекенді  жердегі  қырқаға  шығып,  күн  салып  қарап 
тұрғанында,  жардың  астындағы  сайдағы  суда  үйездеп  тұрған 
жылқыны  көріп  қалады. «Кішіқұла»  да  өз  үйірін  танып  кісінеп  қоя 
береді.  Төмендегі  биелер  де  жауап  қайтарып  кісінескенде, 
«Кішіқұла»  айғыр  шыдамы  жетпей  жар  басынан  секіріп  кетіпті. 
Жардың өзі де пышақпен кесіп алғандай тіп-тік болып келеді екен. 
Төменгі  жақ  болса-болмаса,  құж-құж  тастан  тұрса  керек.  Бұзау 
Аллаға  жалбарынып,  Ер  Мұқам  әулиенің  атын  атап  сыйынып, 
астындағы «Кішіқұла» айғырды атайды. Ауызын жиып үлгергенше, 
Бұзаудың астындағы айғыры жерге төрт аяғымен тік түсе қалады. 
Жылқыны  айдап  ауылға  келген  соң,  бірер  күннен  кейін  Бұзау 
батыр  «Кішіқұланы»  мініп,  «Үлкенқұланы»  жетекке  алып, 
Түркістандағы  Ер  Мұқамға  аттанады.  Ер  Мұқам  әулие  де  Қожа 
Ахмет  Ясауи  секілді  63-тен  асқаннан  соң  «Әзіреті  Сұлтанның» 
қылуетіне  түсіп,  қалған  өмірін  сонда  өткізген  екен.  Түркістанда 
тұрғанына  қарағанда  Ер  Мұқам  да  Ясауи  жолын  қуған  тақуа 
жандардың бірі болса керек. 
Ер Мұқамға келіп: 
-  Жаным  қысылғанда  Сізге  сыйынып,  мына  «Үлкенқұла» 
айғырды атап едім, - дейді. 
-  Жарайды,  онда,  -  деп  Ер  Мұқам  әулие  «Үлкенқұла»  айғырды 
сойып, елге құдайы бергізеді. 
Құдайы тараған соң, Ер Мұқам Бұзауды оңашаға ертіп шығып: 
-
 
Сіздің атағаныңыз «Кішіқұла» айғыр еді ғой. Мініске жарамды 
деп  оны алып қалып,  «Үлкенқұла»  айғырды  сойғызып  жіберіпсіз,  - 
дейді. 
-
 
Жоқ,  атағаным  «Үлкенқұла»  болатын,  -  дейді  Бұзау  батыр 
өзінің «Кішіқұланы» қимай алып қалғанын мойындағысы келмей. 
-
 
Ендеше,  шапанымды  шешіп  қарай  қойыңыз,  -  деп  жалаңаш 
денесіне  киіп  жүрген  желбегей  ақ  шапанын  көтеріп,  арқасына 
батқан,  терең  түскен  төрт  тұяқтың  ізін  көрсетіпті.  -  Сізге  зиян 
келмесін  деп  құлап келе жатқан  айғырдың  тұяғының  астына жалаң 
арқамды  тоса  қойып  едім.  Басында  қатты  ауырып  еді.  Құдайға 

 
127 
шүкір, қазір жазылып қалды. Бірақ, қышығанда шыдатпайды, - деген 
екен. 
Бұзау  батыр  қатты  ұялады.  Өз  қателігін  түсініп,  Ер  Мұқамға 
басын иіп, астындағы «Кішіқұла» айғырды беріп кеткен екен дейді. 
Кейін  жасы  келіп,  өз  ажалынан  өлген  Бұзау  батырды  Абылай  хан 
ерекше  құрметтеп  Түркістан  шаһарындағы  Қожа  Ахмет  Ясауи 
кесенесінің  қасындағы  зиратқа  жерлеткен  деген  әңгіме  бар,  -  деп 
Болат ағам әңгімесін аяқтады. 
Сүлеймен  Тәбірізұлы  да  осы  әңгімені  біздің  Бөкең  ағайдан 
жазып алып кеткен еді. Ол әңгіме кейін П.Дүйсенбиннің «Үркердей 
болып көшкен жұрт» жинағы енді. Осы Сүлеймен Тәбірізұлы өзінің 
«Созақ  әңірі»  кітабында:  «Созақ  ауданы  жерінде  орналасқан  «Раң 
Ата» деген ауылға кешегі кеңес заманында «Қызыл байрақ» атанып, 
қазір  өзінің  тарихи  атауы  қайтарылып  берілді.  Раң  Ата  деген 
мұсылман  дінін  таратушы  Арабтың  сахабасы  екен»  деп  түсінік 
береді. 
Сонымен  қатар,  1974  жылы  археологтар  осындағы  Шыбықсай 
деген  жерде  15-17  ғасырларда  Раң  атты  қала  болғанын  зерттеп, 
дәлелдеген де... 
Бұзау  атымен  Дәулеткелді  руының  бір  тармағы  аталады. 
Бұзаудан  әйгілі  Сүгір  күйші,  Жаппас  Қаламбаев  сынды  қобызшы, 
күйші-композиторлар 
шыққан. 
Дәулескер 
күйші 
Ергентай 
Борсабайұлы, осы кісінің баласы белгілі кәсіпкер Сыздық Борсабаев 
(Қарабура  кесенесі  басындағы  бураның  мүсінін  жасатқан  осы  кісі), 
белгілі  шаруашылық  қайраткері  Колхоз  Сағындықов,  Тоқабай 
Ерімбетұлы,  «Музарт»  тобының  әншісі  Кенжебек  секілді  жандар 
бар. 
Бұзау батыр жөнінде де бар білеріміз осымен тәмам. 
Ал,  енді  Бұзау  батыр  бұл  өңірге  қай  уақытта  келген  дегенге 
келсек,  Бұзау  батыр  -  Бақ,  Барақ  батырлардың  ізін  ала  келеді  деп 
айтылады. Кім білсін, тарихын шерткен біздің ел осылай деп айтады. 
Бұдан  біреулер  қате  пікір  түйіп,  «Тамалар  біздің  оңтүстікті  өзіне 
иемденіп  кетпек  пе»  деген  жалған  намысқа  бүйірлерін  қыздыруы 
мүкін  ғой.  Ол  заманда  да  рулардың,  жүздердің  қалауымен  жердің 
қайта  бөліске  түспейтіндігі  әрбір  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  жанға 
түсінікті  болғандықтан,  ел  арасындағы  тарихи  әңгімелерді  ғана 
тірілтіп отырған жайымыз бар. 

 
128 
«Қазақ қай бір сүтті қызын берсін» демекші, егерде сол жерден 
айырылмай  жергілікті  рулар,  тайпалар  мен  ұлыстар  орнығып, 
қасарысып отырған болса, ондай жер үлестіру жағдайы орын алмас 
та  еді.  Елі  босып,  құдығы  ашып  кеткен,  үрейге  толы  енсіз  даланы 
жайлап  отыру  ол  заманның  көзқарасымен  қарасаң  оңай  болмағанға 
ұқсайды. Бос жатқан жерге, оның үстіне кешегі Қарабура бабалары 
мекен  еткен,  жамбасы  жерге  тиген  әулиелі  жерді  Тамалардың  өз 
атақонысы  емес  деп  кім  айтсын?!  Қаратаудың  теріскейі  Тама  елі 
үшін бұрыннан да өгей жерге саналмаған еді ғой. Еншісі бөлінбеген 
қазақпыз. Жер – құдайдіке. Ендеше, ол жерді елдің егесі - қай елдің 
адамы отырады, қай батыр елге пана болады, қай шешен елге тұтқа 
болды  -  соның,  шаруаның  ыңғайына  қарай  қайта  бөліп,  ішкі  көші-
қонды  реттеп  отыруы  да  заңдылық  болып  табылады.  Сондықтан, 
Әбілмәмбеттің  де,  Әбілқайыр,  Абылайдың да  Кіші жүз балаларына 
бүйрегі  бұрғандықтан  емес,  осылай  ету  арқылы  олардың  еңбегін 
мойындау,  оның  үстіне  қазақты  бір-біріне  бауырластырып, 
жақындата түсу үшін жасалған қадам деп түсінген абзал. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
129 
Байболат батыр 
 
Назар  атамыздан  Алдаберген,  Бақ  және  тағы  да  басқа  үш  ұл, 
барлығы  бес  ұл  дүниеге  келеді.  Алдабергеннен  Лаулақ  (кейбір 
деректерде  Даулақ,  Даулақ  абыл  деп  атайды).  Лаулақтың  ұлы 
Байболат  1660-1670  жылдар  аралығында  дүниеге  келген  болуы 
керек  деген  жобалауды  атадық.  Байболаттың  ел  алдына  шыққан 
батыр,  топ  жарған  шешен  болғандығынан  біршама  ел  арасындағы 
әңгімеден сыр тартатын деректер кездесетіні рас. 
Созақтық  әкеміз  Өтегенов  Дәртай  Әлтайұлының  «Ағаң  болса 
алдыңда» атты кітабында: «Қарымбай қария айтады: 
-
 
Ұлы  бабам  Байболаттан  төрт  ұл,  төрт  қыз  болған  екен. 
Ұлдары:  Айдос,  Жандос,  Таңат  және  кішісі  Баян.  Қыздары:  Бибі-
Ғайша,  Күлшім,  Сұлушаш  және  Ардақ.  Әрине,  қыздары  басқа 
жұртқа  тұрмысқа  шығады.  Байболаттың  төрт  баласы  төрт  ауыл 
болып,  өсіп-өнді.  Төртеудің  ең  кішісі  –  Баян,  менің  үлкен  атам...» 
деп әңгіменің тиегін ағытқанын жазады. 
Саудакенттік  шежіреші  әкеміз  Сәтиұлы  Жағдай  әкеміздің 
«Әкеден  тағылым»  атты  кітабында:  «Байболаттан  бес  ұл:  Таңат, 
Баян, Айдос, Жандос, Қазыбай туады. Қазыбай атамыз Байболаттың 
екінші әйелінен туады. Ару бәйбіше: «Әй, жаман! Саған бала қайда» 
деп жаңа туған баланы өз бауырына салып, суалып кеткен емшегін 
берсе сүт шыққан екен дейді. Ару шешеміз: «Мына бала тегін емес» 
деп  өзінің  төрт  баласын  (Таңат,  Баян,  Айдос,  Жандос)  шақырып: 
«Ертең  мен  өлгенде  түйемнің  басын  осы  Қазыбай  жетелесін.  Егер 
мұны істемесеңдер, ақ сүтімді кешпеймін» депті. 
Саудакенттік  Сейтмағанбет  Уәлиев  ағамыз  өз  естелігінде: 
«Байболаттың  үлкен  әйелінің  есімін  ел  құрметтеп  атамайды  екен. 
Ерекше  сұлулығы,  ибалылығы,  тәтті  сөйлейтін  жан  болғандықтан 
Ару  бәйбіше  атап  кеткен  екен.  Осы  кісі  елдің  анасы  атанған 
жасында  тоқалдан  туған  Қазыбайды  өз  бауырына  салып,  аналық 
қамқорлығын  көрсеткен  жан  екен.  Бауырына  салып,  емірене 
иіскегенде  суалған  кәрі  емшегі  иіп,  қарт  ананың  емшегінен  сүт 
шығады.  Сол  сүтімен  Қазыбайды  асырап,  баланы  өз  балаларынан 
кем  қылмай  өсіреді.  Кейін  Байболат  қартайып  қайтыс  болғанында 
Қазыбай  кенже  бала  болғандықтан  әкесінің  сүйегі  артылған  түйені 
жетектеген екен дейді. Содан Қазыбай ұрпақтары Байболаттың қара 
шаңырағы болып есептеледі» дейді. 

 
130 
Байболат  әкеміздің  әруақты  жан  болғандығын,  ол  кісінің 
атымен  бір  рулы  елдің  аты  аталуынан  да  байқауға  болады. 
Байболаттан тараған ұрпақтары жалпы айтқанда Дәулеткелді еліміз 
деп айтады да, өзара бас қосқанда Байболат атаның баласымыз деп 
мақтаныш қылып отырады. 
Байболат  атаның  ұрпақтары  өсіп-өнген  әулет  болғандықтан, 
ұрпақтары неге бұлайша жіктеді демесін, білгенімше атап өтейін. 
Үлкен  ұлы  қайырымдылығымен  ел  есінде  қалған,  байлығы 
тасыған  Таңат  Байболатұлы;  оның  ұрпақтарынан  –  Жайылма 
ауылдық  кеңесінің  алғашқы  төрағасы  Жақсылық  Бөлебайұлы; 
Сарысу  аудандық  мұражайдың  іргетасын  қалаушы,  ұзақ  жылдар 
аудандық  газеттің  редакторы  болған,  журналист  Төкен  Мақашұлы; 
республикаға белгілі әнші Сәуле Жанпейісованы атауға болады. 
Батыр  Баян  Байболатұлы  ұрпақтарынан:  Шортанбай  би 
Баянұлы; Тасыбай әулие Баянұлы; Ерубай би Жолдыбайұлы; Көлбай 
би  Жолдыбайұлы;  Нұрабай  батыр  Тасыбайұлы;  Көшек  батыр 
Ерубайұлы;  Бектібай  би  Тұрсынбайұлы;  Байсақал  әжі  Ерубайұлы; 
болыс,  Бегұлы  отағасы  Көшекұлы;  ел  қариясы  атанған  Бекет 
Тырнақбайұлы;  Қазақ  революционерлерінің  бірі,  Түркістан  АССР 
басшылығнда  қызмет  атқарған  Бабыр  Тырнақбайұлы;  Сарысу 
ауданының  алғашқы  басшыларының  бірі  Ажақай  Сембіұлы;  кен 
зергері  Бекмағанбет  Солтанғазыұлы;  теміржол  ардагері  Бәдір 
Мұсаев;  халықаралық  «Алаш»  сыйлығының  тұңғыш  лауреаты, 
жазушы  Берік  Шаханов;  қазақтың  маңдай  алды  опера  әншісі 
Амангелді  Сембин;  әділет  генералы,  Қазақстан  Республикасы  Бас 
прокурорының  орынбасары  қызметінде  ұзақ  жылдар  қызмет 
атқарған  белгілі  заңгер  Болат  Сембин;  қазақтың  өр  ақыны 
Тынышбай  Рахым;  Созақтық  белгілі  шаруашылық  басшысы 
Тілеубай  Әділұлы;  шежіреші  Қанат  қажы  Бесбайұлы;  ғалым  Жанат 
қажы  Бесбайұлы;  Леңгір  ауданын  ұзақ  жылдар  басқарған  Қунақов 
Кәрсенбай;  Сарысу  аудандық  мәслихатының  хатшысы  Болатбек 
Дондаұлы;  Қаражал  қалалық  мәслихатының  депутаты  Нұрғали 
Өмірбеков. 
Айдос  Байболатұлы  ұрпақтарынан  –  Торғауыт  бай  Орманұлы; 
Тұрғанбай  бай  Торғауытұлы;  Ахмет  әжі  Көпжасарұлы;  шежіреші, 
шайыр Жүнісбек Төребайұлы; Қазақ КСР Еңбек резервтері министрі 
болған  Ерденбай  Тұрғанбаев;  Сарысу  аудандық  білім  бөлімінің 
бастығы,  Сарысу  аудандық  мәслихатының  хатшысы  қызметтерін 

 
131 
ұзақ  жылдар  атқарған  Мейрамбек  Есмаханов;  аудандық  әскери 
комиссариат  басшысы  болған  Есмаханов  Серік  Ағайдарұлы; 
аудандық метеостанция басшысы Есмаханов Нұржан Жанайдарұлы; 
Жаңатас қаласының әкімі, облыстық әкім аппаратында қызмет еткен 
Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлы. 
Жандос  Байболатұлы  ұрпақтарынан  –  Тілеміс  әжі  Танаұлы; 
Құттық  әжі  Танаұлы;  Сүттікбай  әжі  Танаұлы;  белгілі  журналист 
Шөжеұлы Сыздық; атақты оташы Ибаділда Тілемісұлы. 
Қазыбай  Байболатұлы  ұрпақтарынан  –  Таған  бай  Қазыбайұлы; 
Жиенбай  бай  Тағанұлы;  ұста  Сәти  Тоқтамысұлы;  Ұлы  Отан 
соғысының ардагері, Батыр әкеміз Арыстан Сәтиұлы; белгілі зергер, 
шежіреші,  ұста  Жағдай  Сәтиұлы;  ұзақ  жылдар  Сарысу  аудандық 
ішкі  істер  бөлімін  басқарған  Орақ  Сәтмаханов;  Сарысу  аудандық 
жер ресурстары бөлімінің басшысы Сейтмағанбет Уәлиев. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет