НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы



Pdf көрінісі
бет18/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   265
Тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы
Қазақ КСР президенті қызметіне кіріскеннен кейін бір жарым жылдан 
соң 1991 жылдың күзінде мен Жоғарғы Кеңеске республиканың сайлау 
жүйесін реформалауды ұсындым. 1991 жылы 16 қазанда «Қазақ КСР пре-
зидентін сайлау туралы» заң қабылданып, соған сәйкес ұлт көшбасшысы 
болуға кім лайықты екенін депутаттар емес, елдің барша азаматтары ше-
шетін, яғни мемлекет басшысы жалпыхалықтық дауыс беру негізінде сай-
ланатын болды. 
Мен қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдайда тек отандастарымның сай-
лау учаскелерінде көрсеткен сенімдері ғана нағыз көшбасшылық құқығын 
беретініне бек сенімді болдым. Жаңа сайлау егемендік ұғымына шынайы 
және көңілге қонымды мазмұн беруге, Қазақстанның халықаралық беделін 
көтеруге және Президент лауазымына кім сайланса да оған аса күрделі 
жағдайда батыл әрекеттер жасау мандатын беруге тиіс еді. Ол қалайда алға 
басуға шешім қабылдаған елдің айналып өтуі мүмкін емес, қатаң, ауыр әрі 
қиын қадамдар жасауға тиіс болды.
Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 
1 желтоқсанда өтті. Бұл – Кеңес Одағының ақтық демі таусылар кездің қар-
саңы болатын, оның экономикасы да біржола күйреп жатты. Қараша айын-
да сайлаушылармен кездескенде проблемалардан қашқақтауға тырысқан 
жоқпын, популистік уәделер де бермедім, керісінше адамдармен ашық әң-
гімелестім. Сайлаушыларыма елді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, одан қа-


33
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
лайда өту керектігін, себебі тәуелсіздік пен игілікке жетудің ептеп айналып 
өтетін басқа жолы жоқтығын түсіндірдім.
Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыс алған 
сәтте мен елдің президентін ғана емес, болашаққа баратын жолын таңдап, 
менің маңайыма ұйысқан еліммен бірге айтып тіл жетпейтін тұтастықты 
сезіндім.
10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан 
Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. «Біз дербес өмір 
сүретін жағдайдамыз» – менің ұлықтау салтанатындағы негізгі сөзім осы 
болды.
Арада жиырма жыл өткен соң бүкілхалықтық сайлау өткізілген мерейлі
күн мемлекеттік мерекеге – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-
денті күніне айналды. Саяси күнтізбеде ол заңды және символдық тұрғы-
да Тәуелсіздік күніне ұласады. Тарихи 1991 жылғы президент сайлауы Қа-
зақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған шешуші қадамы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет