132
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтының база-
сында ҰҚК академиясы құрылды.
1996 жылы Қорғаныс министрлігі жанынан
кіші командирлер дайын-
дайтын Кадет корпусы құрылды, 1999 жылы Сағадат Нұрмағамбетов атын-
дағы «Жас ұлан» әскери мектебі ашылды. Бұл мектепте Ұлттық гвардияның
болашақ жауынгерлері – ұландар 7–11 сынып мектеп бағдарламасымен қа-
тар, әскери пәндерді игеріп, жүйелі білім ала бастады.
1990 жылдың екінші жартысы – ел қауіпсіздігін нығайтудағы және Қару-
лы күштерді құру мен тұрақтандырудағы маңызды кезең болды.
Мемлекетіміз экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан кезең-
де жүзеге асырылған әскери саладағы құрылымдық өзгерістер – еліміздің
заманауи, ықшам, жоғары мобильді, жақсы жабдықталған әрі қуатты Қару-
лы күштерінің негізін қалауға мүмкіндік берді.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
133
Достарыңызбен бөлісу: