НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет209/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   264
Екінші индустриалды бесжылдық
2015–2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамудың 
мемлекеттік жоспары Бірінші бесжылдықтың қисынды жалғасы болды және 
оның тәжірибелері ескерілді.
Екінші бесжылдық күрделі экономикалық жағдайда басталды. Ресей 
руб лінің құнсыздануы және ішкі нарықтағы сұраныстың азаюы 2015 жылы 
іске қосылған бірқатар индустриалды жобалардың толық қуатпен жұмыс 
істемеуіне алып келді. Бұл жағдайда Үкімет кәсіпорынның тұрақты жұмы-
сын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай жұмыс атқарды.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
393
Сыртқы сын-қатерлердің қысымы күшейіп тұрған жағдайда, 2015 жылы 
шілдеде мен Екінші бесжылдықтың неғұрлым нақтыланған жұмыс жоспа-
рын жасадым. Алдыңғы қатарға – металлургиялық кешен, тамақ және химия 
өнеркәсібі, өнеркәсіп құрал-жабдықтары, құрылыс материалдары шықты. 
Бұл ретте, мемлекет тек өміршең жобаларды ғана қаржыландырады. Өңір-
лік деңгейде оларды кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы әкімдердің қаты-
суымен іріктейді. Палата – жобаның сапасына, ал әкімдік инфрақұрылымға 
қол жеткізуге жауап береді. 
2015 жылдың шілдесінде алюминий (Алматы облысы), полимер өнім-
дері (Атырау облысы), кеуекті титан (Шығыс Қазақстан облысы), ауыл шару-
ашылығы, көлік және коммуналдық техника (Солтүстік Қазақстан облысы), 
Daedong корей компаниясымен бірлескен трактор шығару (Оңтүстік Қа-
зақстан облысы) өндірісі іске қосылды. Қайта қалпына келтірілген №3 дом-
на пеші (Қарағанды облысы), күн сәулесінен қуат алатын «Solar-1» электр 
стансасы (Жамбыл облысы), Каспийдегі Құрық айлағына апаратын Бор-
жақты – Ерсай теміржолы (Маңғыстау облысы) жұмысын бастады. 
Менің нық сенімім бойынша, индустриаландыру – әлемдегі ең дамыған 
елдердің қатарына қосылу үшін қажетті бүкіл экономикалық саясаттың 
түпқазығы. Сондықтан 2015 жылғы қараша айындағы менің Жолдауымның 
басты тақырыбы – инновациялық индустриаландыру аясында құрылатын 
жаңа экономикалық секторлар болды. Менің пайымдауымша, бұлар – эко-
номикалық өсудің драйверлері. Мен Үкіметке осындай салаларды құра-
тын жобаларды анықтауды, ал олардың технологиялар мен нарыққа қол 
жеткізуі үшін трансұлттық корпорацияларды тартуды тапсырдым. 
Әлемдік экономиканың даму үрдісін ескере отырып, 2016 жылдың 
қыркүйегінде Екінші бесжылдық бағдарламасына түзетулер енгізілді. 
Өңдеуші өндірістің маңызды векторлары болып – экспорттық бағыт пен 
еңбек өнімділігі айқындалды.
2016 жылы металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс ин-
дустриасында ірі сала түзуші өндіріс құрылды. Өңдеу саласына тар-
тылған шетелдік инвестиция мөлшері артты. Бір жылдың ішінде 130 ин-
дустриалды жобалар қатарға қосылды, 10 мыңнан астам жұмыс орны 
ашылды. Олардың ең бастылары: Қарағанды облысындағы Көктасжал 
мыс, алтын, күміс концентратын өндіру комбинаты; Алматы облысын-
дағы шойынды қайта құю кешені; Маңғыстау облысындағы бұрандалы 
қосылыстар зауыты; Батыс Қазақстандағы экокласты бензин өндірісі; 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы құю зауыты.
Атырау облысындағы Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді қайта 
жаңарту аса маңызды болды. Бұл кен орнының ашылуы – әлемдік энер-


394
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
гетика саласында 50 жылдың ішінде болған ғаламат оқиға еді. Енді оның 
тезірек жобалық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды болды.
2017 жылы Павлодар облысында темір жол доңғалақтары өндірісі мен 
Қызылорда облысындағы табақ шыны өндірісі жолға қойылды. Индустриа-
ландырудың алты жылы ішінде елде 900 жаңа кәсіпорын қатарға қосылды
бұлар, сөз жоқ, қазақстандықтардың жағдайын жақсарта түсті.
2010 жылдан бастап, өнім өңдеуші секторға тартылған инвестиция 
көлемі 26 миллиард доллардан асты. Тікелей шетелдік инвестицияның әр-
бір бесінші доллары өнім өндіруге жұмсалады. Қазіргі таңда қазақстандық 
өнімдер 112 елге экспортқа шығарылады. 5,5 триллион теңгенің 1080 жоба-
сы енгізілді, 101 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды. Еліміздің эконо-
микасының қуат сыйымдылығы 15 проценттен аса төмендеді. 
Ілкімді ұмтылыс нәтижесінде, Қазақстан ІЖӨ-ні 3 есеге жуық (2009 жылғы 
деңгеймен – 17-ден 46,9 триллион теңгеге дейін) өсірді, өнеркәсіп 2 еседен 
аса өсті (9,1-ден 19 триллион теңгеге дейін), өңдеуші кәсіпорын 2,7 есе өсті 
(2,9-дан 8 триллион теңгеге), жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 
188,8-ден 236,1 мың бірлікке дейін, инновациялық өнімдерді өндіру 5 есе 
(82,6-дан 445,8 миллиард теңгеге дейін) артты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет