ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
473
да байқатты және ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ОИС, ҰҚКҰ, ЕАЭО, Түрік Кеңесіне Төраға-
лық еткенде де ұстанды. Тәуелсіздік жылдарындағы жинақталған салмақты
дипломатиялық капитал Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретінде ұсынылуына алғышарт болғаны анық.
Мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру ерекше маңызды деп сана-
дым және Қазақстанның кандидатурасының өтуі үшін қолымнан келгенше
көп жұмыс жасадым.
Қазақстанның 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты
емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, БҰҰ-ның
штаб-пәтерінде өтті. Келесі күні мен халыққа өз Жолдауыммен үн қаттым.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы
– біздің тарихи жетістігіміз. Бұл – Қазақстан халқының есеюінің айғағы, ең-
бек сіңірген ұлттық табысы.
2016 жылғы 30 маусымда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мені Қа-
зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайла-
нуымен құттықтады. Сайлаудағы дауыс берудің нәтижесі – бұл Қазақстан-
ның белсенді жүргізіп келе жатқан сыртқы саясатына берілген зор баға деп
атап өтті.
Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында, Қазақстанның ха-
лықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты.
Қазақстан Республикасы – ірі еуразиялық мемлекет – нақты аймақта да,
сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды.
Халықаралық беделі жағынан Қазақстан 2010-жылдары-ақ әлемдегі ал-
дыңғы қатардағы отыз елдің деңгейіне көтерілді. Қазақстанның БҰҰ Қа-
уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып енуі – осы деңгейдің дәлелі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: