НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет67/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   264
Шетелдік капиталдың сенімі 
Мен әуел бастан-ақ экономикалық дамудың маңызды шарттарының 
бірі ретінде – қолайлы инвестициялық жағдай тудыру мәселесіне айрықша 
көңіл бөлдім. 1990 жылдың екінші жартысында ел басшылығы экономи-


136
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
камызға тікелей капитал салатын шетелдіктерді ынталандыру үшін нақты 
шаралар қабылдады. 
1996 жылдың қарашасында Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік ко-
митет құрылып, оның басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбаса-
ры мәртебесіне ие болды. 1997 жылдың 28 ақпанында қабылданған «Қа-
зақстанға тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң шетел 
инвесторлары үшін жасалатын жеңілдіктер жүйесін кеңейтті. Табыс және 
жер салығының, сонымен қатар мүлік салығының мөлшері: келісімшарт 
жасалған сәттен бастап, алғашқы бес жылда – 100 процент, келесі бес 
жылда 50 процентке дейін төмендетілді. Заң, сондай-ақ импортталатын 
жабдықтарды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті шикізат 
пен материалдарды кедендік баж салығынан толық және ішінара босатуды 
қарастырды. 
Тәжірибе көрсеткендей, бұл шаралар елімізге келетін инвестиция ағы-
нын күшейтуге ықпал етті. Сол уақытта ұлттық экономикаға бай ресурсы, 
жаңа технологиялары мен орасан зор көлік-логистикалық арналары бар 
ірі трансұлттық корпорацияларды тарту – халықаралық бизнес-қоғамдас-
тықтың алдында еліміздің беделін көтеру үшін де керек еді. 
Сол уақытта бізде «Үкіметпен, мысалы, АҚШ-тың үкіметімен келіссе жет-
кілікті, инвестициялар өз-өзінен суша ағып келіп жатады» деген қалыпта-
сып қалған қасаң түсінік болды. Әлі есімде, АҚШ Президенті Билл Клинтон 
маған бір күні былай деді: «Өзіміздегі компанияларға қысым жасай алмай-
мын. Бірақ саған берер кеңесім – Қазақстанда жұмыс істейтін барлық аме-
рикалық мұнайшыларды жина. Олар бұл кездесуге экономиканың басқа 
секторларының адамдарын тартсын. Бәріне де Қазақстандағы мүмкіндік-
терді айтып түсіндір. Бұл – менің министрлерімнің өтініштерінен әлдеқайда 
тиімдірек болар еді». Мен осылай жасадым. АҚШ-қа барған кезімде Ва-
шингтондағы бірқатар ірі компаниялардың басшыларын жинадым. Заңна-
мадағы өзгерістер туралы, елімізде құрылған шетелдік инвесторлар кеңесі 
жөнінде, капиталды қорғаудың сенімді кепілдемесі туралы, келешектегі 
жоспарларымыз жайлы айтып бердім. Сөзім далаға кеткен жоқ. Сол кезде-
суде мен: «Ізгі ниет, ықыластарыңның белгісі ретінде, Астанада «Қазақстан» 
спорт кешенін салып берсеңдер, тіпті құба-құп!» деген едім. Инвесторлар 
сөзге келген жоқ. Сол бойда-ақ 10 миллион доллардан астам сома тұратын 
құрылысты қаржыландыруға келісті, Астанаға оралғаннан кейін, тура көз 
алдымда кешенді жеделдетіп салып берді.
Кейінірек Алматыда Қазақстанның бірінші инвестициялық саммиті ұй-
ымдастырылды. Оған ірі халықаралық компаниялар басшылары келді. 1997 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
137
жылдың 5 маусымында мен әлемдік бизнестің бетке ұстар өкілдері алдын-
да сөз сөйлеп, жас мемлекетіміздің болашағы мен әлеуеті туралы жан-
жақты толық ақпарат бердім.
Нәтижесінде, 1997 жылдың қыркүйегінде Қазақстан экономикасындағы 
тікелей шетел инвестицияларының көлемі 7 миллиард долларға артып, 
шетел компанияларының келісімшарт негізінде бекітілген ұзақ мерзімді ин-
вестициялық міндеттемелері 60 миллиардтан астам долларға бағаланды. 
Шетелдік капитал салымының көлемі бойынша Қазақстан жаңа тәуелсіз 
елдер арасында алдыңғы орындардың біріне шықты: Орталық Азиядағы 
барлық тікелей инвестициялардың 80 процентінен астамы Қазақстанның 
үлесіне тиді. 
1990-шы жылдардың екінші жартысында Қазақстан экономикасы-
на келген ірі инвесторлар АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, 
Франция және Жапония компаниялары болды. Қазақстан халықаралық 
бизнестің айтарлықтай қаржылық қолдауына ие болып, жаңа сауда 
кеңістігіне кірді, сондай-ақ жаңа технологияларды және озық басқару 
әдістерін үйренуге қол жеткізді. Шетелдік инвестиция көмегі арқасында 
ірі кәсіпорындардың тоқтауына жол берілмеді және сол кезеңдегі өткір 
әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге де сырттан келген инвестиция-
лардың көмегі көп болды. 
1998 жылдың қыркүйегінде, менің төрағалығыммен, құрамына Қазақстан 
жобаларын жүзеге асыруға қатысқан 11 шетелдік ірі компания мен халықа-
ралық ұйымдардың басшылары кіретін шетел инвесторларының кеңесі 
құрылды. Иинвесторлармен жүйелі түрде тең құқықты, тиімді диалог жүр-
гізу үшін мемлекетке тұрақты негізде жұмыс істейтін осындай кеңесші-кон-
сультациялық орган керек еді. Кеңестің бірінші отырысы Оңтүстік-Шығыс 
Азияның қаржы нарығындағы бұрын-соңды болмаған катаклизм кесірі-
нен әлем экономикасының басына ғаламдық дағдарыс бұлты үйірілген 
қиын-қыстау шақта Алматыда өтті. Бірақ әлем экономикасының шат-шәле-
кейін шығарған осындай дағдарыс Қазақстанға шетелден келіп жатқан 
ауқымды инвестициялар ағымына тоқтау сала алмады. Бұған себеп болған 
басты фактор – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық еді. 
Шетел инвесторлары кеңесінде сөйлеген сөзімде Қазақстанмен іскерлік 
ынтымақтастықтағы барлық шетел компанияларын жаңа бизнес-жоспар 
негізінде жұмыс істеуге шақырдым. Тек табиғи ресурстар өндіруге ғана қа-
тыспай, дайын өнім шығаруға да атсалысу жөнінде ұсыныс жасадым. Мұн-
дай жағдайда шетелдік инвесторлар еліміздің аумағында толық өндірістік 
жүйе қалыптастырар еді. Біз іскер серіктестерімізге Қазақстанның экономи-


138
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
калық саясаты алыс келешекті ойлап жүргізілетінін және «Қазақстан-2030» 
стратегиясы шетелдік инвестицияларды көбірек тарта отырып, жоғары 
деңгейдегі экономикалық дамуға қол жеткізуді көздейтінін түсіндірдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет