НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет152/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   264
Жоғары білімнің жаңа белесі
2007 жылдың шілде айында «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Заң 
бойынша жүйе жеті деңгейге бөлінді: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, 
бастауыш, негізгі орта, орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу ор-
нынан кейінгі білім. 
Қазақстандық білімнің маңызды секторы болып бұрынғыша жоғары 
мектеп қала берді. 2011 жылдың шілдесінде Қазақстанның бір топ жетекші 
жоғары оқу орнына ұлттық университет мәртебесі берілді.
Білім сапасының жоғарылауына халықаралық оқу орындарының 
ашылуы да әсер етті. 2001 жылы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында 
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстан-
дық филиалын ашуды бастама етіп көтердім. Сол жылы Алматыда Ұлы-
британияның премьер-министрі Т.Блэрдің қамқорлығымен Қазақ-Британ 
техникалық университеті ашылды. 
Жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 
ұлғая түсті. Жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық жас грант иеленіп 
отырды. 2010 жылдардың бас кезінде жоғары оқу орындарында 600 мың 
студент білім алып жатты.
Оқытушыларды қолдау мен олардың кәсіби деңгейін көтеру үшін 
2005 жылы «ЖОО-ның үздік ұстазы» мемлекеттік стипендиясы белгілен-
ді. Стипендия жылдық зерттеулерге арналған грант мәртебесін иелен-


276
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ді. Конкурс тың өткізілуі ЖОО-ның өміріне ерекше қажет бәсекелестік 
рухын әкелді. 
2005 жылдан бастап алдыңғы қатарлы оқу орындарында зерттеу-
шілердің жаңа толқынын қалыптастыруға жол ашқан философия доктор-
ларын (PhD) дайындау бағдарламалары жүзеге асырыла бастады.
Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелдерге танымал бола баста-
ды – ондағы шетелдік студенттер мен оқытушылардың саны өсе түсті. 2010 
жылы 10 мыңнан астам шетелдік азамат білім алып жатты.
2007 жылғы Жолдауда мен «ақылды экономика» қалыптастыру мен адам 
капиталын дамытуға баса назар аудардым. Бұл бастама әсіресе инженер-
лік-техникалық саладағы мамандандырылған бағдарламаларды және білік-
тілікті көтеруді көздеді.
Дәл осы кезеңде ЖОО-ның академиялық еркіндігін, білім алушылар-
дың жинақылығын, еңбек нарығының талаптарына сай мамандықтарын 
ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыратын бакалавриат пен магистратура ма-
мандықтары бойынша Мемлекеттік стандарттар жасақталды.
2010 жылы Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінен бірінші болып 
Бо лонья декларациясына қосылып, еуропалық білім беру кеңістігінің то-
лыққанды мүшесі болды. Жоғары білім жүйесінде сапалы қадам жасалды. 
Болонья декларациясына қосылу халықаралық жоғары оқу орындары 
кооперациясы кеңістігінде ғажайып мүмкіндіктерге жол ашып, ұлттық жоға-
ры білім сапасын көтеруге жаңа тыныс берді. 
Осы уақыттың бәрінде мен еліміздегі білім беру ісінің жай-күйін мұқият 
қадағалап отырдым. Түйген қорытындым еш күмәнсіз еді: білімнің ұлттық 
жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін өзімізге тән белді-беделді үлгі қажет. 
Оны құру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет