НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет229/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мемлекет, дін және қоғам 
2011 жылы мамыр айында Үкіметтің құрылымында Дін істері жөніндегі 
агенттік құрылды, ал осы жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Осылайша, мемлекет діни өмірді 
ішкі саясаттың аса маңызды саласы деп танып, конфессияаралық келісім 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
423
мен азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету үшін 
барлық жағдайды жасады. 
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы 
ислам дінін ұстанушылар үлесі 70 процент, христиандық дінге табынушы-
лар 26 процент, атеистер 3 процентке жуық. Бұл ретте қандай да бір этнос 
өкілдері әдеттегідей өздерінің дәстүрлі діндерін таңдаған. 
2012 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясында мен ХХІ ғасырдағы Қа-
зақстанның қоғамдық және рухани өмірін терең ой таразысынан өткіздім. 
Біз өзіміздің мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан етеміз. Алай-
да Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің 
дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптасты-
руымыз керек. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта 
ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды.
Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. 
Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол – хаос. 
Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс. Жастарымыз-
дың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды. 
Себеп – әзірге біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни 
әсерлерге иммунитет әлсіз.
Әркімнің таңдау құқығы бар. Дінді таңдауда өте үлкен жауапкершілікпен 
қарау керек. Өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл 
өмірі соған байланысты. Бүгінгі интернет пен жоғары технологиялар ғасырын-
да, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек.
Ішкі «сүзгі» сұрақтар қойып отыруға тиіс: аналарымыз, әпке-қарындаста-
рымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін ки-
гені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? 
Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүр-
лері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы 
оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер, жасы үлкен адамдардан сұраңыздар. 
Біздің әйелдерде ұлттық тәкаппарлық, қалыптасқан киіну стилі бар, оны 
олар ибалылықпен ұстана біледі және біз, ерлер, әйелдердің осы қасиетін 
кейде теріс пайдаланамыз. Қазақстан ешқашан діни сенімсіз болған емес. 
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін олар дінге қайта оралды, тіпті арада ешқан-
дай үзіліс болмағандай. Дәстүрлерімізді жаңғыртып, Жаратқанға табынып, 
мешіттер сала бастады. Бұның бәрі дұрыс, қазақтарға – дін де, дәстүр де 
қажет. Сонымен қатар, бұл мәселеде өте абай болғанымыз жөн. Біздің діни 
сеніміміз – шынайы, ал қалғандары – екінші кезекте деуге болмайды. Біз өзге 
де діндерді зерттеп, біліп, құрметтеп, қадір тұтуымыз қажет. Тек сонда ғана 
мұсылмандықтың қадірі артады. Өсиеттерді ұстан, алайда көзсіз берілме! 


424
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Бізге жат діни ағымдар бар. Біз олардан бойымызды аулақ ұстауымыз қажет, 
шынайы руханилықты дәріптейтін діннің уағыздарына ден қой. Құранның 
киелі өсиеттерінің орындалуы үшін діннің дамуы мен гүлденуі – әлсіздер-
ге көмек беру, жанашырлық білдіру, бауырмалдық, үлкендерге құрмет, бала 
тәрбиелеу, Отанды, халықты қорғау, бірлікке шақыру жолымен жүруі тиіс. Дін 
тек осылайша мемлекетке қамқор болып, көмегін тигізе алады. Тек сонда 
ғана ол халықты біріктіре алады. Осындай исламды біз қадір тұтамыз. 
Өкінішке орай, 2010-шы жылдары Қазақстанда лаңкестік іс-әрекетке 
дайын экстремистік жалған ағымдар жанданды. Елдің бірқатар өңірлерінің 
тұрақтылығына қауіп төндіруге тырысқан экстремистер тобы әшкереленді. 
Арнайы қызметтер терактілердің алдын алды, барлық қазақстандықтардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, елдегі жағдайды одан әрі де жіті қа-
дағалауда.
2011 жылғы қазан айында діни заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді: 
қоғамдық орындарда салт-дәстүр жоралғыларын өткізуге шектеу қойылды, 
діни ұйымдардың қайта тіркелу іс-шарасы қарастырылып, нәтижесінде 18 
конфессия мен 3,6 мың діни бірлестіктер қайта тіркелді. Алайда дінге се-
нушілердің ғибадат үйлерінен тыс жерлерде рұқсат етілмеген жиналыстар 
өткізуі шешілмеген мәселе күйінде қалды. 
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы 2013–2017 жылдарға ар-
налған мемлекеттік бағдарлама бойынша 1,5 миллион адам қамтылды, 
діни толеранттылық пен радикалды идеологияға қарсы тұру иммунитетін 
қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Деструктивті діни 
ағымдардан зардап шеккендер үшін кеңес беру орталықтары құрылды.
2013 жылғы ҚХА-ның ХХ сессиясында сөйлеген сөзімде мемлекет, қоғам 
және діндер арасындағы өзара байланыстың тиімді моделін табу қажеттілі-
гін және Қазақстанның тарихы таңдауы – зайырлы мемлекет екенін атап 
өттім. Менің ойымша, зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбітсүйгіш, толе-
рантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез келген экс-
тремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз. Жастарды біздер үшін бөгде 
радикалды діни ағымдардан қорғау қажет.
Конституцияға сүйене отырып, Қазақстан діндерді саясиландырудың 
барлық әрекеттеріне батыл түрде қарсы тұра білді, оны барлық мемлекет-
тік құрылымдар мен білім беру жүйесіне енгізді. 
2015 жылы наурыз айында «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде 
Қазақстанда конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің базалық негізі 
ретіндегі зияткерлік сипаттағы мемлекеттің нығайғанын атап өттім. Менің-
ше, әрбір діннің өз артықшылығы бар. Олар қазақстандықтарды біріктіріп, 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
425
бейбітшілік пен келісімге, қоғам мен экономиканың дамуына, мемлекеттің 
нығаюына қызмет етуі тиіс. 
Діни сфераның маңыздылығын ескере отырып, 2016 жылдың қыр-
күйек айында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құруға Жарлық 
бердім.
2017 жылғы Конституциялық реформалар барысында Негізгі заңның 
39-бабына тек ұлтаралық қана емес, конфессияаралық татулықты да бұза-
тын кез келген іс-әрекетті конституцияға қайшы деп тану туралы қисынды 
толықтыру енгізілді.
Елде тарихи-мәдени мұраларға, тұрақты зайырлы мемлекеттің нығаюы-
на, конфессияаралық татулық пен экстремизмді жеккөрушілікке негізделген 
мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастардың 
ерекше қазақстандық моделі жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет